170
баламасы. Мұнда да сән-салтанат, байлық нақты образ тудыратын сөздер арқылы
әдемі бейнеленіп берілген.
«Мөлшер» ұғымының немесе мөлшерліктердің перифраздалу процесіне
қатысы үш түрлі:
біріншісі, өзге тілдік бірліктер перифраздалу арқылы
«мөлшер» ұғымын білдіреді; екіншісі, «мөлшер» мәнді тілдік бірліктер перифраз
түзуге қатысу арқылы басқа мағына береді. Мұнда басқа мағына мен «мөлшер»
ұғымының арасында логикалық байланысы болады; үшіншісі, «мөлшер» мәнді
тілдік бірліктер перифраздалу арқылы тағы да «мөлшер» ұғымын білдіреді.
Жоғарыда талданған мөлшерлік перифраздардың ішінде
күндердің күні,
жүз
нарға кілем жаптыру
тіркестері бірінші топқа,
сегіз қиыр шартарап
тіркесі
екінші топқа,
алыс жер, тар жер
,
түбі терең қуыс, мүйіз бұлтқа жете жаздау
үшінші топқа жатады.
Ойымызды жинақтай келгенде, перифраз
–
«мөлшер» ұғымын берудің де
айрықша өнімді тәсілінің бірі. Ол ауызша сөйлеу тілінің басты тәсілдерінің бірі
болғандықтан, қазақ тілінің сонау ерте тарихи кезеңінен-ақ бастау алады. Ал
жыраулар поэзиясында қолданысы кеңінен өріс тапқан. Жыраулар поэзиясында
кездесетін
мөлшерлік перифраздарды
есімді мөлшерлік перифраз, етістікті
мөлшерлік перифраз
деп екі үлкен топқа бөлуге болады. Бұлардың
әрқайсысының өзі кемінде екі құрамды болып, ұлғайған түрі сөйлем (атаулы)
деңгейіне жетеді. Тіркесім тәсіліне қарай қабыса, матаса, меңгере байланысқан
анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық
қатынастардағы тіркестер
болып келеді. Тақырыптық жағынан
уақыт, жылдамдық, қашықтық, құн, көлем
ұғымдарымен логикалық байланысқан байлық, даңқ, ерлік тақырыбы болып
келеді. Шалкиіз жырау тілі перифраздылығымен ерекшеленеді.
Қорыта келгенде, қазақ әдеби тілі дамуының жыраулар поэзиясына тән XV
–
XVIII ғасырлар кезеңі аса жоғары сападағы образдылығымен, көркемдігімен
ерекшеленеді. Классикалық тіл иірімдерінің небір ғажап үлгілері осы кезеңге
тиесілі. Өйткені бұл кезеңде тіл «өнер» ретінде
барлық құндылықтардан биік
тұрған. Жыраулар поэзиясында «мөлшер» ұғымы өзге де көркемдік тәсілдер
арқылы беріледі. Атап айтсақ,
метонимия, синекдоха, параллелизм
тәсілдері
«мөлшер» ұғымын беруде өзіндік қызметімен ерекшеленеді. Алайда аталған
тәсілдер жоғарыда көрсетілген бес тәсілге қарағанда аса өнімді емес. Жыраулар
поэзиясында «мөлшер» ұғымын білдіретін
қарапайым сөйлеу тіліне тән
элементтер де баршылық. Олардың қатарында
көп, артық, кем, мол, аз-ақ, тең,
алыс, жақын, жуық, қия, қиуа, қиян,
т.б. сын есім сөздері,
бәрі, түгел,
т.б.
жалпылау есімдіктері,
ежелден, бек, талай
үстеу сөздері бар. Аталған
лексемалар түрлі деңгейде есім, етістік сөздерімен тіркесе келіп, тура мағыналы
«мөлшер» ұғымын беруге қолданылған. Р.Сыздық: «Көркем әдебиеттегі, оның
ішінде поэзия тіліндегі сөздерді талдағанда «орфографиялық сөз» нысанаға
алынбауы керек», – дейді [211, 23 б.]. Мұнда ғалымның «орфографиялық» сөз
деп отырғаны – қарапайым сөйлеу стиліне тән тура мағыналы лексемалар. Біз
қазақ тілі дамуының аталмыш кезеңін (XV
–
XVII ғғ.)
сөз ету арқылы мөлшер
категориясының ерекше бір түрі ретінде
поэтикалық мөлшерліктерді
көрсетуді
мақсат тұттық. Сондықтан «орфографиялық сөздер» біздің мақсатымыздан тыс.