Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет63/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
Бөң // бәкене; тайпақ: бөң кіші // бәкене кісі; тайпақ кісі. Бұл сөздің негізі 
«шебең // шебең» болып, кейін қысқарған. Темірден жасалған астаяқ 
мағынасындағы сөз
(МҚ, Т
3
-477). 
Бөң
– адамның бой тұрқының қысқалығын 
білдіретін мөлшерлік лексема. Сөздің бастапқы негізі зат (құрал) болса да, 
заттың бойындағы сол қасиет (қысқалық) метафораланып, адам бойына балама 
ретінде қалыптасқан, қашықтық семантикасына ауысқан.
 
Тағұзмақ // (тайпақ): тағұзмақ ер // бәкене адам; тайпақ адам. «Ғ» әрпінің 
орнына «қ» әрпі айтылады. Басқаларға да осылай қолданылады
(МҚ, Т
1
-563). 
Тағұзмақ 
– адам бойының аласалығын білдіретін мөлшерлік лексема. Сөздің 
тұлғасына қарағанда, туынды сөз екені көрінеді.
 
Тапы // орта. Бодзы тапы ер // орта бойлы адам
(МҚ, Т
1
-296). 
Тапы
– адам 
бойының аласалығын білдіретін, қазақ тілінде қазірге дейін қолданыста бар 
мөлшерлік лексема. Біздіңше, 
тапы
сөзі мен 
тапал 
сөзі түбірлес. Орта ғасырда 
тапы
сөзі адам бойының орташа деңгейін білдірсе, біздің заманымызға 
семантикалық даму нәтижесінде бойдың аласалығын білдіретін сөз ретінде 
жеткен. Бірақ қай дәуірде де бойдың ұзын/қысқалығына қатысты қолданылатын 
сөз ретіндегі қызметін сақтаған.
Шөкүт // бәкене, қысқа бойлы. Шөкүт кіші // бәкене кісі. Басқаларға да осы 
мағынада қолданылады
(МҚ, Т
1
-413). 
Шөкүт 
– адам бойының қысқалығын 
білдіретін мөлшерлік лексема. Біздің ойымызша
шөкүт
пен қазіргі қазақ 
тіліндегі 
шөк, шөкім
сөздері төркіндес. Қазақ тілінің халықтық қолданысында 
шөкімдей шал
деген тіркестер бар. Бұл 
шөжім, кәрілік жетіп семіп қалған 
кішкене, қаңбақтай шал 
деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан 
шөкүт

шөкім
сөздері грамматикалық тұлғасы жағынан да, мағынасы жағынан да бір-бірінен 
алыс кетпейтін сияқты.
Тік бағыттағы «қашықтық» ұғымы белгілі орталық межеден төмен бағытта 
да сипатталады. Бұған қатысты сөздікте мынадай сөз кездеседі:
 Сайрам // сайрам: 
сайрам сув // тобықтан аспайтын таяз су
(МҚ, Т
3
-240). 
Сайрам
сөзінде заттық 
мағынасымен бірге, 
сындық мөлшер
(тайыздық) семантикасы да бар. Мұндағы 
қашықтық семантика су бетінен су түбіне дейінгі қашықтықты сипаттайды және 
сол табан мен тобықтың арақашықтығына тең. «Қашықтық» ұғымын 
сипаттаушы өлшеуіш құрал ретінде адам дене мүшесі (аяқ) балама болған және 
мұндағы қашықтық мөлшері визуалды түрде емес, нақты деректі зат арқылы 
өлшенеді.


79 
Тік бағыттағы қашықтық семантикасы 
«қалың/жұқа»
ұғымдары арқылы да 
сипатталады. «Қалыңдық» көбіне жер бетімен параллель жатқан заттардың 
жоғары бағыттағы қабатталу, өсу семантикасын білдірсе, «жұқалық» төмен 
бағыттағы азаю, кему семантикасын білдіреді. «Қалың/жұқа» 
тіресімдік 
ұғымдары
да – зат мөлшерін өлшеудің бір тәсілі. Ол 
астыңғы бет
пен 
үстіңгі 
беттің, ішкі бет 
пен
сыртқы беттің
арақашықтығын білдіретіндіктен
«қашықтық» ұғымына жатады. Мұндағы басты ұғымдардың бірі – «қабат». 
М.Қашқаридың сөздігінде бұл сөз былай беріледі: 
Қат // қат, қабат: «тон қаты 
// тон қабаты». Тау қабаттарының қатын «қадырақ» дейтін осыдан барып 
шыққан
(МҚ, Т
1
-379). 
Қат // қабат
сөзінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет