158
Берілген мысалдарда жыраулар поэзиясындағы зат есімдер арқылы түзілген
мөлшерлік метафоралардың негізгі тақырыбы – адами қасиеттер.
Мұнда жеке
адамды сөз арқауы ету арқылы тұтас бір елді сипаттау да бар. Бірінші мысалдағы
бөрі
сөзі ауыспалы мағынада
алғыр, батыр ер
ұғымының орнына алынған. Ал
«абадан»
батырлардың батыры, арыстардың арысы, көшбасшысы
ұғымын
білдіреді. Осы
абадан
сөзі ерлік, батырлық қасиеттердің ең жоғарғы сапасын
білдіреді. Сондықтан да біз мұны
сапа мөлшері
ұғымына жатқызамыз.
Екінші мысалда адамның жас шамасына қарай
толысу кезеңдері белгілі
заттық ұғымдар арқылы сипатталған. Халық танымында
жаға
«үлкендік, бедел»
ұғымдарына балама болса,
жең
сөзі
қол
сөзіне балама ретінде «іс» ұғымын
сипаттайды деп ойлаймыз. Сондықтан
алтын тонның жеңі
метафорасы ел
ішіндегі атқамінер ер-азаматтарға тән қасиеттің ең жоғарғы сапасын көрсетеді.
Бұл да – «сапа» ұғымы аясында метафораланған мөлшер ұғымы.
Үшінші мысалда тұтас бір рулы ел жалғыз адам кейпінде сипатталып отыр.
Арыс
сөзі тұтас ел, бар қазақтың үлкен бір бұтағын білдірсе,
аузы кере қарыс
тіркесі
азулы
сөзінің екінші баламасы ретінде қолданылған. Ешкімге дес
бермейтін азулы жыртқыш бейнесінде сипатталған арғын руының іргелі,
ықпалды ру екендігін ескерту мақсаты көзделген. Мұнда арғын руының айбаты,
тегеурін қуаты «азу»
ұғымы арқылы метафораланып, «ұзындық, кеңдік»
ұғымдары аясында сипатталған. Сонымен қатар, арғын руының іргесі кең
жайылған елдігі «аудан», «кеңістік» ұғымдарымен беріледі. Яғни
талыс
пен
шөншік
етене таныс тұрмыстық заттар болса да, «ауқымы» (үлкендік)
матафоралауға басты негіз болып тұр.
Атасын білмес алыспын
тіркесіндегі
алыс
сөзі
жат
деген мағынасында қолданылған.
Тура мағынасында
алыс
сөзі
«қашықтық» ұғымын білдірсе, ол санада образды ұғымға айналып, екі туысқан
елдің де арасын білдіретін абстрактілі ұғымға айналған. Сол арқылы аталас екі
басты рулардың өзара туыстық, достық байланысы сипатталған.
Бұқар жыраудағы метафоралы сөзқолданыстарын арнайы сөз еткен
Қ.Өмірәлиев бұл туралы былай дейді:
«Сен бұзау терісі шөніксің, Мен өгіз терісі
талыспын, – дегенде «мен-нің», «сен-нің» сыртында екі рулы ел ескеріліп отыр.
Солардың ауқымын, мөлшерлі шамасын «бұзау терісі шөнікке», «өгіз терісі
талысқа» балама жасайды. Бүкіл үлкендік атаулы мен кішілік атаулыдан
Бұқардың таңдап тапқаны өзінің үй мүлкі – шөнік пен талыс қана»
[29, 179 б.].
Заттық ұғымдарға негізделген мөлшерлік метафоралардың үлкен бөлігі Бұқар
жырауда кездеседі. Бұқар жыраудың адами қасиеттерді
құндылық ретінде
сипаттауы қазақ әдебиетінде жаңа туа бастаған образ жасауға деген
талпыныстың белгісі болса керек. Мұны Р.Сыздық та: «Ақындарда портрет
жасау активтенеді»,
–
деп тұжырымдайды [218, 156 б.]. Бұл – дұрыс пікір. Бұқар
мен одан кейінгі ақындардан басталған «портрет жасау» талпынысы қазақ тілі
мен қазақ әдебиетінің «кенжелігін» көрсетпейді. Керісінше, қазақы тіл өнерінің
ұлттық «мінезін» көрсетсе керек. Портрет түзу, образ жасауды әлемдік
әдебиеттің қазақ әдебиетіне келген жаңа үлгісі ретінде қарастыру керек. Қазақ
«сөз өнерінде» (әдебиет) «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту» –
басты
қасиет. Адам образын, портретін жиынтық заттық ұғымдар арқылы беру –
ертеден келе жатқан дәстүрлі үлгі. Бұл дәстүрді Қазтуған жырауда кездесетін
Достарыңызбен бөлісу: