Монография Қарағаиды 2009 Ре по зи то ри й Ка рг у қаз ббк



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата11.12.2021
өлшемі2,65 Mb.
#99376
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Zharilgapov monograf

Адам  болам 
десеңіз»
  деген  атақты  тезисі  бойынша  қойып  отырған  проблемасында  қазақ 
қауымының  болашағы  –  жастардың  адамшылық  қасиеттерінің  негізігі 
сипаттары,  яғни 
толық  адам
  немесе 
инсанияттың  кәмеләттығы
  туралы 
даналық  ойлары  мен  танымының  басты  ұғымдары  сараланып  қамтылған»,  –
дейді  [129,9].  Қара  сөздердегі  дәуірінің  әкімшілік-билік  жүйесі,  саяси-
әлеуметтік ахуал, дін кәмілдігі мен имандылық, оқу-білім жайы тәрізді  алуан 
тақырыптар  адамгершілікке  негізделген  қоғам  жасақтау,  сананы  бірте-бірте 
қайта қалыптау сияқты тұтас ұстанымға бағындырылады.  
Жалпы  ағартушылық  бағыттағы  қаламгерлердің  басты  ерекшелігі  - 
әдебиетті  гуманистік  идеялармен  байыта  отырып,  әдеби  шығарманы 
ағартушылық  идеологияны  таратудың  басты  құралы  деп  қарау.  Ағартушылар 
тілдің аса көркемдігі мен образдылығына ғана сүйеніп қоймайды, олар ой мен 
идеяны еш бұлтарыссыз, нақты түрде жеткізуге ұмтылыс жасайды. Көркемдік 
жүйені  құрайтын  барлық  элементтер  белгілі  бір  идеялық-ұждандық  мақсатқа 
жұмылдырылады.  Сондықтын  да  ағартушылық  эстетикаға  суарылған 
шығармада  қандай  бір  астарлы,  философиялық  ой  болсын  қатаң 
публицистикалық  шешімге  ұласып  отырады.  Таза  публицистика  ретінде 
қабылданатын  қара  сөздерін  айтпағанда,  көркем  проза  дәрежесіне  жеткізілген 
15,17,18,23,26,27,35,36,44-  сөздерінде  ұлы  гуманистің  қоғамдық,  азаматтық, 
халықтық  мәселелерді  публицистикалық-дидактикалық  арнамен  өрістетеді. 
Жастардың  ғылымды  игеруі,  оның  бойындағы  адамшылық  қасиеттердің 
қалыптасуы  деген  өзекті  желі  Абайдың  бағамдауында  адамның  әлеуметтік 
ортасымен  өте  тығыз  байланысты.  «Әуелі  адамның  адамдығы  ақыл,  ғылым 
деген нәрселермен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим һәм 
тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы 
құрбы,  жақсы  ұстаздан  болады.  Талап,  ұғым  махаббаттан  шығады.  Ғылым-
білімге  махаббаттандырмақ  әлгі  айтылған  үшеуінен  болады.  Ғылым-білімді 
әуелі  бастан  бала  өзі  ізденіп  таппайды»,  –  дейді  әйгілі  38-ші  қара  сөзінде 
[130,124]. Яғни әлеуметтік ортада қалыптасқан моральдық-этикалық нормалар, 
тәрбиелік  дәстүрлер  адамның  рухани  жағынан  қалыптасуының  ең  негізгі 
факторлары. Ортаның әу бастағы ізгілікке бағыттаушылық миссиясы болмаған 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
143 
жағдайда қиянатшылыққа орын беріледі. «Ол қиянатшыл балалары талапқа да, 
ғылымға  да,  ұстазға  да,  хаттә  иман  иғтиқадқа  да  қиянатпенен  болады.  Бұл 
қиянатшылыр  –  жарым  адам,  жарым  молла,  жарым  мұсылман.  Олардың 
адамдығының кәмәләт таппағы – қиынның қиыны». Бұл дегеніміз, әлеуметтік 
ортаның адам мінезін тәрбиелеушілік сынды ағартушылық принциптің ойшыл-
суреткер  шығармашылығынан  маңызды  орын  алуының  көрсеткіші.  Сананың 
шешуші  ролі  мен  оны  өзгертуге  болатынына,  адам  мінез-құлқы  тәрбиеге 
көнетіндігіне  деген  шексіз  сенім,  оның  рухани  деңгейі  қоғамдық  ортаның 
рухани  күштеріне  тәуелді  екені  ағартушылық  реализм  туындыларының  басты 
идеялық бағдары екені мәлім.  
Ағартушылық  реализм  өкілдері  қоғамның  ең  дертті  тұстарын,  ділгір 
мәселелерін  көрсетіп  қана  қойған  жоқ,  оларды  шешудің  нақты  жолдарын 
көрсетуге  тырысты.  Сондықтан  олардың  шығармаларында  авторлық 
позицияның  мызғымастығы,  тіпті  біржақты  тенденцияшылдығы  да  байқалып 
отырды.  Бұл  әдісті  ұстанған  суреткер  ағартушылық  ойды  өткізуге, 
насихаттауда  шығарманың  эмоционалдық  қуатын  солғындатпауды  ойлап,  ең 
бір  өткір  тәсілдерге  жүгінді.  Абайдың  «Турасын  ойлағанда,  балаңа  қатын 
әперме,  енші  берме,  барыңды  салсаң  да,  балаңа  орыстың  ғылымын  үйрет! 
Мына  мен  айтқан  жол  –  мал  аяр  жол  емес.  Құдайдан  қорық,  пендеден  ұял, 
балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған 
соң,  саған  рахат  көрсете  ме,  өзі  рахат  көре  ме,  я  жұртқа  рахат  көрсете  ме?» 
(жиырма  бесінші  сөз)  деген  жолдары  оқырманға  тікелей  әсер  етуді 
көздеушіліктен туындайды [129,110]. Және де мұндай мысалдар қара сөздердің 
стилдік түзілісінен біршама тұрақты орын алды. 
Ағартушылық  реализм  әдісіне  етене  тәсілдерді  дұрыс  жіктей  алған                        
Н.  Степановтың  мына  тұжырымы  ден  қоярлық:  «Ағартушылық  реализм 
прозасына»  диалогтық  сөз  формасы  әлсіз  «сахналар»  мен  «суреттерде» 
кезектесіп  келіп  отыратын  авторлық  монолог  тән.  Ал  әр  түрлі  персонаждар 
жалпы контур арқылы беріліп, өзіндік ролінен айрылады», – дейді ол [126,69]. 
Абайдың  қайрат,  ақыл,  жүрек  және  ғылым  диалогы  түрінде  құрылған  он 
жетінші  сөзі  мен  Сократ  хакім  мен  Аристодимнің  жауаптасуы  үлгісінде 
ұсынылған жиырма жетінші сөзінен өзгесі монологтық сипат иеленген. Көркем 
бейне  мәселесіне  келетін  болсақ,  ақын  поэзиясындағы  ағартушылық  ойдың, 
жастарды  ғылым  мен  білімге  шақыруда,  үлгілі  мәдениетке  ұмтылуға 
насихаттаудағы тірек-бейнесі Әбдірахман болды. «Абай аңсаған жаңа ұрпақтың 
қараңғыны  қармалаған  туған  халқын  озық  елдер  қатарына  жеткізудегі  басты 
құралы  –  ғылым,  өнер  деп  ұғынып,  сол  жолға  саналы  түрде  белсене  кірісіп, 
дамылсыз  іздену  үстіндегі  жастардың  жиынтық  бейнесін  Әбдрахман  арқылы» 
беретінін  М.  Мырзахметов  те  өз  еңбектерінде  атап  өткен  болатын  [129,17]. 
Абай  қазақ  қауымының  жаңа  буынының  ең  асыл  қасиеттерін  осы  образдың 
негізінде  танытуға  күш  салды.  Ақынның  бұл  мақсаты,  әсіресе,  Әбдірахманға 
арнаған  жоқтау өлеңдердің  пафосынан  айқын  танылады. Ал  прозалық  үлгілер 
болып  саналатын  қара  сөздерде  Абайдың  ағартушылық  идеясын  жинақтаған 
нақты бір кейіпкер жоқ. Қара сөздерде ағартушылық эстетикасының талаптары 
бойынша  публицистика,  философия,  көркемдік  (шешендік)  тұтастығы  тән. 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
144 
Бұлардың  ажырағысыз  бірлігі  аталмыш  әдістің  ұстанымдарымен  толық 
орайлас.  Сондықтан  Абай  өзінің  этикалық,  гуманистік  идеалын  айқындауда 
қара сөздердің тінін ұстап тұратын нақтылы бір адам тұлғасын, айқын қаһарман 
ұсынбай, авторлық ойды тікелей жеткізетін бірінші жақтан баяндауды қолайы 
көреді. Қазақ қоғамын алға жылжытуға қолбайлау жасайтын, ел ішіндегі қызық 
пен  қыздырмалыққа  ғана  масайрайтын,  ғылым-білімнен  құралақан,  өмірдегі 
баянсыз,  бағасыз  нәрселердің  соңында  жүрген  адамдардың  жалпы  контуры 
жасалып,  типтік  мінездер  айқындалады.  Ондай  адамдардың  тіршілік 
мұраттары, өмір сүру салты мейлінше әшкереленеді. Әсіресе би, болыс, ұлық, 
байлар  мінездері  ирониялық,  сатиралық  тұрғыда  бейнеленуі  де  ағартушылық 
мүддеге сәйкес. Мысалы, «Біреу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үйренейін, 
насихат  тыңдайын  деген  ойы  болса,  ол  орынға  сайланып  та  жүрмес  еді.  Олар 
өздері  де  үздік  кісіміз,  өздеріміз  біреуге  үлгі  беріп,  ақыл  айтарлықпыз  деп 
сайланады.  Өздері  түзеліп  жеткен,  енді  елді  түзерлігі-ақ  қалған.  Ол  не  қылып 
тыңдасын  және  тыңдайын  десе  қолы  тие  ме?  Басында  өзіндік  жұмысы  бар: 
ұлығымызғы  жазалы  болып  қаламыз  ба,  немесе  халқымызды  бүлдіріп  аламыз 
ба,  яки  өзіміз  шығындап,  шығынымызды  толтыра  алмай  қаламыз  ба?  –  деген 
ебіне  қарай  біреуді  жетілтейін  деп,  біреуді  құтылтайын  деген  бейнетінің  бәрі 
басында,  қолы  тимейді»  (сегізінші  сөз)  [130,96-97].  Бірақ  олардың 
психологиясына,  ішкі  дүниесінің  өзгешеліктеріне  тым  тереңдеуді  мақсат 
тұтпай, олардың моральдық бет-бейнесіне негізгі екпін түсіріледі.  
Ағартушылық  реализмде  өмір  шындығын,  әлеуметтік  құбылыстарды 
тудырып  отырған  белгілі  мінездерді  сатиралық  тұрғыда  бейнелеу  моральдық 
дидактизм  элементтерімен  міндетті  түрде  қосарланып  отырады.  Жоғарыдағы 
мысалдардан  біз  ағартушылық  өнерге  тән  осындай  белгілерді  танимыз.  «Ей, 
жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғлының мінездері туралы біраз 
сөз  жазып  ядкар  қалдырайын.  Ықыласпен  оқып,  ұғып  алыңыздар,  оның  үшін 
махаббатың  төлеуі  –  махаббат»,  -  деген  ескертпесі  де  мораль  философиясына 
негізделген  түпкі  ағартушылық  мүддені  танытады.  Тұрмыстық-әлеуметтік 
суреттемелер,  ел  арасындағы  керітартпа  мінездер  жалпы  шешендік-
патетикалық түзіліске бағындырылады. 
Абайдың  ағартушылық  ойларын  қара  сөздердегі  ислам  қағидаларымен 
байланыстыра зерттеген ғалым А. Жақсылықов ұлы гуманистің әлемдік діндер 
философиясымен,  метофизикамен,  сопылықпен  жете  танысып,  терең  зерделей 
алғандығын  айта  келіп:  «Жалпы  «Сөздер»  циклының  шеңберінде  халықтың 
белгілі бір қабаттарына, әсіресе дінге жақын адамдарға арналған адамгершілік-
этикалық  бағдарлама  жүзеге  асырылады»,  –  дейді  [131,207].  Зерттеуші  қара 
сөздер  өзінің  жанры  жағынан  батыс  әдебиетінің  эссеистік  дидактикалық 
дәстүрінен  гөрі  Мұхаммед  пайғамбардың  хадистеріне  жақын  екенін,  оның 
дәлелі  ретінде  қара  сөздердегі  пайғамбар  хадистері  мен  Құран  сөздерінің  жиі 
алға тартылатынын айтады. Ғалым Батыс Еуропа әдебиетінің тарихының үлкен 
белесі  –  ағартушылық  дәуірдегі  жанрлық-эстетикалық  канондардың  Абай 
прозасында  дәлме-дәл  қайталанбайтындығын,  қазақ  ойшылының  жаңа  форма 
тұрғысындағы  ізденістері  ұлттық  дүниетаным  мен  дәстүрлік  негіздер  арқылы 
жасалғандығын  өте  дұрыс  бағамдаған.  Ал  енді  Абайдың  ағартушылық 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
145 
идеялары  мен  адамгершілік  қағидалары  жайындағы  насихаттары  «халықтың 
белгілі  бір  қабатына»  арналғанына  келісе  қою  қиын.  Абай  бұл  жерде  діни 
философияға  дендей  отырып,  нағыз  ағартушыларға  тән  принцип  –  адамды 
тәрбиелеудегі  қоғамның,  ортасының  ролін  мықтап  ескерген.  Әрине,  Абайдың 
дін  мәселері  төңірегіндегі  терең  көзқарастары  жайлы  әңгіме  бір  бөлек.  Және 
ақынның дүниетанымдық тұрғыларын атеизммен сабақтастырудың да күні өтіп 
кеткен.  Бұл  мәселе  хақында  өз  тұжырымдарын  жасаған  ғалым  М. 
Мырзахметовке  тағы  да  жүгінуге  тура  келеді.  Ол  Абайдың  дін  мәселелерін 
тілге  тиек  етуін  ғылым-білімге  үндеген  ойларын  тыңдаушыға  жеткізудегі 
таңдаған  жолы,  ортаның  рухани-әлеуметтік  ахуалын  ескергендігі  болып 
табылатынына  тоқтала  келіп:  «Осы  себептен  де  Абай  өз  замандастарының 
діндарлық ұғым дәрежесімен есептесе отырып, өзінің адамгершіліктің негіздері 
туралы  түбегейлі  ойларын  сол  кезде  үстем  болып  отырған  діни  ұғымның 
беделімен  өткізуді  ойластырғандай»,  –  деп  жазады  [129,37].  Қайткенде  де 
Абайдың дін  жайындағы  көзқарастары  оның  ағартушылық  идеясымен  тікелей 
тамырлас.  Ол  Алланы  сүюді,  Алланы  тануды  ғылым-білімнен  тәуелсіз,  жеке-
дара  қарамайды.  Хадистік  цитаттарды  да  көбінесе  ағартушылық  мүддеге  сай 
іріктеп  алып  отырады.  Абай  ұсынуындағы  «иман»  идеясы  адам  баласының 
кеселді  мінездерден  арылуы  мағынасында  ғана  емес,  ғылымға  деген 
іждаһаттылықпен,  ғылым-білімнің  адам  баласына  ортақ  миссиясымен 
байланысты.  «Ғылым  әуелі  ғалами  ғылымға  мұқтәди  болсын.  Яғни  құдай 
тағала бұл ғаламды жаратты, ерінбеді, келісіммен, хикметпенен кәмәләтты бір 
жолға  салып  жасады,  сіздердің  ісіңіз  де  бір  жақсылық  бина  қылып,  арқа 
сүйерлік  шеберлікпен  болсын.  Және  құдай  тағала  әрне  жаратты,  бір  түрлі 
пайдалы  хикметі  бар.  Сенің  де  ісіңнен  бір  зарар  шығып  кеткендей  болмай, 
көпке  пайда  боларлық  бір  үміті  бар  іс  болсын.  Бұларсыз  іс  іс  емес.  Бәлки 
бұларсыз  тағат  тағат  та  емес»  [130,142]  немесе  «Ғылымсыз  ахирет  те  жоқ, 
дүние  де  жоқ.  Ғылымсыз  оқыған  намаз,  тұтқан  ораза,  қылған  хаж,  ешбір 
ғибадат  орнына  бармайды»,  –  дейді  хакім  [130,99].  Бұл  шығармалардағы 
адамгершілік  негіздер,  оқу-білім  мәселесі  дін  философиясымен  үнемі 
параллель  келіп  отырады.  «Мұнда,  –  деп  жазды  Ә.  Қоңыратбаев,  -  Абай 
Фейербахша  дінді  реформалап,  соны  жаңашылдыққа  бейімдегісі  келеді... 
Алайда Абайдың отыз сегізінші, қырық үшінші сөздерінің бас тақырыбы алла 
емес,  адам  бойындағы  табылмаған  қасиеттер.  Дінді  Абай  антропология 
теориясымен  түсіндіреді»  [132,329].  Бұл  орайда  Ғ.  Есімнің  «Абай  сопылар 
сияқты  Аллаға  құлшылық  жолында  дүние  қызығын  тәрк  қылуға  қарсы»,  – 
деген тұжырымына да ден қою керек тәрізді [133,51].  
Абай  ағартушылық  реализмнің  идеялық-эстетикалық  құралдарына  жүгіну 
үлгісін  лирикалық  шығармаларында  танытқанмен,  оның  нақтылы  сипаттары 
қара  сөздерінде  көрінді.  «Абайдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет