Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет114/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

найза, сеңгір, жер, 
ну 
сөздері – образға алынған сөздер. Бұларға бірнеше мөлшер семантикалы 
анықтауыштар қабаттаса тіркесіп, образдылықты одан сайын арттыра түскен. 
Жыраулар поэзиясында
 есімді мөлшер эпитеттердің
ендігі бір үлкен тобы 
қатыстық сын есімдер
арқылы жасалады. Бұл топтағы мөлшер эпитеттердің 
бағыныңқы сыңарындағы есімдерге сын есім тудырушы жұрнақтар, етістерге 
есімшенің 
-ған, -ген, -қан, -кен
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бұлардың 
өзі құрамына қарай екі, үш және төрт құрамды болып келеді. Екі құрамды 
эпитеттерді 
даралауыш мөлшер эпитеттер
деп атауға болатынын жоғарыда 
айттық. Олардың қатарына 
қарағайлы көдік, қоғалы көл (дер), салуалы орда, 
бағаналы орда, бетегелі бел, бетегелі Сарыарқа, қорғанды шаһар, қымбатты 
гауһар, әкелі бала, әкесіз бала, өлшеусіз мал, өлшеусіз бас 
т.б.
 
мөлшер эпитеттер 
жатады. Бұл тіркестерде бағыныңқы сыңарлар (анықтауыштар) сын есім 
тудырушы 
-лы (-лі), -ды (-ді), -ты (-ті) 
және 
-сыз (-сіз)
функционалды 
жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған. Аталған жұрнақтардың 
семантикалық өрісінің бірі – мөлшер семантикасы. Яғни зат есімдерге жалғанып 
заттарда сол түрлі қасиет пен шаманың барлығын, молдығын немесе сол түрлі 
зат мен қасиеттің жоқтығын, аздығын білдіреді. Жай ғана білдірмейді, бейнелі 
образды түрде білдіреді. Бұл образды ұғымдардың тууында мөлшерлік 
семантиканың қызметі айрықша. Нақтырақ айтқанда, 
қарағайлы көдік, қоғалы 
көл(дер), бетегелі бел 
эпитеттері өсімдіктері мол, ырысты мекенді, 
қорғанды 
шаһар – 
қорғандары көп әрі берік қаланы,
 салуалы орда, бағаналы орда – 
сән-
салтанат пен салиқалы өмірдің
 
молдығын, 
қымбатты гауһар –
құн мөлшерін
әкелі бала, әкесіз бала – 
әке мен әке тәрбиесінің бар-жоғын,
өлшеусіз мал, 
өлшеусіз бас – 
мал мен адамның көптігін
 
білдіреді. Бұл эпитеттер бір қарағанда 


142 
эпитет емес, анықтауышты тіркес сияқтанып та көрінеді. Бірақ олай емес, бұлар 
– құрылымы тұрақты сипатқа ие болып бара жатқан эпитеттер.
Жыраулар поэтикасында қатыстық сын есімдерден түзілген 
мөлшер 
эпитеттердің
қайталаулы түрі кездеспейді. Бұл жыраулар поэтикасының өрлік 
рухтағы төкпе өлең ағыны туынды сөзформалардың қайталануын «сүймеуінен» 
болса керек. Ал 
еселеуіш мөлшер эпитеттер
біршама мол кездеседі. Олар үш, 
тіпті төрт құрамды болып та келеді. Мысалы, 
толғамалы ала балта, тегеурінді 
болат темір, жабағылы жас тайлақ, қу таяқты кедей; алпыс басты ақ орда, 
жез қарғылы құба арлан, еңсегей бойлы Ер Есім
т.б.

Бұл эпитеттердің бәрінде де анықтауыш компоненттер күрделі құрамды, 
бірнеше анықтауыштар үсті-үстіне қабаттаса берілген. Сол арқылы заттың 
сапалық, мөлшерлік белгісін арттырғанның үстіне арттырып көрсеткен
мөлшерлік семантиканың экспрессиясын одан сайын күшейткен. Мұндай 
эпитеттерді Р.Сыздық «тұрақты эпитеттер» деп атайды [211, 27 б.]. 
Жыраулар поэзиясында кездесетін мөлшер эпитеттердің ендігі бір тобы кері 
синтаксистік қатынаста болады. Тұтас тіркестің синтаксистік құрылысы 
қарапайым сөйлеу тілінің синтаксисінен өзгеше, өлең тілінің синтаксисіне 
жақын келеді. Яғни мұнда анықтауыштардың құрамы күрделеніп, күрделі 
баяндауыш сияқтанып келеді. Мысалы, 
жотасы биік Дендерім, қатынасы биік 
көл(дер), тобыршығы биік жай, құрсағы құшақ бай(лар), құрсағы жуан боз бие, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет