159
немесе
«сен – алтынсың, мен – пұлмын, сен – жібексің, мен – жүнмін»
деген
іркес-тіркес келген метафоралы мөлшерліктер де айғақтайды. Олай болса,
адамның жиынтық образын беруде ең ұтымды тәсілдердің бірі
–
метафора болса,
метафоралауға ең икемді ұғымдардың бірі – «мөлшер» ұғымы дер едік. Зат
есімдерден туған мөлшерлік метафоралардың дені адам тақырыбына
байланысты. Яғни адами қасиеттерді «сапа, құн мөлшері» ұғымы аясында
сипаттау – жыраулар поэзиясында кездесетін мөлшерлік метафоралардың ең
үлкен ерекшеліктерінің бірі.
Зат есімдердің қатысымен жасалған мөлшерлік метафоралардың ендігі бір
шоғыры адамдар тобына қатысты айтылады. Жеке адам турасында айтылғанда,
адами қасиеттер метафораланудың басты нысаны болады да, адамдар тобына
қатысты айтылғанда, адам саны, қоныстанған аумағының үлкендігі негізгі нысан
болып келеді. Айталық, төртінші мысалда
халық
пен
теңіз
өзара ұқсас ұғымдар
ретінде алынған. Мұнда метафора түзуге өзек болып отырған
теңіз
сөзінің
екінші бір ауыспалы мағынасы – «молдық, көптік, кеңдік» семантикасы. Кейде
әр заттың ішкі-сыртқы пішініндегі ерекшеліктер де сол заттың екінші бір
мағынасы ретінде халық жадында орнығады. Теңіз арнасына сыймай, асып-
тасып жатады немесе қараса көз жетпейтін ұшы-қиырсыз кең алқапты алып
жатады. Теңізге тән осы бір құбылыс халықтың көптігін сипаттайтын элемент
ретінде автор танымында репрезентацияланып, метафораға айналған. Ал бесінші
мысалдағы
байтақ
сөзі арғы тарихи кезеңде метафораланудың нәтижесінде
мағынасы ауысқан сөз. Қазір бұл кең аумақты, жазық даланы, шетсіз-шексіз
кеңістікті білдіретін сөз екені белгілі. Әуелде заттық мағынаны білдірген бұл сөз
образдың үстемдік алуының нәтижесінде мағына ауыстырған. Метафоралану
үдерісінде заттарға тән басты-басты қасиеттер таңдалады да, ол образды бейнеде
екінші бір ұғымға көшіріледі.
Байтақ
сөзі тіл тарихын зерттеуші ғалымдардың
айтуынша, ел, жұрт, халық мағынасын білдіреді. Олай болса, ел-жұрт көп
болатыны және ол кең алқапты ала қоныстанатыны белгілі. Осындағы
кеңістік
мөлшеріне
байланысты образды ұғым метафоралауға негіз болған. Сол сөздің
тірек мағынасына айналған.
Аталмыш сөздің мағынасы туралы Р.Сыздық былай дейді: «
Байтақ
сөзі
бұл күндегі әдеби тілімізде «ұшы-қиыры жоқ кең» деген сын есімдік мағынада
қолданылады. Ал Шалкиіздің бір толғауында:
Алаштан байтақ озбаса,
Сыпайшылық
сүрмен-ді
десе,
мұндағы
байтақ
сөзінің
семантикасы
бөлекше.
Байтақ
бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданылып,
«белгілі бір жұрт, халық тұтастығы» («этникалық-территориялық бірлік»), яғни
«ел, жұрт» деген ұғымды білдірген. Эпостық жырда өз ханына өкпелеп,
қайырылмай кетіп бара жатқан батырға «кері қайт» деп өтіне келген
адам: «Байтақ, бөліп береді, Падсалықты құр сәна» деп уәде береді.
Мұндағы
байтақ
деп отырғаны – белгілі бір мекендегі белгілі бір ел, яғни
кішігірім хандық. Бұл сөздің қазірде қолданылатын
байтақ ел, байтақ
жұрт
деген тұрақты тіркестердің қалыптасуына себепкер болған. О
баста
байтақ ел, байтақ жұрт
деген жеке сөздердің баламасы ретінде
жұмсалған. Келе-келе
байтақ
сөзінің алғашқы мағынасы күңгірттеніп, «кең,
ұшы-қиыры жоқ, барлық» деген мәнге
ие болып қалған:
байтақ дала – кең
Достарыңызбен бөлісу: