Молекулалық биология дәрістер жиынтығы Кіріспе



бет33/44
Дата09.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#131244
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
molekulalyk biologiya alpamysova gulzhayna

Нуклейн қышқылдары: ДНҚ.
жоспар

  1. Нуклейн қышқылдарының құрылымы. Пуринді және пиримидинді негіздер.

  2. ДНҚ-нің бірінші реттік құрылымы.

  3. ДНҚ қосспиральді құрылымның биологиялық маңызы.

  4. ДНҚ-нің В, А, Z формалары.

  5. ДНҚ денатурациясы.

Алғашқы тіршілік нышандары бұдан 3,2 млрд. жыл бұрын пайда болған. Ұзаққа созылған эволюция нәтижесінде табиғи сұрыптау жолымен қазіргі тіршілік иелері – жануарлар, адам, өсімдіктер, микроорганизмдер дүниеге келді. Тірі ағзалардың аса ғажап қасиеті – ата тегіне ұқсас өзіндей жаңа ағзаны жарыққа шығаруы. Осы бір табиғаттың ұлы жұмбағы ғылымүшін әрқашанда аса маңызды проблема болып келді. Оны шешуге бүкіл дүние жүзінің ғалымдары ат салысты. Сөз жоқ, тірі ағзаның аса ғажап қасиеті – тұқым қуалайтын белгілерді өзінде сақтау және оны ұрпаққа беру ағзаның өз құрылымындағы заттармен байланысты екені аян. Осыған орай, «Тұрақты түрде тұқым қуалайтын осы белгілерді ұрпақтан-ұрпаққа беру кілті қандай зат құрамында?» деген заңды сұрақ туады.
Тірі ағзада жоғары молекулалы үш қосылыс бар. Олар - нуклейн қышқылдары, белоктар және полисахаридтер. Қазіргі кезде аталған биологиялық жоғары молекулалардың әрқайсысының атқаратын қызметі дәл анықталып, тұқым қуалайтын қасиеттің негізі, тірі ағзаның барлық ерекшеліктерін қайталап жарыққа шығарушы – нуклейн қышқылдары екені белгілі болды.
Тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі клетканың ядросында орналасады. ХІХ ғасырдың аяқ кезінде Ф.Мишер сельді балықтарының спермасы клеткасының ядролары құрамында С,О, Н, Р, және N бар, белоктардан өзгеше затты бөліп шығарады. Ғалым ядролардан қышқыл қасиеттері бар затты бөліп алғандықтан, ол заттарды нуклейн нуклейн қышқылдары деп аталады. Нуклейн қышқылдарының құрамы күрделі келеді.
Нуклейн қышқылдары (НҚ) дегеніміз нуклеотид қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалық қышқылдар. Нуклеотидтер пуриндік және пиримидиндік негізден, пентоза көмірсуынан (Д – рибоза немесе Д- дезоксирибозадан) және фосфор қышқылынан тұрады. Нуклейн қышықылының құрамына кіретін пурин негіздерінің ішінде әсіресе аденин (А) мен гуанин (G), пиримидин негіздерінің ішіндегі әсіресе маңыздысы – урацил (У), тимин (Т), цитозин (Ц).
Нуклеотидтер құрамына енетін қанттар бір-бірінен рибоадан 2-ші көміртегіндегі гидроксил (-ОН) тобының орнын, дезоксирибозадан тек сутегі атомы алмастырылған болады,
Пентозалардың (рибоза мен дезоксирибозаның) ашық (альдегиді) және циклды формаларын жазып көрсетейік.



D-дезоксирибоза р-2-дезокси-D-рибофураноза
(альдегидті форма)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет