Қазіргі қазақ тілі



бет1/7
Дата16.06.2020
өлшемі44,29 Kb.
#73587
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СҰРАҚТАР


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

35.Пысықтауыш, оның түрлері. Мекен, мезгіл, мақсат, сын-қимыл, себеп, мөлшер пысықтауыш.



Пысықтауыш
Сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейді.
Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не ушін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? деген сұрақтарға жауап береді.
Пысықтауыш болатын сөз табы — үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім, етістіктің көсемше түрі, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын, бірге, қабат, қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын септеулік шылауларының тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін атқарады.
Пысықтауыш барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктің бірінде тұрған сөзден немесе негізгі сөз бен септеулік шылаулардың бірі тіркесінен болғанда, пысықталатын сөз арасындағы байланыс меңгеру де, ешбір жалғаусыз, септеулік шылауларсыз қабыса байланысады. Үстеуден болған пысықтауыштар өзі пысықтайтын сөзімен іргелес те, алшақ та тұрып байланыса береді.

Құрамы жағынан пысықтауыш дара және күрделі болып, мағынасы жағынан пысықтауыш бес түрге бөлінеді: қимыл-сын пысықтауыш, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауьш, себеп пысықтауыш, мақсат пысықтауыш.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет