2. Ауаның көлемін және жану өнімдерінің көлемін және энтальпияларын есептеу



бет1/9
Дата06.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#81738
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Alibek kursovoy
Article, Курс 1 күн

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................4
1. Бастапқы мәліметтер...........................................................................................6
2.Ауаның көлемін және жану өнімдерінің көлемін және энтальпияларын есептеу......................................................................................................................8
2.1.Ауаның және жану өнімдерінің көлемін есептеу...........................................8
2.2.Ауаның және жану өнімдерінің көлемін энтальпияларын есептеу............10
2.3.Жеке газарналары бойынша артық ауа коэффициентін және ауаның тартылуын анықтау...............................................................................................15
3.Отынның есептік жылулық балансы және шығыны.......................................18
3.1.Жылулық жоғалуды есептеу..........................................................................18
3.2.ПӘК және отын шығының есептеу................................................................22
4.Қазандық агрегаттың конструктивті сипаттамалары......................................24
5.Қазандық оттығындағы жылу алмасуды есептеу............................................27
6.Отын энергетикалық қорларды үнемдеу шаралары........................................29
7.Зиянды қалдықтардан қоршаған ортаны қорғау.............................................31
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................34


КІРІСПЕ
Соңғы уақыта КВ-ТС түріндегі су құбырлы су қыздырушы қазандықтар кеңінең сұранысқа ие қазандықтардың бірі. Бұл қазандықтар жылыту қазандықтарында қолданылатын болатты тік ағынды қазандықтарға жатады. Көмірмен жұмыс істегенде белгіленуі КВ-ТС (Т-қатты отын, С-қабатты жағу),қазандық белгілерінең кейінгі сан,сол қазандықтын жылу өнімділігін көрсетеді.
Су қазандықтары температурасы 150 °С ыстық суды алу үшін, өнеркәсіптік және тұрмыстық орындарды жылыту, ыстық сумен жабдықтау мақстында қолданылады. КВ-ТС-6.5 қазандықтары қатты отындарды жағу үшін тағайындалған.Жылыту камераларында көлденең бетті үйлестіру орындары бар,құбырлармен кіретін коллеторлар экрандалған.Конвективті қыздыру беті орналасқан, тік, толық экрандалған газоходтан, U-бейнелі ширм құбырлардан тұрады. КВ-ТС-6,5қазандықтары қаңқасы бар қазандықтар тобына жатады.
Қазандықтың жүктемесі су температурасының қазандықтың кірісінде және шығысында өзгеруімен реттеледі Бұл кездегі судың қызуы 150-2000C-ға дейін жетеді. КВ түріндегі қазандықтар жүк көтергіш қаңқасыз жобаланған. Қазандықтың әрбір блогы (оттық және конвективті) төменгі коллекторларға дәнекерленген тіректерге ие. Тіректер саны қазандықтың жылу өнімділігіне байланысты. Конвективті блок пен оттық камераның түйіскен жерінде орналасқан тіректер қозғалмайтындай орындалады. Оттық камера мен конвективті шахтаны қоршаған ортадан қорғау үшін қалыңдығы шамамен 110 мм болатын жеңіл құбыр сыртындағы қаптау қолданылады. Ол үш қабаттан тұрады: металл торлары бойынша шамотобетоннан, совелитті тақталар немесе минералды мақталы матрацтардан және тығыздалған магнезиалды сылаудан. Қазандықтағы жану өнімдері жағындағы конвективті шахталарды және ішкі беттері тығыз экрандармен жабылған, сондықтан жеңіл құбыр сыртындағы қаптама қолданылады.
КВ түріндегі барлық қазандықтардың конвективті қыздыру беттері 28*3мм өлшемді бірдей құбырлардан орындалған екі пакеттен тұрады. Олар толық экрандалған қабырғалары бар көлденең конвективті шахтада орналасқан. Шахтаның артқы және алдыңғы қабырғалары 60*3 мм құбырлардан орындалған, сонымен қатар шахтаның алдыңғы қабырғасы оттық камераның артқы қабырғасы болып табылады. Бұл қабырғаның құбырлары арасында металл үстемелер дәнекерленген. Олар оттық камерадан конвективті шахтаға түтінді газдардың ағуын жою үшін арналған. Шахтаның шеткі қабырғалары диаметрі 83*3,5 мм көлденең құбырлардан орындалған, олар У-түріндегі ширмалар үшін 28*3 мм диаметрде болады. Ширмалар құбырла қадамы S1= 64 мм және S2= 40 мм болатын шахматты шоғыр құрайтындай орналасқан. Бұл конвективті қыздыру беттеріндегі жылу тасымалдауды күшейтеді.
КВ-ТС түріндегі қазандықтар
Қатты отында жұмыс істейтін КВ-ТС түріндегі қазандықтар аналогты КВ-ГМ түріндегі қазандықтардан жалпақ экранның орнына кері жүрістегі тордың болуымен ерекшеленеді. Сондықтан оттық камера бес жақтан экрандалған болады. Жану өнімдері оттық камерадан толық жану камерасына келіп түседі және олар төрт қатарлы фестоннан конвективті шоғырларға жіберіледі. Түтінді газдар тік жоғары қозғала отырып, конвективті шахтаға жылу береді және атмосфераға шығарылады. Конвективті шахтаның қабырғалары толық экрандалған. Аралық қабырғаның экрандары екі қатарлы орындалған.




1.БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
Кесте-1. КВ-ТС-6,5 қазандығының сипаттамалары

Көрсеткіш атаулары, өлшемі

Шама

1.Отынның есептік түрі

1.Тас көмір
2.Қоңыр көмір

2.Қазандықтың түрі

Су

3.Жылу өнімділігі, Гкал/сағ

6.5

4. Шығатын газдардың температурасы, °С

235

5.Судың шығыны, т/сағ

80

6.Отынның шығыны, кг/сек

1420

7. Судың температурасы, °С
кіретін / шығатын

70 / 150


8.Бағана осьтері бойынша габариттер, мм
Ұзындығы
Ені
Биіктігі

7970
3624


4330

9.Қазандықтың салмағы , кг

9019

10. Жұмыстық қысымы, МПа

1.6

11. Қолданылған ауа коэффиценті

1.7

12.Қызмет ету мерзімі, жыл

15

13.Судың қазандықтағы қысымы, Мпа
кіретін / шығатын

1.6 / 1.0


Отын түрі:


Г маркалы Донецкий көмірі


Отынның жұмыс массасы құрамы:


Күлдің еру температурасы:



Келтірілген ылғалдық
Кеттірілген күлділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет