2. Ауаның көлемін және жану өнімдерінің көлемін және энтальпияларын есептеу


ЗИЯНДЫ ҚАЛДЫҚТАРДАН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ



бет9/9
Дата06.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#81738
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Alibek kursovoy
Article, Курс 1 күн
7.ЗИЯНДЫ ҚАЛДЫҚТАРДАН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қоршаған ортаны қорғау – жердicақтау және оның пайдалы қазбаларын, cу реcурcтарын, өciмдiктер мен жануарларын қолдану, ауа мен cудың тазалығын қамcыздандыру, пайдалы қазбаларды қайта өндiру, қоғам мен табиғаттың гармониялық қарым-қатынаcын қамcыздандыруға бағытталған ғылыми-техникалық, өндiрicтiк-шаруашылықтық, әкiмшiлiктiк-құқықтық ic-шаралар кешенi.
Атмосфера ауасы жағдайының мониторингісі. Санитарлық корғау аймағының маңынан атмосфералық ауадағы көмірсутегі, күкіртсутегі, фенол құрамы мөлшерін тексеру үшін, өнеркәсіптік алаңда атмосфералық ауадағы көмірсутегі, күкіртсутегі, бензол, толуол, ксилиол, көміртегі тотығы құрамы мөлшерін тексеру үшін сынамалар алынады. 
Жер асты сулары жағдайының мониторингісі. Жер асты сулары жағдайын бақылау «Сарымсақ» жинауышы орналасқан аймақта, қатты қалдықтар жинауышының аймағында және кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында жүзеге асырылады.
Жер асты суларының сапасын бақылау кезінде мұнай өңдеу кәсіпорындарына тән ластаушы заттарды: сульфаттарды, сульфидтерді, хлоридтерді, фенолдарды, нитраттарды, нитриттерді, фосфаттарды, аммоний азотын және жер асты суларындағы мұнай өнімдерінің құрамын бақылауға баса назар аударылды.Топырақ мониторингісі
Топырақ жағдайын бақылау санитарлық-қорғау аймағының шекарасында, қатты қалдықтар жинауышы мен Сарымсақ жинауышының айналасында жүргізіледі. Топырақ сынамаларында мұнай өнімдері мен ауыр металдардың құрамы анықталады.
Кәсіпорында табиғат ортасында пайда болатын және орналасатын өндіріс және тұтыну қалдықтарын бастапқы есепке алу ұйымдастырылған.
Радиациялық қауіпсіздік мониторингісі. Кәсіпорында өнеркәсіп қалдықтары мен қатты қалдықтар жинауышының жағдайын дозиметрлік бақылау жүзеге асырылады.
Мұнай шикізатының радиациялық сапасын бағалауды «Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК орындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды зерттелген өнім қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сәйкес келетіндігін растайды.
Кәсіпорында жыл сайын табиғат ресурстарын қорғау және оңтайлы пайдалану бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және орындалады.
Барлық табиғатты қорғау іс-шаралары:

  • атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендетуге;

  • жерасты суларын ластанудан қорғауға;

  • ағынды сулардың нормадан тыс ағуының алдын алуға;

  • өндіріс қалдықтары жиналған кезде қоршаған ортаны қорғауға бағытталды.

Кесектелген күкірттің жиналуына жол бермеу мақсатында кәсіпорында күкіртті түйіршіктеу қондырғысы жұмыс істейді. Түйіршіктелген күкірт қоршаған ортаны ластамайды, оны тасымалдау қауіпсіз және ыңғайлы болып келеді. 


ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жобаның тақырыбы:«КВ-ТС-6.5 қазандығын есептеу». Курстық жобаны дайындау барысында КВ-ТС-6,5 қазандығының техникалық сипаттамалары қолданылды. Сол мәліметтерді ескере отырып, су қыздырушы қазандығы, яғни КВ-ТС-6,5 қазандығының жылулық есептемесі жүргізілді. Есептемелерді жүргізу барысында қажетті есептік кестелер және формулалар қолданылды.


Қорытындылай келе, курстық жобаның берілген тапсырмаларын толық,әрі уақытылы орындай отырып, су қыздырушы қазандығының пайдалы әсер коэффиценті анықталды. КВ-ТС-6.5 су қыздырушы қазандығының ПӘК-і 94,5% ды құрады.


ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ГОСТ 25720-83 (2005). Котлы водогрейные. Термины и определения.
2. Кабашев Р.А. ж. б. Жылу техникасы: Оқулық/ Р.А. Кабашев, А.К. Кадырбаев, A.M. Кекилбаев. -Алматы: «Бастау» баспаханасы, 2008. - 425 б.
3.Роддатис К.Ф., Полтарецкий А.Н. Справочник по котельным установкам малой производительности. — М.: Энергоатомиздат, 1989. — 448с.
4. Экологическое право / Под ред. В. В. Курочкиной, В. В. Гучкова. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, Закон и право, – 367 с. С.366-367.
5.Природноресурсовое право и правовая охрана окружающей среды /Под ред. В.В. Петрова. – М.: Юрид.лит., С.17.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет