Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері



бет2/13
Дата24.10.2023
өлшемі88,09 Kb.
#187834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностарды-emirsaba.org
Презентация (3), Халелтану 6 лекция, Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностарды-emirsaba.org, 1. П н ж нінде а парат
Ерте ортағасырлық Түркі кезеңі
Мақсаты: Студенттерге VI-ІX ғасырлар аралығында Қазақстан территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен тайпалық құрылымдардың тарихы туралы кеңінен мәлімет беру. Тақырып бойынша деректік материалдар және негізгі әдебиеттерге сүйене отырып.
1. Мәселенің тарихнамасы. “Түркі” этнонимі туралы. Түркі қағанатының құрылуы.
2.Түрі қағанатының гүлденуі, құлдырауы және ыдырауы
2.Батыс Түркі қағанатының Орта Азия мен Қазақстан тарихындағы рөлі.
3.Батыс Түркі қағанатының мұрагері Түргеш қағанаты.
4.Қарлұқ мемлекеті.


Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар: Л.Н.Гумилев ењбектеріндегі түркілер, үэтногенез, этнос мєселелері, Түркі қағанатының құрылуының алғышарттары және өмір сүруі, қағандары, мемлекеттік жүйесі, Ұлы Дала территориясындағы орны анықталады.
Тарихнама. Ерте түркі кезеңіндегі Еуразия және оның бір бөлігі болып табылатын Қазақстан көшпелілерінің өмірі қай кезеңде болсын отандық және шетелдік зерттеушілерді қызықтырып келді. ХІІ ғ. түрік тарихшысы Қадыр Әлі-бек ауызша мәліметтерге сүйене отырып өзінің “Тарихи жинағын” шығарды. Онда түркілер кезеңіндегі Дешті-Қыпшақ даласындағы тарихи оқиғалар баяндалады. Абылғазы ханның қаламының ұшына екі маңызды тарихи туындылар “Түріктер шежіресі” және “Түркмендер шежіресі” (ХҮІІ ғ.) деп аталатын ерте және гүлденген орта ғасыр, оғыз, қыпшақ, қаңлы тайпаларының Қазақстан тарихи жағрафиясында пайда болуы жайында айтылады.
Орыс ғалымдарынан В.В.Григорьев, Н.Н.Пантусов, Н.А.Аристов, Н.Я.Бичурин, В.В.Радлов сияқты ғалымдарда өз үлестерін қосты. В.В.Бартольдтың “Түрік-монғол халықтарының тарихы” (1927) деген еңбегінде Махмұд Қашғаридың материалдары негізінде халықтар мен тайпалардың Қазақстан жеріне орналасу көрінісін жеткілікті дәрежеде баяндаған. Қазақстанның тарихи-шығыстанушылық зерттеулерінің бастапқы кезеңі А.П.Чулошниковтың, С.Д.Асфендияровтың, М.Тынышбаевтан басталады. Олардың ғылыми ізденістері жаңа деректемелер тартуға, қазақтардың және оларды құрайтын компоненттердің тарихын басқа да түрік халықтарының тағдырларымен байланыстыруға әрекет жасауға бағытталды. Түрік елінің тарихы туралы ең көп іргелі еңбектер жазған тарихшы Лев Николаевич Гумилев болды. Оның “Байырғы Түркілер” (1967), “Хазарияның ашылуы” (1966), Хунну атты тамаша кітаптары жарық көрді. Кейінгі зерреушілер еңбектерінен С.М.Ақынжановтың, Ғ.Айдаровтың, С.Г. Кляшторный, Т.И.Сұлтановтың, С.Қаржаубайдың, Қ.Салғараның, М.Жолдасбековтың еңбектерін ерекше атап кетуге болады.
Сонымен қатар, ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазба ескерткіштерінің құны баға жеткісіз. Монғолия жерінен табылған түркі мәтіндері, деректеметануда Орхон-Енисей және Талас жазулары деп аталады. Түркі авторлары жазған бұл жазба деректемелердің елеулі және даусыз екі қасиеті бар, олар - автохондылығымен және түпнұсқалығымен ерекшеленеді. Олар түркі хандары Күлтегін (732) мен Білге-қаған (735) құрметіне қойылған ескерткіштер. “Үлкен Күлтегін”, “Кіші Күлтегін”, “Тоныкөк” құлпытастарындағы жазулары жан-жақты зерттеліп бүгінгі таңда ғылыми айналымға қосылды. Күлтегін түрік халқының белгілі қолбасшысы болған. Жоғарғы билеуші қаған билігінің негізі, оның қамқоршысы аспан күші Тәңір болды. Қаған титулына «құтлұғ» - «жарылқағыш», «білге» - «данышпан», «ышбара» - «күшті» атаулары енді.
“Түркі” этнонимі туралы. Түркі қағанатының құрылуы. Ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.) Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір өзгертті. V ғ. түркі тілді теле (тирек) тайпаларының көп топтары Солтүстік Монғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға қоныстанды, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. “Түрік” этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түркілерді ғұндардың ұрпақтары деп есептеген. Алғашында “түрік” этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды. Л.Н.Гумилевтың айтуынша “түрік” сөзінің мағынасы “күшті, батыл, қайсар” деген ұғымды береді дейді. Ал, “Ашина” сөзінің аудармасы “қасқыр” деген ұғымды береді екен. Сондықтан аңыздарда түркі қағанатының құрылуы да қасқырмен байланыстырылған.
Біздің заманымыздың ІІ-V ғ.ғ. халықтардың ұлы қоныс аударуы Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның аумағындағы халықтардың құрамы мен орналасуына айтарлықтай өзгерістер енгізді. V ғасырда Солтүстік Монголиядан Шығыс Еуропаға дейінгі өңірде сансыз көп түркі тілдес теле тайпалары өмір сүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет