Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет95/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

мұнша
жалған (МН, А/251-252).
 
Берілген өлең тармақтарындағы 
ишваң фараван
тіркесі
 
әйел затына тән 
қылымсу, наздану әрекетінің шамадан тыс мөлшерде жасалуын білдіреді. Мұнда 
фараван
сөзі 
көп, мол
мағынасын берумен қатар, сапалық белгіні, қасиетті 
мөлшерлік тұрғыдан күшейту семантикасын да білдіреді. Тіркес ескерткіштің 
араб жазуымен хатқа түскен тағы бір нұсқасында (1508

1509) 
хуснуң фараван
деп те беріледі. 
Фараван
сөзінің, көптік мағынамен қатар, 
кемелдену, толысу, 
шегіне жету
сынды мағыналары болғаны осыдан байқалады. Түпнұсқада қалай 
берілетініне қарамастан, бұл тіркестердің қай-қайсын да ағат қолданыс емес.
Мөлшер семантикалы сын есімдердің үлкен бөлігі Қутыбтың «Хусрау уа 
Шірін» поэмасында кездеседі. Оларды семантикалық ерекшелігіне қарай 
салмақ, 
қашықтық, көлем, сыйымдылық, уақыт, көп/аздық 
ұғымдарына бөлуге болады.
Ескерткіште салмақ семантикасы 
ағыр (ауыр), йәсіргә (жеңіл) 
сөздері 
арқылы беріледі. Бұл сөздер көбіне деректі заттардың нақты салмақ ұғымын 
білдіреді. Мысалы:
1) Ағыр тур тағтег ырғанма бу йелдін 
(ХШ, 92p-44)
// Ауыр бол таудай, 
ырғалма бұл желден;
2) Йәсіргә теггәсән 
(ХШ, 92в-2)
 // Жеңілге тигенсің.
Таудың салмағы өлшеуге келмесе де, ауыр болатыны түсінікті. Ал бұл 
«салмақ» ұғымы образды түрде адамның қиындықтарға төзе білетін рухани 
күшінің мықтылығын бейнелеуге қолданылған. 
Ағыр (ауыр), йәсіргә (жеңіл) 
лексемалары
 
өзара 
сатылы тіресім
құрайды. Бұл градуалды салмақ 
семантикасының арасында түрлі салмақ өлшемдері бар. Олар тілде көбіне шырай 
қосымшалары арқылы беріледі. Кейде күшейткіш үстеулер арқылы да салмақ 


114 
семантикасының өрісін бұдан әрі кеңейтуге болады. Міне, бұлар түрлі 
шамалардан құралған біртұтас «салмақ мөлшері» ұғымын қалыптастырады. 
Э.Наджип бұл сөздің көне, орта ғасыр түркі ескерткіштерінде 
ауыр, салмақты, 
құрметті, бағалы, қымбат, берік, қатты, көп,
т.б. көптеген мағыналарды 
білдіретінін айтады [27, Т
1
/ с. 224-226].
Поэмада кездесетін 
узун, узақ, йырақ, бәдук, ағлақ, йінічкә 
сын есімдері 
қашықтық семантикасын білдіреді. Мұнда 
узун, узақ, йырақ, ағлақ, йінічкә 
көлденең бағыттағы,
бәдук 
тік бағыттағы деректі заттардың нақты қашықтық 
шамасын білдіреді. Мысалы: 
1) Бар ерді бір узун бодлуғ қыз 
(ХШ, 75в-27)
 // Бар еді бір ұзын бойлы қыз; 
2) Йырақ йер кәлміш ерді қайра сүрді 
(ХШ, 67в-31)
 // Жырақ жерге келген 
еді, қайта кетті; 
3) Ош анда бір бәдук қаршы қылыңыз 
(ХШ, 23p-4)
 // Сонда бір биік сарай 
салыңыз; 
4) Алардын адырылыб тутты узақ йол 
(ХШ, 30р-24)
 // Олардан айырылып, 
ұзақ жол жүрді; 
5) Айтурмән вәлі болса йер ағлақ 
(ХШ, 18p-36)
 // Жер аулақ болса дер едім; 
6) Қашытег йінічкә йолға сүрді Гулгун 
(ХШ, 93р-26)
 // Қасындай жіңішке 
жолға түсті Гулгун.
Мысалдағы 
узун
сөзі мен оның семантикалық 
тіресімі (оппозициясы)
қысқа
сөзі ауыспалы мағынада уақыт мөлшері семантикасын білдіреді. Бұл туралы сын 
есімдердің семантикалық жүйесін арнайы қарастырған Ә.Ақкөзов те: «
Ұзын 
сын 
есімі мәтінге қарай уақыт өлшемінің де мағынасында жұмсала алады», 

деп 
көрсетеді [203, 31 б.]. Ал аталған сын есім сөздерінің көпмағыналығын 
Р.Байымбетова егіз ұғымдардың концептуалдануымен байланыстырады: 
«Уақытқа қатысты құбылыстар мен ұғымдарды кеңістік аясында, кеңістікке 
қатысты ұғымдар мен құбылыстарды уақыт аясында саралау қазақтың тұрмыс-
тіршілігінен, тілінен айқын аңғарылады. Мысалы, қазақ тіліндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет