Р.Нұртазина педагог-әдіскер, Қазаң ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1966), Социалистік Еңбек Ері (1968), педагогика ғылымдарының кандидаты (1974). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген (1951). Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінде 14 жыл бойы басшылық етіп, орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берді. 200-ден астам ғылыми зерттеулер мен оқу-педагогикалық еңбектердің авторы, қазақ мектептеріндегі орыс тілі әдебиеті бағдарламасын құрастырушылардың бірі. 1972 жылы қазақ педагогика қоғамының тәрайымы болып сайланды. Бүкілодақтық халық азарту қызметкерлері съезінің делегаты (1968, 1988). Көптеген орден-медальдармен марапатталған, "Платиналы Тарлан" сыйлығының иегері.
Іс тәжірибесін қалай таратты?
Р.Б.Нұртазина орыс тілінің білікті маманы ретінде педагогика ғылымының және Қазақстан мектебінің бай тәжірибесін насихаттап Африкада, Вьетнам, ГДР, Италия, Монғолия, Жапония, тағы басқа елдерде дәріс оқыды. 1979-1986 жылдарда орыс тілі мен әдебиетін оқытатын мүғалімдердің халықаралық қауымдастығына (ассоциациясына) қатысты. Будапештте өткен конгресте 78 елден келген мүғалімдер алдында дәріс оқыды. Берлинде өткен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің IV Дүниежүзілік конгресіне қатысты. 1989 жылдан радиохабары арқылы қазақша тіл ұстарту сабақтарын орыс және қазақ тілдерінде жүргізген.
Идеялары:
Идеялары:
педагогика ғылымының жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін оқып үйреніп, диалектикалық жолмен қорытынды шығара білу; адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеру; әр балаға бақыт сыйлау; педагогикалық процесте пәнаралық байланыс негізінде шығармашылықпен Оқыту; сабақта енжарлыққа жол бермеу; әрбір сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуанышы көзіне айналдыру; ана тілінде білім алу. Сабақ қаншама қайталанса да, жаңалығымен мұғалімнің өзін де, оқушыны да таңдандыратындай болуы тиіс. Егер мұғалім әр баланы қайталанбайтын жеке тұлға деп, оған сеніммен, мейіріммен қараса, мектеп директоры әр шәкіртіне әріптес ұстаздарына парасатты қатынаста болса, онда оқу-тәрбие процесі жақсы жүреді.
Ұстаздың өзіндік шеберлігі –
оқыту процесінде оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оларды өздігінен іс-әрекет жасауға ынталандыру, орыс тілін еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету мақсатында оқу материалына байланысты дидактикалық құралдар дайындау. Әр сыныпқа әр тақырып бойынша әдеби ойындар, әңгімелер, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, суреттер, кестелер, техникалық оқу құралдары ұзақ ұстаздың еңбек жылдарында жинақталды. Нұртазинаның Бұл тәжірибесі республикалық конференцияларда талқыланды. Әр жылдарда арнайы жеке оқулық әдістемелік кітап болып жарияланады. Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыруда пәнаралық байланыс принципін қолдана отырып біздің еліміздің ұлтаралық қатынасына, оның жақсаруына үлес қосу жаңашыл ұстаз Р.Бекенқызының әр сабағының өзекті міндеті болып табалады.
Р.Б. Нұртазина
өзінің ұзақ жылғы мектепті басқару тәжірибесінде балаға деген шынайы махаббат сезімін, оқушылар мен мұғалімдер және ата-аналар ұжымына сенім білдіруді, ізгілік және демократизм принциптерін, педагогикалық ынтымақтастық идеясын басшылыққа алды. Осының нәтижесінде мектепте өз мамандықтарын сүйетін, еңбекке жауапты қарайтын, білікті, іскер педагогикалық ұжым құрылды. Мектепте оқушылардың жан-жақты жарасымды дамуына бағытталған, өзін-өзі басқару негізінде құрылған сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мол тәжірибесі жинақталды. №12 мектептің 60 жылдан |І пім уақы ішіндегі шығармашылық еңбегін көрсететін тарихи мұражай бар.