164
Балпаң, балпаң басқан
күн
Бай ұлынан асқан
күн
(Шалкиіз жырау, Балпаң, балпаң басқан күн, 47 б.).
Қандай да бір іс-әрекеттің жүзеге асу мөлшерімен қатар, жалғасу, созылу
уақыттық мөлшері болады. Мұнда
күн
сөзі зат есім болғанымен, белгілі уақыт
мөлшерін білдіреді. Тіпті бір ғана күн емес, мағынасы ауысып, тұтас бір мезгіл,
әлденеше күнге, айға, жылға созылған уақыт кезеңін білдіреді. Яғни «байдың
ұлынан байлығы артып», масаттанып, маңғазданып, шіреніп жүрген өмір
кезеңдерін білдіреді. Мұнда да уақыт, қимыл-әрекет ұғымдары «мөлшер» ұғымы
аясы образды түрде берілген.
Қорыта келгенде, жыраулар поэзиясында метафора да – «мөлшер» ұғымын
берудің ең өнімді тәсілдердің бірі. Жыраулар өзіне дейінгі сан ғасырлық тілдік
ізденістердің жауһарларын кәдеге жарата келіп, сол негізде көптеген тың
метафоралық қолданыстар тудыра білген. Бұлар
мазмұны ерлік, батырлық,
жаугершілік, ел қорғау, адамдық, адамгершілік қасиет, байлық, ырысты мекен
ұғымдарымен ұштасып жатады. Жыраулар поэзиясындағы
мөлшерлік
метафоралар
түзуге қатысатын тілдік ұғымдар ұлтқа етене таныс, айнала
табиғаттағы заттардың тікелей образынан алынған ұғымдар болып келеді. Ал
саны мен сапасы жағынан ең сәтті
мөлшерлік метафоралар
Шалкиіз бен Бұқар
жырауға тиесілі. Грамматикалық ерекшелігіне қарай зат есім, сан есім, сын есім,
есімдік, еліктеу сөздерінен жасалады да, оған көбіне аналитикалық тәсіл,
синтетикалық тәсіл, көмекші сөздердің дәнекерлігі және салт, сабақты етістік
формасында келуі арқылы жасалады. Нақтырақ айтқанда, жіктік жалғауы,
тәуелдік жалғауында келуі,
деген, еді, екен
сияқты көмекші сөздер мен
-дай/дей,
-тай/-тей
жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Есімдерге анықтауыш,
анықтауыштық қатынастағы, етістіктерге пысықтауыш қатынастағы келген
есімді, етістікті тіркестер болып келеді. Жыраулар поэзиясындағы
метафораларлы мөлшерліктердің
дені
қашықтық, салмақ, уақыт, жылдамдық,
сапа, құн мөлшері
сынды микро «мөлшер» ұғымдары аясында көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: