32.Ақуыздар биосинтезі(трансляция) Тұқым қуалау ақпаратының а - РНҚ молекуласындағы нуклеотидтер жүйесінен полипептидтік тізбектің ( белоктың ) аминқышқылдары жүйесіне кешірілу процесін трансляция ( ағылш . « translation » - көшіру ) деп атайды .Және а-РНҚ молекуласындағы нуклеотидтер бірізділігінде жазылған ақпараттың коллинеарлы полипептид молекуласының аминқышқылдар ретіне берілуін трансляция немесе ақуыз биосинтезі деп атаймыз .Трансляция жасушаның цитоплазмасындағы арнайы органоид-рибосомаларда жүреді.Трансляция немесе ақуыз биосинтезі полипептидтін N ұшынан басталып С ұшына карай жүреді . Трансляция тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуындағы белоктың биосинтезі жүретін ақырғы кезең . Акуыз биосинтезі жасушаның тірішілігі үшін өте кажет , себебі жасушаның тіршілік үдерістерінде ақуыз молекулалары түрліше кызметтер аткарып , әртүрлі биохимиялық реакцияларға катынасып , ыдырап жойылып отырады . Ал олардың орнын толтыру ақуыз молекуласының жаңадан синтезделуі арқасында жүзеге асады . Белокты биосинтезі цитоплазмала мына компоненттердің катанасуымен жүреді: 1. Аминқышқылдары – 20 түрі . 2. Акпараттық РНК ( а - РНК ) 3. Тасымалдаушы РНК ( т - РНК ) 4. Рибосомалар 5. Ферменттер : а ) аминоацил - т - РНҚ - синтетазалар - 20 түрлі , б ) пептидил трансферазалар ( пептидтік полимеразалар ) 6. АТФ - молекулалары ( энергия көзі ) 7. ГТФ - молекулалары - пептидтік байланысулардың синтезін қамтамасыз етеді 8. Ерігіш белоктар – инициация және тасымалдау факторлары . 9. Бейорганикалык катиондар : К + ; NH + ; Mg +
Белоктын биосинтезі 200 - дей әртүрлі белоктардың қатынасуымен жүретін күрделі биохимиялық процесс. А - РНҚ - акуыз биосинтезі үшін матрица ( қалып ) болып табылады , р РНК лар ( 5ѕ рРНК , 5,8ѕ рРНҚ , 18ѕ рРНК , 28ѕ рРНҚ ) рибосома болшектерінің құрамына кіреді , ал рибосомалар болса цитоплазмада акуыз биосинтезін жүргізуші органеллалар болып табылады . Рибосомалар гиалоплазмада еркін күйінде ( полисомалар ) кездесуі мүмкін , оларда ішкі ақуыздар синтезделінеді және мембраналармен байланысқан күйінде кездесуі мүмкін . Бұл жерде экспорттык , мембраналық және лизосомалык ақуыз молекулалары синтезделінеді .Трансляцияға еркін аминқышқылдар ( жалпы саны 20 ) катынаспайды , олар т - РНК лармен байланысқан аминоацил - т - РНК ( Ала - ТРНқ : Мет - т - РНҚ т.б. ) күйінде қатынасады . Әрбір аминқышқылдарға сәйкес келетін , оларды тасымалдайтын т - РНК - лар болады . Гиалоплазмада кездесетін еркін аминқышқылдар ( 20 ) өздеріне сәйкес келетін т - РНҚ - ларға калай болса солай емін - еркін байланыса алмайды . Ол үшін алғаш аминқышқылдардың активтенуі қажет және бұл үдеріс энергия жұмсауды қажет етеді . Энергия көзі болып АТФ гидролизі саналады .Аминқышқылдардың активтенуін және активтенген аминқышқылдардың өздеріне сәйкес т - РНҚ молекуласының акцепторлық ұшына кондырылуын қадағалайтын , басқаратын ерекше ферменттер - аминоацил - тРНҚ синтетаза ферменттері болады . олардың да саны -20 . Аминоацил - т - РНҚ синтетаза ферменттерінде 2 танып білуші орталық болады : бірі аминкышкылдарға , екіншісі т - РНҚ - ға арналған. т - РНҚ антикодонының а - РНҚ кодондарымен әрекеттесуі комплиментарлық және антипаралель принциптеріне сәйкес жүреді , яғни а - РНҚ кодондарының мағынасы 5-3 ' бағытында жазылған болса , т - РНҚ - ның антикодондары 3 – 5 бағытында оқылады . Бұл кезде кодонның және антикодонның алғашқы 2 нуклеотидтері бір - бірімен тек комплиментарлы Байланысады ( А - У және Г - Ц ) , ал үшінші негіздің байланысуы өзгеше болады : а ) Егер т - РНҚ антикодонының үшінші нуклеотиді Ц не А болса онда ол тек біртүрлі кодонмен байланысады ( Ц - Г ; А - У ) ;
б ) ал , егер т - РНҚантикодонының үшінші нуклеотиді У не Г болатын болса , ол 2 түрлі A у кодондармен байланыса алады,у-а,у-г; г-у,г-ц.
в ) Ал егер антикодонның 3 - ші нуклеотиді инозин ( И ) болатын болса , онда ол 3 түрлі кодонмен жұптаса алады И - У,Ц,А ;
Әрбір т - РНҚ - лар өздерінің аминқышқылдарын бірнеше рет тасымай алады . Ақуыз синтезі рибосома бөлшектерінің ( кіші бөлшегі , үлкен бөлшегі ) өзара косылып , біртұтас органелла пайда етуінен басталады ( инициация ) . Рибосома бөлшектерінің қосылуы белгілі бір тәртіппен жүреді және ол рибосоманың белсенді ( актив ) орталықтарының қатынасуымен жүзеге асады . Рибосоманың актив ( белсенді ) орталықтары оның бөлшектерінің ( кіші , үлкен ) түйісуші беттерінде орналасқан . Біртұтас рибосома пішіні жүрекке ұқсас болады , оның оң жақ бөлігін -кіші бөлшек , сол жақ бөлігін -үлкен бөлшегі құрайды . Екі бөлшектер арасында үлкенді -кішілі қуыстар болады . Осы қуыстарда аРНҚ , пептидил - тРНҚ және кезекті аминоацил -тРНҚ орналасады. Рибосома бөлшектерінің түйісетін беттерінде осы компоненттердің байланысу орталықтары және пептидтік байланыстарды қалыптастыратын , рибосоманың а - РНҚ бойымен жай жылжып отыруын катализдейтін орталықтар да болады .рибосомада 4 белсенді ( актив ) орталықтар кездеседі 1 ) а - РНҚ байланысатын матрицалық орталык ( М - орталык ) Бұл а РНҚ - ның 5 - трансляцияланбайтын учаскесіндегі 5-9 нуклеотиптерге комплиментарлы 18ЅрРНҚ - ның бір учаскесі болып табылады . 2 ) Пептидил орталығы ( П - орталық ) . Трансляция басталар алдына осы орталықпен инициаторлык аминоацил -т - РНҚ , яғни инициаторлык метионин -т - РНҚ . байланысады . Кейінірек П - орталыкка өсіп келе жаткан полипептид тізбегіне енді ғана қосылған пептелил - тРНК орналасады . 3 ) Аминоацил орталығы ( А - орталық ) - бұл орталыкпен кезектi аа - т - РНК байланысады. 4 ) Пептедилтрансферазалык орталык ( ПТФ - орталык ) -полипептидтің аминқышқылдары арасында пептидтік байланыстарды пайда етуші және полипептидті бір аминқышқылына ұзартатын орталық .. Рибосома бөлшектерінде осы 4 орталық түрліше орналаскан : кіші бөлшекте - түгелдей М - орталык , А - орталықтың негізгі бөлігі және П орталықтың шамалы бөлігі орналасқан ; үлкен бөлшекте - П - орталықтың негізгі бөлімі , А - орталықтың шамалы бөлімі және түгелдей птф орталығы орналасқан .