Молодежный орта мектебінің 2016-2017 оқу жылының
І жартыжылдықтағы әдістемелік жұмысының қорытындысы
Мектебіміздің әдістемелік жұмысы - жаңаша оқытудың жолдарын тауып және оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын жүзеге асыру мақсатында жұмыстың үлгісі мен әдіс –тәсілдері басшылыққа алынды.
Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша 4 әдістемелік кеңес және ӘБ отырыстары жоспраланған осы күнге дейін 2 отырыс өтті, онда қаралған мәселелер: Жаңа тенология негізінде оқу процесін жетілдіру, пән апталықтарын өткізу, мұғалімдерді аттестациялау жұмыстары, оқушыларды мектепішілік, қалалық пән олимпиадаларына дайындау,жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату, білім беруді нәтижеге бағыттау арқылы білім сапасын арттыру жолдары, оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе алмасу жұмыстары,нормативті құжаттар мен педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге шолу, тағы сол сияқты мәселелер, қажетті тақырыптарда әдістемелік баяндамалар тыңдалып, пікір алысулар жүргізілді.
Әдістемелік жұмыстың түрі:
1. Педагогткалық кеңес,рөлдік ойындардың өтілуі;
2. Мұғалімдердің өзіндік білім тақырыбымен жұмысы, портфолионы жөндеу;
3. Сабаққа қатысу, сараптама жасау;
4. Пән апталықтары ашық сабақтар,сыныптан тыс мерекелер өткізіледі;
5. Аттестация;
Жоспарға сәйкес қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларында әдістемелік жұмыс міндеттерін жүзеге асыру, педагогтар еңбегін үздіксіз диагностикалау үрдісін жетілдіру мақсатында 2 әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.
Әдістемелік жұмыстың жоғарғы түрі педагогткалық кеңес. Мектептің функционалдық әдістемелік ғылым мұғалімдері; бастауыш сынып ӘБ, жаратылыстану-математика ӘБ, гуманитарлық ӘБ, жетекшілері.
Бастауыш сыныптың ӘБ жетекшісі Шарафуллина Г.З. жоғары білімді, бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сыныпта ӘБ 7 мұғалім қызмет атқарады. І жартыжылдықта 2 отырыс өткізілді. Қараша айында бастауыш сыныптың апталығы өтілді. Сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.
Жаратылыстану-математика ӘБ жетекшісі Тетейхан Айжан жоғары білімді, бірінші санатты химия пәнінің мұғалімі.
Гуманитарлық ӘБ жетекшісі Жапарова Қ.Қ. бірінші санатты, тарих пәнінің мұғалімі. Барлық мұғалімдер пән апталығын өткізді. Бақытбек Аңсагүл 6-сыныпқа қазақ тілінен «Сан есім» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Горьковская Любовь Лэмовна 10-сыныпқа орыс тілінен тақырыбына ашық сабақ өткізді.
Жыл басында жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспар жасақталды. Мақсаты: жас оқытушыға қалыптасу кезеңінде көрсетілетін әдістемелік көмекті жетілдіру. Мектептегі жас педагогтар саны – 6. Оларға әр бағыт бойынша тәлімгерлер тағайындалды. Жас мамандарға қажетіне қарай әдістемелік көмек көрсетіліп отырады. Жас мамандарымыз өздерінің алғашқы ашық сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде. Биыл жас ұстаздар Балгушукова Ж.О., Бахытбек Аңсагуль, Безлуцкий Д.В., Каниз Ерханат, Жапар А.Е. өз біліктілігін арттыру мақсатында халықаралық «Медиа-түгел» атты семинар тренингіге қатысып сертификатпен марапатталып келді.
Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне лайықтылығын анықтау және біліктілік санатын көтеруге жағдай туғызу мақсатында оқытушылардың біліктілік санатын қорғауға оқытушылардың арызы қабылданып, тізімі анықталып, тест тапсырылды. Бірінші санатқа 3 мұғалім, екінші санатқа 7 мұғалім өтініш білдірді. Боргуль И.Ф. пен Горьковская Л.Л. аттестациядан тест тапсырып бірінші кезеңде өтті.
Мектеп ұстаздары оқу-әдістемелік жұмыстармен қатар, шығармашылық жұмыстармен де айналысып отырады. Жоспар бойынша оқытушыларға ғылыми оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, оқытушылар мен оқушылар шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру жұмыстары жүргізіліп, оқытушыларымыз облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға өз мақалаларын жолдап іштей немесе сырттай қатысып отырады.
Биология пәнінің мұғалімі Инкарова Бактыгуль Арыстанқызы «kazbilim-edu.kz» ұстаздарға арналған танымдық – әдістемелік сайтына «Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның – бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлективті есеп» тақырыбында ашық сабақ жариялағаны үшін марапатталды. «Солнечный свет» атты халықаралық интернет – олимпиадаға биология пәнінен қатысып І орынмен марапатталды. «Қазақстан ұстаздары» атты мұғалімдер олимпиадасында биология пәнінен жоғары нәтиже ІІ деңгейлі дипломмен көрсеткені үшін марапатталды.
Химия пәнінің мұғалімі Боргуль Игорь Федорович «Солнечный свет» атты халықаралық интернет – олимпиадаға биология пәнінен қатысып І орынмен марапатталды. «Қазақстан ұстаздары» атты мұғалімдер олимпиадасында биология пәнінен жоғары нәтиже ІІ деңгейлі дипломмен көрсеткені үшін марапатталды.
Ал химия пәнінің мұғалімі Тетейхан Айжан мен бастауыш сынып мұғалімі Мукушева Балшекер Киясовна республикалық «1000 ұздік ашық сабақ» байқауына ұсынған ашық сабақтары арнайы кітап жинағына енгені үшін марапаттарға ие болды. «Ұлт ұстазы альманах» республикалық ғылыми-әдістемелік, шығармашылық журналына өз жұмыстарын жариялағаны үшін марапатталды.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Горьковская Любовь Лэмовна «Языкознание» пәндік олимпиадасына 7-сынып оқушысы Штаутынгер Яна, 9-сынып оқушысы Глушков Гордей, 5-сынып оқушысы Акпарова Саидалар қатысып сертификатқа ие болды. Халықаралық «Русский медвежонок» конкурсына 4 оқушы қатысты. «Қазақстан ұстаздары» атты мұғалімдер олимпиадасында орыс тілі пәнінен жоғары нәтиже І деңгейлі дипломмен көрсеткені үшін марапатталды. Қашықтықтан өткізілетін «КИО», «Мультиурок» олимпиадасына оқушылары және мұғалімнің өзі қатысып сертификатпен марапатталды.
Физика пәнінен Балгушукова Айслу Кульнизқызының оқушылары халықаралық «Инфоурок» сайтында өткен олимпиададан 9-сынып оқушысы Сағатбай Абылай І орын, 7-сынып оқушылары Кокина Алина, Дидковская Ирина сертификатпен Лямкин Артур ІІІ орын алғаны үшін, 10-сынып оқушысы Шарафуллина И.Р. І орын алғаны үшін марапатталды.
Математика пәнінен Балгушукова Жанна Оразовнаның оқушылары халықаралық «Инфоурок» сайтындағы өткен олимпиададан 5-сынып оқушылары Сакенов Алибек, Узынмылтых Асылжан, 7-сынып оқушысы Андержанова Радмилалар сертификатпен, 7-сынып оқушысы Рахметова Зейнель ІІІ орын алғаны үшін Қапез Қанағат ІІ орын алғаны үшін марапатталды.
Балгушукова Жанна Оразқызына «Инфоурок» сайтында өзінің 10-сыныпқа арналған әдістемелік әзірлемесін дайындағаны үшін және халықаралық олимпиадаға оқушыларын белсенді дайындағаны куәлік берді. Осы сайт бойынша мұғалімнің жеке парақшасы бар.
Математика пәнінің мұғалімі Дидковская Варвара Владимировна «Солнечный свет» атты халықаралық интернет – олимпиадаға математика пәнінен қатысып І орынмен марапатталды, оқушылары халықаралық «Видеоурок» сайтындағы өткен олимпиададан оқушылары қатысып куәліктермен марапатталды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жапар Айгерім Еркешқызы облыстық «Тіл шебері» сайысына қатысып алғыс хатпен марапатталды.
Жыл сайын ауданда оқушылар арасында пәндік олимпиада ұйымдастырылып отырады. Биылғы оқу жылында да желтоқсан айында білім беру орындарының оқушылары арасында пәндік олимпиада өткізілді. Бұл аймақтық оқушылар арасында пәндік олимпиада біздің мектепте өтті.
Бұл олимпиадаға аймақтық мектептердің оқушылары жиналды. Біздің мектептен олимпиадаға қатысқан оқушылар:
№
|
Аты-жөні
|
Сынып
|
Оқыту тілі
|
Пән
|
Мұғалімі
|
1
|
Үсен Болатбек
|
8 «А»
|
қазақша
|
Қазақстан тарихы
|
Жумадил Амирбек
|
2
|
Иманаленова Динара
|
9 «А»
|
қазақша
|
Орыс тілі
|
Балтабаева А.М
|
3
|
Темирбек Аружан
|
8 «А»
|
қазақша
|
Орыс тілі
|
Балтабаева А.М
|
4
|
Попович Инна
|
11 «Б»
|
рус.
|
физика
|
Балгушукова А.К.
|
5
|
Дычкив Владислав
|
11 «Б»
|
рус.
|
математика
|
Дидковская В.В.
|
6
|
Сағатбай Абылай
|
9 «А»
|
қазақша
|
Химия
|
Тетейхан Айжан
|
7
|
Молдабек Балғынбек
|
8 «А»
|
қазақша
|
Химия
|
Тетейхан Айжан
|
8
|
Бакешова Асия
|
8 «А»
|
қазақша
|
Химия
|
Тетейхан Айжан
|
9
|
Шарафуллина Ильмира
|
10 «Б»
|
рус.
|
Қазахский язык
|
Сакипова А.Б.
|
10
|
Рахимова Л.Б.
|
11 «Б»
|
рус.
|
биология
|
Боргуль И.Ф
|
11
|
Мырзабек Назым
|
8 «А»
|
қазақша
|
биология
|
Инкарова Б.А.
|
12
|
Хабдылазым Гүлдари
|
9 «А»
|
қазақша
|
биология
|
Инкарова Б.А.
|
13
|
Акимова Акжан
|
10 «А»
|
қазақша
|
биология
|
Инкарова Б.А.
|
14
|
Глушков Гордей
|
9 «Б»
|
рус.
|
география
|
Безлуцкий Д.В.
|
Бұл олимпиададан біздің мектептен І орынды 6 оқушы (Рахметова Лейла - биологиядан, Попович Инна – физикадан, Үсен Болатбек – Қазақстан тарихынан, Шарафуллина Ильмира – қазақ тілінен, Глушков Гордей – географиядан, Акимова Ақжан - биологиядан) иеленді. Әділқазылардың шешімі бойынша аймақтық олимпиадада 1-орын алған оқушылар аудандық олимпиадаға жіберілді.
Ауданнан мына оқушылар жүлдемен оралды.
II орын Рахимова Лейла - биология (пән оқытушысы: Боргуль И.Ф.)
IІ орын Попович Инна - физика (пән оқытушысы: Балгушукова А.К.)
III орын Акимова Ақжан - биология (пән оқытушысы:Инкарова Б.А.)
Облыстық олимпиадаға биология пәнінен Рахимова Лейла қатысты.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру:
Мектеп мұғалімдері жыл сайын арнайы кесте бойынша қайта даярлау курстарынан өтеді. Осы оқу жылының басында келесі курстарға катысып, серификаттарға ие болды: жаңартылған білім мазмұны бойынша: мектеп директоры Балгушукова А.К., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдуалиева Б.Т., критериалды бағалау мен мектеп үйлестірушісі курсынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Амиргожина К.К., Алданыш Майрагуль өтті. Сын тұрғысынан ойлау курсынан математика пәнінің мұғалімі Дидковская В.В. өтті.
Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында оқыту үдерісіне жаңа технология түрлерін енгізеді.
Ақпаратты дайындаған: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алданыш Майрагуль
Молодежный орта мектебінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған
І жартыжылдықтың есебі
Достарыңызбен бөлісу: |