40.Теломерлер туралы түсінік.
Хромосома ұштарында оларды қорғайтын ерекше бір құрылымдардың болатынын Барбар а Мак -Клинток және Герман Меллер 1938 жылы дәлелдеді.Меллер бұл құрылымды «теломерлер» деп атауды ұсынды.
Теломерлер жасуша бөлінуін есептейтін құрылғы болып табылады.
Сызықты хромосомалардың соңында теломерлер деп аталатын ДНҚ арнайы құрылымы болады. Бұл бөліктердің негізгі қызметі хромосомалар соңының тұтастығын сақтау. Сондай ақ теломерлер ДНҚ соңын да деградациядан ( біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы) сақтайды.
41.Теломеразалар фукнкциясы
Көбінесе теломеразалар қан жасау ағзасында, қызыл лимфа түйіндерінде кездеседі. Қызыл кемікті теломеразаның активтілігі болмайды. Приферциялық қанда теломеразалар қездеседі. Бұл жерде олардың белсенділігі көп емес, бірақ аздап көбейеді кейде теломеразаларда тері эпителінде, басқа ағзалардың қабатыңда табуға болады. Бұл жерлерде олар көбейетін клеткаларда орналасады. Эңцрметрия, теломеразалық активтшіктің жоғарғы сатысы пролифеатция немесе көбею кезеңінде байқалады, ал басқа келесі фазада белсенділік секрециясы төмендейді, Дифференция (даму) кезеңінде теломеразаның активтілігі жойылады аз мөлшер посмитотикалық жасушалармен бауырда, ұйқы безінде ферментер табылады. Бұл арқа өкпенің респироторлы бөлімін жатқызуға болады. Олардың активтілігі қуық алды безінде де кездеседі.
Адамның ядролық ДНҚ ның бір молекуласының орташа ұзындығы 120 миллион нуклеотид жұптарына тең десек, жасушаның әрбір бөлігінде теломераза белсендігінсіз ДНҚ молекуласы 0,00005% ға қысқарады екен. Бұл әрине өте аз. Бірақ табиғатта теломера ұзындығын қалпына келтіріп отыратын тетіктер болмаса түбінде хромасомалар жойылып кеткен болар еді. Тек сондықтан ғана хромасомалар теломерлерінің толық репликацияланбау проблеммасының биологиялық маңызы орасан зор сонымен қатар, бұл құбылыс ағзалардың қартаюы канцероногенез проблеммаларымен де тығыз байланысты.
Теломеразаның қызметі.
Теломеразалар төмендегідей маңызды қызметтер атқарады:
1) Механикалық қызметі:
а) Теломералар хромосомасының ядро татриксіне бекінуіне қатысады;
б) Теломералар хромосома хроматидаларының ұштарын бір - бірімен тіркестіреді; 2) Тұрақтандырушы қызметі:
а) Жасушада теломераза болмаған жағдайда ДНҚ ның кодтаушы бөлімін толық репликацияланбаудан сақтайды;
б) Егер жасушада теломераза болмаса, үзілген хромосома ұштарын тұрақтандырады;
3) Гендердің экспрессиялануына әсер етуі:
Теломераға жақын орналасқан гендер экспрессиясы төмен болады, мұны транскрипциялық үнсіздік немесе сайлинсинг деп атайды.
Теломерлердің айтарлықтай қысқаруы оларға жақын орналасқан гендерді активтендіреді, мысалы RAP1 немесе TFR1 активтенуі.
4) Есептеу қызметі:
ДНҚ ның теломерлік бөлімдері теломерасыз жасушаның бөлінуін есептеп отыратын репликометр болып табылады. Жасуша үшін оның қанша рет бөлінгеніне қарағанда, теломераза ұзындығының сындарлы деңгейіне дйін қанша рет бөлініп қалғаны маңыздырақ. Сондықтан да теломера жасушаның теломеразасын есептейтін құрылым болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |