155
сапалық белгілерінің бірі.
Мұның өзі
метафораны түсіну
(мағынасын),
метафораны тудыру
сынды екі түрлі бағытта анықталады. Тілді білу деңгейі
төмен кейбір тұлғалар метафоралы сөздердің мағынасын түсінбей жатады. Міне,
бұл – «сөздің тыңдаушысын сынауы». Ал ендігі бір топ түсініп қана қоймай,
метафоралы қолданыстарды өзі тудырады. Дүниедегі заттар мен құбылыстарда
өмір сүретін түрлі мөлшерлік шамалардың барлығын атаулап, бір-бір сөз арнау
мүмкін де емес. Оны метафоралы таным арқылы, метафоралы сөзқолданыстары
арқылы ықшамдап, жинақтап, дәл көрсетуге болады. Дәл осы «ықшамдау тәсілі»
арқылы берілген мөлшерлік
мағыналар адамдағы
әлемнің мөлшерлі бейнесі
жайлы жинақтаған білімін көрсетеді. Бұл білім,
өз кезегінде, белгілі зат не
құбылыстың мөлшерлік шамасы жайлы ақпарат беру мен алудың дәлдігін,
жетімділігін айқындайтын басты көрсеткіш.
Б.Хасанов: «Сөз тудырудың басқа тәсілдерінен
метафораның негізгі
айырмашылығы – сөз мағынасын ғана жаңғыртып, сырт тұлғасына фонетикалық,
морфологиялық өзгеріс енгізбейтіндігінде»,
–
дейді [215, 19 б.]. Метафорада
тіркес компоненттеріндегі жеке сөздің тұлғасы өзгермейтіні шындық. Бірақ біз
мұны сөз тұлғасының өзгермеуі дей алмас едік. Сөз тұлғасын өзгертетін тек
синтетикалық
тәсілдер ғана емес, аналитикалық тәсілдер де сөз тұлғасын
өзгертеді. Сөздердің бірігу (кеңпейіл), тіркесу (асқар тау), кірігу (қарыс – қары
аш) тәсілдері соның айқын дәлелі. Аналитикалық тәсілдер арқылы жасалған
сөздердің мағынасы да, тұлғасы да өзгереді де, тілдік санада жаңа сөз ретінде
кодталады. Сөздік құрамға бұрынғы сөздердің есебінен емес, жаңа сөз есебінен
кіреді. Сөз саны артады. Метафора тәсілі арқылы жасалған көптеген мөлшерлік
мағыналардың бәрі тілдік санада тұрақтай бермейді, тек тілдік қолданыста ұдайы
қажеттері ғана мағына жағынан тұрақталып, жаңа ұғым графикалық формаға ие
болады. Метафорада дербес сөздер жаңа сөз жасауға материал болады. Бұл ретте
сөздер жұрнақтар сияқты сөзжасам қызметін атқарады. Мысалы:
1. Арғымақтан туған
Достарыңызбен бөлісу: