Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет67/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
– Ұшақ // ұсақ: ұшақ нәң // ұсақ, майда нәрсе; содан барып кішкентай жас 
балаларды «ұшақ оғлан // ұсақ бала» дейді. Отынның ұсағын да «ұшақ отұн // 
ұсақ отын» дейді. Бұл сөз жалқыға емес, жалпыға қолданылады 
(МҚ, Т
1
-95-96);
 
– Иінчке // жіңішке, жұқа, нәзік: иінчіке торқу // нәзік мата; нәзік торқа, 
инчке кіші // жіңішке кісі 
(МҚ, Т
3
-508). 
Заттың көлемі мен сыйымдылығы – қатар жүретін ұғымдар. Сыйымдылығы 
үлкен затың көлемі де үлкен болады немесе керісінше. Жоғарыдағы 
иоғұн // 
жуан 
сөзі де сол сияқты 
жуан, үлкен 
деген
 
«көлем»
 
ұғымын
 
білдірумен қатар, 
сыйымдылық ұғымын да білдіреді.
 
Бұл сөз ДТС-те де кездеседі және мынадай 
түсініктеме беріледі: «1.толстый, крупный (МК ІІІ 29); кімнің тамары иоғұн 
болсар қанағы иеңіл // у кого толстые сосуды, кровоиспускание легкое» (ТТ VII 
42
3
) [188, с. 270]. Мұнда тамырдың жуандығы «сыйымдылық» ұғымына жатады. 
Ал 
алып //алып 
сөзі адамның дене бітімі орасан үлкен, қалыпты мөлшерден тым 
ірі екенін білдіреді. Дене бітімнің үлкендігі «көлем» ұғымына жатады. 
Сондықтан 
иасы // кең
сөзі де дене бітімінің көлденең бағыттағы үлкендігін 
білдірсе де, «көлем» ұғымына жатады. Бұл сөздерге семантикалық тіресім – 
ұшақ 
// ұсақ 
сөзі. Кез келген қатты заттардың сыртқы формасына қатысты айтылып, 
қалыпты мөлшерлік межеден кішкенелік семантикасын білдіреді. 
Иінчке // 
жіңішке 
сөзі де заттың сыртқы формасының, енінің жіңішкелігін білдіреді. 
Иінчке // жіңішке
нәрселердің иелейтін көлемі де аз болғандықтан, ол «көлем» 
ұғымына жатады.
Көлем сыртқы аумақ болса, сыйымдылық ішкі аумақ. Кейде екі ұғым 
өлшемдік мақсатта бір заттың бойынан да табылады. Десе де «сыйымдылық» 
ұғымы өлшемдік мақсатта көбірек қолданылады да, көлем шамалау, ойша 
болжау мәнінде келеді. М.Қашқари сөздігінде сыйымдылық семантикасын 
білдіретін 
кең //кең 
және 
тар // тар 
сөздері кездеседі. Аталған сөздерге мынадай 
түсіндірме беріледі:
– 
Кең // кең: кең нәрсенің бәріне «кең нең» дейді. Мақалда былай деп келеді: 
«кең тон ұпрамас кеңешлік білік артамас // кең тон тозбас, кеңескен білік 
азбас». Кең тон жыртылмайды, тозбайды, ақылдасып, кеңесіп істеген іс 
бүлінбейді. Бұл өзімбілемдікке салынбай, басқалармен кеңесіп, ойласып іс 
атқарған жөн дегенді меңзейді
(МҚ, Т
3
-482).


83 
– Тар // тар – тар нәрсе: тар еб // тар үй, басқаларға да сондай
(МҚ, Т
3
-
207).
Мысалда 
кең, тар
сөздері қазіргі қазақ тіліндегідей заттардың ішкі бөлігінің 
аумағын білдіру үшін қолданылған. Кез келген заттың ішкі бөлігінің ауқымы 
белгілі межемен салыстырмалы түрде анықталады. «Сыйымдылық» ұғымы 
көбіне тұрмыстық бұйымдар, ыдыс-аяқ секілді заттарға тән.
М.Қашқаридың сөздігінде мөлшер семантикалы тағы біралуан сөздер 
кездеседі. Аталған сөздер бір бүтін заттың толықтығы мен кемістігін, бүтіндігі 
мен жартылығын білдіреді. Бұларды семантикалық ерекшелігіне қарай 
жоғарыдағы ұғымдардың ешқайсысына жатқызуға келмейді. Сондықтан бұл 
сөздерді «бүтін/бөлшектік» семантикалы сөздер деуге болады. Бұлардың реті 
төмендегідей: 
 
– 
Бүтүн // бүтүн, бірегей: бүтүн иармақ // бүтін ақша
(МҚ, Т
1
-457); 
– 
Иап // бүтін, тұтас – бір нәрсенің бүтіндігі: Иап иармақ иоқ // бүтін ақша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет