Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет76/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 қар+ы+ш, қары+ш 
формасында 
ш~с
сәйкестігі 
бойынша түзген фонетикалық варианттардан қалыптасқан
қар+ич
(
қар – қол, 
шu(uч) – қолдың ішкі бөлігі
) қосылып келіп 
қолдың ішкі бөлігінің ұзындығы 
мағынасынан туындаған (Қ.Дыйқанов); иран тіліндегі 
ен, ендік
мағынасын 
білдіретін 
ғәрыс
сөзінен 
қарыс 
болып өзгерген (Ә.Нұрмағамбетов). Бұл сөздің 
этимологиясы жөніндегі тұжырымдардың үлкен жобасы осылай. Біздіңше, 
құлаш
сөзінің буын жігін М.Қашқаридың өзі 
қол+аш
деп ажыратып бергені 
сияқты, 
қарыс
сөзінің де түбір құрамы 
қар+аш 
болып ажыратылады. Бүгінгі 
қазақ тіліне
қар+аш // қар+ыш // қар+ыс
формасында дамып жеткен тәрізді. 
Демек, бұл сөзден семантикалық даму ғана емес, құрылымдық даму үдерісін 
көре аламыз. Тағы бір айта кететіні, біздің ойымызша, 
қары, қарыс
сөздері 
түбірлес. Оның түбірі – 
қар
, қол немесе саусақты жазған кездегі 
ұзындығы, 
тұрқы, бойы
мағыналарын білдіреді. Қазіргі қазақ тілінде 
пышақтың қары // 
пышақтың бойы,
қанына тартпағанның қары сынсын // бой бүгіліп, сағы 
сынсын
деген тұрақты құрылымдарда сақталып қалған.
М.Қашқари сөздігінде кездесетін 
мөлшерлік соматизмдердің
ішінде 
этимологиясы айқын көрсетілгені – 
құлаш
сөзі. 
Құлаш // құлаш. Мұның негізі 
«қол аш» деген болады. «Бір құлаш баршын // бір құлаш баршын; бір құлаш шәйі 
мата
(МҚ, Т
1
-406)
, – 
деп берілген сөздікте. Жоғарыда айтылғандай, бұл сөз екі 
қолды кере жазған кездегі шамаға тең ұзындықты білдіреді және сол қимыл 
процесінің атауынан мөлшерлік мәнге ауысқан. Қазіргі қазақ тіліне де дәл осы 
формасы мен мағынасын сақтап, өзгеріссіз жеткен. Бұл өлшем басқа 
соматикалық мөлшерліктерге қарағанда біршама ұзындау заттық шаманы 
өлшеуге қолданылады. Айталық, қазақ тіліндегі 
бір құлаш
тіркесі 
заттың бір 
құлашқа тең ұзындық шамасын
білдірумен қатар 
«ұзын» 
деген 
сындық мөлшер
ұғымын да білдіреді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «
Құлаш
– иық 
деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы», 
– 
деп түсіндірілген [ҚТТС, Т
6
-
458 б.]. Қазақ тілінде де, орта ғасыр түркі тілінде де 
құлаш 
мөлшерлігінің нақты 
сандық мәні белгісіз. Ұзындық шамасы нақты әрі тұрақты сандық шамамен 
теңестірілмеген, әркімнің құлашының ұзындығына қарай, сол құлашқа тең 
белгілі зат (таяқ, ағаш) баламасы ретінде көбірек алынған. Оның өзінде, қажет 
кезінде ғана болмаса, көбіне шамамен, мөлшермен алынып отырған. Бұл, бір 
жағы, ұлттық өлшем бірліктердің өзіне тән ерекшелігі. Ал екіншіден, ол 
дәуірлерде бүгінгідей өте дәлдікке қажеттілік те көп емес.
Сөздікте 
құлаш 
мөлшерлік соматизмі етістік сөз ретінде де беріледі. Мұны 
ғалым былай түсіндіреді: 
Құлашлады // құлаштады. Ол ұрұқны құлашлады // ол 
арқанды құлаштады; ол арқанды құлаштап өлшеді. Құлашлар-құлашламақ // 
құлаштар-құлаштамақ
(МҚ, Т
3
-442-443). 
Құлаш 
мөлшерлігі 
етістік
және 
шақ
жұрнақтарын қабылдап, өлшеу, мөлшерлеу үдерісінің жүзеге асқанын білдіреді. 


94 
Қары, қарыс
сөздері сияқты бұл да ертеден-ақ өлшем бірлік ретінде әбден 
қалыптасқан, бағзыдан келе жатқан көпмағыналы сөз.
Жоғарыда баяндалған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет