Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


Көне түркі ескерткіштеріндегі мөлшер семантикалы лексикалық



Pdf көрінісі
бет40/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

1. Көне түркі ескерткіштеріндегі мөлшер семантикалы лексикалық 
бірліктер
3
 
Көне түркі ескерткіштерінде «мөлшер» ұғымы лексикалық деңгейде 
сапалық сын есімдер, сан есім, үстеу 
сөздерінің кейбір мағыналық топтары 
арқылы беріледі. Мұнда әрбір мөлшерлік лексемалардың лексика-
грамматикалық ерекшеліктерін талдау – жұмыстың көлемін ұлғайтады және 
кейбір ұқсас жүйемен берілетін мөлшерлік семантикалар үшін артық қайталау. 
Сондықтан аталған тіл деңгейінде мөлшерлік семантиканың берілу жүйесін, 
тәсілдерін анықтау, сол негізде мөлшерлік лексемалардың ортақ және айырым 
белгілерін табу көзделеді: 
1.
 
Ескерткіштерде кейбір сапалық сын есімдер жеке-дара тұрып та, тіркес 
ішінде де мөлшер семантикасын білдіреді
.
Мөлшер семантикалы мынадай 
сапалық сын есімдер кездеседі: 
аз // аз 
(КТк., 10; КТү., 19, 29, 34, 40; БҚ, 32; Тон., 
9, 24),
 қоп // көп, көптеп 
(КТк., 3, 9, 10; КТү., 2, 14, 30, 38, 50, 53; БҚ, 28, ХА/12; 
ЫБ, 29; Тон., 36, 46 ), 
үкүс // көп 
(КТү., 16; Тон., 38),
 үкүш // көп 
(КТк., 7, 10; КТү., 
29; ЫБ, 36),
 улуғ // көп, үлкен, өте 
(КТү., 28, 30, 40; БҚ, 34, ХА/ 9; ЫБ, 50; Тон., 
56);
 йуйқа // жұқа 
(Тон., 13),
 иінчге // жіңішке 
(Тон., 14),
 йоған // жуан 
(Тон., 14), 
қалын // қалың 
(Тон., 13),
 йағуқ // жақын 
(КТк., 7),
 ырақ // жырақ 
(КТк., 7);
 узун 
болзун // ұзақ жаса 
(ЫБ, 47),
 узун // ұзақ 
(Тон., 52),
 узун тонлығ // ұзын киімді

(ЫБ, 22);
 кічіг // кішкене 
(КТк., 3),
 учруғлуғ // үлкен 
(ЫБ, 36);
 толқу // ауыр 
(Тар., 
3); 
йаблақ // нашар 
(КТү., 26),
 йабыз // әлсіз 
(КТү, 26; БҚ, 32; ЫБ, 24)
 
т.б.
 
Көрнекті түркітанушы ғалым Ғ.Айдаров көне түркі тілі жайлы зерттеуінде: 
«Заттардың сынын, белгісін көрсететін сөздер: бедүк – биік, йуйқа – жұқа, 
йоған – жуан, йінчке – жіңішке, қалың – қалың, узун – ұзын, улуғ – ұлы, үлкен, 
кічіг – кіші»,
– деп көрсетіп, заттарды мөлшерлік тұрғыдан сипаттайтын мұндай 
сөздерді 
зат сыны
деп түсіндіреді [25, 56 б.]. Біздіңше, құрылымдық бағыттағы 

Бұл тараудағы талдауларға дереккөз ретінде алынған көне түркі ескерткіштері бойынша Ғ.Айдаровтың 
транскрипциясы пайдаланылды: (Ғ.Айдаровтың Орхон ескерткіштерінің тексі. –Алматы: Ғылым, 1990. - 220 б.). 


53 
зерттеулер сөз мағынасын нақтылау емес, жалпылауға құрылатындықтан, 
жоғарыдағы сөздердің мағынасын 
сындық мағына
деп түсіндіруі заңды. Ал 
функционалды зерттеулер сөз семантикасының әрбір деталін ескеретіндіктен, ол 
барынша нақтылыққа құрылады. Демек, 
сын
– аталмыш сөздердегі жалпы 
мағына да, 
мөлшер
– нақты мағынасы. Ал Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанұлы, 
М.Томанов үш автор бірлесе жазған еңбекте: «Заттардың көлемі мен аумағын 
білдіретін сын есімдер: 
йуйқа (жұқа), йінчке (жіңішке), қалын (қалың), узун 
(ұзын), улуғ (ұлы, үлкен)
», – деп береді [179, 102 б.]. Бұл – аталмыш сөздердің 
нақты мағынасына біршама жақындау пікір. Мұнда 
көлем, аумақ
дегендерді 
жалпылама
сын
деп атауға болғанымен, шын мәнінде, «мөлшер» ұғымына 
жатады. Заттардың сынын да, мөлшерін де білдіретін осындай көпмағыналы 
сапалық сын есім сөздері «мөлшер» ұғымы мен «сын» ұғымын өзара 
жақындастырады, тоғыстырады.
Жоғарыдағы берілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет