Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет115/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

төсі аршынды сұлу, еңсесі биік боз орда, еңсесі биік кең сарай
т.б. 
Бұл 
мөлшер эпитеттер
үш-төрт құрамды. Тіркестің бәрінде де бірінші 
мүше тәуелдік жалғауының үшінші жағында келген зат есім де, одан кейінгі 
екінші мүше мөлшер семантикалы сын есім сөздері. Осы екі мүше тіркесе келіп, 
бір күрделі анықтауыш құрайды. Әрі зат есімнің өзін тіке анықтайды не 
анықтауышты зат есімді үстемелей анықтайды. Бұл күрделі құрамды эпитеттерді 
біріктіріп тұрған бір-ақ нәрсе, ол – өлең ырғағы, екпін. Осының нәтижесінде бұл 
тіркестер шоғыры күрделі құрамды мөлшер эпитетке айналған. Мұндай күрделі 
құрамды эпитеттер өлең ағынын толықтыратын синтаксистік амалдардың бірі 
сияқтанады. Сонымен қатар, тұтас толғауға айрықша экспрессивтік мән үстейтін 
көркемдік тәсіл болса керек. Бұл туралы жыраулар поэзиясының тілін зерттеген 
белгілі ғалым Қ.Өмірәлиев былай дейді: «Ырғақтың қатысу-қатыспауына қарай 
қазақ поэзия тілінің синтаксис (әрі тіркес) жүйесі ғана әр алуан болып келмейді, 
тіпті қазақ поэзиясы осы ырғақтың қатысу-қатыспауы жағынан дәуірге де әрі 
түрге де бөлінеді. Яғни қазақ поэзиясында белгілі бір жанр үшін ырғақ – тарихи
категория»
 
[29, 13 б.]. Ғалым айтқандай, осындай айрықша синтаксистік 
тәсілдерді тудырып, бір арнаға сыйдырып отырған, тарихтың мінезімен астасып 
отырған – ырғақ. Ол да мөлшер семантикасын беруде қажетті тілдік құралдардың 
бірі.
Анықтауыш қызметінде есім сөздер, соның ішінде сын есімдер көбірек 
жұмсалатыны белгілі. Алайда кейде тілдік қажеттілікке қарай есімшелер де 
анықтауыш қызметінде жұмсалатыны байқалады: Мысалы, 
әлем асқан жан, 
артық туған Абылай, туғаны жоқ жалғыз, қоңқалаған көп жаман, арасы 
толған көп қалмақ, аңдып жүрген көп дұспан, атаңнан қалған көп халық, 
етектеп жиған көп халық, теңкиген қара саба 
т.б.


143 
Р.Сыздық: «Етістіктің есімше тұлғасының эпитет болып келуі дау 
туғызбайды. Өйткені есімшелер есім орнына қолданыла береді», –
 
дейді [211, 34 
б.]. Ғалымның айтуынша, етістік тұлғалардың эпитет деп танылуында ең басты 
белгі – тіркестердің экспрессиялы болуы, яғни экспрессоид (әсерсөз) болуы шарт. 
Жоғарыдағы тіркестердің қай-қайсынан да мұндай белгіні таба аламыз. Есімше 
тұлғалы дара, күрделі сөздер қимыл-әрекет арқылы анықталатын зат есімдердің 
экспрессиялы сынын, сипатын, мөлшерін білдіріп, эпитет болып тұр. Аталған 
мөлшер эпитеттерде 
әлем асқан жан –
мықтылықтың ең жоғары шегін,
 артық 
туған Абылай –
сапалық белгілердің молдығын, 
туғаны жоқ жалғыз – 
тұлдырлықты,
 қоңқалаған көп жаман, арасы толған көп қалмақ, аңдып жүрген 
көп дұспан,
атаңнан қалған көп халық 
тіркестері
 
сандық көптікті, 
етектеп 
жиған көп халық – 
төгілген тердің де, соған орай нәтиженің де молдығын, 
теңкиген қара саба – 
шегіне жеткен сыйымдылықты білдіреді.
 
Бұлардың бәрі де 
– түрлі сандық, сапалық, шамалық деңгейлерден құралатын мөлшер ұғымдар. 
Олар біртұтас құрылым ретінде мөлшер эпитет саналады.
Есімше тұлғалардың эпитет болуында айрықша бір назар аудартатыны –
есімше тұлғалы күрделі анықтауыштардың орны ауысып келу құбылысы. 
Жиембет жыраудың «Басы саудың түгел-дүр» деп басталатын өлеңінде 
басы 
саудың түгел-дүр, толған тоғай малы-дүр
деп келетін жолдары бар. Мұнда 
толған тоғай мал
эпитеті дұрысында 
тоғай толған мал
боларға керек еді. Бірақ 
толған тоғай малы 
тіркесі де қате болып тұрған жоқ. Соған қарағанда, бұл ХV

XVIII ғасырлардағы көркем поэзия тілінің айрықша бір синтаксистік құрылымы 
болса керек. Ал ол қарапайым сөйлеу тілі синтаксисі былай тұрсын, өлең тілі 
синтаксисінде де тіпті кездеспейді. Мұнда анықталатын мүше екеу, яғни 
тоғай 
мен 
мал
. Тұтас тіркесті 
малға толған тоғай
деп те, 
тоғай толы мал
деп те 
түсінуге болады. Қалай десек те, мұнда мал санының көптігі мен тоғайдың 
сыйымдылығы семантикасы образды түрде берілген. Сондықтан бұл да мөлшер 
ұғымды білдірудің айрықша бір эпитеттік тәсілі болмақ. Көркем мәтіндердің 
мақсаты – баяндау емес, бейнелеу, ойды әсерлі, айшықты жеткізу. Мұндай 
образды-экспрессиялы тіркестер көбіне тұтас 
суретті ұғымға 
айналып, атаулы 
тіркестер сияқтанады. Сөйтеді де, күрделі ұғымды білдіреді. Сондықтан өлең 
тілі синтаксисін қарапайым сөйлеу тілінің синтаксисінен оқшау қараған да дұрыс.
Қорыта келгенде, эпитеттерде анықтық, әсерлілік – басты өлшем. Эпитет 
көркемдік тәсілдердің бірі ретінде поэтикалық мәтіндерде «мөлшер» ұғымын 
беруге де кеңінен және аса ұтымды қолданылады. Бұл ретте ол заттар мен 
құбылыстардың, қимыл-әрекеттің сапалық, мөлшерлік белгілерін анықтап, 
әйгілеп отыруға қызмет етеді. Соның нәтижесінде тыңдаушыға мейлінше анық, 
түсінікті және бейнелі, әсерлі мөлшерлік семантиканы жеткізеді. Эпитет 
әрқашан тың, авторлық ізденістерді сүйеді, оның бұл қасиеті «мөлшер» 
ұғымының да мейлінше дәл және анық болуына мүмкіндік береді. Бұл жағынан 
аталған тәсіл «мөлшер» ұғымына ең оңтайлы көркемдік тәсілдердің бірі 
саналады. Бұл мөлшер эпитеттердің 
қайталауыш мөлшерлік
эпитет, еселеуіш 
мөлшерлік эпитет 
деген түрлерінен де айқын көрінеді. Поэтикалық тілдің 
анықтауыштарды сүйетін қасиетін және ойды айшықты жеткізудегі 
оңтайлылығын жыраулар өте жақсы сезініп, оны өз шығармашылығында 
ұтымды пайдалана білген.


144 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет