42
–
заттар мен құбылыстардың сапалық қасиетін түрлі
деңгейлер арқылы
анықтайтын сатылы ұғым. Мөлшердің деңгейлік сипатына тән басты қасиет –
салыстырмалылық, ауыспалылық, даму.
Мөлшер, ол – дәреже.
Жоғарыда
мөлшер
заттардың ішкі-сыртқы
қасиеттерінің деңгейіне байланысты айтылады дедік. Ал
дәреже
заттардағы сол
рухани немесе заттық қасиеттердің деңгей бойынша бағалануын білдіреді.
Мысалы,
магистрлік дәреже, кандидаттық дәреже, докторлық дәреже
десек,
бұл –
ізденушілердің ашқан ғылыми жаңалығы мен соның нәтижесінде дәлелін
тапқан білім деңгейін бағалау. Сонымен қатар бағалауға сай құқықтар мен
құзыреттіліктерді беруді білдіреді.
Деңгей, дәреже
– бір-біріне жақын ұғымдар.
Бірақ екеуі екі түрлі сипатқа ие.
Деңгей
жинақталған
сапа
мен
қасиетті
білдірсе,
ал дәреже
сол сапа мен қасиеттің
бағасын, құқықтық баламасын
білдіреді.
Деңгейге ұқсас, дәреже де
жоғары-төмен
тіресімдік
ұғымы аясында көрініс
табады. Мысалы,
дәрежесі жоғары, дәрежесі төмен, шені жоғары, шені төмен,
мәртебесі жоғары, мәртебесі төмен
т.б.
Заттардың бойындағы түрлі қасиеттің
деңгейін тілде
сын дәрежесі
деп те аталатыны белгілі. Сын дәрежесі сын есімнің
шырай жұрнақтары мен күшейткіш үстеулер арқылы беріледі. Мысалы,
ыстығырақ, ыстық, өте ыстық, қызылдау, қызыл, қып-қызыл
т.б.
Бұл –
заттардың ішкі қасиетінің тілдік бірліктер тұрғысынан деңгейленуі. Бұған
байланысты «Қазақ грамматикасында»:
«Ал осы мөлшер үстеулерін сын есім
сөздерімен тіркестіргенде қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, сынның
мөлшерін, көлемдік дәрежесін көрсетеді», – деп беріледі [166, 548 б.]. Сын
дәрежесін
сын мөлшері
деп те атасақ, қате болмаса керек.
Дәреже
кейде «мәртебе», «шен», «мандат», «лауазым»
ұғымдарына да
қатысты. Аталған ұғымдар әскери және қоғамдық-саяси қатынастарда көбірек
қолданылады. Мысалы
Достарыңызбен бөлісу: