39
өрнектер
(қошқар мүйіз, қосмүйіз, аймүйіз, қармақ, қосалқа,
т.б.
)
; қолөнер
бұйымдары
(киіз үй, оның ішкі жабдықтары)
бәрі-бәрі симметриялық өлшемге
құрылған [164]. Заттардағы
табиғи симметрия
жоғары деңгейдегі
жаратылыстық қасиетті білдірсе,
жасанды симметрия
адамзаттың өмір сүру
сапасының және табиғатты тануының жоғары деңгейін көрсетеді. Сондықтан
симметрияны – аса дәлдікке құрылған мөлшерлік пішіндер, мөлшерлік шамалар
деуге болады. Ал мөлшердің
симметриялық
сипатына тән басты қасиет –
дәлдік.
Мөлшер, ол – тепе-теңдік
. Мөлшер – біржақты ғана құбылыс емес, өзара
қатар өмір сүретін екі немесе одан да көп шамалардың байланысы және екі
немесе одан да көп нысандардың өзара селбестігі, ықпалдастығы. Мысалы,
қазақтың
алтыбақан
ойыны. Алтыбақанның тіреуіштерінен бастап, орналасуы,
бірдей қашықтықта төрт жіптің байлануы, оны ойнаушы адамдарға дейін тепе-
теңдікті сақтайды. Тепе-теңдік – өте ауқымды және сан тараулы күрделі ұғым.
Ол адамзат қоғамының кез келген саласы мен табиғат дүниесінің барлық
нысандарына қатысты айтылады. Мысалы,
құқықтық тепе-теңдік, әлеуметтік
тепе-теңдік, саяси тепе-теңдік, химиялық тепе-теңдік, механикалық тепе-
теңдік, физикалық тепе-теңдік,
т.б. Десек те, тепе-теңдікті ішкі сипатына қарай
екі түрге бөлуге болады. Бірі –
нақты тепе-теңдік
, екіншісі –
шартты тепе-
теңдік
. Нақты тепе-теңдікте
Достарыңызбен бөлісу: