Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері


Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы)



бет7/13
Дата24.10.2023
өлшемі88,09 Kb.
#187834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностарды-emirsaba.org

Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы)
Оғыз мемлекеті ІХ ғасырдың аяғы - Х ғасырдың басында Сырдария өзенінің құйылысында құрылды. Орталығы- Янгикент қаласы болды. Оғыз тайпалары VІІ ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген Түрік қағанатының құрамында болған. Оғыздар ерте орта ғасырларда Орталық және Орта Азияда өмір сүрген.
Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, Жетісуда Қар- лұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.
“Оғыз” сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікір бар. Кейбірулер “садақтың оғы” деген сөзден пайда болған десе, екінші бірулер “өгіз” деген сөзден пайда болды деп дәлелдеуде.
Оғыздарда жоғарғы билік иесі “жабғу” деп аталған. Ол мұрагерлік арқылы жалғасып отырды. Әскерді басқаратын адам “сюбашы” деп аталған. Оғызда жылына бір рет халық жина- лысы шақырылып тұрған. “Оғызнама” дерегіне қарағанда, жаб- ғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Оғыз мемлекетінде тұрақты салық жүйесі енгізілді. Мемлекетте белгілі дәрежеде басқару аппараты қалыптасты. Оғыз жабғуларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Оғыз мемлекеті жөніндегі алғашқы деректер ІХ-Х ғ. басында жазылған араб тіліндегі тарихи-жағрафиялық шығар- маларда келтіріледі. Оғыз мемлекетінің болғанын Әл-Якубиде (ІХ ғ.) айтады. Махмұд Қашқаридің дерегі бойынша, оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрған, Әл-Марвази болса олардың 12 тайпа- сын ғана атайды. Бұдан байқалатыны - оғыздардың 24 тайпадан тұрған кезі олардың әр түрлі тайпалардан енді- енді қалыптаса бастаған кезі ал, 12 тайпаға түскен кезі ол тайпалардың бір- біріне қосылып, халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі. Оғыз билеушілері сыртқы саясат саласында екі үлкен мақсатты қойған. Біріншіден, Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды қолға қарату. Екіншіден, Маңғыстау мен Еділ бойынан әрі өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарына қол жеткізу. Орыс қалаларымен екі арадағы сауда жолдарыда қызықтырды.
Оғыздардың жер үшін, сауда жолдары үшін жүргізген жо- рықтары көп жағдайда сәтті аяқталған. Оғыздар жартылай көш- пелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысты. Оғыздардың көші-қонға лайықты, арба үстіне тігілген үйлері болған. Оғыздарда кәсіпшілік пен қолөнердің басты дамыған түрі мал өнімін өңдеу болды.
Ұзақ жылдарға созылған үздіксіз соғыс пен шектен тыс алынатын алым-салық оғыз тайпаларының наразылығын туғы- зады. Билік үшін талас Оғыз мемлекетін әлсіретті. Ал, ХІ ғасыр- да мемлекеттілігін құрып, күшейе бастаған қыпшақтар оғыздар- ды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. ХІ ғасырдың басында Оғыз мемлекеті біржола құлайды. Оғыздар тарихи тұрғыда түрікмендердің, өзбектердің, қарақалпақтардың түпкі аталарының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет