Сөж тақырыбы: Қазақстан спортшыларының Кеңес Одағы құрамында, өз алдына дербес мемлекет ретінде көрсеткен жетістіктері Орындаған: Шарбаев Е. Е. Тексерген: Төлегенұлы Н. Алматы 2021



бет1/2
Дата02.01.2022
өлшемі21,92 Kb.
#129091
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Қазақстан спортшыларының Кеңес Одағы құрамында өз алдына дербес мемлекет ретінде көрсеткен жетістіктері
Физ сес, 1 топ ойын, КСРО-ның соғысқа дейін және соғыс кезіндегі дене мәдениеті және спорты

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Казақ Ұлттық Педагогикалық Университеті



СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан спортшыларының Кеңес Одағы құрамында, өз алдына дербес мемлекет ретінде көрсеткен жетістіктері

Орындаған: Шарбаев Е.Е.

Тексерген:Төлегенұлы Н.



Алматы 2021
Жоспар:


  1. КСРО кезіндегі Қазақстан спортшыларының олимпиадалық ойындардағы жетістіктері




  1. Олимпиада тарихындағы Қазақстандық Олимпиада чемпиондары

Токио-1964. Тұңғыш қазақстандық олимпиада чемпионы Қарағанды облысының тумасы греко-рим күресінен (78 кг дейін) Анатолий КОЛЕСОВ және бес сайысшы Виктор МИНЕЕВ.

Мехико-1968. Волейболдан КСРО-ның ерлер мен әйелдер құрамасында өнер көрсеткен 3 қазақстандық – Валерий КРАВЧЕНКО, Олег АНТРОПОВ және Нина СМОЛЕЕВА.

Мюнхень-1972. Баскетболшы Әлжан ЖАРМҰХАМЕДОВ. 2-мәрте волейболдан Нина СМОЛЕЕВА жеңімпаз атанды. Греко-рим күресінен Валерий РЕЗАНЦЕВ. Шымкент облысының тумасы фехтованиядан 2 мәрте Олимпиада, 1 күміс иегері Эдуарде ВИНОКУРОВ.

Инсбург- 1976 (қысқы Олимпиада). Хоккейден Өскемендік Борис АЛЕКСАНДРОВ қысқы ойындардан алғашқы қазақстандық Олимпиада чемпионы атанды..

Монреаль-1976. Шымкентттік гимнастикадан 3 мәрте Олимпиады чемпионы Нелли КИМ атанды. Бұл Ойындарда өзінің 2-ші алтынын күрестен Валерий РЕЗАНЦЕВ алса, Анатолий БЫКОВ (греко-рим күресінен), Юрий ЗАЙЦЕВ (ауыр атлетика) және Надежда ОЛЬХОВА (баскетбол) алтынна алқа тақты.

Мәскеу -1980. Классикалық (грек-рим) күресі.Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, Шәміл СЕРІКОВ; жеңіл атлет Владимир МУРАВЬЕВ және штангист Виктор МАЗИН. Палуан Анатолий БЫКОВ баскетболисшы Надежда ОЛЬХОВА 2 мәрте Олимпиада чемпиондары атанды. 4х100 м спринтерлік эстафетада Владимир МУРАВЬЁВ және ватерполист Сергей КОТЕНКОлар да жеңімпаз атанды.

Тағы да 2 алтын медалға Нелли КИМ ие болды. 5 дүркін Олимпиада чемпионы!!!

1984 жылы Лос- Анджлеске КСРО құрамасы саяси себептермен қатыспады.

Сеул-1988. Қазақстандықтар үшін ең жемісті Олимпиадада біздің өрендер барлығы 19 медаль: 10-алтын, 3 күміс, 6 қола алды. Ақтөбелік гимнаст Валерий ЛЮКИН, барлығы 4 медаль 2 алтын, 2 күміс иеленді. Тағы бір қазақстандық гимнаст – Владимир НОВИКОВ алтыннан алқа тақса, 4х100 м эстафетаға жүгіруден екі отандасымыз спринтерлер Владимир МУРАВЬЁВ мен Виталий САВИН жеңімпаз атанды.. нәтижесінде Владимир МУРАВЬЁВ спринтерлік эстафетадан екі мәрте Олимпиада жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар КСРО құрамасындағы қазақстандық футболист, баскетболшы, волейболшылар Евгений ЯРОВЕНКО, Валерий ТИХОНЕНКО,

Елена ЧЕБУКИНА және Ольга КРИВОШЕЕВА. Атбасарлық атақты штангист Анатолий ХРАПАТЫЙ өз салмағында ең жоғарғы мінбеге шықты.

Барселона-1992. Біріккен команда құрамында өнер көрсеткен баскетболшы Ирина ГЕРЛИЦ жеңімпаз атанды.

Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов спортқа еңбегі сіңген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Чемпиондық атақты баскетболдан 1972-жылы Мюнхен олимпиадасында алған, әлемнің және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, СССР чемпионатының тоғыз дүркін чемпионы. Жармұхамедов Әлжан Мүсірбекұлы – Қазақстан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболшы, КСРО-ның еңб. сің. спорт шебері. КСРО-ның (1970 – 74, 1976 – 80 ж.), Олимпиялық ойындардың (1972, 1980),

Еуропаның (1967, 1971, 1979) чемпионы болды.



Жақсылық Үшкемпіров 1975 жылы КСРО халықтарының жазғы спартакиадасында чемпион атанып, 1975-80 жылдар аралығында КСРО чемпионатының алты дүркін жүлдегері, Бүкілодақтық ауыл спортшылары біріншілігіне қатарынан тоғыз жыл қатысып, тоғыз дүркін чемпион атанып, Қазақстан чемпионатын талай мәрте жеңіп алған даңқты балуан. 1980 жылғы Еуропа чемпионатында күміс жүлдеге ие боп, сол жылы өткен Мәскеу Олимпиадасында жасындай жарқылдаған қазақ спортшысы. Қазақ қазақ болғалы Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ балуаны Жақсылық Үшкемпіров КСРО қоржынына алтын салып, қазақ ұлтының мәртебесін теңіздей тасытқан. Олимпиада чемпионатынан кейін даңқты балуан 1981жылы әлем чемпионы атағын қанжығасына байлап, 1982 жылы әлем кубогының иегері атанған.
Ким Нелли Владимировна (29.6.1957 ж. т., Тәжікстан, Шураб қаласы) – спорттық гимнастикадан олимпиялық ойындардың бес дүркін чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері (1976), КСРО чемпионы (1974), КСРО халықтары спартакиадаларының екі мәрте абсолютті чемпионы (1975, 1979), КСРО Кубогінің жеңімпазы (1977, 1978), екі мәрте Еуропаның абсолютті чемпионы (Прага), дүние жүзінің үш мәрте абсолютті чемпионы (Варна, Страсбург, Форт-Уэрг), олимпиялық ойындардың чемпионы (командалық есепте, еркін жаттығудан, секіруден; Монреаль, 1976), олимпиалық ойындардың чемпионы (командалық есепте, еркін жаттығу, Мәскеу, 1980). Спорттық жолын Шымкент қаласында бастады. Жаттықтырушылары ерлі-зайыпты В.Б. Байдин мен Г.В. Баркова болды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1976, 1980).
Шәміл Серіков 1956 жылы наурыздың 5-і күні дүниеге келген. Грек-рим күресінен 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. 1970 жылы күреспен айналыса бастаған.

1975 жылы КСРО спорт шебері дәрежесін алған.

1978 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған.

1979 жылы еңбегі сіңген спорт шебері атағын алған. 1978, 1980-82 жылдары КСРО чемпионатына қатысқан. 1978 жылы КСРО чемпионы атанды.

1979, 1980 жылдары халықаралық турнирлер жеңімпазы атанды. 1979 жылы Еуропа чемпионы атанды.

1978, 1979 жылдары әлем чемпионы атанды. (Мексика, АҚШ) 1980 жылы Олимпиада чемпионы атанды. (Мәскеу)



1980 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек (1934-1977) техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы (1934- 1996) мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы тәмәмдаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер- құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Ағамыздың атақтарына келетін болсақ, ол: КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979. Финляндия, Тампере, 1981), әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981). Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері (АҚШ,Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-ші Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980,1984).
Дәулет Болатұлы Тұрлыханов 1963 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Туризм және спорт академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, 12-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, 24-25-ші Олимпиадалық ойындарының күміс, қола жүлдегері болған. 1995-1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қырғызстан олимпиадалық

қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденмен, FILA, ҚР Ұлтық олимпиадалық комитетінің алтын медальдармен, І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000). ШҚО Үржар ауданының құрметті азаматы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет