Этаптар
|
Негіздеу
|
1. Мүмкін болса пациентпен сенімді қатынас орнату. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу.
|
Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды қамтамасыз ету. Пациенттің ақпарат алу құқығын сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.
|
2. Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құю.
|
|
3. Пациенттің басын бір қырына бұруға көмектесіп, мойны мен кеудесіне клеенка жабу, иегінің астына лоток қою.
|
Үстінде киімді былғамау
|
4. Қолды жуып, кептіру
|
Қолды гигиеналық тазалау.
|
5. Науқастан тістерін біріктіруді сұрау.
|
Процедураны жүргізуге ыңғайлы болу үшін.
|
6. Ұртын шпательмен ашып, пинцетпен дәкелі шарикті антисептикалық ерітіндіге батырып, әрбір тісті қызылиектен бастап сүру, азу тістерден бастап алдыңғы тістеріне қарай сыртқы жағынан сүрту .
|
Сілекей бездеріне инфекция түспеуін алдын-алу үшін.
|
7. Мақта шаригін лотокқа тастап, оң жағын осылайша сүртеді.
|
Инфекциялық қауіпсіздік
|
8. Пациенттен аузын ашуын сұрап, дәкелі шарикті ауыстып, басқа тазасын алып анитсептикалық ерітіндіге батырып, әрбір тісті қызылиегінен бастап, азу тістерден алдыңғы тістерге дейін ішкі жағын сүрту.
|
Ауыз қуысының жеке гигиенасы.
|
9. Таза дәке шаригін алып антисептикалық ерітіндіге батырып, жағдайы ауыр науқастың тілін тазалау.
|
|
10. Пинцетті лотокқа салу.
|
|
11. Науқасқа аузын шаюға көмектесу немесе резеңкелі алмұрт тәрізді баллонмен шаю. Баллонды қысып ішіндегі суды шашырату арқылы алдымен сол жақ, содан соң оң жақ ұртты жуады.
|
Тамақ қалдықтарын, іріңді механикалық жолмен тазарту.
|
12. Ауыздың айналасын құрғақ салфеткамен құрғатып сүртіп, ерінге вазелин жағады, еріндегі тіліктерді 1% бриллиант көгімен өңдейді.
|
Тамақ ішкенде науқастың жағдайын жақсартады.
|
13. Қолданған құралдарды, дәкелі шариктерді дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салады.
|
Инфекциялық қауіпсіздік.
|
14. Қолғапты шешіп, дезинфекциялау.
|
|
15. Қолды жуып, кептіру.
|
Жеке гигиена
|