халықтарының бәрі бірдей «сол әлік // сол қол
(МҚ, Т
1
-101-102).
Әлік (елік)
орта
ғасыр түркі тілінде
қол
мағынасын білдіретін сөз болғанымен,
сөз мағынасы
дамуының сан ғасырлық күрделі процесінен кейін, қазіргі қазақ тіліне
қолдың
өзі
емес, оның тарам-тарам саусақтары мағынасында жеткен. Тіптен, қол
саусақтарының да дәл өз атауы емес, оның қалыңдық мөлшерінің баламасы
мәнінде қолданылады. Яғни өлшем атауы ретінде қалыптасқан. Аталған сөздің
мағынасы туралы қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «
Елі
– саусақтың
қалыңдығы, көлденең ұзындығы»,
–
деп берілген [ҚТТС, Т
6
-110] (162 әд.).
– Әлік, елік
сөзінің ең алғаш
қол
не
саусақ
ұғымдарының қайсысын
білдіргені жайлы түрколог ғалымдар арасында тоқайласқан ортақ байлам жоқ.
Көпшілігі түрлі болжамдар жасайды. Десе де, олардың пікіріне қарағанда, бұл
сөз түркі тілдерінің көпшілігінде түрлі фонетикалық варианттармен айтылады.
Мысалы: алтай тілдерінде –
äli, ely // elii, өлy // ölii;
татар, башқұрт тілдерінде –
uлі
,
іlі
,
uллі
//
illi
,
uлuғ
//
ilir
; тува тілінде –
ilir
//
ilig
; қазақ, қырғыз, ноғай,
қарақалпақ тілдерінде
елі
түрінде кездеседі. Соңғы қыпшақ тобындағы тілдерді
айтпағанда, көпшілік түркі тілдерінде
қол
мағынасын білдіреді. Осы сөздің
қатысымен қазіргі қазақ тілінде «мөлшер» ұғымын білдіретін біршама тұрақты
92
құрылымдар, тіркестер кездеседі. Мысалы
, маңдайының соры бес елі, бір елі
қазы, екі елі қазы
т.б. Бұдан дене мүше атауларының мөлшерлік бірлікке айналу
үдерісі айқын көрініс табады.
– Қары // қолдың қары
. Сөздікте бұл сөздің мағынасы:
Шынтақтан қолдың
басына дейінгі аралық
(МҚ, Т
3
-304)
, –
деп түсіндірілген. Яғни нақты бір дене
мүшенің атауы емес, дене мүше арқылы өлшенетін мөлшерлік шаманың
(ұзындық)
атауы ретінде түсіндіреді. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:
«
Қары
–
қолдың шынтақ қосындысынан иыққа дейінгі бөлігі», – деп беріледі
[ҚТТС, Т
6
-112]. Байқап қарасақ, екі сөздікте де
қары
сөзі қолдың ұзындығы
арқылы өлшенетін өлшемнің атауы ретінде берілген. Бірақ бірінде қолдың
жоғарғы бөлігін айтса, екіншісінде төменгі бөлігін көрсетеді.
Қары
сөзі М.Қашқари сөздігінде бір емес, бірнеше жерде кездеседі. Соның
бәрінде де өлшем бірлік ұғымдарымен байланысты түсіндірілген. Соған
қарағанда, орта ғасыр түркі тілінде де кеңінен қолданылған өлшем бірлік екені
анық. Бұған ғалымның мына сөзі де дәлел:
Қары – бөз өлшейтін өлшем, кез
(Ұзындық өлшемі – А.Е.). Бұл алдыңғы сөзден алынған ұғым. Бұл ұғым араб
тіліне де үйлеседі. Қол өлшемімен, қолдың қарымен мата өлшейтін өлшем екі
тілде бір сөзбен айтылады
(МҚ, Т
3
-304). Ғалымның түсіндіруіне сүйенсек,
қары
сөзі, алғашқыда, дене мүше ұзындығына тең қашықтық ұғымының атауы да,
сосын нақты мәнге ие өлшем бірлік атауына айналған. Тіптен, бір түркі тілдес
халықтар ғана емес, араб-парсы тілді халықтар арасында да кеңінен қолданыс
тапқан өлшем бірлік болғаны және тамыры тереңде жатқан сөз екені байқалады.
Сондықтан болса керек, аталмыш сөздің этимологиясы, семантикасы туралы
көптеген түрколог ғалымдар зерттеулер жасап, құнды тұжырымдар қалдырған.
Кейбір отандық зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек,
қары
сөзі түркі-араб
әлемінде ғана емес, Вавилон, Египет сынды ірі мәдениет ошақтарында да нақты
ұзындық шаманы білдіретін (525 мм, 450 мм)
өлшем бірлік ретінде кеңінен
қолданылған.
М.Қашқари сөздігінде кездесетін
қары
сөзімен төркіндес келесі
соматикалық өлшем бірлік –
қарыш // қарыс
(МҚ, Т
1
-426). Бұл сөзге байланысты
бір қарыш // бір қарыс
мысалы келтірілген. Мұнда
бір қарыс
сөзі қарыстың
заттық санын
білдірмейді,
ұзындық мәнін
білдіреді.
Бір алма
десек, алманың
санын білдіреді, ал
бір қарыс
десек, қарыстың санын емес, бір рет
қарыстағандағы
ұзындық мөлшері
ұғымын білдіреді. Осы тіркестен-ақ
қарыш //
қарыс
сөзінің зат атауы емес, оған баламалы
өлшем бірлік, мөлшерлік
екені
айқын көрінеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
қарыс
сөзіне: «
Қарыс
– бас
бармақ пен ортаңғы саусақтың аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі»,
–
деп
анықтама берілген [ҚТТС, Т
6
-119]. Біздіңше, бас бармақ пен ортаңғы саусақтан
басқа саусақтардың да арасы жалпылама
қарыс
деп аталады. Жоғарыдағы
қары
сөзі сияқты
қарыш
та сөздікте
өлшем бірлік
қызметінде қалыптасқан сөз ретінде
түсіндіріледі. М.Қашқари
қарыш
сөзінің туынды формасы ретінде
қаршағ
сөзін
былайша түсіндіреді:
Қаршағ: киімнің өлшемі. Аның қаршағы көр // оның
(тонының) өлшемін көр
(МҚ, Т
1
-524). Бұл сөздің туынды түбірі –
қарыш
(қарыш+ағ),
оған етістіктен зат есім тудырушы
-ағ
аффиксі жалғанып, затсымақ
өлшем бірлік атауы ретінде қалыптасқан. Ал
-ағ
аффиксінің өзі қазіргі қазақ
тіліндегі етістіктен зат есім тудырушы
-ау, -еу, -ақ, -ек
жұрнақтарымен мәндес.
Қарыш
сөзі сөздікте
қаршады
формасында да кездеседі. Оны М.Қашқари:
93
Қаршады: қарыстады. Ол тонығ қаршады – ол тонды қарыстап өлшеді.
Басқалары да осылай. Қаршар-қаршамақ / қарыстар-қарыстамақ
(МҚ, Т
3
-386-
387)
,
–
деп түсіндіреді. Яғни өлшеу процесіне байланысты қимылдық ұғымды
білдіретін етістік сөз. Мұнда
қаршады
сөзі белгілі нәрсені
өлшеу, ұзындық
шамасын анықтау
мағыналарын білдіріп тұр.
Аталмыш сөз түркі тілдерінде
қарыш//қарич//қарыс//хаrus
сияқты
фонетикалық варианттарда кездеседі. Түрколог ғалымдар бұл сөздің ұзындық
өлшемін білдіретінін мойындай отырып, оның этимологиясы жайлы түрлі
болжамдар жасайды. Айталық:
Достарыңызбен бөлісу: |