84
білдіргенімен, біздіңше, сан есімдерге жатқызуға болмайды. Бұл типтес
сөздерден сандық семантиканы ұғынуға болғанымен, олар белгілі заттың
мөлшерін, мөлшерлік сынын білдіретін сөздер. Сондықтан оны сын есімнің не
мөлшер семантикасы шеңберінде қарастыру керек.
Заттар бүтін немесе бөлшек болумен қатар, олар белгілі сандық мәнге ие
болады. Заттардағы осы
белгілі/белгісіз
сандық мән «көптік» ұғымын
қалыптастырады. Тілде көптік семантика лексикалық деңгейде түрлі жолдар
арқылы беріледі: кейде нақты сандар арқылы, кейде көлемін сипаттау арқылы, ал
кейде орналасу тығыздығын, қозғалыс деңгейін сипаттау арқылы. Көптік
семантикалы сөздердің кейбірі барлық заттарға бірдей қолданылса, ал кей
лексемалар арнайылық сипат алады.
М.Қашқари сөздігінде мұндай көптік
семантикалы сөздер жиі кездеседі және оның семантикалық айырым белгілері
мен қолданылу ерекшелігі түсіндірілген. «Көптік» ұғымы
Достарыңызбен бөлісу: