Молодежный орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
«Ас атасы-нан»
(сынып 3а-4а)
Өткізген: Шарафуллина Г.З.
2015-2016оқу жылы
Сынып сағатының тақырыбы «Ас атасы-нан»
Сабақтың мақсаты: нанның дастарханға келетін жолы мен оған деген еңбегі туралы білулеріңе әрекет жасау.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,қасиетті тағамымыз-нанды қастерлеуге үйрету.
Міндеттер:
1. «Нан» туралы мақал-мәтел,нақыл сөздердің мағыналарын түсінуге көмектесу.
2. Зат есіммен фонетиканы пысықтау.
3. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-шоу, ұлттық нан түрлері.макет.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, проблемалық сұрақ, деңгейлік тапсырмалар, ой қозғау, жұптық жұмыс.
Пәнаралық байланыс, дүниетану, ана тілі.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдерме,балалар?
-Отырыңдар.
Сөзжұмбақ шешу
-Қазір бізде қандай сабақ?
-Қазақ тілі сабағына не әкелеміз?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күзде не жинаймыз?
-Егін жинаймыз.
-Адам өміріңе ең қажетті тағам не?
-Иә, нан
-Нан-тіршілік нәрі,нан дастарханға оңайлықпен келмейді.
Оқушылыларға сабақтың тақырыбын анықтау үшін шағын мәтін берліп ,талданады.
-«ыстық орындық» стратегиясы
-Бүгінгі сабақта нан туралы,оның біздің дастарханға келетіні туралы әңгімелесеміз.Нансыз біздің таңғы асымыз да,күнделікті тамақтануымызда,қонаққа арналған мерекелік дастарханымыз да жасалмайды.
2.Слайд-шоу. Нан дастарханға қалай келеді?
Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді. Диқаншы оны суарады. Комбайншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді. Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сататы.
-Балалар, сендер нанның қандай еңбекпен келетінін көрдіңдер.
-«Нан дүкенінде» қандай нан түрлері сатылады?
-Қара нан, ақ нан, батон, тоқаш, құймақ.
-Балалар, қандай қазақтың ұлттық нан өнімдерін білесіңдер?
-Бауырсақ, шелпек, ши бауырсақ, таба нан.
-Үйде жаттап келген нан туралы мақал-мәтел, өлеңдерді айтыңдар.
Ас атасы-нан.
Нан болса, ән де болады.
Нан тамақтың атасы,
Ынтымақ-көптің батасы
3.Дақылдар әні –Балжан, Мөлдір, Фатима. Эльнара, Ботагөз.
4.Көрініс: Нан дастарханға қалай келеді?
5.Тыйым сөздер:
Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
«Ас атасы-нан», -деп бекер айтпаған. Сондықтан да дастарханға алдымен нан қою керек. Нанды шашуға,жерге тастауға болмайды.
Нан – тоқтық, нан – байлық.
6.Сергіту сәті.
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса,баспаңдар!
Теріп алып,қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!
7.Сөзжұмбақ.
Сөзжұмбақта нанды біздің дастарханға қою үшін еңбек ететін адамдардың мамандықтары жасырылған.
-Нанды біздің дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді?
1.Пекарь.(наубайшы)
2.Тракторист.(тракторшы)
3.Водитель.(жүргізуші)
4.Комбайнер.(комбайншы)
5.Мельник.(диірменші)
6.Продавец.(сатушы)
7.Хлебороб.(диқаншы)
8.Кладовщик.(қоймашы)
8.Рефлексия.
-Қандай жаңа сабақ өттік?
-Нанның қандай түрлерін білесіңдер?
-Нанды дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді?
-Қазақтың ұлттық нан өнімдерін атаңдар.
Проблемалық сұрақ.
Достарыңызбен бөлісу: |