Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А. Клиникаға кіріспе


Обеспечить конфиденциальность процедуры



бет36/36
Дата25.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#104833
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
KLINIKA 1170 A KIRISPE

Обеспечить конфиденциальность процедуры

  • Тазалау клизмасын жүргізу барысы және мақсатын пациентке түсіндіру

  • Процедураны жүргізу кезінде болатын қиындықтарды пациенттен сұрау (сыртқы және ішкі геморрой түйіндерінің болуы, тік ішектің айналасындағы тілінулер , суды ұстай алмауы)

  • Тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіштердің жоқтығына көз жеткізу (тоқ және тік ішектің жедел қабыну аурулары, ісіктер, қан кету, тік ішектің айналасында тіліну, тік ішектің шығып кетуі, жедел аппендицит, перитонит, ісіну белгілері)

  • Клизмаға арналған температурасы 20˚С-ден жоғары емес су дайындау

  • Судың температурасын өлшеп, жылытқан ыдысында қалдыру

  • Эсмарх кружкасына резеңкелі түтікті және ұштықты жалғап тазалау клизмасына арналған системаны жинау

  • Резеңкелі түтіктегі вентильді жабу

  • Клеенкалы фартукты және басы жабық аяқ киімді кию

  • Басқа қалпақ кию немесе орамал тағу

  • Қолды гигиеналық тәсілмен өңдеу

  • Қолды орамалмен кептіру

  • Эсмарх кружкасына 2 литр су құю

  • Эсмарх кружкасындағы судың температурасын тексеру

  • Эсмарх кружкасын штативке бекіту

  • Бір рет қолданатын қолғапты кию

  • Кушеткаға көлемі 2х3 метр клеенканың бір ұшын төмен қарай түсіріп жаю

  • Клеенканың ұшы шараға түсіп тұратындай етіп шараны еденге қою

  • Клеенканың үстіне жылы орында тұрған жайманы төсеп, пациентті жатқызу

  • Вентильді ашып түтікшедегі және ұштықтағы ауаны шығару үшін бірнеше милилитр суды түтікшеден ағызу

  • Көмекшіден дәрет алатын ыдыстың бетін жауып кушетканың жанына қоюды өтіну

  • Пациентке сол жақ қырына аяғын ішке бүгіп жатуына көмектесу

  • Егер бұндай жағдайда пациент жата алмаса, оны шалқасынан жатқызады

  • Ұштықты вазелинмен майлау

  • Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен пациенттің құйрығын ашып, оң қолмен тік ішекке ұштықты енгізу

  • Ұштықтың алғашқы 3-4 сантиметрін кіндікке қарай, ал қалған бөлігін омыртқа жотасына қарай бағыттайды

  • Түтіктің бұрандысын ашып немесе қысып тұрған қысқышты босатып, ішекке судың ағуын реттеу

  • Пациенттен іш және шап аралық бұлшықеттерін босатып, терең ішпен дем алуын сұрау

  • Есте сақтау! Егер пациент ішінің ұстамалы түрде ауырсынуына шағымданса, процедураны тоқтату, ауырсыну басылғанша. Пациент шамалы уақыт дем алғаннан соң процедураны жалғастыру. Ауырсыну басылмаса процедураны үзіп, дереу проктолог дәрігерді шақыру

  • Ішекке судың барлығы енгізілген соң вентильді жауып тік ішектен ұштықты шығарып алу

  • Ұштықты алып дезинфекциялық ерітіндісі бюар ыдысқа салу

  • Науқасқан шалғасынан 10-15 минут бойы шалқасынан жатып ішекте суды ұстауын өтіну

  • Науқасқа үлкен дәретке отырғысы келгенде судно беріп, отыруына көмектесу

  • Дефекация толық көлемде болғанына және емшараның мақсатына жеткеніне көз жеткізу

  • Нәжіс массасын қарап, қажет болса зертханаға анализге жіберу

  • Көмекшіден судноны нәжістен тазалауды сұрау

  • Науқасты жуындыру

  • Алжапқышты, қолғапты шешу. Алжапқышты дезинфекциялық ерітіндіге салу, қолғапты жою

  • Аяқ киімді ауыстыру

  • Науқасты палатаға шығарып салу

  • Дәрет алатын ыдысты, ұштықтарды, клеенканы дезинфекциялауын көмекшілерге тапсыру.Ұштықтарды стерильдеуін қадағалау

    44. Манипуляция журналына немесе науқастың ауру тарихына манипуляцияның жүргізілгендігі туралы белгілеу

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет