Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет42/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

шерік
қол
тіркесінде кездеседі. Ұлы, даңқты, үлкен жорықтар, шайқастар көп 
әскердің қатысуымен болатыны заңды. 
Улуғ (ұлы
) сөзінде 
айбын, айбат, үлкен
деген де мағыналар бар. Міне, осындай жасырын семалар тұтаса келіп, «көптік» 
ұғымды білдіріп тұр. Ескерткіш мәтінінде 
үкүш, улуғ, қоп
сөздері синонимдік 
қатар түзеді де, 
аз
лексемасына 
тіресім
құрайды. Академиялық «Қазақ 
грамматикасында» зат есімнің көптік мағынасы туралы: «Қазақ тіліндегі көптік 
тұлға мен көптік мағына бір-біріне тепе-тең емес. Көптік тұлғамен 
салыстырғанда көптік мағынаның өрісі әлдеқайда кең. Олай болатыны – 
тіліміздегі әрбір зат есім ешқандай сыртқы морфологиялық көрсеткішсіз-ақ екі 
бірдей грамматикалық мағынада – жекеше де, көпше де жұмсала алады», – деп 
берілген [166, 446 б.]. Бұл тұжырымның дұрыстығын атай отырып, сын есім 
сөздері де ешқандай көптік формасыз-ақ «көптік», «мөлшер» мағыналарын бере 
алатынын айта кеткіміз келеді. Мұны жоғарыдағы мысалдар толық дәлелдейді.
Ескерткіштерде «қашықтық» семантикасы «алыс/жақын» 
тіресімдік 
(оппозиция)
ұғымдары аясында құрылымданады. «Қашықтық» 
жазықтықтағы
және 
кеңістіктегі
кез келген екі нүктенің арақашықтық мәнін білдіретіні белгілі. 
Олай болса, ескерткіштерде «қашықтық» ұғымы көлденең және тік бағыттарды 
құрайды. 
Йағуқ // жақын, ырақ //жырақ 
сөздері көлденең бағытты қашықтықты 
білдірсе,
 иуйқа // жұқа, йуйқа қалын // жұқа қалыңдаса, узун (тонлығ) // ұзын 
(киімді), кічіг // кішкене
сөздері тік бағытты қашықтықты білдіреді. Алайда бұл 
сөздердің көне түркі тіліндегі қолданысы кейде бұған керісінше бағытта да 
болуы мүмкін. Дегенмен ескерткіштерде кездесетіні – осы. Аталған лексемалар 
нақты заттардың ұзындық/қысқалық, алыс/жақындық мәнін білдіргенімен, бәрі 
жалпылама «қашықтық» ұғымы саналады. Бұл «қашықтық» ұғымдарында сол 
заманға (VII–VIII ғғ.) сай қалыптасқан ортақ мөлшерлік меже бар. Жер бетіндегі, 
кеңістіктегі немесе қандай да бір заттағы ұзындық шаманың мөлшері сол ұғым 
негізінде 
алыс/жақын
тіресімдеріне 
бөлінеді де, құрылымданып, қашықтық 
семантикасына ие болады. Мысалы: 
Анта аңығ кісі анча бошғурур ерміс, ырақ 
ерсер йаблақ ағы бірүр, йағуқ ерсер, едгү ағы бірүр-тір, анча бошғурур ерміс. 
Біліг білмез кісі ол сабығ алып, йағру барығ, үкүш кісі өлтіг 
(КТк., 7) 
// Сонда өш 
адамдар былай сендірген еді: «жырақ болса, жаман сыйлық берер, жақын болса, 
игі сыйлық берер», 

 деп. Осылай сендірген еді. Білімсіз кісілер сол сөзге сеніп 
маңына барып, көп кісі өлді. 
Мәтіндегі
ырақ, йағуқ
сөздері көлденең бағытты 
«қашықтық» 
ұғымын білдіреді. Яғни қытайлар мен түркілер қонысының 
(астанасының) арақашықтығы «жақын-алыс» ұғымдар арқылы сипатталған. 
Мұндағы «қашықтық» ұғымы тарихи және географиялық танымға тәуелді. 
Нақтырақ айтқанда, 
алыс / жақын
тіресімдік семантика
бұған дейінгі тарихи 
кезеңдерде екі ел астанасының орналасудағы қашықтық межесі негізінде туады. 


55 
Демек, кейбір мөлшерлік ұғымдар тарихи сананы, танымды, түсініктерді ұдайы 
жаңғыртып, жадта сақтап отыру қасиетіне ие.
Көне түркі тілінде «жақын қашықтық» ұғымы 
кічіг // кішкене 
сөзі арқылы 
да беріледі. Мысалы: 
Ілгерү – Шантуң йазықа тегі сүледім, талуйқа кічіг 
тегмедім, бергерү – Тоқуз Ерсенке тегі сүледім, Түпүтке кічіг тегмедім 
(КТк., 
3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет