2. Ауаның көлемін және жану өнімдерінің көлемін және энтальпияларын есептеу


ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚОРЛАРДЫ ҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ



бет8/9
Дата06.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#81738
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Alibek kursovoy
Article, Курс 1 күн
6. ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚОРЛАРДЫ ҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ
Қазақстандағы ішкі бастапқы энергия көзі көмір болып табылады, өйткені еліміздекөмір едәуір қоры мол және арзан болып келеді. Бастапқы энергоресурстарды жалпы тұтыну көлемінің 67%-ға жуығын көмір, 20% -н мұнай және 13%-ға жуығын газ құрайды. Еліміздің электроэнергия қажеттілігінің 80%-н көмір отыны қамтамасыз етеді, ал 10 - 12% үлесін газо-мазутты отын және 8 – 10% -ы су энергиясының үлесіне кіреді.
ҚР қоршаған ортаны қорғау заңының негізгі қағидалары:
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсері болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған
Қоршаған ортаға өндірістік орындардың жағымсыз әсер ету проблемаларының радикалды шешімі қалдықсыз немесе аз қалдықты технологияларды қолданғанда ғана мүмкін болады. Жүз пайызды тазалау теориялық тұрғыдан қарағанда мүмкін, бірақ бірақ практикалық тұрғыдан қарастырсақ тазалағыш құрылғылырдың тым үлкендігінің және қаражаттың жетіспеушілігінің салдарынан жүзеге асуы мүмкін. Осыған орай альтернативті шешімдер қарастыру, әсіресе аз қалдықты және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу керек. Алғаш рет Н.Н.Семенов пен И.В.Петрянов ұсынған «қалдықсыз технология» термині кейін біздің және өзге де шет елдерінде кең етек жайды.
Қалдықсыз өндірістің негізі шикізатты оның барлық комплекстерін қолдана отырып комплексті өңдеу болып табылады, себебі өндірістің қалдықтары бұл белгілі бір себептерге байланысты пайдаланылмаған немесе түгелдей пайдаланылмаған шикізаттың бөлігі. Осы орайда ресурс үнемдеуші технологиялар маңызды болып есептеледі.
Сонымен қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
Шикізатты барлық компоненттерін сақтай отырып жаңа қалдықсыз процесстерді қалыптастыру негізінде комплексті қайта өңдеу;
Қайта пайдаланылуды талап ететін жаңа өнім түрлерін қалыптастыру және шығару;
Өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу және тауарлы өнімді алып, қолданунемесе олардың экологиялық тепе теңдікті бұзбай кез келген тиімді пайдаланылуы;
Өндірістік сумен қамтамасыз етілудің тұйық жүйесін пайдалану;
Қалдықсыз территориялық өндірістік комплекстер мен экономикалық аймақтар қалыптастыру;
Арнайы зауыттарда химиялық және термиялық қайта өңдеуде мусор тыңайтқышқа ғана айналып қоймайды, сонымен бірге қалдықтардан этил спиртін алады, оный құрамында мысалы целлюлоза болады.
Қалдықсыз технология– шикізаттарды мейлінше толық пайдаланудың техникалық, технологиялық және экономикалық ұйымдастыру жүйесі. Бұл жүйе шикізаттарды кешенді түрде пайдаланып, қалдықтарды өңдеп, қосымша өнім алуға негізделген.
Қалдықтар – шикізат өңдеуден және тұтынудан қалған пайдаланылмайтын материал.
Утилизация – қалдықтарды өңдеу арқылы пайдалы материал алуға немесе оларды залалсыздандыруға бағытталған технологиялық шаралар






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет