Монография Қарағаиды 2009 Ре по зи то ри й Ка рг у қаз ббк


 ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата11.12.2021
өлшемі2,65 Mb.
#99376
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Zharilgapov monograf

3 ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ 
 
               3.1 Реализмнің көркемдік әдіс ретіндегі типологиясы 
 
Әдебиеттің  даму  жолынан  ерекше  орын  алатын  көркемдік  әдіс  –  
реализмнің қалыптасуында романтизм эстетикасының ықпалы айрықша болды. 
Қай  ұлттың  әдебиетін  алып  қарасақ  та  классикалық  реализмнің  көркемдік 
үлгілерін  тудыруда  романтизм  мектебінен  өткені  анықталады.  Әдебиетте 
реализмнің  біржола  орнығуы  романтизмнің  беделін  жойып  жібере  алған  жоқ. 
Қазіргі  кезеңде  романтизм  тұтастай  бағыттық  сипат  алып  кете  алмаса  да  өз 
дамуын  тоқтатпағаны,  романтизм  эстетикасының  талаптарына  толық  жауап 
беретін  немесе  романтизмнің  бейнелеу  тәсілдері  реалистік  ұстанымдармен 
араласа  қолданылатын  шығармалардың  әлі  де  болса  туып  жататыны  –  соның 
айғағы.  Тарихи  тұрғыдан  алып  қарағанда  романтизм  реализм  әдісінен  бұрын 
туып  әдебиеттің  жалпы  диапазонын  кеңейтуге,  өмір  шындығын  тереңдеп 
игеруге жол ашты. Ең бастысы, романтизм жеке тұлғаның өзіндік құндылығы 
тұғырнамасын  қалыптастырды  да,  оны  реализм  әрі  қарай  дамытып  әкетті. 
Әлемдік  тәжірибеде  романтизм  өзіне  дейінгі  классицизммен  ымыраға 
келмейтін  қарама-қарсы  бағыт  ретінде  дүниеге  келсе,  реализмнің  пайда 
болуында  мұндай  ашық  терістеу  көріне  қойған  жоқ.  Реализм  романтизмдегі 
өмір  шындығы  мен  адам  концепциясын  жалғастырушы,  дамытушы  сипат 
иеленді.  Реализм  өзінің  ізашары  болған  романтизмнің  құнды  жақтарын  ала 
отырып  өзіне  тән  жеке  ұстанымдарды  қалыптастырды.  Романтизм  мен 
реализмнің  ең  жалпы  деген  принциптеріндегі  айырмашылықтар  мынадай 
болып келеді:  
Біріншіден, романтизм өмір құбылыстарын нақты-тарихи мазмұнда игеруді 
мақсат еткен жоқ. Романтиктерде кейіпкерді әлеуметтік ортамен байланыстыру 
ұшырасып  отырғанымен,  өмір  шындығын  тарихи-әлеуметтік  тұрғыдан  талдау 
маңызды  болған  емес.  Ал  реализм  ақиқат  болмысты  өмірлік  шындық 
тұрғысынан жүйелі талдауға негізделді
Екіншіден,  романтизм  кейіпкері  өзінің  жеке  аңсарымен  абсолютті 
еркіндікке ұмтылған индивидуум, қоршаған орта жағдайларына мүлде тәуелсіз 
тұлға  ретінде  көрінсе,  реализм  кейіпкері  –  қоғамдық  ортада  өзінің  тұрақты 
орны бар, мінездік бітімдері қоғамның басқа мүшелерімен практикалық қарым-
қатынасында  ашылатын,  өз  уақытының  әлеуметтік-тұрмыстық  белгілерін 
бойына жинақтаған тұлға
Үшіншіден,  романтик-жазушының  қалыптасқан  тарихи  ахуалға,  жалпы 
болмысқа  наразылығы  қосәлемдік  концепцияны  қалыптастырды.  Яғни  өзін 
толық  қанағаттандырмаған  өмірге  өзінің  қиялынан  туған  өмірді  қарсы  қойды. 
Реалист-қаламгер  қаһарманның  өмір  сүрген  уақытының  белгілерін  сақтай 
отырып, қоғам кемшіліктерінің сыр-сипатын тәптіштеп талдауға ұмтылды; 
Төртіншіден, 
романтизм 
эстетикасы 
көркем 
шығармашылықтағы 
субъективті  факторды  жоғары  қойды.  Романтиктердің  негіздеуінше,  әдебиет 
міндеті – өмір құбылыстарының көшірмесін жасау емес, шығармашылықпен ол 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
131 
құбылыстарды  қайта  «түлету»,  соған  сәйкес  өзінің  субъективті  идеалын 
қалыптастыру.  Шындықты  бейнелеуге  субъективті  тұрғыдан  келу  –  көркем 
ойлаудың  романтикалық  типінің  ең  негізгі  белгісі.  Мұндай  айқын 
субъективтілік  барлық  романтиктердің  шығармашылығындағы  көркем 
жинақтау, образ жасау, детальдарды пайдалану, тілдік ерекшеліктер т.б. көріне 
отырып  олардағы  стильдік  тұтастықты  туғызды.  Ал  реализмнің  дамуы  осы 
романтикалық  субъективизмді  қаншалықты  жеңе  алғанымен  өлшеніп  отырды. 
Реализм  тарихи  дамудың  объективті  заңдылықтарына  мән  беріп,  адамды 
қоғамдық-әлеуметтік  қатынастардың  дамуына  сәйкес  алып  қарады.  Бұдан 
реалистік шығармалардың кейіпкерлерінде даралық қасиеттер көрінбейді деген 
ұғым  тумайды,  реалистер  образдарды  даралау  мен  типтендіруде  абстрактылы 
шарттылықтардан  алыстады.  Романтиктердегі  субъектвизм,  яғни  айнала 
болмысты,  қоршаған  дүниені  субъективті  идеал  тұрғысынан  пайымдау 
реализмнің үстемдік алу кезеңінде басқаша мәнге ие болып, авторлық позиция 
мағынасына ауысты; 
Бесіншіден,  реалистер  мен  романтиктердің  дүниетану  сипаттарындағы 
ерекшеліктер қаламгерлердің қай көркемдік әдіске жуықтайтынын немесе қай 
әдістің  принциптеріне  көбірек  жүгінетінінің  көрсеткіші  бола  алады. 
Романтизмнің  көркемдік  концепциясының  негізінде  рух  пен  идеяны 
материядан  бұрын  қоятын  идеалистік  дүниетаным  жатты.  Романтизмнің 
философиялық  тұғырын  қалаған  Фихтенің  субъективті  идеализмі  болсын, 
Шеллинг,  Гегельдердің  объективті  идеализмі  болсын  дүниені  бір  сәтте 
өзгертуге,  болмыс  қайшылықтарын  тұтастай  шешуге,  тарихтағы  жеке  тұлға 
ролі туралы қиялдарға ерік берді. Ал идеалистік таным бірте-бірте үстемдігінен 
айрылып,  оны  объективті  философия  кейін  материалистік  ілім  ығыстыра 
бастаған  шақта  реализмнің  күш  алуына  жаңа  мүмкіндіктер  ашылды.  Бірақ 
реализм  дегенде  тек  материалистік  философияны  ғана  тілге  тиек  етуге 
болмайды.  Өйткені  қандай  да  бір  реалист-жазушы  шығармашылығынан 
идеалистік таным қырлары бой көрсетуі мүмкін.  
Көрсетіліп  отырған  ерекшеліктер  реализм  мен  романтизмнің  шекарасын 
анықтайтын  барлық  белгілер  емес,  ең  негізгі-негізгі  деген  сипаттары. 
Романтизм  тек  қана  реализмді  дайындап  қана  қойған  жоқ,  ХХ  ғасырдағы 
бірнеше  ағымдардың  тууына  ықпал  жасады.  Атап  айтқанда,  неоромантизм, 
экспрессионизм, 
символизм, 
тіпті 
сюрреалистік 
ағымдардың 
ішкі 
құрылымынан  да  романтизм  тәсілдері  ұшырасып  жатады.  «Қазіргі  ғылыми 
таластар  бүгінгі  әдебиеттегі  негізгі  жемісті  әдіс  –  реализм  төңірегінде  болуы 
заңды.  Бірақ  әдіс  проблемасын  түсіну  үшін  дүние  жүзі  әдебиеті  тарихында 
болған  классицизм,  сентиментализм,  романтизм  сияқты  әдістердің  кейбір 
ерекшеліктерін  айту  шарт»  екенін  академик  Р.  Нұрғали  орынды  ескертеді 
[6,257]. 
Ұзақ  уақыт  бойы  тек  реализмді  ғана  әдебиеттік  дамудың  ең  жоғарғы 
сатысы  деп  ұғыну  белең  алып,  романтизм  ақиқат  болмысты  тануда,  өмір 
шындығына  дендеп  енуде  мүмкіндігі  шектеулі  әдіс  ретінде  түсініліп  келгені 
жасырын емес. Реализм әдісі өзінің әмбебаптығымен, адам тіршілігі мен оның 
айналасын  тығыз  бірлікте  алып  қарауда  анағұрлым  қомақты  табыстарға  қол 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
132 
жеткізіп,  әдебиеттің  өнімді  жолы  екенін  дәлелдеп  келе  жатыр.  Дей 
тұрғанымызбен  бір  әдісті  екіншісінен  жоғары  қоюға,  әрбір  әдіс  пен  ағымның 
өмірдің  түрлі  қатпарларына  өзінше  бойлайтынын  да  қаперден  шығармауға 
тиістіміз.  Бұл  ойымызды  Н.А.  Гуляевтің:  «Реализмге қарағанда  романтикалық 
өнер белгілі бір өмір сфераларын бейнелеуде анағұрлым көркемдік эффект бере 
алады.  Бұлай  болмаған  жағдайда  романтизм  өзін-өзі  ақтамаған  әрі  қажетсіз 
болып шығар еді», – деген пікірі де қуаттайды [43,230]. 
Реализм  әдісі  романтизммен  қоян-қолтық  және  қанттаса  дамыған  әдіс 
болды. Реализмнің адамзат көркемдік даму тарихында аса маңызды орын алып, 
адам  мен  дүние  құбылыстарын  бейнелеудегі  маңызды  әдіске  айналуына 
эстетикалық  алғышарттар  жасаған  романтизм  екені  бүгін  дау  туғызбайды. 
Әлемдік  әдебиет  дамуында  бірте-бірте  басымдық  таныта  бастаған  реалистік 
тенденциялар  әр  қилы  түсіндіріліп  келді.  «Реализм»  терминінің  орнығуының 
өзі бірнеше таласты пікірлер туғызды. Ол пікірталастар әлі күнге дейін тоқтала 
қойған  жоқ.  Кейбір  зерттеушілер  аталған  ұғымды  кеңестік  әдебиеттанудан 
қалған, жаңа заманның көркемдік ізденістерін айқындап беруге қауқарсыз деп 
тапса,  кейбір  ғалымдар  «реализм»  ұғымының  өзіне  күман  келтіреді.  Мысалы, 
В.П.  Руднев:  «Реалды  (реальность)  деген  не  екенін  біліп  алмай  тұрып,  қайбір 
бағыттың  басқалардан  гөрі  ақиқатты  бейнелеуге  анағұрлым  жақын  деп 
қалайша  тұжыруға  болады»,  –  дейді  [120,253].  Американ  ғалымы  Д.  Фангер 
реализмнің  көркемдік  әдіс  ретіндегі  мәні  мен  генезисін  жоққа  шығарып 
«романтикалық  реализм»  концепциясын  ұсынған  болатын  [121].  Әдеби-
эстетикалық  ой  тарихынан  мұндай  таласты  пікірлерді  шексіз  келтіруге  болар 
еді. Алайда реализм ұғымы әлі күнге дейін өз актуалдылығын жоғалтпағанына, 
қазіргі таңдағы ізденістер бағдарын белгілеуге қажет екеніне күман жоқ. Оны 
қазіргі таңдағы белді теоретиктер де негіздеп отыр. В.Е. Хализевтің: «Реализм» 
сөзінің  мағынасын  төмендете  және  бұрмалай  отырып    әдебиеттанудан 
аластатудың еш негізі жоқ. Бар мәселе бұл терминді жұпыны және вульгарлық 
дәйектемелерден  тазартуда  жатыр»,  –  деген  кесімді  пікірін  орынды  деп 
табамыз [14,362].  
Реализмнің  бағыт  ретіндегі  және  әдіс  ретіндегі  типологиялық  белгілерін 
ажыратып алу аса маңызды. Бұл ұғымдардың арақатынасы туралы пікірлер де 
бірізділіктен  алыс  жатыр.  Біз  көркемдік  әдіс  және  әдеби  ағым-бағыттардың 
ара-жігін  ажыратудың  негізгі  принциптерін  еңбегіміздің  алғашқы  тарауында 
көрсеткен  болатынбыз.  Сол  сияқты  реализмді  бағыт  деп  қарастыруда 
тақырыптық,  стилистикалық,  идеологиялық  және  бағдарламалық  белгілері 
арқылы  ажыратып  аламыз.  ХІХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  еуропалық 
әдебиеттің  ірі  өкілдері  –  Бальзак,  Стендаль,  Мериме,  Флобер,  Диккенс, 
Теккерей  т.б.  шығармашылықтарындағы  ақиқат  болмысты  шыншылдық 
тұрғыдан  бейнелеуге  ұмтылу  әлеуметтік  сипат  алды  да  реалистік  бағыттың 
қалыптасуына  әкелді.  Ал  реализмге  тән  ұстанымдардың  пайда  болуын 
зерттеушілер  адамзат  дамуының  ерте  дәуірлеріне  апарып  жүр.  Бірақ  антик 
дәуірінен  бастап  көріне  бастаған  реалистік  элементтер  толыққанды  реализм 
бола алмасы тағы анық.  
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
133 
Ұлттық  әдебиеттану  ғылымы  да  реализм  типологиясына  бөлекше  маңыз 
берді.  З.  Қабдолов  көркемдік  әдіс,  реализмге  байланысты  бірнеше 
концепцияларды  жүйелеп  көрсетті  [7].  Сондықтан  ол  тұжырымдамалардың 
барлығына тоқталып жатпаймыз. 
Р.  Нұрғали  реализмнің  типологиялық  белгілеріне  қатысты  көзқарастарды 
жинақтай  келіп,  С.  Петров  пен  В.  Разумныйдың  мына  тұжырымдарына 
айрықша тоқталады: «С.Петров әдіс ретінде реализм белгілері деп мыналарды 
көрсетеді: 
1. Адамды бейнелеудегі жан-жақтылық. 
2.  Әлеуметтік және психологиялық себептестік. 
3.  Өмірге тарихи көзқарас. 
 Ал В. Разумныйдың ойынша реализмнің белгілері: 
1.
 
Болмысқа қол арту. 
2.
 
Суреткер идеалының реалдылығы. 
3.
 
Бейне өміршеңдігі» [6,257]. 
Аталған  белгілер  реализм  әдісінің  ерекшеліктері  болып  табылғанымен, 
реализмнің тиологиялық табиғатын түгендей алмасы белгілі.  
Соңғы  уақыттарда  жарық  көрген  теориялық  еңбектерде  реализмнің  әдіс 
ретіндегі  типологиясын  оның  тарихилығы  мен  көркемдік  детерменизмімен 
байланыстырады. Реализмнің көркем тарихилығы дегеніміз – образдар арқылы 
айнала  шындықты  белгілі  бір  ретпен  дамитын  заңдылық  ретінде  қарау  және 
бір-бірінен сапалы айырмашылығы бар уақыттар байланысын көрсету. Реализм 
өмірдің объективті заңдылықтарын ауқымды түрде игеру және талдау арқылы 
өнердің  танымдық  міндеттерін  арттыра  түседі.    Көркемдік  детерменизмге 
нысанаға  алынған  тарихи-әлеуметтік  жағдайларды  көркем  шығарма  арқылы 
негіздеу жатады. Бұл мәселе турасында «Тарихилық пен детерменизмнің әрбір 
түрлері олардың ішінара байланыстары мен белгілі бір үлкенді-кішілі нысанаға 
бағыттылығы  басты  мазмұндық  принцип  ретінде  реализмнің  әдістік 
типологиясын жасауға негіз береді», – деген тұжырым жасайды С.И. Кормилов 
[122,861]. 
Қазақ  әдебиеттануышыларынан  ұлт  әдебиетінің  тарихын  түгендеу 
барысында белгілі бір кезеңдегі әдеби үдеріс ерекшеліктерін зерттеу жолында, 
жеке  ақын-жазушылардың  шығармашылық  ерекшеліктерін  ашу  тұрғысында 
реализм  мәселесіне  соқпай  кеткені  некен-саяқ.  Тіпті  әдеби  шығарманың 
көркемдік  құндылығы  мен  идеялық-эстетикалық  маңызы  реализмнің 
қаншалықты деңгейде көрініс тапқанымен өлшеніп келгені шындық.    
Кәсіби  әдебиеттануымыздың  басында  тұрған,  ұлттық  әдебиеттің  дамуын 
теориялық  тұрғыдан  қарыстыруға  ең  алғаш  түрен  салған,  әдеби-теориялық 
категорияларды  қазақ  әдебиетінің  мысалында  зерттеудің  әдістемесін  жасап 
шыққан  А.  Байтұрсыновтың  «Әдебиет  танытқышы»  еңбегінде  де  көркемдік 
әдіс, реализм мәселесі қамтылды. Ғалым жазба әдебиетін «діндар дәуір» және 
«ділмар  дәуір»  деп  жіктейтіні  белгілі.  «Қазақ  әдебиетінің  діндар  дәуірі  де, 
ділмар  дәуірі  де  халық  әдебиетін  дамытып,  күшейтуден  туған  дәуірлер  емес. 
Басқа  жұрттардың  әдебиетінің  әсерінен  туған  дәуірлер.  Діндар  дәуір 
әдебиетімізге  араб,  парсы  әдебиетінен  үлгі  алып,  соларды  еліктегеннен  пайда 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
134 
болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен өнеге көріп, үлгі алып соған еліктеуден 
пайда болып отыр», – деген тұжырым жасайды  [29,144]. Діндар дәуірдің сыр-
сипатын анықтауға, негізгі жанрлық түрлерін айқындауға бір тарау арнайды да 
ділмар  дәуір  әрі  қарай  талданбайды.  Оның  орнына  «сындар  дәуір»  деп 
аталатын  тарау  бастайды.  Ғалымның  концепциясы  бойынша  сындар  дәуір  де 
жазба әдебиетінің маңызды дәуірі екені анық. Ал енді жазба әдебиетті осындай 
дәуірлерге  жіліктеуде  ғалым  қандай  критерийлерге  сүйенді  дегенге  келер 
болсақ,  әр  дәуірде  жетекшілік  жасаған  жанрларға,  түрлік  ізденістерге  баса 
көңіл бөлетін сияқты. Мысалы, «Діндар жағынан басымдылығымен айрылатын 
түрлері  мынау: қисса,  хикаят  (мысал), насихат  (үгіт), мінажат,  мақтау,  даттау, 
айтыс,  толғау,  терме»  дей  отырып,  әрқайсына  толымды  сипаттама  береді 
[29,145].  Алайда  А.  Байтұрсыновтың  әдебиетті  дәуірлерге  бөлуде  ұстанатын 
түпкі  негіздемесі  бойынша  түрлік-формалық  ізденістердің  барлығы 
шығармашылық  ойлау  типіне,  өмір  шындығын  игеру  принциптеріне  тікелей 
байланысты.  Яғни,  дәуірлеудегі  әдеби  бағыт  пен  көркемдік  әдіс  мәселесіне 
маңыз  берілген.  Бұл  сол  кезеңде  Еуропа  мен  орыс  әдебиеттануында  әдебиет 
дәуірлерін  әдістер  мен  бағыт-ағымдарға  тәуелдейтін  (мысалы,  классицизм, 
сентиментализм,  романтизм,  реализм  дәуірі  деп  санамалау)  жетекші  әдістеме 
болатын.  Ұлттық  жазба  әдебиетті  дәуірлерге  бөлуде  Байтұрсыновтың 
көркемдік әдісті негізге алатынын зерттеушілеріміз дұрыс аңғара алғанын атап 
өтуге тиіспіз. Мәселен, М. Қараев: «Қазақ әдебиетіндегі, бізше, консервативтік 
романтизм және сыншылдық реализм дәуірлері деп аталған әдеби ағымдарды 
«Діндар  дәуір»  және  «Сындар  дәуір»  деп  екі  топқа  бөледі»,  –  десе  [123,10], 
қазақ  әдебиеттану  ғылымының  тарихын  қарастырушы  Ж.  Смағұлов:  «Бұл 
тұрғыдан  келгенде,  «Әдебиет  танытқыштағы»  діндар  дәуір  деп  отырғаны  – 
діни-моральдық  романтизм,  маркстік-лениндік  әдіснама  бойынша  айтсақ, 
реакцияшыл  керітартпа  романтизм  болып  шығады.  Ал  ділмар  дәуір  – 
азаматтық романтизм, яғни қазірше айтсақ, революцияшыл романтизм. Сындар 
дәуір  –  сыншыл  реализм  атауының  баламасы  екені  анық.  Бұдан  шығатын 
қорытынды: А. Байтұрсынов әдебиет тарихын тарихи кезеңдерге бөліп отырған 
жоқ,  әдеби  дамудың  заңдылығына  орай  көркемдік  әдіс  тұрғысынан  дәуірлеп 
отыр.  Олай  болса,  Абайға  дейінгі  ақын-жыраулар,  әнші  ақындар 
шығармашылығы реализммен дамып келді де, сыншыл реализмге ауысты деген 
пікір туындайды», – дейді [63,191].  
Біздіңше,  А.  Байтұрсынов  ұсынған  «сындар  дәуір»  ұғымын  тек  сыншыл 
реализммен  ғана  байланыстыруға  болмайды.  Ғалым  бұл  тұста  реализм 
эстетикасын  тұтастай  алып  қарастырып  отыр.  Мұндағы  ғалымның  теориялық 
тұжырымдары  классикалық  реализм  талаптары  бойынша  жасалады  да, 
реализмнің  қай  түріне,  қай  сатысына  болмасын  қатысты  болып  шығады.  Оны 
теорияшының  мына  пікірлері  дәлелдей  түседі:  «Жоғарыда  айтылған  «Сын 
арқылы  шығып,  әдеміленген»  деген  сөзді,  шығарған  сөз  біреудің  сынына 
салынып, сонан кейін шыққан сөздер деп ұқпаса керек. «Сын арқылы шығып» 
дегеніміз  –  шығарушы  өзі  жазушы,  өзі  сыншы  болған  уақытта  шыққан  деген 
мағынадағы сөз. Европа әдебиетімен танысқаннан кейін қазақ ақындары сөздің 
асыл  болатын  сырын  біле  бастайды.  Сөздің  ондай  сырын  білу  –  сын  білу 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
135 
болады... Сондай-ақ сөздің асыл болатын сырын білген адам сөзді сынай біледі. 
Сынай  білетін  адам  жаза  да  білетін  ақын  болса,  оның  ақындық  жағынан 
шығатын сөзі сеністік (сыншылық) жағының сынына түсіп, сын арқылы шығып 
отырады»  [29,161].  Ғалымның  ұғындыруынша,  бұл  жердегі  «сын»  ұғымы 
белгілі  бір  тарихи  кезеңге,  я  болмаса  әлеуметтік  ортаға  деген  қатынас  емес, 
шығармашылық  иесінің  «сөзді  сынай»  білу  қасиеті,  сол  арқылы  шығарманың 
шынайылығына («сеністігіне»)  жету мағынасын иеленіп тұр.    
Ұлттық 
әдебиеттану 
ғылымында 
А. 
Байтұрсыновтың 
«Әдебиет 
танытқышынан»  жүлге  тартып,  Қ.  Жұмалиевтің  «Әдебиет  теориясы»  (1938),             
Е. Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940), З. Қабдоловтың 
«Әдебиет теориясының негіздері» (1970), Р. Нұрғалиевтің «Өнер алды – қызыл 
тіл» (1974), «Өнердің эстетикалық нысанасы. Көркемдік дамудағы дәстүр мен 
жалғастық» (1979) тәрізді теориялық еңбектерде арнайы қарастырылып, әдістің 
типологиялық  табиғаты  туралы  тұжырымдар  жасалды.  М.  Қаратаевтың 
«Әдебиет  және  эстетика»  (1970)  зерттеуі  көркем  әдебиеттің  эстетикалық 
тұғырлары 
зерделеніп, 
«Социалистік 
реализмнің 
қазақ 
прозасында 
қалыптасуы»  (1965)  атты  ауқымды  монографиясында  социалистік  реализмнің 
ұлттық прозадағы даму тенденциялары сарапталды.  
Реализм теориясына арналған қазақ әдебиеттанушыларының тұжырымдары 
үнемі жетілдіріліп отырылды. Олардың барлығын тізбелеп шығуды артық деп 
санағандықтан,  реализмді  тану  жолында  ұстанылған  бағдарды  айқындау  үшін 
бірді-екілі  пікірлерді  ғана  келтіріп  өтейік.    Мәселен,  М.  Әуезовтің  ұлы  Абай 
мұраларындағы  реализм,  сыншыл  реализм  тенденцияларын  саралаған 
көзқарастарында  реализмнің  баршаға  ортақ  типологиялық  қырлары  үнемі 
ескеріліп отырды. Айталық, «Орыс реализмінің дәстүрлері мен қазақ әдебиеті» 
сынды  көлемді  мақаласында  үлттық  реализм  дәстүрлерін  орыс,  батыс 
әдебиетіндегі  көркемдік  тенденциялармен  сабақтастыру  және  ұлттық 
сипаттағы  реалистік  нышандар  төңірегіндегі  ойларын  ұсынды  [124].  Бұл 
ұлттық  дәстүр  мен  сыртқы  әдеби  ықпалды  айқындаудың  әдіснамасы 
тұрғысынан аса маңызды еді.  
Қазақ  әдебиетіндегі  реализмнің  даму  сипатын,  кейін  көркемдік  әдісті 
тұтастай  алып,  арнайы  зерттеу  нысанына  айналдырғын  М.  Қараев  болатын. 
«Қазақ  әдебиетіндегі  реализмнің  кейбір  мәселелері  (ХХ  ғасырдың  бас  кезі)» 
(1985),  «Истоки  реализма  раннего  периода  казахской  литературы»  (1986), 
«Қазақ  әдебиетіндегі  реализмнің  даму  жолдары»  (1986),  «Реализмдегі 
типтіліктің  мәні  мен  формалары»  (1987)  монографиялары  және  «Қазақ 
әдебиетінің тарихи даму кезеңдеріндегі көркемдік әдіс мәселелері» (1995) атты 
докторлық  диссертациясы  бұл  мәселеде  біршама  алға  жылжу  болғанын  атап 
өту қажет.        
М. 
Қараев 
«Қазақ 
әдебиетіндегі 
реализмнің 
даму 
жолдары» 
монографиясында реалистік суреттемелердің халық ауыз әдебиетінің эпикалық 
мұраларында  мол  ұшырасатынын,  алайда  бір  жүйеге  түспегенін,  ондағы 
реализм  элементтерін  стихиялы  реализмге  жатқызылатынын,  ХҮ-ХҮІІІ 
ғасырлардағы  ақын-жыраулар  шығармашылығындағы  адам  концепциясы 
мифтік,  ертегілік  ұғымдардан  ажырап,  адам  табиғатын  әлеуметтік  ортаға 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
136 
икемдеу ұстындары, адамды обьективті тарихи заңдылықтар аясында көрсету, 
автор  ролінің  артуы  ілкі  реалистік  бастаулар  деп  айқындады.  Реализмнің  сөз 
өнерімізде  орнығуы  хақында  «Қазақ  әдебиетінде  ұзақ  замандар  бойы  ел 
өмірімен  бірге  жасасып  келе  жатқан  халықтық  және  тарихи  поэзияның 
реалистік  озық  элементтері  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  көптеген 
ақындар  мен  Ыбырай,  Абай  шығармаларының  миуалы  жемісінің  арқасында 
көркемдік  дамудың  реализм  деп  аталатын  даңғыл  жолына  мықтап  ойысты. 
Осылайша, қазақ әдебиетінің тарихында негізін ХІХ ғасыр ақындары мен Абай, 
Ыбырай  қалаған  ағартушылық,  сыншылдық  реализм  ХХ  ғасыр  басындағы 
бұқарашыл-демократ ақын-жазушылардың жүрер жолы мен идеялық бағытына 
жарық  сәуле  болған  көркемдік  әдіс  ретінде  қалыптасады»  деген  қорытынды 
жасайды [75,113]. 
Әдебиетшінің  бұл  еңбегі  қазақ  әдебиетіндегі  реализмнің  қалыптасуын 
арнайы тақырып еткен алғашқы ауқымды зерттеу болғыннан соң, өз кезеңінің 
идеологиялық талап-тілегін ескере жазылғандықтан әрине, мінсіз емес. Өйткені 
көп  жылдар  бойы  тиым  салынып,  әдебиеттен  аластатылған  қаламгерлердің 
шығармаларының  монографияда  талдауға  өзек  болмауы,  біздің  әдебиеттегі 
реализмнің қалыптасуының жүйелі көрсету мүмкіндігін шектеді.  
Бұл  олқылықтардың  орнын  қазақ  әдебиетінің  тарихи  даму  кезеңдеріндегі 
әдіс  мәселесін  тұтас  алып  талдаған  докторлық  диссертацияда  толтыруға 
тырысты.  Зерттеуші  еңбегінің  құнды  жақтарының  бірі  –  реализм  мен 
романтизмнің  хронологиялық  шекараларын  анықтауға  ұмтылушылығы.                  
М.  Қараев  фольклор  мен  жазба  әдебиетінің  арасындағы  байланыстарға 
көркемдік  әдіс  тұрғысынан,  яғни  стихиялы  реализмнен  сыншыл  реализмге 
бастайтын динамика тұрғысынан үңіледі. Оның айтуынша көркемдік әдістердің 
ең  басты  даму  кезеңдері  мыналар:  1)  Халық  ауыз  әдебиетіндегі  реалистік 
нышандар;  2)  Романтизм  элементтерімен  біте  қайнасқан  ілкі  реалистік 
элементтер;  3)  Тұңғышалды  романтизм  (предромантизм)  мен  тұңғышалды 
реализм  (предреализм);  4)  Романтизм  мен  ағартушылық  реализм;  5) 
Ағартушылық  және  сыншыл  реализм  мен  өршіл  романтизм  [123,9].  Реализм 
эстетикасы  мен  теориялық  мәселелеріне  ой  жүгіртетін  ғалым,  бұл  әдістің 
негізгі  принциптері  ретінде  шығарманың  әлеуметтік  сипаты,  халықтық 
маңызы, тарихилық өзегі, қоғам адамының ішкі жан дүниесі мен сыртқы кейіп-
кескінін жан-жақты қамти отырып, терең суреттеу, шығарма психололгизмі мен 
объективтілігін  атайды.  Реализмнің  осы  сипаттары  негізінде  ұлт  әдебиетінің 
даму  кезеңдеріне  баға  беруді  көздейді.  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы 
әдебиеттану 
ғылымында 
реализмді 
зерттеп-бағалауда 
орын 
алған 
олқылықтарды,  «реализм  тек  өмір  ақиқаты  ретінде  ғана  түсіндіріліп,  бүкіл 
алдыңғы қатарлы прогресшіл көркемдік құбылыстарды реализммен шендестіру 
етек алғанын» зерттеушінің дұрыс аңғара алғанын атап өтуге тиіспіз. «Мұның 
өзі,  -деп  жазады  ол,-  қазақ  әдебиетінде  реализмді  зерттеуде  үш  бірдей  теріс 
тенденцияға  душар  етті:  1.Көркемдік  әдіс  ретіндегі  реализм  тарихын  тікелей 
халық ауыз әдебиетінен бастап әкету; 2.Оның тарихын тікелей ақын-жыраулар 
творчествосынан  өрістету;  3.Реализмнің  тарихын  тек  Абай  поэзиясымен  ғана 
ұштастыру,  яғни  салған  беттен  сыншыл  реализмнің  мызғымас,  бір  бүтін 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
137 
тармағы  ретінде  қарастыру  т.б.»  [123,7].  Реализм  сынды  көркем  өнер 
принциптерін  бір  ғана  Батыс  Еуропа  мәдениетінің  жемісі  деп  қарау,  ұлт 
әдебиетінің  ішкі  қайнар  көздерін  елемеу,  өзіндік  дәстүрін  қаперге  алмау  да 
нағыз  нигилистік  көзқараспен  еншілес  екенін  де  атап  өтеді.  Бірақ  дүние  жүзі 
әдебиеттерінде ірі-ірі әдеби бағыттар ретінде тарихтан орын алған классицизм, 
романтизм,  Қайта  өрлеу  дәуіріндегі  реалистік  ұстанымдарға  бет  бұру  сияқты 
құбылыстардың  ерекшелігіне  айрықша  ден  қойылады.  Өйткені  әлемдік 
деңгейде  көрініс  берген  аталмыш  құбылыстардың  табиғатын  ашпай, 
реализмнің жалпы типологиясын сөз ету мүмкін емес-тін. 
Бұл  салада  қол  жеткізе  алған  біршама  табыстарды  айта  келіп,  реализмнің 
типололгиялық болмысын ашуда зерттеуші адам бейнесінің қоғамдық беті мен 
қоғам  шындықтарына,  әлеуметтік  ортасына  қатынасын  ең  бірінші  қатарға 
қоятыны  байқалады.  Бұл  әрине  реализм  сипаты  болып  табылғанымен,  ең 
негізгісі  емес.  Және  «өршіл  романтизмді»  романтизм  әдісінің,  «сыншыл 
реализмді» реализм әдісінің «біздің әдебиетіміздегі ең жоғарғы сатысы» [123,6] 
деп бағалау біржақтылыққа ұрындырады. Өйткені ХХ ғасырдағы және қазіргі 
әдебиеттік  үдерісте  жаңаша  көркемдік  жинақтаулардың  жүзеге  асып  жатуы 
реализмнің  ең  соңғы  шегіне  жетті  деуге  негіз  бермейді.  Ғалымның 
«тұңғышалды 
реализм» 
(«предреализм»), 
«тұңғышалды 
романтизм» 
(«предромантизм»)  ұғымдары  да,  олардың  негізгі  критерийлері  теориялық 
тұрғыдан  нақты  айқындалмаған  деп  ойлаймыз.  Әдебиетші  бұл  терминдерді 
халық  ауыз  әдебиетіндегі  және  ХҮ-ХҮІІІ  ғасырлардағы  әдістік  нышандармен 
сабақтастырады.  Ал  қазақ  әдебиетінің  ХХ  ғасырының  алғашқы  ширегіне 
дейінгі  кезеңінде  белгілі  бір  әдіс  доминанттық  сипат  алып  кеткен  жоқ,  ол 
кезеңге  дейінгі  туындыларда  түрлі  әдістің  нышандары  қатарласа  көрініп, 
стильдік  полифония  белең  алды.  Мұндай  сипаттағы  көркемдік  үрдіс 
әдебиетіміздің  кемшілігі  емес,  өзінің  көпүнділігімен  танылған  ұлттық 
ерекшеліктер болатын.  
 Б.  Мамыраев  «ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  қазақ  әдебиеті 
дамуының негізігі тенденциялары» (1998) монографиясында қазақ реализмінің 
өзіндік  ерекшеліктерін  ұлт  өміріндегі  тарихи  өзгерістермен  тығыз 
байланыстырады. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында дала өміріне капиталистік 
қатынастардың дендей енуіне байланысты болған қоғам өміріндегі әлеуметтік-
экономикалық  өзгерістердің  көркем  шығармашылықта  көрініс  табуы  қазақ 
әдебиетіндегі  реализмнің  қалыптасуына,  адам  болмысын  нақты-тарихи 
аспектіде,  сыншылдық-аналитикалық  тұрғыда  бейнелеуге  әкелгенін  айта 
отырып: «Жалпы алғанда, ғасыр басындағы реалистік әдебиет қоғамдық-саяси 
шырғалаңдардың,  қоғамдық  сана  ауытқулары  және  тұлға  психологиясы  мен 
драмасының  шежіресіне  айналды.  Сонымен  бірге  қоғамның  рухани 
сұраныстарын  таныта  отырып  адам  тұлғасы  мен  гуманизм  мәселесін 
жалпыұлттық  деңгейге  көтерді»,  –  деп  жазады  [118,257].  Орныға  бастаған 
реализм принциптері түрлі бейнелеу формалары арқылы жүзеге асқандығы да 
назарға алынады. Атап айтқанда, «көркемдік шындық пен тарихи шындықтың 
мейлінше  жақындастырылуы  (мысалы,  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс 
жайындағы  поэзия),  сөз  өнерінің  метафоралылығын  кеңінен  қолдану  (толғау 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
138 
жанрында туған туындылар), оқырманға аллегориялық формалар арқылы әсер 
етуді пайдалану (А. Байтұрсынов, С. Дөнентаев мысалдары), өзінді ой айтудың 
жаңа  тәсілдері  мен  символиканың  доминанттығы  (М.  Жұмабаев,  Б.  Күлеев) 
[118, 236].  
Реализмнің  ұлттық  бедері  сол  ұлт  өмірінің  шындықтарын  этнографиялық, 
қазақ халқына тән дүниетанымдық-философиялық тұрғылар арқылы көркемдік 
жинақтау  болып  табылады.  Реалистік  әдебиеттің  қаһарманы  –  өзінің 
кеңістіктегі  нақты  орны  бар,  уақыты  мен  әлеуметтік  ортасы  анық,  өз  қоғамы 
мен халқының, өз уақытының «перзенттері». Яғни әрбір ұлттың өзіндік тарихи 
даму  жолы,  қоғамдық-әлеуметтік  күштердің  өзіндік  ерекшелігі  болғандықтан 
олармен адам тағдырын нақты тарихи  байланыста суреттеу реализмнің ұлттық 
сипатын анықтаудың басты факторы. Ал реализмнің әлемдік әдебиет бойынша 
қалыптасқан  түсінігі,  жалпы  типологиясы  жеке  тұлғаның  өзіндік 
құндылығымен,  ақиқат  өмірге  қатынасындағы  ішкі  рухани  болмысымен 
байланысты. И.Ф. Волков мұны реализмнің екі бағыты деп есептейді. Ол: «Бірі 
негізгі  екпінді  тарихи-әлеуметтік  нәтижелерге  түсіреді  және  оларды  игереді, 
яғни  адамдардың  әлеуметтік  жағдайлары  мен  әлеуметтік ұстындары  ұнамсыз, 
сыншылдық,  комикалық  әшкерелеу  тұрғысында  көрініс  табады.  Реализмнің 
келесі бағытында  негізгі  екпін  жеке  адам  тұлғасының  құндылығына  түсіріліп, 
тұлғаның  ішкі  рухани  байлығын,  оның  ұмтылыстарын,  жеке  мүмкіндіктерін 
көркем  игеруге  маңыз  беріледі  (бұл  жағдайда  көркем  мазмұнның 
романтикалық,  драмалық  және  трагедиялық  типтері  алдыңғы  қатарға 
шығады)», – дейді [125,234].  
Реализмді  әдіс  ретінде  қарастырғанда  ең  бірінші  образ  құрылымының 
ерекшеліктеріне және бейнелеу тәсілдеріне мән беретініміз анық. Реализм өмір 
шындығын  шынайы  бейнелеуге  негізделген  әдіс  дейтін  жалпылама  ұғым  бұл 
әдістің  барлық  табиғатын  ашып  бермесі  түсінікті.  Өйткені  реализм  туындысы 
өмірдің,  ақиқат  дүниесінің  тура  көшірмесі  емес.  Реалистік  бейнелеу 
тәсілдерінде  фантастикалық  образдау  да,  мифтік-символикалық,  гротескілік 
элементтер  де  т.б  қолданыла  беруі  мүмкін.  Реализм  өмірлік  ақиқаттардан 
бастау  ала  отырып,  адамды  қоршаған  ортасымен  тығыз  бірлікте,  қоғамдық-
әлеуметтік  жағдайлардың  адам  тағдырымен  байланыста,  мінездердің 
қалыптасуындағы «микроортаның» әсері негізінде алып қарастырады. Реализм 
өмір 
құбылыстарының 
себеп-салдарлық 
негіздерін, 
тарихи 
даму 
заңдылықтарын  бүкіл  қарама-қайшылықтарымен,  адам  табиғатына  қатысты 
нәрселерді  тұтас  суреттеуімен  өзгешеленеді.  Сондықтан  да  реализмнің  нақты 
ерекшеліктері  сол  кезеңдегі  тарихи  жағдаймен,  адам  тұлғасының  ішкі 
эволюциясымен тікелей байланысты. 
«Реализм  туралы  пайымдау  -  шексіз  уақытқа  ұласатын  үдеріс.  Реализмді 
анықтауға,  оның  ерекшеліктерін  ашуға  талпынған  кім  болса  да  ол  өз 
пайымдауларының  шарттылығы  туралы  сезімнің  жетегінде  болады.  Әлбетте, 
реализмді  анықтаудағы  жетекші  принцип  өмір  шындығын  реалистік  бейнелеу 
критерийі болып табылатыны рас. Алайда ол шындықты сезіну әр субъективті 
индивидте  әр  түрлі.  Ол  ең  алдымен,  адам  баласының  эмпирикалық 
тәжірибесіне  байланысты.  Оған  қосымша  адам  психикасы  туралы  білімдерді 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
139 
қаперге  ілмеуге  болмайды,  өйткені  қашан  да  анық  көрініп  тұрмайтын  әрі 
анықталуы  қиын  болғанмен,  ол  да  өзінше  шындық  болып  табылады.  Осыдан 
барып көркем мәтін түрліше түсіндіріледі, зерттеуші нені көре алады және нені 
көргісі келеді, соны қамтиды» деген Б. Мамыраев пікірі орынды айтылған деп 
санаймыз  [118,249-250].  Реализм  типологиясын  айқындау  түрлі  көзқарастар 
ауанында  әрі  қарай  жалғаса  беретіні  сөзсіз.  Сондықтан  да  оның  аяқталған 
концепциясы  жоқ.  Бірақ  реализмнің  ең  жалпы  деген  ұстанымдары  мен  негізгі 
бейнелеу тәсілдері турасында біршама тұрақтанған тұжырымдар бар. 
 Қорытындылай  айтарымыз,  ұлтымыздың  әдебиетінде  прозаның  әбден 
қалыптасып,  тұрақты  дамуға  бет  алған  кезеңінде  реализмнің  кеңінен  өрістеуі 
үдерісі байқалды. Прозаның эпикалық жанрларын игерудің алғашқы қадамдары 
болып  табылатын  М.  Дулатовтың  «Бақытсыз  Жамал»,  С.  Көбеевтің  «Қалың 
мал»,  С.  Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»,  «Кім  жазықты»,  Т.  Жомартбаевтың 
«Қыз  көрелік»,  Ш.  Құдайбердіұлының  «Әділ-Мәрия»  романдарындағы 
реалистік бейнелеу принциптері романтизм және сентиментализмнің көркемдік 
құралдарымен  аралас  өрілсе,  М.  Әуезовтің  1920  жылдардағы  әңгімелерінің 
бірқатары,  «Қараш-Қараш  оқиғасы»,  «Қилы  заман»,  М.  Жұмабаевтың 
«Шолпанның  күнәсі»,  Ж.  Аймауытовтың  «Күнікейдің  жазығы»,  «Қартқожа», 
«Ақбілек»  туындылары,  С.  Сәдуақасовтың  «Күміс  қоңырау»,  Б.  Майлиннің 
«Күлпаш»,  «Әже»  және  өмір  шындығын  шынайы  бейнелеумен  юморлық, 
сатиралық  стиль  бітісіп  кеткен  бірнеше  әңгімелері  реалистік  проза  тәрізді 
өнікті өрістің бастауы болып табылады. Қазақ прозасының қалыптасу белесінде 
туған  шығармалардың  идеялық-көркемдік  мазм±ны  әркелкі  болғаны  аян. 
Кейбірінде  көркем  проза  табиғатына  жуыспайтын  қарадүрсіндік  басым  болса, 
кей  шығармаларда  жалаң  схемашылдық  етек  алды.  Мұндай  мысалдарды                
Ж.  Орманбаевтың «Жылќышылар», Ө. Тұрманжановтың «Қошан кедей», тіпті 
Б.  Майлиннің  «Кеңес  ағасы  Камила»,  «Қосылды»,  С.  Мұқановтың  «Түсімде», 
«Әсия», Ғ. Мұстафиннің «Ер Шойын» атты әңгімелерінен де көруге болады.   
Қазақ  әдебиетіндегі  реализмнің  қалыптасуын  сараптауға  бағытталған 
ғылыми  тәжірибелерді  ескере  отырып,  біз  прозаның  өрістеуін,  жаңа  биіктерді 
бағындыру  жолдарын  ондағы  реализм  әдісінің  орнығуымен  байланыстырып 
көрмекпіз.  Яғни  ағартушылық  реализмді,  сыншыл  реализмді,  социалистік 
реализмді реализмнің түрлері ретінде емес, қазақ прозасының даму кезеңдерін 
айқындаған әдістер тұрғысында алып қараймыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет