Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет43/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

// Ілгері Шантуң жазыққа дейін соғыстым, теңізге кішкене жетпедім. 
Түстікте Тоғыз Ерсенге дейін соғыстым, Тибетке кішкене жетпедім

Үзіндідегі 
кічіг
сөзі 
кішкене 
деген мағынада. Қазіргі қазақ тілінде 
кішкене
сөзі 
қандай да бір заттың көлем мен сыйымдылығына байланысты айтылып, қалыпты 
мөлшерден «кішілік» ұғымын білдіреді. Ал контексте, одан басқа әлденеше 
мөлшерлік ұғымдарды білдіруге жұмсалады. Мысалда 
кічіг // кішкене
сөзі 
ауыспалы мағынада жұмсалған. Яғни «қашықтық» ұғымына байланысты 
қолданылып, жер бетіндегі екі межелі орынның арақашықтығын білдіреді. 
Көлемге 
байланысты 
сөздің 
«қашықтық» 
ұғымында 
қолданылуы 
метафораланудың нәтижесінде жүзеге асқан. Бұған қарағанда, көне түркі тілінде 
де сөздердің көпмағыналығы кең өріс алған.
Ескерткіштер мәтінінде «көлем» ұғымын білдіретін 
иінчге // жіңішке, йоған 
// жуан, учруғлуғ // үлкен, улуғ // үлкен 
сөздері кездеседі.
 
Бұл лексемалар 
кішкене/үлкен
сатылы тіресімі (градуалды оппозициясы)
 
аясында беріледі.
«Көлем» ұғымы көбіне деректі заттардың сыртқы пішініне қатысты айтылады. 
Ал дерексіз (абстракті) көлем сол деректі заттардың негізінде метафоралы 
мағынаға ие болады. «Тониқуқ» ескерткішінде былай беріледі: 
Иінчге йоған 
болсар үзгүлүк алп ерміс 
(Тон., 14)
// Жіңішке жуандаса үзетін алып болар

Мұнда мөлшер мағынасы «көлем» ұғымы аясында беріліп, ол адамның сыртқы 
тұлғасына қатысты алынған. Әр заманда санада адамдарының дене тұрқына 
(үлкен/кішілігіне), басқа да заттар мен құбылыстарға байланысты белгілі 
мөлшерлік меже қалыптасады. Сол орталық меже шамаларды анықтаушы, 
«көлем» ұғымын 
тіресімдік
мағыналарға
ажыратушы құралға айналады. 
Мысалы: 
Алып ер бізіңе тегміш ерті, антағ өдке өкүнүп, Күлтегініг аз ерін 
іртүрү ытымыз, улуғ сүңүш сүңүшміш 
(КТү., 40)
 // Алып ерлер бізге тиісті, сол 
кезде өкініп, Күлтегінді аз ермен шабуылға жібердік, үлкен соғыс жасады
.
Үзіндіде 
улуғ (сүңүш) 
сөзі 
үлкен (соғыс) 
деген мағынада қолданылған. Яғни
соғыстың кеңістіктегі таралу аймағының кеңдігі, қатысқан әскер санының 
көптігі, соғыс зардабының ауырлығы сынды бірнеше мөлшерлік мағыналар бір 
сөзге сыйып тұр. Көне түркі тілінде 
улуғ
сөзі бұдан басқа да көптеген мағынада 
қолданылған. Айталық, 
көптік, жастың үлкендігі, соғыстың үлкендігі, ұлылық, 
биліктің үлкен, туыстық қатынастағы үлкендік
т.б. Аталған мағыналардың 
бәрі де «мөлшер» ұғымының семантикалық өрісіне жатады.
Көне түркі тілінде «уақыт» ұғымы да лексикалық деңгейде беріледі. 
Ескерткіштерде «уақыт» ұғымын білдіретін 
өзүң узун болзун // өзің ұзақ жаса, 
узун // ұзақ, беңгү // мәңгі (4 рет) 
сөздері кездеседі.
 
Мұнда 
узун (ұзын)
сөзі тура 
мағынасында деректі заттарға байланысты қолданылып, «қашықтық» (ұзындық) 
ұғымын білдіреді. Алайда ескерткіштер мәтінінде «уақыт» ұғымына да қатысты 
қолданылған. Яғни адам өміріне байланысты биологиялық уақыттың 
созылыңқылығын бірдіре келіп, ауыспалы мағынада жұмсалып тұр. Қазіргі қазақ 
тілінде бұл контексте 
ұзақ (жасы ұзақ, өмірі ұзақ)
сөзі қолданылатыны белгілі. 
Олай болса, қазақ тіліндегі 
ұзын
сөзінің ұмытылған тағы бір мағынасы – адам 


56 
өмір жасына байланысты қолданылып, «уақыт» ұғымының созылыңқылығын 
білдіру. Дәстүрлі қазақ танымында «уақыт» ұғымы қашан да деректі заттар 
арқылы метафораланып, ұзындық/қысқалық ұғымы арқылы беріледі. Замананы 
ұзын шұбалған көшке, қамшының, балтаның сабына теңеуі соның нақты көрінісі. 
Міне, бұл – ескі түркі танымы мен қазақ танымының сабақтастығын білдіретін 
нақты семантикалық тұтастықтар. 
«Уақыт мөлшері» ұғымын білдіретін, көне түркі заманында-ақ үлкен 
концепцияға айналған сөздің бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет