ДНҚ-ң үшінші реттік құрылымы. ДНҚ тізбектерінің бойында моншақ тәрізді домаланған бөліктер болады. Олардың диаметрі 11 нм. Бұл домаланған бөліктерді нуклеосомалар деп атайды. Бір нуклеосомадағы гистондық кешен Н2А, Н2В, Н3, Н4 молекулаларынан тұрады. Н1 нуклеосомалық денешіктен тыс линкер бөлікте орналасады.Нуклеосома жіпшелері әрі қарай ширатылып хроматин жіпшелеріне айналады.Хроматин жіпшелері митоз кезінде әрі қарай ширатылып,қатпарланып,тығыздалып митоздық хромасомаларды туғызады.Митоздық хромосомаларда хроматин жіпшелері хромосоманың ұзына бойына көптеген рет қатпарлар пайда етеді(кейбір деректер бойынша 100ретке дейін),осының нәтижесінде барлық хромосомалардың ұзындығы (180мкм) ДНҚ молекуласының ұзындығынан 100мың есеге кем болады.
Сонымен қатар нуклеосомалар құрылымдық хроматин тірегі реттеуші қызметтерді де атқарады.ДНҚ молекуласының бойында тұқым қуалаушылық ақпарат жазылған,ол негізінен 95 пайыз ядрода,ал 5 пайыз цитоплазмада-митохондрияларда,хлоропласттарда шоғырланған.
10.Нуклеин қышқылдарының түрлері мен қызметі нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді. Нуклеин қышқылдары құрамындағы моносахаридтердің қалдығына байланысты рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы болып екіге бөлінеді. ДНҚ молекулалық массалары бірнеше мыңнан ондаған миллионға жетеді.
ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы — нуклеин қышқылын толық гидролиздеу арқылы анықталды. Оларды гидролиздегенде, әр түрлі заттардың қоспасы түзіледі
Нуклеин қышқылдары құрамында көмірсудың гидроксил тобы мен фосфор қышқылының арасында күрделі эфирлік байланыс түзіледі, ал азотты негіз көмірсудың жанынан жалғасады.
Нуклеин қышқылдарының да ақуыздар сияқты әр түрлі құрылымдары болады.
Нуклеин қышқылының бірінші құрылымында мононуклеотидтер белгілі тәртіппен орналасады.
Нуклеин қышқылының екінші құрылымы макромолекулалардың кеңістікте қос шиыршық болып орналасуын көрсетеді. Бұл кезде молекулалар арасында және молекула ішінде сутектік байланыс арқылы әрекеттесу болады.
НҚ-ның макромолекуласы екі полинуклеотидті тізбектен құралады. Олар кеңістікте қос оралма түзеді (54-сурет). Оралманы фосфор қышқылының полиэфирі түзеді, пиримидин және пурин туындыларының жазық молекуласы оралманың ішінде болады.
Нуклеин қышқылының макромолекуласындағы бірінің ішінде бірі жатқан ширатылған екі оралмада, пиримидин және пурин қалдықтары өзара сутектік байланыс арқылы байланыскан.
Сутектік байланыс белгілі бір жұп пиримидин және пурин туындыларының арасында түзіледі. Оларды комплементарлы жұптар деп атайды. Ондай жұптар: тимин (Т) — аденин (А) және цитозин (С) — гуанин (G)..
Нуклеин қышқылының үшіншілік құрылымы — ДНҚ мен РНҚ-ның кеңістікте шумақталып орналасуы
Қызметі Нуклеин қышқылдары биологиялық тұрғыдан маңызды рөл атқарады. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасушаның (жасушаның) маңызды кұрам бөліктері болып табылады. Нуклеин қышқылдары ақуыз биосинтезіне қатысады және тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді.