2)
Күніне жарты қадақ нан, бір мезгіл беретін сылдыр сорпа оқумен
шұғылданған жас жігіттерге ас болмады
(Ж.Арыстанов).
Берілген екі мысалдағы
мысқал, қадақ
сөздері де бірі
топырақтың,
екіншісі
нанның
нақты салмақ мөлшерін білдіреді. Десе де бірінші мысалда үшінші
заттық компонент жоқ, ол күрделі синтаксистік тұтастықтың құрамында
бірнеше
мысқал
тіркесімен алшақ тұрып байланысып тұр. Ал екінші мысалда сан есім
компонентінің орнын сандық ұғымды білдіретін сын есім сөздері ауыстырған.
Алайда екі конструкцияда да салмақ семантикасының мазмұны бұзылмай, дұрыс
берілген.
5. «Қашықтық» ұғымының тілдік парадигмасы
Қашықтық кез келген заттардың өз бойындағы екі нүктенің немесе бір зат
пен екінші заттың, тіпті әлденеше заттың аралық межесі саналады. Бұл меже түзу
сызықтың бойында да, қисық сызықтың бойында да жатады. «Көлем»,
«сыйымдылық», «аудан» ұғымдарының өзі де көптеген арақашықтық
шамалардың жиынтығынан құралады. Сондықтан заттардың
ұзындығы
мен
қысқалығы, биіктігі
мен
аласалығы, қалыңдығы
мен
жұқалығы, тереңдігі
мен
таяздығы, алыстығы
мен
жақындығы, жуандығы
мен
жіңішкелігі, кеңдігі
мен
тарлығы
–
бәрі де екі нүктенің арақашықтығы. Қашықтық – заттардың заттық
қасиеттерінің бірі. Қашықтық екі бағытта болады. Олар – көлденең және тік
бағыттар. Қай бағытта болсын, осы қашықтық межелі екі нүктеден тыс кетпейді.
Бұл туралы Ш.Бекмағамбетов былай дейді: «Тіліміздегі
ара, арасы, орта,
ортасы
сөздерінің мағынасы әуелде
«өз» (осы)
ұғыммен бірдей болған, яғни екі
немесе бірнеше заттың ортасындағы, сол заттардан бірдей қашықтықта
орналасқан нүкте, орын. Кейін келе бұл ұғым болжалдық мәнге ауысып, жалпы
екі немесе бірнеше денелердің аралығы, арақашықтығы ұғымын білдіретін
болған» [223, 98 б.].
Қашықтық семантикасы тілдің әр деңгейінде де көрініс табады және
әлденеше
тіресімдік ұғымдардан
құралады. Қашықтықты құрайтын
микроұғымдарды затқа қатысына қарай былайша жіктеуге болады: Бір заттың
жеке өзіне байланысты –
ұзын, қысқа
; екі заттың арақашықтығына байланысты
181
–
алыс, жақын
; белгілі заттың ішкі бөлігіне байланысты –
кең, тар
; жер бетінен
жоғары қарай –
биік, аласа
; жер бетінен төмен қарай –
терең, таяз
,
қалың, жұқа
т.б.
«Қашықтық» ұғымын білдіретін лексикалық бірліктер біршама мол.
Олардың көпшілігі сын есімдер, кейде сындық ұғымды білдіретін зат есімдер.
Қашықтық семантикасы жоғарыда аталған
тіресімдік ұғымдары
аясында
мынадай лексикалық бірліктер арқылы беріледі:
Ұзын/қысқа:
ұзын
;
қысқа, келте, шолақ, кеспелтек, молтық
т.б.
Алыс/жақын:
алыс, қашық, қиыр, шет, шыған, қиян, ұзақ, ары, шалғай,
жырақ, аулақ, алшақ, қырым, шырқау, қиуа, керік
;
жақын,
таяу, тақау, бері,
бермен, жуық, жиі, тығыз, жуыр
т.б.
Биік/аласа:
биік
,
жоғары, аңсағай, еңсегей, сұңғақ, бойшаң, зәулім, асқар,
талғар, заңғар, құз;
аласа,
тапал, тәпелтек, тайпақ, талпақ, мыртық, пәс,
қортық, тырбақ, мақар, бәкене, мыртес, бақалтақ, жатаған, мәстек, быртық,
Достарыңызбен бөлісу: |