Сабақ Лексикалық тақырып: Біздің сынып. Грамматикалық тақырып: Реттік сан есімдер. I.Ұйымдастыру кезеңі



бет1/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,71 Mb.
#29296
  1   2   3   4
Кіріспе бөлімі

1 – сабақ

Лексикалық тақырып: Біздің сынып.

Грамматикалық тақырып: Реттік сан есімдер.


I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Модулдің құрылымын түсіндіру.

III.Сабақтын мақсатын,барысын түсіндіру.


  1. Білімділік: Тақырып бойынша әңгіме құрап, өз ойын жеткізуге әрекеттер жүргізу.

  2. Дамытушылық: Сан есімдер туралы толық, терең түсінік беру.

  3. Тәрбиелік: Өз мектебіне, сыныбына деген ізгі ниеттерді қалыптастыру.

IV.Грамматикалық тақырып.

Тақтадағы реттік сан есім туралы көрнекілікпен грамматикалық тақырыпты түсіндіру.Жұрнақтардың жалғану ережелерімен жұмыс жасау.Оқушыларға практикалық жолмен түсіндіріп, өздеріне мысалдар орындату.
V. Лексикалық тақырып.

Біздің сынып

1.Мұғалім мәтінді өзі мәнерлеп оқиды.

2.Жаңа тақырыпты оқушылар бірнеше рет оқиды.

3.Тапсырмалардағы есептік сан есімдерді табу.

4.Аударма жұмысын жасау.

Сурет бойынша әңгіме. Сұрақ – жауап ұйымдастыру.

1.Бұл не?

2.Сыныпта кімдер бар?

3.Мұғалім не істеп тұр?

4.Оқушы не істеп тұр?

5.Сынып қандай?

Аударма жұмысы.Жұмбақ.

VI.Жазбаша жұмыстар.



Үлгі эталоны

Біздің сынып бірінші қабатта. Саят екінші қатарда отырады. Үшінші терезеде гүл тұр. Самат бесінші партада отырады.




VII.Есеп шығарту.

VIII.Үйге тапсырма.Мәтінді түсініп оқу,әңгімелей білу.Жұмбақты жаттап келу.

Сөйлесу бөлімі

2 – сабақ

Лексикалық тақырып: Біздің сынып.

Грамматикалық тақырып: Реттік сан есімдер.


I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

IIIСабақ мақсатын, барысын айту.

1.Білімділік: Тақырып бойынша өз ойын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету, реттік сан есімдерді өз орнымен пайдалана білуге машықтандыру.

2.Дамытушылық: Аударма жұмысына көңіл бөліп, әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Сынып ішіндегі жабдықтарды ұқыпты пайдалана білуге, оларды сақтауға баулу.

I
Үлгі эталоны

Біздің сынып екінші қабатта. Ол үлкен және жарық.Сыныпта мұғалімінің үстелі,15 парта,30 орындық бар.Терезеде гүлдер тұр.Қабырғада тақта ілулі тұр.Тақтаның қасында бор жатыр.Біздің сынып

әрқашан таза.
V.Деңгейлерге байланысты тапсырмалар.

1.Аударма жұмысы. Наш класс.

V. ауызша жұмыс. Мақал.

Күш – білімде.

Мақалдың мағынасын түсіндіру.Өмірден алынған әр түрлі мысалдар арқылы әңгімелеп беру.

VI.Жазбаша жұмыстар.



Үлгі эталоны

бірінші он үшінші отыз бірінші

төртінші он алтыншы отыз жетінші

алтыншы он тоғызыншы қырық екінші

тоғызыншы жиырмы бірінші елу үшінші


VII.Үйге тапсырма. Реттік сан есімдерге мысалдар жазып келу. Мақалды жаттап алу.

Сөйлесу бөлімі

3 – сабақ

Лексикалық тақырып: Біздің сынып.

Грамматикалық тақырып: Реттік сан есімдер.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

IIIСабақ мақсатын, барысын айту.


1.Білімділік: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін толықтыру.Қисынды ойлау қабілетін дамыту.

2.Дамытушылық: Грамматикалық тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың тәжірибиесін анықтау.

3. Тәрбиелік:Жұмбақ арқылы жолда жүру ережелерін қайталау. Сақтандыру шараларын жүргізу.
IV.Ауызша жұмыс. Реттік сан есімдерін қайталау.


Үлгі эталоны

бесінші тоғызыншы он алтыншы

жетінші алтыншы оныншы

он екінші


V.Жазбаша жұмыс.Сауатты жазу дағдыларын орнықтыру.




Үлгі эталоны

Мен үшінші сыныпта оқимын. Сара екінші қатарда отырады. Асан бесінші партада отыр. Гүл үшінші терезеде тұр.



VI.Тәрбиелік мақсатта жұмбақты оқушылармен оқып, шешуін тауып, аударып, жол ережелерін қайталау.


Үш көзі бар қырағы,

Кезек ашып, жұмады.

Өтерінде көшеден

Бұйрық беріп тұрады.

(Т.Жексенбай)

VII. Үйге тапсырма беру.4 – тапсырманы оқып, ұқсас тапсырма жазып келу. Бақылау жұмысына дайындалу.

Қорытынды бөлім

4 – сабақ

Лексикалық тақырып: Біздің сынып.

Грамматикалық тақырып: Реттік сан есімдер.


I. Ұйымдастыру кезеңі.

II Үй тапсырмасын тексеру.

III Сабақ мақсатын, барысын айту.

1.Білімділік: Модуль бойынша алған білімдерін саралау. Әңгімелей білу дағдыларын байқау.

2.Дамытушылық: Модуль бойынша алған білімдерінің олқылақтарын байқап, қайталау,пысықтау жұмыстарын жасау.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа,ұжымшылдыққа,бірлікке, достыққа баулу.

IV. Үш деңгей тапсырмаларды орындату.

1. Сөздікпен жұмыс:

а) тақырып бойынша кездесетін бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.

ә) дұрыс айтуға дағдыландыру.

V.Мәнерлеп оқу дағдысын тексеру мақсатында «Кезекші» атты өлеңді оқыту.

VI. Жазба жұмысы. 3-тапсырманы орындату.




Үлгі эталоны

Оқушылар сабаққа кірді. Болат партаға отырды. Ол сөмкесін ашты. Сөмкесінен күнделік, кітап, дәптер, қалам алды. Қарлығаш тақтаға шықты. Сабақ қызықты өтті.



VII. Тест.



  1. Азат бір... сыныпта оқиды.

  2. Қанат жиырма екі... мамырда туған.

  3. Менің әжем үш жүз он алты... кварталда тұрады.

  4. Мен нөмірі алпыс тоғыз... мектепте оқимын.



1 2 3 4

Үлгі эталоны

  1. Азат бірінші сыныпта оқиды.

  2. Қанат жиырма екінші мамырда туған.

  3. Менің әжем үш жүз он алтыншы кварталда тұрады.

  4. Мен нөмірі алпыс тоғызыншы мектепте оқимын.



VIII. Есте сақтау қабілетін тексеру мақсатында өтілген мақалдарды, жұмбақтарды қайталап сұрау.

Асханада.

Лексикалық тақырып: Асханада.

Грамматикалық тақырып: Септеулік шылаулар (послеслоги үшін (для), туралы, жөнінде (о, про)).



Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

1. Септеулік шылаулармен таныстыру

2. «Асханада» мәтінімен жұмыс



45 минут


Сөйлесу

2-сабақ

3-сабақ


4-сабақ

1. Мектеп асханасында

2. Сурет бойынша әңгіме

3. Пайдалы кеңестер


45 минут

45 минут


45 минут

Қорытын-

ды


5-сабақ

Бақылау сабағы

45 минут

Нені үйрену қажет?



  • Жаңа тақырыпқа байланыста жаңа сөздерді үйрену.

  • Жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап үйрену.

  • Мектеп асханасын суреттеп айта білу.

Нені білу керек?

  • Септеулік шылауларды білу.

  • Септеулік шылаулардың қолдану ретін білу.

1-сабақ


Сабақ түрі: Тақырыпқа кіріспе сабағы. «Асханада.»

Сабақ әдісі: Мәтін оқу, сөйлемдер құрау, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнекілігі: Септеулік шылаулар мысалдарымен жазылған кесте қағаз, оқулықтағы сурет.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен модуль бойынша сұрақ-жауаптар:

- Біз алдыңғы сабақтарда қандай тақырыптармен таныстық?

(Дүкен, нан, ыдыс, ойыншықтар дүкенінде)



    • Нан дүкенінде нелер бар?

    • Ойыншықтар дүкенінде нелер сатылады?

    • Ыдыс дүкенінде не сатады?

ІІІ. Жаңа сабақты еңгізу.

1.Сызбаға қара.

оқу кітап

жолдасы сынып

сен үшін (для) асхана туралы (о)

не білім


ол атам
журнал

әкем


мен жөнінде

ол

сен


Сөздікті мұғалім оқып, таныстырады. Оқушылар соңынан қайталайды.

оқу үшін – для учебы ұл үшін – для него

жолдасы үшін – для друга перде - шторы

сен үшін – для тебя аспаз - повар

не үшін – ради чего

2. Мәтінді оқы.

Мектепте үлкен асхана бар. Ол бірінша қабатта. Асханада көп үстел және орындықтар бар. Үстелдер үш қатарда тұр.

Асханың үлкен төрт терезесі бар. Терезеде әдемі перде ілуі тұр. Асхана таза.

3.Өлеңді мәнерлеп оқы.

Бір тамақты пісіріп,

Бір тамақты түсіріп,

Апам ылғи жүреді,

Жадырайды, күледі.

Он жетіге толамын,

Менде аспаз боламын.

4.Келесі сөздерден сөйлем құра.

1) Ас, бөлмесі, мынау.

2) Ыдыс, жудым, мен.

3) Тамақ, пісірді, анам.

4) Тамақ, болды, дәмді.

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Сызбаға қара.

2.Сөздікпен таныс.

3.3-тапсырмадағы өлеңді оқы.


1.1-тапсырмадағы сызба бойынша сөз тіркестерін құрап, орыс тіліне аудар.

2.3-тапсырмадағы өлеңді мәнерлеп оқы.

3.4-тапсырмадағы сөздерден сөйлем құрап жаз.
1.2-тапсырмадағы мәтінді оқы, қандай? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап.

2.2-тапсырмадағы мәтінді әңгімеле.

3.3-тапсырмадағы өлеңді оқып, жаттап ал.

2-сабақ
Сабақ түрі: Жаңа сабақ. «Асханада»

Сабақ әдісі: Мәтінді оқу, аудару, сөздік жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: Кеспе қағаз, таратпа.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақты пысықтау.

Сөздік

сорпа – бульон хат – письмо



қышқыл – кислый кем - меньше

ұнатамын – нравится ботқа – каша

артық - больше

1-тапсырма. «Мектеп асханасында» атты әңгіме құрап айт (оқулықтағы сурет бойынша).

2-тапсырма. Қазақ тіліне аудар.
мамы бабушке

для брата о книге

сестры ручке

3-тапсырма. Мәтінді оқы.

Борщ – орамжапырақ салған сорпа. Борщқа орамжапырақ, сәбіз, қызылша, картоп салады. Борщтың дәмі қышқыл болады. Мен борщты ұнатамын.

4-тапсырма. Мақалды оқып, түсініп, жаттап ал.

Адамнан үлкен ат жоқ,

Наннан үлкен ас жоқ.

5-тапсырма. Берілген сөздерді қазақшаға аударып, сөзжұмбақты шеш.

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Сөздікпен таныс.

2.Суреттерге қара.

3.2-тапсырмадағы сызбаға қара ойлан.
1.1-тапсырмадағы суретке қарап, сөз тіркестерін құра.

2.2-тапсырмадағы сөз тіркестерін қазақ тіліне аудар.

3.Мақалды оқып, жаттап ал.
1.1-тапсырмадағы сурет бойынша бірнеше сөйлем құра.

2.3-тапсырмадағы мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.

3.Сөзжұмбақты шеш, қандай тірек сөз шықты?

3-сабақ
Жаңа сабақ: Асханадағы кезекшілік..

Сабақ әдісі: Суретке қарап әңгіме құрау, есеп шығару.

Сабақ көрнекілігі: Суреттер, оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

1.Мәтінді оқы.

Мынау асхана. Бұл біздің асхана. Асханада үстел мен орындықтар бар. Үстелдің үстінде пышақтар, қасықтар, шанышқылар жатыр. Біз асханаға келдік. Орындықтарға отырдық. Біз тамақ іштік.

2.Суреттерге қарап, әңгіме құра.

(Оқулықта асхананың ішкі көрінісі бейнеленген суреттер берілген).

3.Сөйлемдер құрап жаз.

Мен ... алдым.

Сен ... жедің, іштің.

Ол ... сатып алды.

(Керекті сөздер: сорпа, ботқа, нан, салат, сүт).

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Суреттерге қара.

2.2-тапсырмадағы «Асханада» атты сурет бойынша балаларға ат қой.

3. Шылауларды ата.
1.1-тапсырмадағы мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.

2.Үшін, туралы деген шылаулармен 4 сөз тіркесін құра.

3.3-тапсырмаданы жазбаша орында.
1.Сурет бойынша «Асханада» атты әңгіме құра.

2.3-тапсырмадағы сөйлемдерді оқы. Ұқсас сөйлемдерді құрап жаз.

3.Есепті шығар.

4-сабақ


Жаңа сабақ: Пайдалы кеңестер.

Сабақ әдісі: Суретпен әңгіме, мәтін оқу.

Сабақ көрнекілігі: Суреттер, оқулық .

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (әр топ басшылары өз қарамағындағы балаларды тексереді).

ІІІ. Өтілген сабақтарды бекітуге арналған тапсырмалар:


  1. Суреттерге қарап, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ойлан.

  2. Көп нүктенің орнына өтілген шылауларды дұрыс қой.

Қалам жазу ... керек.

Өшіргіш өшіру ... керек.

Сен кітап ... айт.

Ол әкем ... айтты.

Сен менің жолдасым ... не білесің?

Ол тамақ ... сөйлесті.

3.Жұмбақты шеш.

Қар сияқты аппақ,

Өзі сондай тәтті-ақ.

4.Мәтінді оқы. Пайдалы кеңестер.

Тамақ ішер алдында қолыңды сабандап жу. Аузыңды қолыңмен сүртпе, орамалмен сүрт. Тамақ ішіп отырғанда сөйлеме. Тәрелкені жалама. Қасықты сол қолыңмен, пышақты оң қолыңмен ұста. Әдепті тамақ ішіп үйрен.

Сөздік


қол орамал – носовой платок ұста - держи

жалама – не лижи үйрен - научись

5.Сурет бойынша 2-3 сөйлем құра (оқулықта сурет берілген).

Сөздікпен таныс, суреттерге қара, суреттегі бала мен қызға ат қой, не істеді? Деген сұраққа жауап бер.

Суреттерге қарап, 2-3 сөйлем құра, 2,3-тапсырмаларды орында.

1,4,5-тапсырмаларды орында.

Бақылау сұрақтары:

1.Про, о, для деген шылаулар қалай аударылады?

2.Асханада нелер бар?

3.Асхана іші қандай?

4.Борщ деген не?

5.Оған не салады?

6.Дәмі қалай болады?

7.Тамақ ішерде не істеу керек?

8.Қасықты қай қолмен, пышақты қай қолмен ұстаған дұрыс?

9.Тамақ ішіп отырып сөйлеген, тәрелкені жалаған дұрыс па?

10. Ас, асхана туралы қандай мақал, жұмбақтар үйрендің?

Дәптеріңе жаз.

1-сабақ. Кітапханада. Сілтеу есімдіктері

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, аудару, түсіндіру.

Сабақ көрнекілігі: Сөздік жазылған кесте кағаз, оқулық.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Өткенді қайталауға арналған сұрақ-жауап.

ІІІ.Жаңа сабақты еңгізу.

1.Модульдің мазмұнымен, мақсатымен таныстыру.

1. Білімділік: Модуль бойынша берілген тапсырмалармен бірге ережені практикалық жолмен түсіндіру, тақырып бойынша кітапханаға саясат жасау.

2. Дамытушылық: Практикалық жолмен іс-әрекеттерді меңгеру. Сөйлем құрай білу дағдысын дамыту.

3. Тәрбиелік: Білім, кітап туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізу.

2. Сілтеу есімдіктермен таныстыру.

Оқушылар сілтеу есімдіктерімен танысып болғаннан кейін, оқулықтағы суреттермен қосып сөйлемдер құрап көреді.

3.Сөздікпен жұмыс.

Дос – друг,товарищ суретші - художник

Күт – Береги баспахана - типография

Жыртпа – не рви орман - лес

Шығарады - выпускает білім – знание

2-тапсырма. Мәтінді оқып, аудар.

Менің атым – кітап. Мен адамның досымын. Мені адамдар жақсы көреді. Мен де адамдарды жақсы көремін. Мен адамдарға білім беремін. Сен мені күт, жыртпа, таза ұста. Сонда екеуіміз де дос боламыз.

3-тапсырма. Мақал.

Кітап – білім бұлағы.

4-тапсырма. Кітапты қалай жасайды? Деген сұраққа жауап бер (оқулықтағы сурет бойынша).

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Суреттерге қара.

2.Сөздікпен таныс.

3.1-тапсырмадағы сілтеу есімдіктерін оқы.


1.1-тапсырмадағы сілтеу есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құра.

2.2-тапсырмадағы мәтінді түсініп оқы.

3. Мақалды оқып, дәптеріңе жаз.
1.2-тапсырмадағы мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.

2.Мақалды оқып, жаттап ал.

3.Кітапты қалай жасайды? Деген сұрақ бойынша жолдасыңмен сөйлес.

2-сабақ


Сабақ түрі: Жаңа сабақ. «Ұлттық кітапхана»

Сабақ әдісі: Жаңа сөздер үйрету, сөйлем құрап дағдыландыру.

Сабақ көрнекілігі: Кітапхананың суреті, оқулық.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушыларға Ы. Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық!» атты өлеңі бойынша білімнің маңызын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушыларды дұрыс сөйлем құрап сөйлеуге жаттықтыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды оқулықтарын таза, ұқыпты ұстауға шақыру.

ІV. Жаңа сабақ. Ұлттық кітапхана.

1.Сөздікпен жұмыс.

Ұлттық кітапхана – Национальная библиотека

деп аталады – называется

оқу залы – читательный зал

ғалымдар – ученые

қор – фонд

әрқашан – всегда

1-тапсырма.Мәтінді оқы.

Алматыда үлкен кітапхана бар. Ол Ұлттық кітапхана деп аталады. Бұл кітапханаға ғалымдар, мұғалімдер, студенттер келеді. Көп оқу залдары бар. Кітапхананың қоры үлкен. Бұл кітапханада әрқашан адамдар көп.

2-тапсырма.Өлеңді оқы.

Кел,балалар,оқылық! (Ы.Алтынсарин)

3-тапсырма.Сурет бойынша әңгіме айт.

4-тапсырма.Сөйлем құрап үйрен.

(оқулықтағы үлгі бойынша оқушылардың өздеріне сөйлемдер құратып үйрету).

Деңгейлік тапсырмалар орындау.


Мектеп кітапханасында. 3-сабақ

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушыларды берілген тақырып бойынша сөйлесу әрекетіне бейімдеу.

2. Дамытушылық: Аударма жұмыстары арқылы оқушылардың білім деңгейін байқау.

3. Тәрбиелік: Мектеп кітапханасына жиі кіріп, қызық кітаптар таңдап, оқуға тәрбиелеу.

ІV. Жаңа сабақ.

1. Сөздікпен жұмыс.

ертегі – сказка

сөре – полка

жақсы көреді – любит

2.Сөйлесу бойынша әңгіме айт.

3.Мәтінді қазақ тіліне аудар.

«В школьной библиотеке» деген мәтін оқулықта берілген.

4.Көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерін жаз.

... – кітапхана. ... кітапханада кітап көп пе?

... кітап па? ... қызық кітап па? ... кітап сөресі.

Маған ... ертегі керек.

(Керекті сөздер: сол, анау, бұл, мынау).

5.Есеп шығарту (оқулықта берілген).

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Сілтеу есімдіктерін ата.

2.Сөздікпен таныс.

3.1-тапсырмадағы сөйлесуді оқы.
1.2-тапсырмадағы мәтінды оқы.

2.3-тапсырмадағы көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерін қойып жаз.

3.Сен қандай ертегілердің атын білесің?
1.1-тапсырмадағы сөйлесуді жолдасыңмен оқы.

1.Мәтінді қазақ тіліне аудар.

3.Есепті шығар.

Кітапханаға саяхат 4-сабақ

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: Оқушылардың осы модуль бойынша сауатты оқу, сөйлесу құрастыру әрекеттерін бақылау.

2.Дамытушылық: Оқушылардың модуль бойынша жіберген олқылықтарын анықтап, қосымша жұмыс жасау.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды оқырмандыққа тәрбиелеу.

ІV.Жаңа сабақ.

1.Сөйлесуді жолдасыңмен оқы.

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлемтсің бе?

- Бұл кітапхана ма?

- Иә, кітапхана.

- Маған А.С.Пушкиннің ертегілері керек еді.

- Бізде бар, кел.

- Кітапхана қай көшеде?

- Кітапхана Абай көшесінде.

- Рақмет, ертең барамын.

- Кел, күтемін.

- Сау болыңыз.

- Сау бол.

2-тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрау (кітапханың іші, кітапханашы, оқушылардың суреттері оқулықта берілген).

3-тапсырма.Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар, сілтеу есімдіктерінің астын сыз.

Этот телефон наш. Эта книга и эта тетрадь.

Эта та газета. Тот ученик. Это тот самый человек.

4-тапсырма.Мәтінді оқы.

Менің көп ертегілерім бар. Мен ертегіні көп оқимын. Олар өте қызық. Әжем де маған көп ертегілер айтады. Мен ертегіні көп оқимын. Олар өте қызық. Әжем де маған көп ертегілер айтады. Мен А.С.Пушкин, Ш.Перро, Г.Х.Андерсеннің ертегілерін жақсы көремін.

5-тапсырма. Мақал.

Білім қымбат, білу қиын.

Деңгейлік тапсырмалар.

1.Суреттерге қара.


Каталог: uploads -> doc -> 0326
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0326 -> Сабақтың тақырыбы: Шөл және шөлейт зонасы Сабақтың мақсаты: Қазақстанның
0326 -> Сабақтың мақсаты: «Бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік»
0326 -> Сабақ жоспары. «Бір үйде бір- бірімізге көмектесеміз»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет