Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


Мөлшер категориясының түркі тілдерінің орта дәуіріндегі (V–XIV



Pdf көрінісі
бет60/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

2.2 Мөлшер категориясының түркі тілдерінің орта дәуіріндегі (V–XIV 
ғғ.) функционалды-семантикалық өрісі 
Халық тарихындағы ірі саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өзгерістер тілге ең 
күшті әсер етуші факторлардың бірі саналады. Түркі тілдерінің тарихи даму 
үдерісінде X–XII ғасырлар кезеңі түркі жұртының рухани әлеміндегі елеулі 
бетбұрыстармен ұштасып жатады. Аталған кезең түркі даласына Ислам дінінің 
кең таралуына орай араб тілінің етек жайып, «бәйгеге түскен екі аттай» [97, 32 
б.] түркі тілдеріне өзі ықпалын көрсетуімен ерекшеленеді. Х ғасырда толықтай 
күшіне енген бұл кезең XII ғасыр соңындағы моңғол шапқыншылығынан кейінгі 
қыпшақтық кезеңіне барып тіреледі. Бұған дейінгі тарихи дәуірлердің ешбірінде 
түркі тілдері мұндай кең ауқымда жаттілдік экспансияға (лат. expansio) 
ұшыраған емес. Сондықтан бұл кезең тілінің тарихи даму үдерісін мақсат еткен 
тілтанымдық зерттеулерде жеке кезең ретінде бөлек қарастырылуы қажет. Осы 
кезеңге тиесілі, түркі халықтарының ортақ мұрасы саналатын көптеген жазба 
ескерткіштер сақталған. Атап айтсақ, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» 
(«Құтты білік»), Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік», Ахмет 
Йүгінекидің «Һибат-ул хақайық» («Ақиқат сыйы»), Ахмет Яссауидің «Диуани 
хикмет» («Даналық кітабы»), Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы», т.б. 


75 
Аталған еңбектер – кейбірі Ислами құндылықтармен астасып жатуына 
қарамастан, түркі тілінің табиғатын, байлығын танытатын теңдессіз қазыналар.
Тілдің тарихи қабаттарына арналған қандай да бір тілтанымдық зерттеулер 
нақты тілдік деректерге иек артады. Түптүркілік (прототүрік) кезеңдердің өзінде-
ақ түркі тілінің негізгі табиғаты, ішкі заңдылығы қалыптасып үлгергенімен, ол 
кезеңдерді сипаттайтын жүйелі, нақты тілдік фактілер бізге жетпегені мәлім. 
Сондықтан түркі халықтарының тілдік табиғатын жүйелі түрде танытатын ескі 
жазба мұралар VIII ғасырға тән көне түркі тас ескерткіштерінен басталады. Ал 
одан кейін осы мақсатты жүзеге асыруға толықтай жеткілікті тілдік деректермен 
қамтылған жазба жәдігерлер осы X–XII ғасырларға тиесілі. Бұл кезең 
жәдігерлерінің ішіндегі ең бастыларын жоғарыда атап өттік. Аталған мұралар 
бұған дейін де түрлі ғылым салаларында, әр ғылымның түрліше бағыттарында 
зерттелді. Әсіресе тілтанымдық зерттеулер біршама тыңғылықты жасалды деуге 
болады. Бұған ғылыми ортаға кеңінен танымал Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Б.Сағындық
сынды отандық ғалымдар мен В.В.Радлов, К.Броккельман, Б.Аталай, т.б. 
шетелдік ғалымдардың үлесі зор.
Әр жаңа дәуір туған сайын тілтанымдық зерттеулердің мақсаты да өзгеріп, 
соған сай зерттеудің бағыты да, тәсілі де жаңарып отыратыны белгілі. Бұл жаңа 
бағыттар көбіне тілдің синхронды қабатына арналған да, диахронды қабаты 
назардан тыс қалуда. Тілдің бір күнде тумаған, тамыры тым тереңде жатқан 
жүйелі құрылым екенін ескерсек, бұл жазба мұраларды жаңа бағытта зерттеудің 
де қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан келгенде, аталған жазба 
ескерткіштердегі тілдік деректер категориялық ұғымдар аясында, функционалды 
аспектіде де қарастырылуы қажет. Біздің зерттеу нысанымыз мөлшер 
категориясының тарихи даму үдерісі болғандықтан, X–XII ғасырларға тиесілі 
тілдік деректер «мөлшер» ұғымы аясында қарастырылады. Сондай-ақ жұмыстың 
көлемі мен сапасын, тілдік деректердің түркілік сипатының басымдылығын 
ескере отырып, М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» кітабымен шектедік.
М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегі – Х–ХІІ ғасырлардағы түркі 
тілінің табиғатын танытатын теңдесі жоқ мұра. Сегіз томнан тұратын бұл 
еңбекте сол дәуірдегі түркі тілінің бірнеше ірі бұтақтары бойынша ең жиі 
қолданылатын сөздер мен грамматикалық формалар жүйелі түрде 
топтастырылған. Бұл туралы ғалымның өзі де: «Әйтсе де мен сөздерді анық 
табуды және кісілердің қызығып пайдалануын есте ұстағандықтан, 
ықшамдастырдым да, қолданылып жүрген сөздерді алдым, қолданудан 
шыққандарын тастадым», – деп жазады [97, 32 б.]. Араб тілінің түркі даласында 
күш алуына қарамастан, таза түркілік тіл элементтері қатаң сақталуы сөздіктің 
құндылығын одан сайын арттырады. Аталмыш еңбек тілдік бірліктердің 
мағынасын ғана түсіндіретін, бір ғана тілдік мақсат көзделген жұтаң дүние емес. 
Тілдің даму тарихын, ішкі табиғатын, сөздің мәдени-тарихи семантикасын, 
этимологиясын, түркі тілі бұтақтары мен этнос құрамын, т.б. көптеген мәселелер 
турасында терең мағлұмат беретін энциклопедиялық туынды. Өткен дәуірдің 
тарихи кеңістігінде өмір сүрген халықтардың (түркі халықтары) тілі жан-жақты, 
жүйелі сипатталған мұндай еңбек әлемде кемде-кем. Сөздіктің бұл атап өткен 
ерекшеліктері түркі тілінің шынайы табиғатын танытуға мүмкіндік береді.
М.Қашқари сөздігінде сөздер мен грамматикалық формалар категориялық 
деңгейде топтастырылып, мағыналық түсініктеме беріледі. Тілдік ережелер мен 


76 
заңдылықтар да назардан тыс қалмайды. Солардың едәуір бөлігін «мөлшер-
өлшем» ұғымын білдіретін тілдік бірліктер құрайды. Біздің анықтауымыз 
бойынша, сөздікте «мөлшер» ұғымын білдіретін 260-қа тарта сөздер мен 
грамматикалық формалар кездеседі. Бұл сөздікке енген 9000 мыңға тарта түркі 
сөзінің 3% иелейді. Сөздіктегі мөлшер мәнді тілдік бірліктерді жасалу тәсілдері 
мен лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөліп 
қарастыруға болады. Мөлшер семантикасының берілуі тілдің фонетикалық, 
лексикалық, грамматикалық деңгейлері арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет