Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет112/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Он, қырық, отыз екі, он екі
сияқты дара және 
күрделі сандар – дәстүрлі қазақ танымында айрықша маңызы бар сандар. Олар 
киелі ұғымдармен ұзақ уақыт бойы қатар қолданылу нәтижесінде тұрақты тілдік 
құрылымға айналады. Мұндай тұрақты құрылымдарда жылдар, ғасырлар бойы 
көптеген құнды ұғымдар жинақталады. Сол ұғымдардың бірі – мөлшерлік ұғым.
Жыраулар поэзиясында есімдіктердің мағыналық топтары да аз да болса 
мөлшерлік анықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы, 
түгел іс, барша әлем, 
жімле ғалам 
т.б. Бұл жалпылау есімдіктері өзінен кейін тұрған жалпы есімдерді 
анықтаудан гөрі, жалпылау, топтау қызметінде жұмсалады. Сондықтан мұндай 
эпитеттер жалпылау мәнді болып келеді. Жалпылау есімдіктердің саны шектеулі 
болғандықтан, тілдік ізденістерге өрісі тар, тың тіркестер тудырып, тіл өрнегін 
айшықтай түсуге икемсіз келеді. Сол себепті бұлар мейлінше тұрақты, дағдылы 
қалыпта кездеседі. Бір қарағанда тың тіркес секілді көрінетін 
түгел іс
эпитеті де 
– 
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би»
мәтеліндегі 
түгел сөз
ұғымымен 
бірдей, тілдік қолданыста ежелден бар құрылым. Сондықтан есімдіктерден 
түзілген эпитеттер де константты (тұрақты) тіркестер болып келеді. 
Жыраулар толғауларында кездесетін 
мөлшер эпитеттердің
ендігі бір тобы 
анықтауыш компоненттердің қайталанып келуі арқылы жасалады. Мұнда бір 
ғана анықтауыш мүше екі рет, кейде үш рет қайталанады. Осы ерекшелігіне 
қарай бұларды 
қайталауыш мөлшер эпитет
ретінде тануға болады. Бұған 
мынадай эпитеттер жатады: 
арту, арту бел; батпан, батпан мін; алаң, алаң, 
алаң жұрт; асқар, асқар, асқар тау; сере, сере, сере қар; тоғай, тоғай, тоғай 
су; қос-қос орда, қос орда 
т.б.
 
Даралауыш мөлшер эпитеттер
сияқты бұлар да белгілі бір заттардың ішкі 
қасиетін, сапасын, мөлшерлік тұрғыдан еселеп айқындап көрсетеді. Айталық, 
арту, арту бел
– ауыр, ауыр жүкті де, сол жүкті көтеруге шыдас беретін атан 
түйенің бел күшін де білдіреді. Осы тіркестің толық мәтініндегі «атан» сөзінің 


140 
символикалық мәні бар. Яғни ол – ел жүгін арқалайтын атандай ерлердің күш-
құдіретін сөз арқауы ету. Осы символиканың түпнегізі – 
бел
сөзі. Оған 
арту
сөзі 
екі рет қайталану арқылы оның физикалық мүмкіндігін одан сайын арттыра 
түскен. Әрі есімшелер сияқты, тұйық етістіктердің де анықтауыш мүше болып, 
эпитет түзе алатынын көрсетеді. Ал 
батпан, батпан мін
эпитеті адам бойындағы 
кемшіліктердің, айыптың аса көптігін танытады. 
Батпан
сөзінің өзі қазақтың 
салмаққа байланысты дәстүрлі танымында ең ауыр салмақты көрсетеді. Ал оның 
анықтауыш мүшеде екі рет қайталануы сол заттық ұғымның мөлшерін әлденеше 
есе арттыра түседі.
 Батпан
сөзі салмақ өлшемінің атауы болса да, тіркесте 
ауыр
деген 
сындық мөлшер
ұғымын білдіреді.
Жыраулар поэзиясында анықтауыштардың үш рет қайталанып келуі де 
кездеседі. Мұның мәні екі рет қайталанудан аздап өзгешелеу. Оны кейінге 
қалдыра тұрып, әуелі бұлардың мағынасына келсек: 
алаң, алаң, алаң жұрт – 
кең 
аумақты, көптікті,
асқар, асқар, асқар тау – 
биіктікті,
сере, сере, сере қар – 
қалыңдық, сірескен қаттылықты
тоғай, тоғай, тоғай су – 
кең таралуды, 
молдықты білдіреді. Сонымен қатар бұл 
қайталауыш анықтауыштар
бірнеше 
тауларды, әлденеше жұртты, сан тарау суды сандық жағынан да сипаттайтын 
тәрізді. Осындағы 
сере
сөзі туралы С.Боранбаев мынадай бір қызықты 
деректерді келтіреді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет