Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет7/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

2
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
Математика
формациялық блок; III — практикалық біліктілік блогы; 
IV — сабақты аяқтау. Интерактивті оқыту әдісінің екі түрі 
бар. Олар: 1) оқу пікір-таласы; 2) нақты практикалық аху-
алдарды талдау (case — study).
Мультимедиалы компьютерлік технологиялар барлық 
дәстүрлі оқу құралдарын алмастыруға мүмкіндік бе-
реді. Көп жағдайда мұндай алмастыру өте тиімді, өйт-
кені мұғалім әртүрлі құралдарды қиюластырып қолдана 
отырып, оқытылатын материалдың терең де, саналы түрде 
меңгерілуге жағдай жасайды, сабақ уақытын тиімді пайда-
лануға мүмкіндік береді, сабақты ақпараттандырады.
Компьютерлік оқыту үдерісі табиғи түрде еніп, оқыту 
үдерісін түрлендірудің тағы да бір тиімді техникалық 
құралы болып отыр. Әрбір сабақта оқушылардың эмо-
циясының жоғарылауын бақылауға болады, тіпті үл-
герімі төмен оқушылардың өзі де компьютермен қызыға 
жұмыс істейді. Сабақтарда компьютерді жүйелі түрде қол-
данғанда оқушылардың сабақтағы белсенділігі артып, ма-
териалды меңгеруге қызығушылық артады; рухани сайыс 
пайда болады; сабақ барысында жағымды эмоция кө-
бейеді; компьютерді «жеңу» үшін табандылық пайда бо-
лады, өзіндік дайындыққа қызығушылық артады. Екінші 
жағынан бұл оқыту әдісі мұғалімдеоге де ұнайды, өйткені: 
оқушының қабілеті мен білімін дұрыс бағалауға көмекте-
седі, оқушыны түсінуге, оқытудың дәстүрлі емес, жаңа әді-
стерін іздеуге итермелейді.
Математиканы оқытуда қазіргі заманғы компьютер-
лердің мынадай мүмкіндіктерін қолдануға болады:
1) ақпараттың кез-келген түрін өңдеудің жылдамдығы 
және сенімділігі. Сандық ақпаратты өңдеу үшін микро 
ЭЕМ ғана емес, сонымен бірге калькуляторды да пайда-
лануға болады;
2) ақпаратты графикалық түрде көрсету. Компью-
терлер өздерінің графикалық (демонстрациялық) мүмкін-
шіліктері жағынан түрлі-түсті теледидардан да артық, бұл 
олардың әдістемелік құндылығын арттыра түседі;
3) көп мөлшердегі ақпаратты сақтау және жылдам 
берілуі. Мысалы, математика курсындағы барлық ке-
стелер компьютердің жадында сақталады. Қажет ақпарат 
экранға бір-екі пернені басу арқылы шыға алады.
Сабақта компьютерлерді қолдану мүмкіндігі маши-
налардың программалық жабдықталуына байланысты. 
Сабақ барысында қолданылатын барлық программа-
ларды шартты түрде үйрететін және оқытатын деп бөлуге 
болады. Үйретуші программалар оқытушының кейбір қы-
змет түрін алмастыру үшін құрылады (жаңа материалды 
түсіндіруде, өткенді бекітуде, білімді тексеруде және т. б.).
Математика сабағындағы зерделік жұмыс көбей-
етіндіктен, оқушылардың пәнге қызығушылығын, сабақ 
соңына дейін белсенділігін қалай сақтау керектігі ойлан-
дырады. Оқыту барысында компьютерді пайдалану ақпа-
раттық жағдай жасап, оқушының қызығушылығының ар-
туына ықпал етеді.
Қазір мектептердің барлығы компьютер сыныпта-
рымен жабдықталған. Бірақ бұл техника математиканы 
оқыту барысында сирек қолданылатынын байқаймыз. Ма-
тематиканы оқытуда қазіргі заманғы технологияны пай-
даланбаудың бір себебі — математика сабақтары үшін 
программалық қамтамасыздандыру, компьютерлік бағдар-
лама мен оқытушыға арналған құралдан тұратын бағдарла-
малық-әдістемелік кешендердің аз болуы. Математиканы 
оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану 
сабақ уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, оқушыларға 
есептің шешуін ұқыпты да, таза қылып жазудың үлгісін бе-
руге, оқыту барысында көрнекіліктің деңгейін көтеруге, 
оқу процесін жандандыруға мүмкіндік береді.
«Бүкіл өмір бойы оқу ендігі жерде балама емес, асқан 
қажеттілік» дейді Гарвард университетінің нақылда-
рының бірі. Соған байланысты, жастарымыз алатын са-
палы білімі бар болғаны жолашар интеллектуалдық ка-
питал болып табылады. Сондықтан үздіксіз жұмыс істеп, 
өз білімімізді, кәсіби құзырлылықтарымызды арттыру 
қажет.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов 
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін — 
білім» деген. Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз. 
Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады». 
Біз, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жау-
апкершілік арқалайтын азаматтармыз. Осы жауапкер-
шілікті сезіне білейік.
Әдебиет:
1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауы. 
http://www.akorda.kz/
2. Математика және физика, № 5, 2014.
3. Математика, № 1, 2011 [19–20 б.]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет