Ұзақ // ұзақ: ұзақ іш // ұзақ іс, созылған іс. Бір жаққа жіберген адам ұзақ
кешіккенде де осы сөз қолданылады: «Иалауаш ұзақ барды // жаушы ұзақ
кетті» дейді
(МҚ, Т
1
-95);
–
Пат // тез, жылдам: «пат кел // тез кел», «шап кел // тез кел» деген
секілді
(МҚ, Т
1
-378);
–
Кібе // сәт, қысқа мерзім (оғызша): «кібе болды // аз уақыт өтті»
(МҚ,
Т
3
-296-297);
–
Тадұн – бір жасар бұзау
(МҚ, Т
3
-234).
Ұзақ // ұзақ
сөзі – қашықтық семантикасын білдіретін сын есім сөз. Алайда
сөздермен тіркескенде іс-әрекеттің уақытпен байланысты созылу ұзақтығы
семантикасын білдіріп, уақыт мөлшерін де білдіреді. Яғни уақыттың қимыл-
әрекетпен өлшенуі. Демек бұл сөз жалпылама сыннан гөрі, зат пен қимыл-
әрекеттің уақыттық және кеңістіктік шегін көрсететін нақты мөлшер
семантикалы сөз екені байқалады. Ал
пат // тез, жылдам, кібе // сәт, қысқа
мерзім
сөздері «өте аз уақыт» семантикасын білдіреді. Түркілер уақыт
кезеңдерінің, мөлшерінің қажетті әр элементіне ат қоя білген. Бұл
тадұн
сөзінен
де көрініс табады.
Тадұн
– туылғанына
бір жыл
толған мал баласына (сиыр)
берілген атау. Мұнда заттық семантикамен қатар, уақыт семантикасы да басты
тірек мағына саналады. Ежелгі түркілер мен қазақтарда уақыт ұғымымен, уақыт
мөлшерімен байланысты келетін мал атаулары көптеп кездеседі. Бұл уақыт
семантикасын тұрмыс-тіршілік формасында игерудің бір көрінісі саналады.
Сөздікте «уақыт» ұғымын білдіретін лексикалық бірліктер сын есім, үстеу
сөздері арқылы беріледі және олардың саны тым көп емес. Өйткені уақыт –
абстрактілі ұғым. Сондықтан уақыт мөлшерін білдіретін тілдік бірліктер көбіне
күрделі құрамды болып келеді.
Сөздікте
«салмақ», «көлем», «сыйымдылық»
ұғымдарын білдіретін
лексикалық бірліктер де кездеседі. Алайда олар саны жағынан тым шектеулі
және нақты мөлшерлік шаманы емес, мөлшерді сындық тұрғысынан сипаттау
мәнді болып келеді. Ғалым бұл сөздердің семантикасын да мысалдар арқылы
түсіндіреді. Айталық, «салмақ» ұғымына қатысты сөздікте
ағыр // ауыр,
(МҚ, Т
1
-
82),
иенік // жеңіл
(МҚ, Т
3
-30) сөздері кездеседі де, мынадай түсініктеме берілген:
Ағыр // ауыр, салмақты: ағыр адзақ емрүлді // ауыр аяқ тыншыды (шаршау
мағынасында – А.Е.). Яғни, «аяғы ауыр адам қыбырлап ақырын жүрсе де межелі
82
жерге, дегеніне жетті» дегені
(МҚ, Т
1
-82).
Ағыр // ауыр
сөзі қимыл-әрекеттің
сылбырлығы, қиындығымен қатар, нақты заттардың да салмағына байланысты
қолданылады. Мұнда зат салмағының
ауыр
не
жеңіл
болмағы арасында түрлі
шамалар жиынтығы өмір сүретіндіктен, ол түрлі деңгейден құралатын «мөлшер»
ұғымына жатады. Заттардың салмағы
ауыр
не
жеңіл
болуы сол заттың ішкі
межесіне және барлық адамдардың санасында қалыптасқан орталық меже
негізінде анықталады.
Сөздердің ендігі бір тобы «көлем» ұғымын білдіреді. Олардың қатарына
иоғұн, алп, иасы, ұшақ, иінчке
сөздерін жатқызуға болады. Бұл сөздер сөздікте
былайша түсіндірілген:
– Иоғұн // жуан – қалың нәрсенің бірі
(МҚ, Т
3
-42);
– Алп // алып, батыр: алып иағыда, алчақ чоғыда // батыр жауда, момын
дауда (білінер)
(МҚ, Т
1
-70);
– Иасы // енді, кең: иасы нең // енді нәрсе
(МҚ, Т
3
-36);
Достарыңызбен бөлісу: |