// бір тал (шаш), ичра сад чандан // жүз есе артық, йеті қат зар-
нигар // жеті қабат алтындаған, миң турли асрар // мың түрлі сыр
т.б. үш
компонентті мөлшерлік конструкциялар кездеседі.
– «Адам Ата мен Хауа Ана» қисасында кездеседі:
би түб сукт // бір түп
қаратал, бир авуч жисм // бір уыс дене, бир бөләк жаунуа //бір бөлек жануар,
бир дана буғдай // бір дана бидай, бир жами’а фаришталар // бір топ
періштелер (4), бир көз йашы қылса // бір рет жыласа, бир қабза // бір-ақ уыс,
бир қатла машриф // бір мәрте қосылу, бир қатра су // бір тамшы су, бир улуғ
су // бір үлкен су, бир чингал (шеңгел) алтун // бір уыс алтын, бир чингал тофрақ
// бір шеңгел топырақ, еки йүз йыллық йер // екі жүз жылдық жер (2), еки кисм
(түрлі) халқ // екі түрлі халық, елик уақыт намаз // елу уақыт намаз, йети
мартаба айлантур // жеті мәрте айналдыр, йетмиш қат хала // жетпіс қабат
киім, йетмиш мың йылдық йол //жетпіс мың жылдық жол, йүз мың турлуг
хашарат // жүз мың түрлі жыртқыш, үч мартаба сура // үш мәртебе сұра
,
еки
рак’ат намаз // екі бас намаз, йетмиш мартаба қасам // бір сағатта жетпіс
мәрте ант, йетмиш еки груһ халиқ // жетпіс екі түрлі халық, йермиш мартаба
ант // жетпіс мәртебе ант
т.б.
Үш ескерткіштегі осы берілген мөлшерлік конструкцияларды жинақтай
келгенде, мынадай мөлшерлік компоненттерді (өлшем бірліктер, арнайы
мөлшерліктер, ауыспалы мөлшерліктер) бөлек алуға болады:
авуч (уыс), пара
(парақ), қат (қабат), лоқма (жапырақ), йығач (ағаш), журʻа (ұрттам), аршун
(аршын), түман (түмен), қатра (тамшы)
,
тар (тал), турли (түрлі), түб (түп),
дана (дана), жами’а (топ), қабза (уыс), қатла (мәрте), чингал (шеңгел), йыллық
(жылдық), кисм (түрлі), уақыт (уақыт), мартаба (мәрте), турлуг (түрлі),
рак’ат (бас), груһ (түрлі) – (25).
Бұлардың әрбірін, конструкцияларымен қоса,
лексика-грамматикалық ерекшелігіне қарай талдаудың реті келмейді.
Сондықтан берілген конструкцияларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай
топтастырып, ең басты түрлеріне ғана тоқталу қажет. Олай болса, мөлшерлік
конструкциялар микромөлшер ұғымдары аясында былайша көрініс табады:
– Ескерткіштерде
аршун,
йығач, қат
мөлшерліктері қашықтық
семантикасын
білдіреді.
Аршын
– тілдің барлық тарихи кезеңдерінде кездесетін
ұзындық өлшемі.
Йығач
та – мұсылман халықтарындағы ескіден келе жатқан
128
ұзындық өлшемі. М.Қашқари «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінде бұл сөзді:
Иығаш // фарсах – ұзындық өлшемі: Бір иығаш жер //бір фарсах жер, –
деп
береді (МҚ, Т
3-
17). Ал
қат
сөзі белгілі нәрсенің қалыңдығын, қабатталуын
білдіретін сөз. Осы семантикалық ерекшелігіне байланысты қолданылатын
затына қарай
қашықтық, құн, сапа
сияқты түрліше мөлшерлік ұғымдарды
білдіреді. Ескерткіштерде көбіне «қашықтық» ұғымына байланысты
қолданылады. Мысалы,
Йеті қат иер // жеті қабат жер: Йеті қат
йерні һәм
тутғучы ол (ХШ, 70р-20) //
жеті қабат
жерді де тұтушы Ол. Мұнда
қат
сөзі
жерге байланысты қолданылып, оның тереңдігін, қалыңдығын білдіріп тұр.
Сондықтан
қат
сөзі мұнда «қашықтық» ұғымын білдіреді.
– Ескерткіштерде
лоқма, қатра
мөлшерліктері көлем семантикасын
білдіреді.
Лоқма
жейтін асқа (нанға) байланысты қолданылса,
қатра
суға
байланысты қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |