Қазіргі қазақ тілі


Пысықтауыш мүшелердің стильдік түрлері және олардың жұмсалуы



бет4/7
Дата16.06.2020
өлшемі44,29 Kb.
#73587
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СҰРАҚТАР

Пысықтауыш мүшелердің стильдік түрлері және олардың жұмсалуы.

Пысықтауыш мүшелердің стиль таңдауға бейтарап келетін негізгі формалары

ілгеріде айтылады. Осыларға жарысы тілдің тілдің үнемділікке талпыну тарабына

сөзді түрлендіріп айту, эмоциялы құру талабына сай шыққан, синоним формалар бар.


Пысықтауыштың бұл түрлері былай жасалады:

1. Есімше, есім сөздердің септік тұлғасы арқылы жасалған мезгіл, мекен мағыналы пысықтауыштармей (келгенде, қалада) қатар өінде есімдігін қосқан синоним форма жұмсалады: келгеннің өзінде, қаланың өзінде. Пысықтауыштың бұл эмоциялы формасын құрайтын компоненттер өзара шатасып байланысады. Синтаксистік форма беретін жалғау есімдікке жалғанады.Мысалы:Осы келгеннің өзінде де Тымақбайдың атын сурап жегіп келіп отырмыз - деді көзін жаутандатып.

2. «Зат есім - болып» «есімдік болып» түрінде құралған пысыктауыш
мүшелер іс - әрекетке қатысушылардың мөлшерін көрсетеді. Орта мектепті
бітірген соң бұлар бүкіл класс болып колхозда қалады. (С. Мүрат).

3.Кейде «зат есім (субстантивтенген сын есім) болып» түрінде коралған синтаксистік мүше сөйлемге бастауыш мүшеге телінген қыстырма ретінде кірігіп субъектілердің құрамын саралау немесе ішінен бірін саралап көрсету үшін жұмсалады.Мысалы:Салтаттысы, арбалысы болып, бізді бір көш жерге дейін көп достар шығарып салды, (С. М.).
Осындай грамматикалық субъектінің жанында тетелес жұмсалудың ілгері жетілуі ретте зат есім - болып тәрізді пысықтауыштардың субъектіні білдірудің бір амалы ретінде жұмсалатыны бар; Пүлларбай, Сабырбай, Мұқсызбайлар болып Майбасарға мықтап дүре соқты (М. Ә.)- Субъектілі пысықтауыш мүше формасында білдіру - сөзді үйреншікті ережеден шығарып, түрлендіріп құраудың бір амалы және бұл амал негізінен ауыз екі сөйлеу тіліне тән.

4.«Зат есім - болып» түрінде құралған пысықтауыштың тағы бір езгеше мағынасы бар. Ол іс - қимылдың ұқсастық сапасын білдіреді: үлкен кісі болып сөйледі, сиыр болып сүйкенді, қасқыр болып үлыды.Ауызекі сөйлеу тілінде алғанын алғанша, түскенін түскенше тәрізді ұйымдасқан пысықтауыштың түрі жұмсалады.

5.Пысықтауыштар іс -қимылдың қарқындық сапасын білдіреді. Құрылысшылар тақтайда
түскенін түскенше жаратып жатыр. Мен айтқандарыңды табылғанын табылғанынша жібергенмін.Пысықтауыш бір сөзді қайталау негізінде құрылған.

6.Пысықтауыш құрамындағы басты компонент табыс септік тұлғылы есімше сөз де, - ша. - ше тұлғалы компонент саны қайталау ретінде қатысып тур. Осылай кұрылған пысықтауыш мүше іс - әрекеттің қарқынын білдіреді.Айтқанын айтқандай, естігенін естігендей тәрізді пысықтауыштар да осы ыңғаймен құрылған, мағынасы да бірдей. Айырмашылығы – соңғы компоненттің формасы. Ол компонент - дай, - дей тұлғалы сын есім ретінде қатысады. Бұл пысықтауышты бөлек атап отырғанымызға себеп


жалғыз бұл емес. Ол сөздердің лексика - грамматикалық түрлерін
қамтуында да өзгешелік бар. Пысықтауыштың бұл түрі негізгі компонент
ретінде қатысады. Бул пысықтауышты бөлек атап отырғанымызға себеп
жалғыз бұл емес. Ол сөздердің лексика - грамматикалық түрлерін
қамтуында да өзгешелік бар. Пысықтауыштың бұл түрі негізгі компонент
ретінде зат есім сөзді де қатыстыра алады: астықты астықтай, ақшаны
ақшадай (алды). Асқар көргенін көргендей күнделігіне жазып отырды. Бұл
ашқарақ етті еттей, майды майдай жей береді.«Есім сөз - демей» ретінде құралған пысықтауыштық форма ауызекі сөйлеу тілінде жұмсалып, эмоциялықты білдіреді. Бұның эмоциялығы ылғи ритм тудыратын қосақта жұмсалуынан да көрінеді. Ол кісі кәрі демей, жас демей қалжыңдаса береді.«Есім сөз - үшін» тәрізді құралған себеп пысықтауыштарымен қатар оған синоним ретінде «барыс септік тұлғалы есім - бола» түрінде кұрылған пысықтауыштық форма жұмсалады: сен үшін - саған бола. Соңғы вариант қимылдың себебін менсінбей, төмен көрсетіп атау үшін жұмсалатын форма. Қай әрі, соған бола соттап! (Б. М.).Осымен қатар бұл пысықтауыш қимыл - әрекеттің себебін ерекшелеп атау үшін де жұмсалады..

36.Анықтауыш, анықтауыш болатын сөз табы, сөйлемдегі қызметі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет