Анықтауыш болатын сөз таптары: Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
Зат есімнен болады:Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
Сан есімнен болады:Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
Есімдіктен болады:Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
Етістіктің есімше түрінен болады:Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады.Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.
Анықтауыштар құрылысына қарай үш топқа бөлінеді: дара анықтауыш, күрделі анықтауыш, үйірлі анықтауыш
Анықтауыш құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Түрі
|
Ережесі
|
Мысалы
|
Дара
|
Бір сөзден тұратын анықтауыш
|
Салқын (қандай?) самал жанға жайлы.
|
Күрделі
|
Кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш
|
Ақ басты (қандай?) Алатаудың Жамбылымын
|
Үйірлі
|
Үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш
|
Басы аппақ, денесі керген төстіктей...(қандай?) белгілі Иван келді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |