Монография Қарағаиды 2009 Ре по зи то ри й Ка рг у қаз ббк


 Социалистік реализм және ұлттық проза



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата11.12.2021
өлшемі2,65 Mb.
#99376
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Zharilgapov monograf

 
3.4  Социалистік реализм және ұлттық проза
 
 
Адамның  рухани  бостандығы  мен  ерікті  ұмтылыстарына  қатаң  шектеу 
қойылған,  адамның  болмысқа  деген  классикалық  қарым-қатынасын  түбірімен 
өзгертіп  жіберуге,  көркемдік  танымға  тұсау  салынған  кеңестік  тоталитарлық 
жүйе  -  адамзаттың  тарихи  көшінде,  қазақ  халқының  да  даму  жолында  жүріп 
өткен  бір  белесі.  Тарихтың  жарқын  беттері  болсын,  қатерлі  кезеңдері  болсын 
ешқайда  жоғалып  кетпей  кейінгі  ұрпақтан  өзінің  бағасын  күтіп  жататыны 
белгілі.  Сол  сияқты  тотолитарлық  жүйе  қысымын  басынан  кешкен  қазақ 
халқының  да  қиын  тағдыры  турасында  кейінгі  жылдарда  аз  айтылып  жатқан 
жоқ.  1920  жылдардан  басталған  «кеңестік  адам»  жасау  үрдісінде  сөз  өнері 
бірте-бірте  өз  бағыты  мен  классикалық  даму  бетінен  жаңылып,  тізгінін 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
183 
партиялық  идеологияға  біржола  ұсынуға  дейін  барды.  Сөйтіп,  тоталитарлық 
эстетиканың  ресми  доктринасы  –  социалистік  реализм  пайда  болды.  Кеңес 
дәуіріндегі  әдебиетті  зерттеуге  арналған  еңбектердің  социалистік  реализмге 
соқпай  өткендері  некен  саяқ.  1934  жылғы  Бүкілодақтық  жазушылар  съезінде 
қабылданған Устав социалистік реализмді кеңестік әдебиеттің негізгі әдісі деп 
жариялады  да,  содан  бастап  әдебиетке  бұл  әдістің  принциптерін  жеделдетіп 
енгізуге,  адамзат  баласының  жеткен  ең  биік  көркемдік  табысы  ретінде 
насихаттауға  бағытталған  компания  басталып  кетті.  Содан  бері  социалистік 
реализм  принциптерін  негіздеуге  арналған  бірнеше  жүздеген  еңбектер 
жазылды.  Алайда  идеологиялық  және  ұйымдастырушылық  сипаттағы  ол 
принциптердің  шынайы  көркем  шығармашылыққа  қатысы  аз  еді.  Олар  ойлап 
тапқан шығармашылық критериилер әдебиетке өз зиянын тигізіп, жазушыларға 
шындықты саяси-әлеуметтік тұрғыдан ғана көрсетуге икемдеді. Бірден жойқын 
күш  алып  кеткен  социалистік  реализмді  дәріптеушілік  «жылымық»  жылдары 
ғана солғын тартып, әдебиетті дамытудың альтернативті жолдары қарастырыла 
бастады.  Сол  шақтардан  кейін  ғана  аталмыш  көркемдік  әдістермен  қатар 
өрістеген  әдеби  ағымдар  туралы,  бірнеше  көркемдік  әдістердің  қатарласа 
жасауы  сияқты  көзқарастар  ұсыныла  бастады.  Социалистік  реализм  жөнінде 
кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеттанушылары бастаған полемикалар хроникасы 
ұлттық  әдебиеттанудың  тарихын  қарастырған  зерттеушілер  Ж.  Смағұловтың 
«Ұлттық  әдебиеттану  әлемі»  (2005),  С.  Жұмағұловтың  «ХХ  ғасырдың  екінші 
жартысындағы  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  (1956-1991)»  (2008)  атты 
еңбектерінде 
жан-жақты 
баяндалып 
кеткендіктен, 
ол 
турасындағы 
қайталауларға  баруды  жөн  санамаймыз.  Мәселен,  С.  Жұмағұлов  1960-
80жылдардағы  социалистік  реализм  мәселесіне  орай  ұйымдастырылған 
пікірталастар мен еңбектерге шолу жасай келіп, «зерттеушілер әдеби дамудағы 
дәстүр  жалғастығы  мен  жаңашылдық  табиғатына  тарихи  сабақтастық 
тұрғысынан терең дендеп бара алмаса да көркемдік таным, дәстүр сілеміндегі 
қуатты  арналардың  күрделі  құбылысында  үзілмеген  желіні  байыптауға  күш 
салды»,  – деп  социалистік  реализм негіздерінің  әлсіреу  логикасын  жан-жақты 
байыптайды [163,152]. 
Қазір  социалистік  реализмді  мансұқтау  оңай.  Алайда  әдісті  маркстік-
лениндік  идеяларға  ешқандай  шүбасыз  қараған  қоғамның  ойлап  тапқан 
категориясы ретінде біржақты айыптай беруден гөрі (әрине, көркемдік дамуға 
келтірген  зиянды,  қасаң  принциптері  туралы  ұмытпаймыз)  оның  реализм 
теориясынан  қаншалықты  жырақ  кеткенін  немесе  классикалық  реализм 
талаптарымен қаншалықты жанаса алған тұстарын сараптап көруіміз керек.  
Бұл  орайда  социалистік  реализмнің  эпицентрі  болған  Ресейде  әлі  күнге 
дейін  пікірталастар  жүруде.  Кеңестік  империя  құлаған  1990  жылдардағы 
тұжырым-көзқарастарды  айтпағанның  өзінде,  социалистік  реализмнің  тарихи 
сабақтары мен өнер мен әдебиетте атқарған ролі жайлы ғылыми таластар ХХІ 
ғасырда  да  жалғасын  табуда.  Мысалы,  РҒА  Орыс  әдебиеті  институтында 
(Пушкин үйі) «ХХ ғасыр стилі» атты семинарлар циклінің кезекті 2007 жылғы 
отырысы  «Бүгінгі  соцреализм:  тоталитарлық  эстетиканы  жаңаша  бағамдау» 
тақырыбына  арналып,  қойылған  мәселе  халықаралық  деңгейде  талқыланды. 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
184 
Семинарға  қатысушылар  мынадай  сұрақтарға  жауап  іздеп  көрді:  Социалистік 
реализм  сынды  өткен  ғасырда  билік  жүргізген  эстетикалық  феноменді  толық 
түсініп  біттік  пе?  Нағыз  соцреалистер  кімдер  еді?  Социалистік  реализм 
көкейкестілігінен  мүлде  айрылған,  енді  біржола  тарих  қойнауына  кеткен, 
қайтып  оралмайтын  құбылыс  па?  Бұл  орайда  Р.  Ходель  (Германия,  Гамбург 
университеті) «Соцреализм эстетикалық жаңашылдық па? (Мимесис, диегезис, 
төлеу  сөз)»  тақырыбындағы  баяндамасында  Н.  Островскийдің  «Құрыш  қалай 
шынықты» романын соцреализмнің нағыз үлгісі ретінде ала отырып, кейіпкер 
санасындағы  өзгерістер  мен  ішкі  әлемінің  толқыныстарының  суреттелуіндегі 
бірқатар жаңашылдықтарды табады. Бірақ соцреализмдегі кейіпкерлердің ішкі 
әлемінің бейнеленуі жағымды образдармен шектелетінін, ұнамсыз бейнелердің 
ішкі  дүниесі  қатаң  түрде  сұрыпталудан  өтетінін  айтады.  Ал  В.П.  Хархунның 
(Украина) 
«Тоталитарлық 
онтолгияның 
тұғырлары 
(А. 
Карнейчук 
драматургиясының  материалдары  негізінде)»  баяндамасында  соцреализмнің 
негізгі  эстетикалық  идеалы  ұнамды  қаһарман  жасау  болып,  жаңа  онтология 
тудырғанын,  яғни  «адам  жеке  экзистенция  ретіндегі  статусын  жоғалтып, 
коллективтік  «денемен»  тұтасып  кететіні»  айтылды.  Санкт-Петербургтық 
ғалым  М.Э.  Маликова  социалистік  реализмді  неомифологиялық,  классицистік 
идеалдарға негізделген таза саяси генезистегі эклектикалық кездейсоқ құбылыс 
деп  біледі.  Фольклор  мен  социалистік  реализмнің  байланыстары  жөнінде 
сөйлеген Н.Г. Комелина кеңестік дәуірдегі Ленин, Сталин, Чапаев т.б. туралы
 
шығармаларының 
көпшілігінің 
формасы 
батырлық 
эпостыкі 
деген 
тұжырымдарын  алға  тартады  т.с.с.  [164].  Социалистік  реализмнің  табиғаты 
хақындағы  мұндай  пікір  алмасулар  дүркін-дүркін  болып  отырды.  Бұған 
тоқталғанымыз аталған мәселені ғылыми байыптауға арналған ең соңғы, жаңа 
көзқарастардың  ауанын  байқап  көру.  Көзіміз  жетіп  отырғандай,  соцреализм 
туралы ресейлік ғалымдар әлі де болса ортақ тоқтамға келе алмай, не біржақты 
мансұқтауға,  не  ақтап  алуға  болмайтынын,  әлі  де  болса  байыптайтын  тұстар 
бар екенін аңғартады. 
Қазақ  әдебиеттанушылары  социалистік  реализм  құбылысын  жаңа  заман 
талабына сай парықтап көруге деген ұмтылысты 1980 жылдардың аяғы мен 90-
жылдардың басында көрсетті де, кейін аталмыш мәселе төңірегінде сөз қозғау 
біршама  толастағап  қалды.  М.  Қаратаевтың  «Заман  биігінен  табылайық» 
(«Қазаақ  әдебиеті»,  1988.  22-қаңтар),  Ш.  Елеукеновтің  «Кешегі  және  бүгінгі 
роман: дағдарыс па, жаңа бет алыс па?» («Жұлдыз», 1990. №12), «Социалистік 
реализмнен  бас  тартамыз  ба?»  (Ақиқат»,  1991.  №10),  А.  Исмақованың 
«Әдебиетте тоқырау болды ма?» (Уақыт және қаламгер. Алматы,1990) сияқты 
мақалалары 
мен 
«Қазақ 
әдебиеті» 
газетінде 
(1991. 
25-қаңтар) 
ұйымдастырылған  «Социалистік  реализм  керек  пе?»  және  «Жұлдыз» 
журналында (1991, №1) «Сөз түзелмей, ел түзелмес» атты пікір алмасулар өтті. 
Мұнда М. Қаратаев социалистік реализм жетекшілік атқарған кезеңде идеялық-
көркемдік тұрғыдағы ізденістерді біржақты тенденцияларға жол берілгендігін, 
өмір шындығы мен көркемдік шындық арасындағы сәйкессіздіктер белең алып, 
сөз жоқ, сапасы төмен шығармалардың көбейгендігін растаумен қатар, әдебиет 
дамуы мүлде тоқтап қалмағандығын, оны қазақ прозасының сол кезеңде туған 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
185 
көркем  үлгілерінен  көруге  болатынын  дәйектеді.  Әсіресе  І.  Есенберлин,                
Ә.  Кекілбаев,  М.  Мағауин,  С.  Сматаев,  Д.  Досжанов,  Ә.  Әлімжанов,                         
Х. Есенжанов, З. Шашкиндердің шығармашылықтары арқылы өрістеген тарихи 
және  тарихи-революциялық  романдарының  әдеби  үдерістегі  орнын  мүлде 
төмендетуге болмайтынын баса айтып өтті.  
Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің сын бөлімінің 
ұйымдастыруымен  1991  жылы  өткізілген  «Социалистік  реализм  және  бүгінгі 
өмір» деген тақырыптағы мәжілісте қазақ әдебиетінің тарихи даму жолындағы 
аталған  көркемдік  әдістің  атқарған  рөлі  мен  бүгінгі  күнгі  мәні  талқыланды. 
Онда  социалистік  реализм  принциптерінің  қасаңдығымен  қоса,  шындықты 
игерудегі жаңашылдықтары да сөз болды. С. Қирабаев: «Бізде кейінгі жылдары 
социалистік  реализмді  жоққа  шығару,  әдебиет  дамуы  саласындағы 
олқылықтардың  бәрін  содан  көру,  сөйтіп  одан  безіну  сияқты  пікірлер  жиі 
жазылып  жүр.  Шындығында,  бұған  социалистік  реализм  кінәлі  емес.  Оны 
ойдан  шығарылған  нәрсе  деуге  болмайды,  бұл  –  қоғам  дамуының  жаңа  бір 
кезеңі тудырған, әлеуметтік өзгерістер кезінде жалпы адамдық проблемаларды 
социалистік гуманизм тұрғысында суреттеуге құрылған әдебиет әдісі», – десе,            
Х.  Әдібаев:  «социалистік  реализмнің  теориясы  мен  практикасын  біздің 
еліміздегі  қоғамдық  сана  мен  қоғамдық  өмірдің  өзі  туғызды»,  –  деген 
тұжырымын  алға  тартты.  Ж.  Ысмағұловтың:  «әдебиеттегі  творчестволық  әдіс 
пен әр кезеңде әр түрлі ықпалын жүргізген ресми орындардың саясатын, билік 
басындағы  лауазым  иелерінің  тарапынан  болған  қысымшылықтың  зардабын 
шатастыруға  болмайды»,  –  деген  пікірі  де  соцреализм  әдісін  эстетикалық 
категория  тұрғысынан  келіп  қараудағы  дұрыс  ұстаным  деп  есептейміз  [165]. 
Пікірталасқа  қатысушы  ғалымдар  мен  жазушылар  социалистік  реализмнің 
солақай саясат құралына айналып кетуін «социализм» ұғымын бір бағытта ғана 
түсінушіліктен болған дағдарыс екенін баса айтты.   
Социалистік  реализмнің  теориялық  негіздеріне,  тарихына  ой  жүгірте 
отырып,  әдіс  принциптерінің  кеңес  әдебиетіндегі  көрінісіне  толымды  баға 
беруде  Ш.  Елеукеновтің  мақалары  біраз  жағдайдың  бетін  ашуға  көмектеседі. 
Ол  социалистік  реализмді  қалыптастырушы  қаламгерлер  болып  саналатын           
М.  Горькийдің  «Ана»,  А.  Серафимовичтің  «Темір  тасқын»,  Д.  Фурмановтың 
«Чапаев»,  «Бүліншілік»,  А.  Фадеевтің  «Тас-талқан»  романдарына  тоқтала 
отырып,  бұл  туындыларда  жаңа  дәуір  қаһармандарының  типтері  сәтті 
шыққанын  айғақтайды.  «Бұл  мысалдардан  біз  социалистік  реализм 
теориясының  ойдан  шығарылмағанын,  нақтылы  шығармаларды  талдап, 
қорытындылаудан  туғанын  аңғарамыз.  Аталған  туындыларға  шыншылдық, 
тарихилық  тән.  Бұлардан  «Социалистік  реализм  көркем  творчествоға 
творчестволық  инициатива  беру  жөнінде  және  оның  әр  қилы  форма,  стиль 
және жанр таңдауына айрықша мүмкіншілік туғызады» деген қағидасының да 
расталатынын  байқаймыз»,  –  дейді  ғалым  [166,237-238].  Зерттеуші 
«Социалистік  реализм  әдісі  еліміздегі  әдебиет  пен  өнер  қайраткерлерін 
қуғындаудың  идеялық  негізіне,  өзінше  бір  заң  кодексіне  оп-оңай  айналып 
кетуін»  әдіс  қағидасының  («Уставтың»)  екінші  бөліміндегі  «еңбекшілерді 
идеялық  жөнінен  қайта  өзгертіп,  социализм  рухында  тәрбиелеуге»  арналған 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
186 
қисыннан  көреді.  Яғни  ресми  идеология  осы  «социализм  рухында  тәрбиелеу» 
стереотипін  басшылыққа  алды.  Ш.  Елеукенов  социалистік  реализмді 
эстетикалық  теория  ретінде  қарастыру  қажеттігін  меңзейді.  «Меніңше,  –  деп 
жазады  ол,  -  қазір  қалай  сыналып-мінеліп  жатса  да,  социалистік  идеал, 
коммунистік  мұрат  алдағы  уақытта  да  адамдардың  ой-сезімін  тербеп, 
адамдардың  санасына  қанат  бітіреді.  Томас  Мор,  Кампанелла,  Сен-Симон, 
Фурье, Оуэн т.б. дәріптеген социализм идеялары өшпейді. Қияли социалистер 
тарихи прогресті көкседі. Еңбек адамының ең абзал қасиеті болуын армандады. 
Ой еңбегі мен дене еңбегінің, қала мен деревняның қарама-қарсылығын жоюды 
алға қойды. Әлеуметтік әділеттілікті жақтады. Адамзат цивилизациясы бұл игі 
мақсаттардан  да  бас  тартуға  тиісті  емес.  Қалай  дегенмен  де  «реализм» 
терминінің  анықтауышы  «социалистік»  деген  тарихи  қалыптасқан  терминді 
алып  тастау  қисынға  келе  бермейді.  Бұл  әдісті  жақтаушылар  социализм  бір 
таптың  емес,  барша  адамзаттың  арманы  екенін  ойластыруы  тиіс»  [166,224]. 
Кеңестік  дәуір  әдебиетінің  әдісі  мен  бағыттары  бар  шындығымен,  бар 
қайшылығымен  өзінің  нақты  бағасын  алуға  тиістігін  айтатын  С.  Қирабаев  та 
«Социалистік  реализм  өз  дәуірінің  міндетін  атқарған,  өмірді  бекітуге  қызмет 
еткен  шығармашылық  әдіс.  Ол  социалистік  өмір  фактілеріне  сүйенді.  Жалпы 
реализмге  социалистік  сипат  берді.  Өмірді  біржақты  суреттеуіне  қоса  ол 
әдебиет арқылы жаңа адамды тәрбиелеу міндетін мойнына алды», – деп жазды 
[167,142].  Ғалымның  әдіске  қатысты  көзқарасы  тағдыры  қилы  кеңестік 
әдебиеттің  ізденіс-іркілістерін  тең  саралай  алатындығымен  байланысты. 
«Жасырмай  айтсақ,  біздің  бүгінгі  профессионалды,  әлемге  танылған 
әдебиетіміз  –  сол  жылдардың  жемісі.  Сол  жылдар  әдебиет  жанрларын 
байытып, жетілдірді», – деген байламына келіспеуге болмайды [168,12]. 
Жанрлардың жетілуімен бірге  соцреализм  дәуірлеп  тұрған кезеңнің өзінде 
бейнелеудің бірнеше формалары болғанын, түрлі стильдердің көрініс бергенін, 
яғни  басқа  да  әдіс-түрлердің  қапталдаса  өмір  сүргенін  де  атап  өтуге  тиіспіз.            
Б. Майтанов: «Ойлап қарасақ, «сыншыл» реализм де, «социалитсік» реализм де, 
ең  озық  үлгілеріне  үңілсек,  бір  реализм  екен.  Ал  «социалистік  реализмнің» 
жадағай  тәсілге  түскен  өзара  ұқсас  шығармаларын  «неоклассицизм» 
терминімен  таңбалаудың  жаны  бар  тәрізді.  Демек,  ХХ  ғасыр  әдебиетін 
зерттегенде,  нақ  осы  күнге  ұнағанын  теріп  алып,  өз  дәуірі  үшін  маңызды, 
кезеңдік  туындылардың  басына  су  құю  әдебиеттану  методологиясына 
жараспаса  керек.  Қазақ  көркемсөз  үрдісінде  тарихшылдық,  этнографизм, 
лиризм,  мифологизм,  натурализм,  автобиографизм  тенденциялары  қанат 
жайып,  стильдік  полифония  айшығын  келтірді»,  –  деген  пікірі  соцреализм 
әдісінің бейнелеу принциптеріне сыналап еніп кеткен және қатарласа жасаған 
көркемдік  әдіс-тәсілдер  турасында  ізденуге  жетелейді  [169,323].  Ғалым 
кеңестік әдебиеттің негізгі әдісін біржақты қаралай беруден сақтану қажеттігін, 
көркем  шығармаларды  тарихи  дәуір  ерекшелігімен  байланыстыра  зерделеу 
керектігін ескертеді. «Әрине, кеңестік кезеңде басты мәселе кеңес әдебиетінің 
даму  жолы,  Лениниана,  жаңа  адам  бейнесі,  замандас  тұлғасы,  социалистік 
реализм  принциптері  төңірегінен  табылды.  Бұл  жағдайлардың  өз  кезеңі  үшін 
көкейкестілігін жоққа шығара алмаймыз. Сонымен қатар реализм, социалистік 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
187 
реализм,  мазмұн  мен  пішін,  ұлттық  пен  интернационалдық  туралы 
зерттеулердің  құнды  сипаттары,  мәтінді  уақыт  өңдеуіне  түсіріп  оқыса,  әлі  де 
мәнін  жоғалта  қойған  жоқ.  Оған  тек  аспаннан  түскендей,  бәрін  де  өзі  біліп 
туған,  басқалардың  ақылы  жетпеген  тәрізді  қарайтын  түсініктен  гөрі 
әсіреқызылдықтан  ада,  дұрыс,  байыпты  көзқарас  қажет»,  –  деп  осы  орайда 
жазылған  қыруар  зерттеу  еңбектердің  де  лайықты  орны  барлығын,  қазақ 
әдебиетінің  кеңестік  дәуірін  зерделеуге  арналған  ізденістердің  әдеби  үрдіс 
табиғатын  ашудағы  мәні  әсте  жоғалмағанын,  әлі  де  қажетке  жаратуға 
болатынына назар аударады [169].  
Сол  тәрізді  М.  Қаратаевтың  «Социалистік  реализмнің  қазақ  прозасында 
қалыптасуы»  атты  ғылыми-теориялық  еңбегі  кеңестік  кезеңдегі  қазақ 
прозасының  даму  бағытын,  социалистік  реализм  принциптерінің  проза 
жанрындағы  жан-жақты  көрінісін  қарастырудағы  іргелі  зерттеу  болып 
қалмақшы.  Мұнда  қазіргі  таңдағы  қажеттілігімізге  жарайтын  тұстар  мол. 
Әсіресе  белгілі  бір  жанрдың  даму  үрдісіндегі  көркемдік  әдістің  ролі  сияқты 
теориялық  күрделі  мәселенің  нақты  әдістемесі  бар.  Ғалым  С.  Сейфуллиннен          
С.  Бақбергеновке  дейінгі  қазақ  прозасының  тарихи  даму  жолын  социалистік 
реализммен  байланыстыра  қарастырғанымен,  түр,  стиль,  образ  мәселесін 
теориялық тұрғыдан дәйектеудің жүйелі үлгісін көрсетті. Социалистік реализм 
жаңа адам жасау талабында өзінің негізгі қаһарманы етіп алған еңбек пен күрес 
жолындығы  адамды  қазақ  прозасында  бейнелеудің  алғашқы  белестеріндегі 
орын  алған  схемашылдық,  поэтикалық  нәрсіздік  үнемі  ескертіліп  отырды. 
Мысалы,  ғалым  С.  Сейфуллиннің  «Жер  қазғандар»  повесінің  идеялық-
көркемдік  сапасын  талдай  отырып,  социалистік  реализм  шеңберінде 
қалыптасып  келе  жатқан  прозаның  жалпы  дамуындағы  эстетикалық 
талаптармен қабыспайтын қыруар кемшіліктерді атап өтеді: «Жас прозаға тән 
кейбір  олақтық,  үстірттік,  сырт  суреттеуге  көбірек  бой  ұрушылық  –  осыдан 
келіп,  қарадүрсіндік,  характердің  ішкі  қатпар-қалтарыстарына  терең 
бармаушылық,  көркем  сұрыптау  мен  жинақтаудың  жетіспеушілігі... 
Қаһармандардың  ішкі  психологиялық  құбылыстарының  күңгірт  көрінуі, 
сондықтан  характерлердің  айқын  ашылмауы,  жұмысшылардың  баяғы  еңбегі 
мен қазіргі еңбегі біріңғай бояулармен суреттелуі, сондықтан совет тұсындағы 
еңбек процесінде ешқандай қайшылық пен қиындықтың ұшыраспауы, сырттай 
сипаттау  мен  мінездеудің  көл-көсір  молшылығы»  сияқты  көркемдіктің 
ауылынан жырақ кетушілікті ғалым әділ түрде айғақтады [106,184]. Зерттеуші 
социалистік  реализмді  басқа  әдістер  мен  ағымдардан  биік  қоя  отырса  да 
әдебиеттің  өзіндік  заңдылықтарын,  көркемдік  қуатын  үнемі  назарға  алып 
отырды.  
Біз  үшін  М.  Қаратаевтың  жанр  мен  көркемдік  әдістің  диалектикасы 
тұрғысындағы байыптаулары маңызды. Өйткені қазақ әдебиетінде социалистік 
реализм  сынды  әдістің  болғаны,  қазақ  прозасы  да  ресми  идеология  тудырған 
осы қалыпқа салынғаны, соған орай идеялық тұрғысы біріңғай шығармалардың 
шоғыры  қалыптасқаны  шындық.  Бірақ  ол  үрдістер  қалай  жүрді,  социалистік 
реализм  ұстанымдары  әдебиеттің  имманентті  заңдылықтарымен  қаншалықты 
қабыса  алды,  шығарманың  поэтикалық  құрылымына  қай  тұрғыдан  әсер  етті? 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
188 
дейтін  сауалдарға  теориялық  түсініктер  беру  мәселесі  әлі  де  болса  ашық 
күйінде  қалып  отыр.  Социалистік  реализм  әдебиеттегі  плюрализмге  жол 
ашпағаны,  оның  сыңаржақ  принциптері  шығармашылық  еркін  ізденістерге 
қатаң  шек  қойғаны,  жалаң  үгіт-насихаттың  жетегінде  шамадан  тыс 
саясаттануға  апарғанын  қаперде  ұстай  отырып,  оның  тарихи-теориялық 
негіздерін жаңа көзқарастар тұрғысынан саралау қажет. 
Ұлттық әдебиеттануда социалистік реализм әдісінің алғышарттары сыншыл 
реализмде жасалғаны жөніндегі теориялық тұжырым әбден орнығып қалды. Бір 
жағынан  алып  қарағанда  мұндай  көзқарас  саясат  салқыны  тұсында  сыншыл 
реализмді,  өз  шығармашылығында  сыншылдық-аналитикалық  ұстанымда 
болған қаламгерлерді арашалап қалу ниетінен туды. 1961 жылы Б. Кенжебаев 
«Жиырмасыншы  жылдардағы  қазақ  совет  әдебиеті»  еңбегінде  «сыншыл 
реализм»  терминін  алғаш  қолданғанда  да,  одан  кейінгі  еңбектерде  де  бұл 
ұғымды тікелей соцреализммен сабақтастыратын болды. Ал сыншыл реализмді 
бірнеше  еңбектеріне  арқау  етіп,  бұл  көркемдік  әдістің  қазақ  көркем  ойының 
дамуында  алатын  орнын  үнемі  баса  айтып  келген  Т.  Кәкішев:  «Сыншыл 
реализм  дәстүрлерінің  кейіннен  социалистік  реализм  деп  аталған  әдісті 
аяқтандыруға  өнерпаздық  ықпал  жасағанын,    көмегін  тигізгендігін  аңғармау, 
байқамау,  сайып  келгенде,  творчестволық  өмірдегі  тарихи  сабақтастықтың 
сақталуы жөніндегі диалектикалық заңға қарама-қарсы шығумен тең болмақ», 
– десе [69,262], М. Қаратаев жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысындағы  
Б.  Майлин,  М.  Әуезов  сынды  жазушылардың  шығармашылықтарындағы 
сыншыл  реализм  сілемдерін  «социалистік  реализмнің  қалыптасып  жетілуіне 
тосқауыл емес, қайта тікелей даярлық, әзірлік болып табылған өрнектер», – деп 
табады [106,163].  
Кеңестік  дәуірдің  алғашқы  кезеңінде  сыншыл  реализм  мен  социалистік 
реализмнің  қатарласа  өмір  сүріп,  бірте-бірте  соцреализм  принциптері 
дараланып шықты дейтін Одақ сыншылары мен әдебиеттанушы ғалымдарының 
пікірі, жалпы алғанда, бір жерден табылып жатты. Мұндай көзқарас 1968 жылы 
КСРО  ҒА  М.  Горкий  атындағы  Әлем  әдебиеті  институты  мен  КСРО 
Жазушылар одағы өткізген «Социалистік реализмнің түбегейлі проблемалары» 
атты  ғылыми  конференцияда  біржола  тұжырымдалды.  Онда  сыншыл 
реализмнің  социалистік  реализмді  тудыруы  тарихи-әдеби  заңдылық  ретінде 
қарастырылды.  Әрине  социалистік  реализм  толық  үстемдік  еткенге  дейін 
әдебиетте бірнеше ағым-бағыттардың өмір сүргені де айтылып қалғанымен ол 
әдеби  құбылыстардың  кейінгі  жайы  туралы  (символизм,  экспрессионизм, 
неоклассицизм  т.б.)  пікірталастар  көп  уақытқа  дейін  жабық  күйінде  қалып 
келгені шындық.  
Социалистік  реализм  сыншыл  реализмнің  өмір  құбылыстарын  әлеуметтік 
талдау  тұрғысынан  суреттеу,  адам  мінезін  әлеуметтік  шарттардан  туғызу, 
қоғам мен нақты тарихи адам болмысын бейнелеудегі типтік жағдай мен типтік 
характер  жасау  сияқты  принциптерді  алғаны  рас.  Біздің  ойымызша, 
социалистік  реализмдегі  романтизмнен  ауысып  келген  көркемдік  ұстанымдар 
айрықша  орын  алады.  Соцреализм  әдебиетінде  тұлғаның  абсолютті 
бостандыққа  ұмтылуы,  заманның  нақты  көрінісінен  гөрі  асқақ  мұрат  пен 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
189 
идеалды  алдыңғы  қатарға  шығаруы,  дара  адамды  тым-тым  дәріптеу  сынды 
романтизмнің  басты  принциптері  айқын  танылатыны  жөнінде  айтпай  келеміз. 
Бұл кезінде біраз қызу пікірталастар туғызған «төңкерісшіл романтизм» де емес 
еді. Өйткені романтикалық идеал социалистік реализмде өзінің философиялық 
мәнінен 
айрылып, 
қаламгерлердің 
саяси-әлеуметтік 
көзқарастарына 
бағындырылды.  Біз  айтып  отырған  құбылыстар  социалистік  реализмнің 
романтизмнен  қабылдап  алған  бейнелеу принциптері  еді. Соцреализм әдебиет 
дамуының  өз  заңдылықтары  тудырмаған,  шұғыл  енгізілген  әдіс  болғаннан 
кейін  де  өзіне  дейінгі  әдіс  пен  бағыттардың  идеялық-эстетикалық 
принциптерінен енші алуына тура келді.  
Қазақ 
прозасындығы 
социалистік 
реализмнің 
ізашары 
болған 
шығармалардың  бірі  –  Б.  Майлиннің  «Раушан  коммунист»  повесіндегі 
қарапайым  ауыл  әйелі деңгейінен  қоғам  қайраткеріне  дейін  көтере  суреттеген 
Раушан  образын  даралауға  романтикалық  принциптер  қолданылған. 
Шығармадағы  басқа  образдар,  поэтикалық  құрылымдар  Раушан  образын  өз 
ортасынан  жоғары  деңгейге  көтеруге,  әбден  даралауға  арналады.  Мұны               
Т.  Нұртазин  де  кезінде  дәл  байқап,  «Раушандай  ауылдағы  қарапайым 
қатардағы  әйелдердің  саяси-мәдени,  көзқарастық  дәрежесі  пәлендей  жоғары 
емесі  белгілі.  Сондай  ортадан  шыққан  Раушанды  повестегі  дәрежеге  көтеру  - 
өршіл  романтизм  арқылы  қол  жеткен  нәрсе»  екенін  атап  өтеді  [117,184]. 
Дәуірдің  ұнамды  кейіпкерін  жасау  бағытында  қалыптасқан  қағидалардың 
барлығына  қарсы  шығатын  өз  ортасынан  мойны  озық,  күрескер  адамды 
бейнелеуге  деген  ұмтылыс  романтизм  эстетикасына  жүгінуге  еріксіз  алып 
келеді.  «Раушан!..  Бұдан  үш  жыл  бұрынғы  ауыл  әйелінің  бірі  болып  жүрген 
Раушан!.. Ондағы Раушан мен қазіргі Раушанның арасы жер мен көктей, қазіргі 
Раушан:  мектеп  бітірген,  білім  алған,  саясатқа  ұстарман;  Маркс,  Ленин 
қисынымен  құралданып,  социалистік  өмірдің  тұтқасын  қолыма  ұстаймын  деп 
белсеніп шыққан Раушан!..» [159,52] Жазушы замана оқиғаларының объективті 
ағысын  қаһармандардың  мінездік  бітімдерімен  шендестіру  сияқты  реалистік 
мақсат  ұстанғанымен,  өзінің  субъективті  иделына  сай  бейнелетін  Раушанның 
бойына  жаңашылдық  пен  күрескерлік  рух  дарытуынан  типтендіруден  гөрі 
даралауы басым түсіп жатады.  
«Қазақ прозасында жаңа адам образы ең алдымен және ең айқын түрде әйел 
образы  арқылы  көрініс  берді»,  –  дейді  М.  Қаратаев  [106,166].  Расында  да 
социалистік  реализм  үлгісінде  жазылған  шығармалардың  алғашқы  легінде 
орталық кейіпкердің әйел жаратылысынан болып келуі қалыптан тыс образдар 
жасауға  деген  талпыныстардан  келіп  туындады.  Ғасыр  басындағы  романдарда 
бейнеленген еркіндікке қол созып, қапыда кеткен қазақ қыздарының орнына өз 
бақытымен қоса мемлекеттік мүдде арқалап жүрген жаңа қайраткер әйелдердің 
бейнесі келді.  
Еуропадағы  романтизмнің  тууына  бірден  серпін  берген  Ұлы  француз 
революциясы  қаламгерлерге  буржаузиялық  қоғамнан  биік  тұрған  адам 
бейнесін,  өзінің  бостандығы  жолында  күрескен  тұлға  образын  жасауға,  яғни 
төңкерістен тұтанған сезімдердің жетегінде бойын құлшыныс билеген қаһарман 
сомдауға  қанаттандырды.  Дәл  сондай  болмаса  да,  Қазан  төңкерісінен  кейінгі 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
190 
тарихи ахуал қазақ әдебиетінде де асқақ мұрат-идеалдарға негізделген өзгеше 
поэтикалық құлшыныстар туғызды. Жаппай бой көтерген социализм идеялары 
қоршаған ортаның шындықтарына қарама-қарсы қойылды. Төңкерісшіл пафос, 
саяси-идеологиялық қатаң талап – жаңа идеалды туғызды. Социалистік өмірдің 
болашағын,  келер  күнді  идеалдандыра  көрсету  соцреализм  шығармаларының 
қайсына болсын тән. Тіпті ол тым-тым саясаттанған, көркемдік санадан саяси 
сана  бірінші  кезекке  қойылған  туындылардың  өзінде  байқалып  отырды. 
Мысалы, І. Жансүгіровтің 1933 жылы басылып шыққан «Социализм болғанда 
ауыл  қандай  болады»  деген  әңгімесінде  болашақ  өмірдің  идеалды  үлгісін 
жасауға алғашқы қадам жасады.  
Әдебиет  зерттеушілері  мен  сыншылар  социалистік  реализм  жолындағы 
әдебиетте  романтизм  тәсілдерінің  айқұлақтанып  көрініп  тұруын  немен 
түсіндірудің жолдарын қарастырды да, ондай құбылыстар сырын «прогресшіл 
романтизм»,  «төңкерісшіл  романтизмге»  жатқызуға  тырысты.  Ғ.  Мүсірепов 
өзінің  1933  жылғы  Қазақстан  кеңес  жазушыларының  ұйымдастыру  комитеті 
бірінші  пленумында  жасаған  «Социалшылық  құрылыс  дәуірі  –  түрі  ұлттық, 
мазмұны  пролетариаттық  көркем  әдебиеттің  өркендейтін  дәуірі»  деген  әйгілі 
баяндамасында  «социалдық  романтизм»  терминін  ұсынды.  «Бұл  социалды 
нағызшылдыққа қарсы келмейді. Социалдық романтизмнің мазмұны – жазушы 
шын  өмірді  жазғанда  еліктіріп  шынды  көтеріп,  кәзіргі  күнімен  келешектегі 
жайын  байланыстыра  жазудың,  алға  сүйреудің  әдісі.  Шынында  да  кәзіргі 
өмірімізде  кешегі  құл,  күң,  құқықсыз  жұмыскер  мен  қара  шаруа 
еңбекшілерінен  бүгін  теңсіз  ерлер,  ескілікке  аямай  балта  шауып,  жаңа  өмірді 
құрып  жатқан,  көсем,  іскер,  екпінді  адамдарымыз  шығып  отыр.  Қалай 
көтермелеп,  қалай  сырлап  жазсаң  да  олар  көтере  алады»  деген  тұжырым 
жасауы әдебиет бір әдістің ғана арнасымен дамымайтындығын саналай алуын 
көрсетеді  [148,94]. Оның  дәлелдеуінше,  «социалды  нағызшылдық»  социалдық 
пішіндегі  романтизм  үлгілерімен  қоян-қолтық  өмір  сүре  алады.  Ғ.  Мүсірепов 
ұлтшыл  жазушылардың  белді  өкілі  Мағжанның  романтикасын  социалды 
романтизмнен бөлек «сарындамашылық» дей отырып, екеуінің арасына айқын 
шекара  қоюға  тырысады.  Мұндағы  біз  үшін  маңыздысы  социалистік  реализм 
тек  сыншыл  реализм  дайындаған  әдіс  емес,  романтизм  ұстанымдарының  да 
ерекшеліктерін бойына жинақтаған құбылыс екенін тануда. 
Орыс  әдебиетінде  М.  Горькийдің  «Сұңқар»,  «Данко»,  «Изергиль  кемпір», 
«Ана»  т.б.  сияқты  романтикалық  пафостағы  шығармаларды  дүниеге  келтіріп 
барып  социалистік  реализмге  ауысуы  сияқты  процестердің  нышаны  қазақ 
прозасында  да  байқалып  жатты.  Өзінің  прозашылық  талантын  социалистік 
реализммен  байланыстырған  С.  Мұқанов  та  «Сұлушаш»  романын 
романтикалық  пафоста  жазып  шықты  да,  бейнелеудің  романтикалық 
принциптерін жаңа әдіс шеңберінде де іске асыра алды. Басты қаһарманды өз 
ортасынан  мойнын  оздырып,  барынша  даралау,  «ерекше  жағдайдағы  ерекше 
характер»  жасау,  образды  өзі  құлай  сенген  идеалына  лайықтау  тәжірибелері 
«Жетім  қыз»,  «Қанды  көл»,  «Әсия»,  «Ақбөпенің  сыры»,  «Жарқын  жолмен», 
«Екпінді»,  «Батыр  қыз»  әңгіме-повестерінен  анық  аңғарылады.  Ал  авторды 
қанағаттандырмаған  қоғамдық  ортаны  мүлде  өзгертушілікке  негізделген 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
191 
максималист-тұлға  «Ботагөз»  романында  сомдалды.  Қазақ  әдебиетінде 
эпикалық  тынысты  прозаның  жетілуінде  сөз  жоқ  лайықты  орны  бар  бұл 
романда  қаламгер  Ботагөздің  образы  арқылы  күрескерлік  пафосты  мейлінше 
көтеруді  мақсат  етеді.  Романның  кейін  «Ботагөз»  атануы  да  автордың  осы 
бейнеге деген ерекше ықыласынан. Ботагөз патша үкіметінің шенеуніктері мен 
Итбай  сияқты  ел  жуандарының  тасырлықтарынан  қаншалықты  азап  шексе  де 
автор оның қаһармандық қырларын әсте төмендетпейді. Қоршаған ортаға әсері 
мен  әрекеті  де  ерекше  көрінетін  қаһарманның  сипатын  танытуда  қаламгер 
бірнеше  тәсілдерге  жүгініп  отырады.  Әсіресе  Ботагөз  бейнесінің  дараланып 
шығуына орталық образдардың бірі Асқардың әсері мол. Асқар бейнесі - жаңа 
тұрпаттағы  қазақ  қызын  дем  беруші,  бағалаушы  тұлға.  «Ол  дауылға  қарсы 
жүрді. 
Дауылмен 
арпалысқан 
ол, 
қажымай, 
жасымай, 
кездеске 
қиыншылықтардың  бәрін  батыл  басып  өтті  де,  іздеген  сәулесі  –  бостандыққа 
қолы  жетті.  Онымен  Ботагөз  қанағаттанбады.  Қолын  таң  астынан  сәуле 
шашқан алтын күнге созды, аяғын алшаң аттады, сол жолында бақыты ма, соры 
ма?..»  деген  тікелей  мінездеу  тәсілі  Асқар  арқылы  орындалады  [170,405]. 
Ботагөздің  ерлікке  ұмтылған  тұлғасы  авторлық  баяндау  үлесіне  де  мол  тиеді: 
«Қызу істің үстінде ерекше бір қасиетін көрсетті ол, онысы үгітшілігі, үгіт ісіне 
шешендігі...  Қазақша  да,  орысша  да  шешен  сөйлейтін  ол  патша  үкіметінің, 
қанаушы  таптың  еңбекші  көпшілікке  көрсеткен  қорлығын  өз  басынан  кешкен 
мысалдармен  байланыстырғанда,  тыңдаушыларын  талай  рет  жылату  халіне 
келтірді...»  [170,376]  немесе  «Ботагөз  туралы  ел  аузындағы  сөз:  «Аты  әйел 
демесе,  ерден  артық»,  «Шіркіннің  жібектей  созылған  мінезі-ай!»,  «Жап-жас 
бола тұра, салмақтысына не берерсің!», «Оқып та қалған қыз екен, заң-законге 
жүйрігі-ай, сабаздың!», «Айыр көмей, жез таңдай деген осы шығар! Шешені-ай 
шіркіннің!  Сөйлегенде  судай  ақтарылады,  ерні  ерніне  жұқпайды!  Мұндай  да 
тілмар  адам  болады  екен!»,  «Өзі  әлі  күйеуге  шықпаған  қыз  дейді.  Қандай 
жігіттің  маңдайы  жарқырап  тұр  екен,  мұны  алуға!..»  [170,391].  Бұл  – 
романтикалық  мінездеу  сипаттары.  Сондықтан  болар  жазушы  Ботагөздің 
бойындағы  ерек  характерді  айқара  ашу  кезіндегі  кей  оқиғалардың 
нанымдылығын  солғындатып,  шартты  суреттеулерден  де  бас  тартпайды. 
Шығармада  реалистік  әдебиетке  тән  әлеуметтік  өмірдің  қайшылығы,  тарихи 
уақыт шындықтары бейнеленіп отырғанымен Ботагөз образындағы күрескерлік 
пен  рухани  күшті  кейде  әсірелеп  берушілікті  аңғармай  қоймаймыз.  Ол 
суреттемелер  Ботагөздің  Байсақал  тұқымының  жүгенсіздігін  бетіне  басуы, 
көтерілістің  бел  ортасында  жүруге  шешім  қабылдауы,  Сарыбаспен  бетпе-бет 
келіп, қанды шеңгелінен құтылып кетуі, Алексей Кулаковтан айласын асыруы 
кездерінде  танылады.    Қазақ  әйелі  туралы  басқалар  мойындаған  қағидаларға 
қарсы  шығатын  кейіпкер  тұлғасын  осы  суреттерде  айқындап  алу  көзделеді. 
Саяси  мақсаттары  әр  тараптағы  Ботагөз  бен  Сарыбастың  ортасындағы 
шиеленісті диалог ерекше әрекет пен ерекше мінезді айшықтау үшін алынады: 
«–  Оңбаған!..  Бұзық!..  деді  Ботагөз  екпінді  дауыспен,  –  «адаммын» 
дегендегің осы ма! Саған теңейтін айуан жоқ! Қапымды таптың, ат, дұшпан!.. 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
192 
–  Тілегіңді  орындайын:  үш  кегімді  атап,  бір  оқпен  алам  (Ботагөздің 
жүрегінен  көздеді):  бірі  –  әкем  Итбайдың  кегі,  екінші  таланған  мал  мен 
мүлкімнің кегі, үшінші өзімнің...» [170,384].  
Бөтагөздің  асқақ  қасиеттерін  айқындауда  жазушы  монологтық  форманы 
қолайы  көре  бермейді.  Өйткені  оқиғалық  желілер  бірін-бірі  жылдам 
айырбастап,  сюжет  дамуы  шапшаңдық  сипат  алады.  Шығармадағы  тартысты 
шиеленістіріп, сюжет драматизміне дем беріп отыратын тәсіл - кейіпкерлердің 
ашық  қақтығыстар  үстіндегі  диалогтары.  Романдағы  психологиялық  талдау 
шеберліктерін  саралай  келіп,  Б.  Майтанов:  «Бұл  орайда,  С.  Мұқанов 
персонаждар  болмысына  тән  іс  пен  сөздің  диалектикалық  бірлігін  сақтауға 
тырысқан.  Романда  әрбір  диалог  жаңа  хабармен  қоса  жаңа  мінездер  әкеледі 
немесе  бар  мінездерді  соны  қасиеттермен  толықтыра  түседі»,  -  деп  жазады 
[171,102].  Шындығында  да  көркем  шығарманың  алғашқы  тарауларындағы 
Ботагөз  диалогтары  қаһарманның  әлі  күрескерлік  деңгейге  жетпеген,  әлі  де 
балса  ішкі  қуаты  сыртқа  шықпаған  күйін  танытады.  Оның  1916  жылғы 
көтеріліс  қатарына  қосылып,  саяси  санасы  бекіп  күрескерлік  рухы  биіктей 
түскеннен бастап қаламгер диалогты да көтеріңкі патетикалық леппен ұсынады. 
Бірнеше персонаждар қатынасатын диалогтарда бір ғана субъектінің характерін 
оқшаулап отыру сияқты амалдар Ботагөз обаразына байланысты қолданылады. 
Ботагөздің  көтеріліске  қатысу  шешімін  қош  көрмеген  Амантай  және  бұл 
эпизодтағы диалогқа пассив-қатысушы ретінде көрінетін Асқар тілдесулерінен 
де кейіпкердің өжеттік пен ымырасыздық қасиеттерін танимыз:  
«–  Нағашы  ата,  –  деді  Ботагөз  ширақ  үнмен  киліге  кетіп,  -  бұл  сөзіңізге 
қосыла алмаймын мен!.. 
– Қай сөзіме, қарағым? – деді Амантай түсінбей. 
–  Мұндай  арпалыс  шақта  қару  асынып,  ерлердің  қатарында  майданға 
шыққан  талай  әйел  бар.  Мына  Асқар  балаңыз  біледі:  Франция  деген  елдің 
Жанна де Арк деген батыр қызы болған, орыстың Надежда Дурова деген батыр 
қызы болған... 
– Рас, – деді Асқар, - екеуі де арпалыс күндерде ерекше ерлік көрсетіп, ұлы 
екі елдің тарихында аттары мәңгі сақталған. 
– Олар мінген атқа мен міне алмаймын ба? – деді ол Асқарға қарап. – Олар 
асқан қаруды мен асына алмаймын ба?.. 
– Әрине, асына аласың, – деді Асқар. 
– Ендеше сөйтем мен!..» [170,272] 
Кейіпкерлердің  ашық  сөзін  әр  түрлі  формада  жеткізуге  ұмтылатын                   
С.  Мұқанов  ол  диалогтарға  идеялық  қана  жүк  артып  қоймай,  мінездік-
психикалық  міндеттер  де  жүктейді.  Сұхбатқа  қатысушылардың  сөйлеу 
мәнеріндегі  интонациялық  ырғақ,  қарсы  репликалар  авторлық  ремаркамен 
сабақтасып, кейіпкер санасы мен автор санасының тұтастығына апарады. 
Ботагөздің келешек үшін күресін тек коммунистік идеал үшін арпалысу деп 
емес,  жалпы  адам  баласының  шектеудің  қай  түріне  болсын  қарсы  шығатын 
абсолютті еркіндікке ұмтылысы деп қарау керек. Яғни 1916 жылғы көтерілістен 
кейінгі  азаттық,  бостандық  идеяларымен  желпінген  кейіпкер  болмысында 
романтикалық құлшынулар  болуы  заңды  еді.  Ботагөз образы  арқылы  ерік пен 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
193 
еркіндік  пафосын  күшейтететін  қаламгер  тарихи  өзгерістер  сипатын  өзінің 
субъективті  қабылдануына  бағындырады.  Кезінде  образдың  осы  ерекшелігін 
схемашылық,  статикалық  ретінде  бағалап,  шығарманың  эстетикалық 
құндылығын 
түсіретін, 
реализмнің 
бағасын 
кемітетін 
нәрсе 
деп 
көрсетушіліктер болды. М. Қаратаев «адам образдары кей ретте автордың адам 
табиғатын,  адам  характерін  жіті  бақылап,  терең  зерттеуінің  нәтижесі  емес, 
автор идеясын тікелей іске асырушы ретінде бой көрсететін» жағдай деп тауып, 
осы  «кемшілік,  жалпы  алғанда,  қазақ  әдебиетінің  1920-30  жылдардағы  көп 
шығармаларына  тән  кемшілік»  екеніне  тоқталып  өткен-тін  [106,282].  Ботагөз 
характерінің  ерекшеліктерін  саралап  көрсеткен  ғалым  М.  Хасенов  те  өзінің 
«Ұнамды образ және типтендіру» деп аталатын еңбегінде кейіпкердің кейде өз 
мүмкіндіктерінен  әсірелеп  суреттелетінін,  кейбір әрекеттерінің  сендірмейтінін 
ескертеді [172,126]. Мұндай сын айтушылардың көпшілігінің пікірі социалистік 
реализм  жүйесінде  романтизм  принциптерінің  белгілі  бір  дәрежеде  орын 
алғанымен  келіспеушіліктен  туындап  жатты.  Автордың  идеалық  бағдарында 
кемел  болашаққа деген  кәміл  сенім, оны идеалдандыру,  сол  жарқын  күндерге 
асығушылық  романтикалық  тәсілдерсіз  көрінуі  мүмкін  емес-ті.  Мұндай 
тенденция  қазақ  прозасының  1920-30  жылдардағы  даму  үрдісінде  біраз  уақыт 
тұрақтанып  тұрды.  Ботагөз  сынды  қаһармандар  да  сол  кезеңдегі  болашақтан 
күткен бостандық идеяларына байланысты қалыптасқан шығармашылық көңіл-
күйге  байланысты  туғаны  аян.  Бұл  образдың  құрылымы  жайлы  М.  Әуезов 
«Оның  бар  жаратылыс  бітімінде,  ой-арманында  болашаққа  қарай  бой  ұрған 
революцияшыл  романтиканың  қасиеті  бар»,  -  дегені  мәлім  [173,181].  «Бұл 
образды  мүсіндегенде  автордың  романтикаға  барғаны  күмансыз»  екеніне  ден 
қоятын  зерттеуші  З.  Жұмағали:  «С.  Мұқановтың  аталмыш  кітабы, 
большевиктердің  ескіні  түп  тамырымен  аластап,  жарлыны  байға  теңестіретін 
мүлде ерекше салтанатты қоғамды орнатуға белсене кіріскен кезінде жазылды. 
Онда  өткен  заманның  біріңғай  датталып,  қиялдағы  елеске  емексушіліктің 
қалтқысыз дәріптелуі соған байланысты», – дейді [174,186].  
Шығармадағы 
романтикалық 
пафостың 
социалистік 
реализм 
тенденцияларымен  сабақтаса  отыруы  автордың  ерекше  оптимизмінен, 
«барлығын бір демде» өзгертуге деген құштарлықтан туындап жатты. Жазушы 
тарихи  оқиғалар  дамуын  рационалистік  тұрғыда  сараладым  дегенінің  өзінде 
«күмәнсіз  келешектің  мүлтіксіз  бейнесі»  дәуірдің  тартыс-талқысынан  биік 
тұрды. Сондықтан да Ботагөз көріп өскен әділетсіз өмір мен оның болашақтағы 
идеалды  өмірі  арасындағы  қарама-қайшылық  шығарма  құрылымының  тінін 
ұстап тұр. Романшының күткен күнге, алдағы уақытқа елжіреушілігі шығарма 
соңындағы  пейзаждық  суреттерден  де  айқындалады.  Қаламгер  идеясынша 
теңдік  пен  бостандық  әперуші  Қызыл  армияны  Шалқар  көлінің  ортасындағы 
тас  діңгекте  қарсы  алатын  Ботагөздің  (автордың)  субъективті  танымымен 
берілген пейзаж соның айғағы: «Мезгіл – күн шығардың алды екен. Шығыстан 
Батысқа қарай көшкен аспандағы күздің бұлты – шығар күннің алтын сәулесіне 
боялып, аспанға ілген сансыз қызыл тудай желбіреп тұр. Аспанды түгел жапқан 
қызыл  бояулы  бұлттың  сәулесі,  таңғы  самалға  толқыған  көлдің  бетіне 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
194 
шағылысып, Батысқа қарай сапырылған судың толқынында қызыл тулы сансыз 
кеме жүзіп бара жатқан сықылды. 
Бұлттың, судың бетіне тігілген сансыз қызыл тулар, табиғаттың өзі Қызыл 
Армияның  келуін  құрметтеп,  қызыл  ту  көтеріп,  қарсы  алуға  бара  жатқандай 
әсер  берді»  [170,505].  Аталмыш  пейзаж  саяси  иллюстрацияға  негізделген 
романтикалық-символдық  мағынада.  Мұнда  географиялық  ортаның  рельефтік 
ерекшеліктерінен,  топографиялық,  метеорологиялық  хабарынан  гөрі  автордың 
эмоционалдық  ассоциацияларымен  сабақтасқан  табиғат  суретіне  қанық 
боламыз.  Яғни  суреттелген  объект  абстрактылы  сипат  алып,  жазушының 
субъективті идеалына қатаң бағындырылады. Пейзаждағы қызыл түстің культы 
шығарманың  идеялық  бағытын  айғақтайтын  символикалық  мағына 
қалыптастырады.  Романтикалық  пейзаждың  қолданысы  оптимистік  шешім 
шығарылатын  романның  эпилогында  барынша  қанық  бояуларымен  көрінеді: 
«Көкшенің  көк  гауһардай  күмбез  кеудесі  аспанмен  астасып,  көркін  күн 
нұрымен бояп тұр екен. 
– Кел! – дегендей болды Көкше. 
– Кеудеме жат! – дегендей болды Көкше. 
– Күмбезіме шық! – дегендей болды Көкше. 
– Көкке төбеңді тигізейін! – дегендей болды Көкше. 
– Күнге бетіңді сүйгізейін! – дегендей болды Көкше. 
Көкше солай «кел» десе, – кімнің дәті шыдайды?!» [170,511] 
Жазушының  жан  әлеміндегі  рухани  серпілістен,  жүрек  кернеуінен  пайда 
болған  романтикалық  пейзаж  поэтикалық  сөздің  көп  мағыналылығы  мен 
ассоциативтік  сипаты  арқылы  жасалады.  Автор  өз  әсерін  әлсіретпей 
жеткізудегі көтеріңкі сарынға синтаксистік-интонациялық тәсілдер арқылы қол 
жеткізеді. Табиғаттың символикалық шартты функциясы көркем бейне арқылы 
жазушы  бойындағы  арман-құштарлықты,    оптимистік  рухты  әйгілеудің  басты 
құралына  айналады.  Асқар  мен  Ботагөз  арасындағы  сүйіспеншілікті, 
шығарманың  сюжеттік-композициялық  құрылымындағы  махаббат  линиясын 
жазушы  интимдік  арнада  суреттеуден  гөрі  биік  мақсаттарға  ұмтылу  тілегінің 
ортақтығы, өмірлік мүдде мен адамгершілік-рухани сапа туыстығы тұрғысынан 
көрсетуге тырысады.  
Өз  идеалын  бір  кейіпкердің  бойына  жинақтау,  оның  жұрттан  бөлек  асқақ 
қасиеттерін  паш  ету  арқылы  басты  идеялық  тұжырымдарын  айшықтауға 
тырысушылық  сияқты  ізденістер  С.  Мұқановқа  да  жат  еместігінің  дәлелі  – 
Ботагөз  бейнесі.  Романның  «Күн  көзіндей  жарық  бар  Ботагөздің  көзінде. 
Телегей  теңіз  тарих  бар  Ботагөздің  сөзінде»  деп  аяқталуы  да  шығарманың 
көтеріңкі пафостылығын айқындайды.  
С. Мұқанов социалистік реализм талаптарын жүзеге асырудағы романтизм 
жетістіктерінің  қандайлық  орны  болатынын,  романтизм  элементтерінсіз 
азаттық  күрестерді,  дәуір  талап  еткен  жаңа  идеяларға  деген  құлшынуларды 
бейнелеу  мүмкін  еместігін  білді.  Романтизмнің  төңкерісшілдік  сипаты 
соцреализмнің тұғырын нығайтатынын 1933 жылы 12 қаңтарда педагогикалық 
институтта  жасаған  «Социалды  реализм  және  төкерісшілдік  романтизм»  деп 
аталатын  баяндамасында  теориялық  тұрғыдан негіздеуге ұмтылды.  Демек,  бір 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
195 
көркемдік әдістің басқа да әдеби ағым, бағыттармен байытылу мүмкіндігін ол 
кезде С. Мұқанов жоққа шығарған жоқ. Махаббат драмасын үлкен әлеуметтік 
өзгерістер, саяси дүрлігістермен қатар алып отыру, сол арқылы бақыт жолында 
күрескен  адамдардың  оқшау  образын  жасау  бастамалары  «Адасқандар» 
романындағы  Бүркіт,  Бәтес  бейнелері  арқылы  жасалып,  кейін  «Мөлдір 
махаббатта»  ол  тенденция  тіпті  күшейтілді.  Яғни  саяси  науқандар  мен 
әлеуметтік  өзгерістер  фонында  езуші  қоғам  шындығына  қарсы  тұрушы, 
ымырасыз,  «бүлікшіл»  бейнелерді  оқшаулау  үшін  шартты  суреттеулерге 
барудан  қашқан  жоқ.  Бүркітке  деген  махаббатынан  танбаған  Бәтестің  өршіл 
мінезі,  оған  рухы  жақын  Әсия  образдарындағы  поэтикалық  амал-тәсілдер  тек 
социалистік реализм шеңберінде тексерушілікті көтере бермейді.   
Осындай  мақсат  көздеушілік  төңкерістік  идеяны  берік  ұстанған,  «жаңа 
адам»  бейнесін  жасауға  ден  қойған  авторлардың  субъективті  идеалдарын 
әйгілеуге  бағытталып  көркем  туындының  барлық  құрылымына  әсер  етті. 
Мұндай  сипат  1920-30  жылдардағы  қазақ  прозасында  Б.  Майлиннің  «Берен», 
«Азамат  Азаматыч»,  «Қызыл  жалау»,  С.  Сейфуллиннің  «Жемістер»,    Ғ. 
Мұстафиннің «Өмір не өлім», С. Камаловтың «Ұшқыннан өрт», Ғ. Слановтың 
«Арман  ағысы»,  С.  Шәріповтың  «Бекболат»,    сынды  т.б.  прозалық 
шығармаларынан байқалады. 
Алайда  күрескер  қаһармандарды  жедел  жетілдіріп,  қайраткерлік  дәрежеге 
жеткізу,  кедергілерден  тайсалмайтын  адам  ретінде  бейнеленгеннің  бәрін 
романтизм  принципі  деп  қабылдай  беруге  болмайды.  Мысалы,  жекелеген 
образды  көтеріңкі  леппен  суреттеймін  деп  отырып  толыққанды  образдық 
дәрежеге  жеткізе  алмаушылық,  жалаулата  көтерілген  саяси  науқандардың 
тасасында қалдырушылық бірқатар шығармалардың ортақ кемшіліктері ретінде 
көрінеді. Сондай-ақ, С. Сейфуллиннің «Жемістер» повесіндегі Нияз бейнесі де 
автор ықыласы ауған, оны дара қасиеттері арқылы тым бөлекшелеуге тырысқан 
бейнесі.  Нияздың  біраз  уақыт  бойы  өмірдегі  жолын  таба  алмай  бандылар 
қосынында  жүріп,  небір  сойқанды  істерге  араласуы  сияқты  екіұдай 
арпалыстарды  тәп-тәуір  бейнелеген  жазушы  оның  Қарсақпай  зауытына  келіп, 
қоғамдық-саяси көзқарасының мүлде өзгеруін суреттейтін бөлігінде көркемдік-
эстетикалық мақсаттан гөрі дәуірдің жалаң ұрандарына үн қату жағына ойыса 
салушылық байқалады. С. Мұқановтың «Теміртас» романында да күрес адамы 
тұрпатындағы  Теміртас  образы  науқандық  өзгерістердің  тетігіне  айналып 
кетеді. 
Социалистік  реализм  әдісінің  жүйесінен  белгілі  бір  мөлшерде  романтизм 
тенденцияларының  орын  алуы  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдардағы  қазақ 
прозасында  айқын  көрініп  отырды.  Бұл  дегеніміз  социалистік  реализмнің 
қалыптасуында  романтизмнің  принциптері  айрықша  әсер  етті  деген  сөз.  Біз 
бұған  дейінгі  зерттеулерімізде  соцреализмді  қанаттандыруға  сыншыл 
реализмнің  ғана  қатысын  сөз  етіп  келген  едік.  Ойлана  қарасақ,  социалистік 
реализмнің тұғырнамасы қаншалықты мызғымыстай етіліп бекітілгенімен және 
ол  әдістің  принциптарі  соцреалистік  сыншылар  тарапынан  қатаң  түрде 
қадағаланғанымен  романтистік  ұстанымдар,  оның  бейнелеу  тәсілдері  қазақ 
прозасынан  өзіндік  орын  алып,  жаңа  әдісті  қалыптауға  пайдаланылды.  Ондай 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
196 
құбылыстарды  әр  кезеңде  «революцияшыл  романтизм»,  «социалды 
романтизм»,  «прогресшіл  романтизмдерге»  жатқызып  келдік.  Әрине,  әлемдік 
әдебиет  тарихында  төңкерістік  мазмұндағы  романтизм  аталған  әдістен 
ұрықтанатын ағым ретінде өмір сүргені мәлім. Бірақ кеңестік қазақ прозасында 
бұл  құбылыс  соцреализм  әдісінің  ішкі  құрылымында  ғана  өмір  сүрді  де  жеке 
ағым  болып  қалыптаса  алған  жоқ.  Өйткені  біз  жоғарыда  мысал  еткен 
шығармалардағы  күрескерлік  рух  пен  өз  ортасынан  әсіре  оқшауланып 
суреттелетін  кейіпкерлер  тынысы  өз  дәуірінің  нақты  қоғамдық-әлеуметтік 
шарттарына  бағындырылады.  Ал  нағыз  романтикалық  арнадағы  әдебиет 
тарихтың  объективті  заңдылықтарын  мойындай  бермейтінін  есте ұстау  қажет. 
Өмір  шындығын  жинақтап,  типтендіріп  ұсыну,  кейіпкер  тағдырын  әлеуметтік 
өзгерістермен байланыстыру реалистік әдебиет нышаны. Сондықтан да Раушан 
(«Раушан  –  коммунист»),  Ботагөз  («Жұмбақ  жалау»-«Ботагөз»),  Бәтес,Әсия 
(«Адасқандар» – «Мөлдір махаббат»), Нияз («Жемістер»), Берен мен Құрымбай 
(«Берен»)  т.б.  бойындағы  максималистік  рух  қайткенмен  де  дәуірінің  саяси-
әлеуметтік  ауанынан  шығандап  кетпейді.  Социалистік  реализм  әдісінің 
аясында  асқақ  әрі  кұшті  образдарды  сомдау  үлгілеріндегі  романтикалық 
ұмтылыстар  Ғ.  Мүсіреповтің  «Тулаған  толқында»,  «Өмір  ертегісі»,  «Үздіксіз 
өсу», «Тұтқын қыз» тәрізді шығармаларында айқын танылды.   
Жаңа социалистік қоғам жетістіктерін жырлау, тап тартысы, ұжымдастыру, 
төңкеріспен  келген  әлеуметтік  өзгеріс  тынысы  1930  жылдар  прозасында  ең 
негізгі  тақырыптар  ретінде  көрініп,  әдебиеттің  саясат  шылауына  мойын 
ұсынушылығына  қарай  бағыт  алып  бара  жатқанын  танытты.  Бұл  шақтағы 
прозаның  бірнеше  көркемдік  ізденістері,  сәтті  образдары  болғанымен  өмір 
шындығын саяси науқандар көрінісінсіз ашып беруге ұмтылыс таныта бермеді. 
Кезең тақырыптары С. Сейфуллиннің «Сол жылдарда», «Біздің тұрмыс», «Жер 
қазғандар», І. Жансүгіровтің «Жолдастар», «Отан», Ғ. Слановтың «Дөң асқан»,  
Б.  Майлиннің    «Әміржанның  әңгімесі»,  «Берен»,  «Он  бес  үй»,  «Қырманда», 
«Колхоз  қорасында»,  «Таңба»,  «Қызыл  әскердің  үйі»,  М.  Әуезовтің  «Іздер», 
«Үш  күн»,  «Білекке  білек»,  «Құм  мен  асқар»,  «Шатқалаң»,  «Бүркітші»,                
М.  Дәулетбаевтің  «Қызылжар»,  «Партизандар»,  Ә.  Әбішевтің  «Завал», 
«Армансыздар», 
Ж. 
Тілепбергеновтың 
«Таңбалылар», 
О. 
Бековтың 
«Советбике», Қ. Тайшықовтың «Октябрь ұшқыны», Е. Бекеновтың «Большевик 
қызы», С. Камаловтың «Ұшқыннан өрт», Ғ. Мүсіреповтің «Алғашқы адымдар» 
т.б. прозалық шығармалардың өзегіне айналды. 
Өмір  өзгерістеріне  үн  қосу  ниетінен  туған  тартыс  желілері  шартты  болып 
келетін  Б.  Майлиннің  «Қара  шелек»,  «Ұлбосын»,  «Даудың  басы  — 
Дайрабайдың көк сиыры», «Арыстанбайдың Мұқашы», М. Әуезовтің «Қасеннің 
кұбылыстары»,  «Құм  мен  асқар»,  «Іздер»,  «Шатқалаң»,  «Бүркітші»  сияқты 
шығармаларында  ел  тұрмысының  шындықтары,  ұлттық  характер  жасау, 
кейіпкерлер  іс-әрекетін  психологиялық  дәйектеу  тұрғысындағы  көркемдік-
эстетикалық жетістіктерді де атамай өтуге болмайды.  
ХХ  ғасырдың  20  жылдарының  аяғы  мен  30  жылдардың  басында, 
«социалистік  реализм»  термині  әлі  пайда  болмай  тұрғанның  өзінде  тап 
тайталасына бейімделу, көркемдік мүддеден саяси мүддені жоғары қою бағыты 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
197 
күш ала бастады. Ол кезде Лениннің «Партия ұйымы және партиялық әдебиет» 
еңбегі  социалистік  әдебиеттің  манифесіне  айналып  кеткен  еді.  Қазақ 
әдебиетшілері мен сыншылары «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» әдебиеттің 
әдісі  –  социалистік  реализмді  негіздеуді    дәлірек  айтсақ,  1933  жылдан  бастап 
жіберіп,  ол  әдісті  барыншы  насихаттауға  жол  ашып  берді.  Біз  жоғарыда  сөз 
еткен  Ғ.  Мүсіреповтің  («Әдебиет  майданы»,  1933,  №2),  баяндамасы,                        
Н. Манашұлының «Түрі ұлттық, мазмұны пролетариаттық көркем әдебиет үшін 
большевикше  күресейік»  («Лениншіл  жас»  1933,  138,139),  І.  Жансүгіровтің 
«Сапалы  әдебиет  жасайық»  («Қазақ  әдебиеті»,  1934,  №2),  С.  Толыбекұлының 
«Қазақстанда  түрі  ұлттық,  мазмұны  социалистік  мәдениет  құрудың  мықты 
табысының  бірі»  («Ауыл  коммунисі»,  1934,  №3),  бұл  мәселеге  «Социалистік 
Қазақстан»  газетінің  ресми  көзқарасы  ретінде  басылған  «Жазушыларымыздан 
заманымызға  сай  сапалы  шығармалар  күтеміз»  (1934,  №215)  мақаласы  және 
осы  арнадағы  т.б.  мақалалар  социалдық  мазмұндағы  шығармалар  жазудың 
маркстік-лениндік әдіснамасын нұсқады. 
Ал  таза  социалистік  реализмді    әдіс  ретіндегі  категория  деп  қарастыру, 
теориялық  тұрғыларын  нақты  көркем  шығарма  мысалында  көрсету                         
С.  Мұқановтың  «Социалды  реализм  және  революцияшыл  романтизм» 
(«Социалды  Қазақстан»,  1933,  №84),  М.  Қаратаевтың  «Қызыл  ат  және 
социалистік  реализм»  («Лениншіл  жас»,  1933,  №4,5),  Қ.  Өтепұлының 
«Социалды реализм» («Әдебиет майданы», 1933, №2), З. Шашкиннің «Әдебиет 
және 
социалды 
реализм», 
(«Социалды 
қазақстан», 
1933, 
18.ІІ),                                    
Ғ.  Тоғжанұлының  «Қазақ  әдебиетіндегі  сын  туралы  кейбір  өзгешеліктер» 
(«Социалды  Қазақстан»  1933,  №195),  Ә.  Қоңыратбаевтың  «Әдебиетіміздегі 
реализм туралы» («Әдебиет майданы», 1934, №5) сынды еңбектерден көрінді. 
Социалистік  реализм  талабының  қатаң  қойылуы,  әдістің  көркем 
шығармашылыққа  зиянын  тигізбейтін  принциптерінің  саяси  тұрғыдан 
бұрмалануы  қазақ  прозасының  ендігі  даму  жолына  өз  әсерін  мықтап  тигізді. 
Прозаның  үздік  үлгілері  туған  жиырмасыншы-отызыншы  жылдардағы 
әдебиеттік  дамудағы  биік  эстетикалық-көркемдік  дәстүр  қалыптасқан  еді. 
Алайда 1920 жылдардың соңында басталып, үздіксіз жалғасып отырған қуғын-
сүргін  жаңа  қалыптаса  бастаған  прозаның  классикалық  дәстүрі  бағытынан 
жаңылыстыруға  әкелді.  Соғыс  жылдарында  жауды  жеңу,  жеңіс  күнін 
жақындату,  тылдағы  жан  қиярлық  еңбек  тақырыбына  арналған  публицистика, 
оның  очерк  сияқты  жанрындағы  туындылар  көптеп  жазылды.  Дегенмен  де, 
1941-45  жылдар  аралығында  көркем  проза  жазу  саябыр  тапқандай  болып, 
артынша  қазақ  прозаның  жоталы-жоталы  туындылары  жарыққа  шығуымен 
жаңа дәуір эпосы жетекші жанрға айнала алды. 40-50 жылдары  М. Әуезовтің 
«Абай»,  «Абай  жолы»  романдары,  С.  Мұқановтың  «Өмір  мектебі», 
«Сырдария»,  Ғ.  Мұстафиннің  «Шығанақ»,  «Қарағанды»,  «Жаппархан»,                     
Ғ.  Мүсіреповтің  «Қазақ  батыры»  («Қазақ  солдаты»),  «Оянған  өлке»,                          
Ғ.  Слановтың  «Дөң  асқан»,  «Жанар  тау»,  Х.  Есенжановтың  «Ақ  жайық»,                  
З.  Шашкиннің  «Тоқаш  Бокин»,  «Теміртау»,  Ә.  Әбішевтің  «Жас  түлектер», 
«Саржан»,  С.  Бегалиннің  «Қыран  кегі»,  Ә.  Нұрпейісовтің  «Күткен  күн»,                      
Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндер» т.б. романдары мен повестері дүниеге келді. 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
198 
Социалистік  реализмді  насихаттау  күшейген  тұста  аталмыш  кезең 
шығармалары 
әдебиеттің 
таптығы, 
партиялығы 
мен 
халықтығы 
принциптерінен тыс тұра алған жоқ.  
1942 жылы «Абай» романының, кейін «Абай жолының» қазақ әдебиетінде 
бұрын-соңды  болып  көрмеген  құбылыс  ретінде  жарқ  етіп  шығуы  көркем 
шығарманы  социалистік  реализм  желеуімен  қасаң  идеологиялық  талаптар 
тұрғысынан  зерделеп  келген  сыншыларды  абдыратып  тастады.  Содан  барып, 
эпопеяның  ғылыми  сараланудағы,  ұлттық  әдебиеттің  ең  ірі  табысы  ретінде 
танылуындағы  шырғалаңды  жолы  басталды.  Романның  бітім-болмысын, 
көркемдік-идеялық  тұрғысын  талқылауға  арналған  жиындағы  (1943)  кей 
пікірлерге  келіспейтін тұстарын  көрсете  отырып, өзінің роман  туралы  дәлелді 
тұжырымдарын алға тартқан Ғ. Мүсірепов: «Шыныда да, шыққан табы жақсы, 
не  болмаса,  өзі  адал  еңбекші  деп,  қатардағы  колхозшымен,  қарабайыр 
жұмысшының,  не  болмаса  халықтың  қызы  деген  боп,  үй  бағып  қалған 
әйелдеріміздің  ойларын  үлгі  көрсек,  әдебиет  өсе  алмайды»,  дей  отырып 
[148,162], романдардың тәуір үлгілері деп көрсетілген «Көк үйдегі көршілер», 
«Тулаған толқында», «Менің мектептерім», «Балуан Шолақтарды» – «бірнеше 
рет  қайта  суарып,  қайта  пісіруді  керек  ететін  нәрселер.  Бұл  шығармалардың 
әрқайсысының  өз  маңызы,  өз  орны  бар.  Әрқайсысының  өз  бағасы  бар. 
Бұларсыз  «Абай»  романы  мүмкін,  тумаған  да  болар  еді.  Осылардың  бәрі 
қосылып, бүгінгі өсіп, ер жеткен қазақ әдебиетін жасап отыр. Бірақ, бұлардың 
бәрі  де  «Абай»  емес,  теңдесе  алмайды.  Ой  адал  да,  тілек  олақ  орындалған 
шығармалар  бұлар.  «Абайдай»  шығарма  бұл  күнге  дейінгі  бүгінгі  қазақ 
әдебиетінде  болған  емес»,  –  деген  өзінің  айқын  тұжырымын  жасаған  еді 
[148,163-164].  Романға  тағылған  саяси  тұрғыдағы  айыптар,  сыңарезу 
тұжырымдар  эпопеяның  шығармашылық  тарихына  байланысты  әдебиеттерде 
айтылып, өз бағасын алды. Ол тартыстар мен даулардың төркіні шығармадағы 
социализмнің  мұраттары  мен  жетістігінің  қаншалықты  орын  алғандығында 
болғаны белгілі. Дегенмен де, қазақ әдебиетінің ең асқаралы биігі болып тұрған 
бұл  туынды  социалистік  реализмнен  мүлде  сырт  тұра  алған  жоқ.  Социалистік 
реализмді  қалқан  еткен  ресми  идеология  шеңгелі  жазушының  әуелгі 
шығармашылық  ойларын  жүзеге  асыртпады.  «Сол  себепті  сапты  аяққа  ас 
құйып,сабына  өз  жанынан  қарауыл  қойды,  ол  қарауылы  «ішкі  редактор» 
қызметін  атқарып,  жазып  тастайын  деп  ұмтылған  талай  дүниесін  кейінге 
қалдыра  берді.  Романда  айтқысы  келген  бір  талай  жайлар  ашылмай  жайына 
қалды»  [166,233].  Ақырында  социалистік  реализмнің  ең  принципті 
талаптарының  бірі  -  әдебеттің  таптығынан  айналып  өткен  жоқ.  Бұл  мәселені 
суреткер  Абай  маңындағы  ілгерішіл  ұмтылыстағы  жастар  мен  Құнанбай, 
құнанбайшылар  арасындағы  тартыс  арқылы  бейнеледі.  Құнанбайды  далалық 
үстем  тап  өкілінің  типтік  өкілі  ретінде  суреттей  отырып,  оны  Дәркембай, 
Базаралы бастаған халық өкілдеріне қарсы салды. Ал Бөжей, Байсал, Қаратай, 
Байдалы  тәрізді  азулылардың  өз  ортасында  болған  қайшылық-таластарды  сол 
үстем  таптың  әлеуметтік  тұрғыдағы  сипаты  ретінде,  іштей  ірудің  қайтымсыз 
үрдісі  түрінде  бедерледі.  Әрине  дала  көкжалдары  социалистік  реализмнің 
байырғы  соқпағындай  біржола  тұқыртылып,  ұнамсыз  тұлғаның  үйреншікті 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
199 
схемасына  салынған  жоқ.  Ескі  мен  жаңаның  әлеуметтік  арпалысы  үстіндегі 
«ескішілдердің»  тұлғасы  күрделі  рухани-психологиялық  құбылыс  ретінде 
суреттелді.  Оларды  да  үлгі  тұтатын,  көсбасшылығына  құлдық  ұратын 
Майбасар,  Тәкежан,  Жиренше,  Оразбайлар  бар.  Автор  «Абай  жолының» 
Қаратай, Бөжей, Байсал бас қосқан бір отырыстың эпизодын Байдалы аузымен 
айтқызатын  сөздеріне  Құнанбай  болмысының  құпия-тереңдігін  меңзейтін 
мағына  береді:  «Мырза  кім?»  дегенде  Қаратай  жауап  беріп,  «Мырза  – 
Құнанбай»  -  деді.  Тағы  біраздан  соң  ол  жиын:  «Шешен  кім?»  деді.  Тағы 
Қаратай жауап беріп, «Шешен – Құнанбай» - деді. Екі бел асты. Аздан соң және 
бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы – 
Құнанбай»  -  деді.  Сол  кезде  Байсал  басын  жерден  жұлып  алып,  саңқ  етіп:  - 
«Уай,  Көкше,  не  оттап  отырсың  өзің?»  деп,  Қаратайға  қадала  түсіп,  -  Мырза 
Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп 
алысып жүрміз онымен?»  – деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Уай, тәйір-
ай,  мен  Құнанбайдың  өзге  жағынан  мін  тауып  алысып  жүрмін  бе?  Жалғыз-ақ 
«не  қылайыны»  жоқ  қой,  сондықтан  кетіп  жүргем  жоқ  па?»  деді»  [175,123]. 
Эпопеяға дейнгі прозалық мұраларымызда ұнамсыз жоспарда алынған бейнені 
типтендіру  үлгілері  болғанымен,  жетесіне  жеткізе  даралау,  оқшау  қасиеттерін 
әлеуметтік-психологиялық 
астарлармен 
ұсыну, 
кесек 
характермен, 
градациялық  амалмен  беру  жоқ-ты.  Талант  қарымы  еріктен  тыс  таңылған 
шектеулерден  де  осындай  саңылау  тауып,  реалды  оқиғалардан,  өмір 
шындығынан  тым  шығандап  кетпейтін  реалистік  шеберлігін  мойындатып 
отырды.  Көркем  шығармадағы  Құнанбайдың  таққан  әйгілі  үш  міні  мен  Абай 
жауабының  эмоционалдық  және  интеллектілік  қуаты  да  бірі-бірінікінің 
салмағын  арттырмайтын  бара-бар  деңгейде  ұсынылады.  Құнанбайды  даралау 
талаптары  туындының  сан  алуан  эпизодтарында  айғақталып  отырады.  Оның 
бәрін тізбелеп, жіліктеп шығу бұл еңбекте мүмкін емес.  
«Эпопеяның кейінгі бөлімдерінде талас-тартыс та көп, өлім-жітім де көп... 
Оған  қоса  айтарымыз,  алғашқы  екі  кітапта  саясаттың  ызғары  аздау  тәрізді. 
Таптық  қақтығыстан  рулық  қықтығыс  әлдеқайда  басым»  деген  тұжырымның 
жаны  бар  [174,90].  Тұрпайы  саясаттың  «сайыпқыран»  сыншылары  романның 
идеялық  бағытын  үнемі  қырына  алып  отыруы  дәуірдің  өктем  талаптарын 
лажсыз  ескеруге  әкелді.  Абайдың  жаңашыл  жастармен  үнемі  пікірлес  болып, 
Дәркембай  сынды  халықшылдар  ортасына  мүлде  ойысуымен,  орыс 
мәдениетінің,  орыс  прогресшіл  ойының  өкілі  –  Михайловпен  рухани 
мүдделестік  танытумен  қатар,  енді  Сейіт  сияқты  жұмысшылар  өкілімен,  дін 
шырмауынан  арылып,  жаңа  өмірге  бет  алған  Сармолда,  төңкерісшілдердің 
алғашқы  буынының  өкілі  –  Ф.  Павловпен  достық  қарым-қатынастарды 
бейнелейтін  сюжеттік  желілер  –  соның  айғақтары.  Шығармада  орын  алған 
Павловпен болатын ұзақ диалогта Абайды болашақ өмірдің жарқын бейнесіне 
ұмтылдыру бар:  
«- Ең әуелі, Ибрагим Құнанбаевич, сол көптен айтқан жақсы болашақ анық 
болады да келеді. Бұрын да бізден бұрынғы буындар жарық күнге сенумен өтсе
біз енді соны көруге де үміт етуге болады. Соншалық айқын, соншалық даусыз, 
жақсы  дүние,  жаңа  бір  заман  келеді,  Ибрагим  Құнанбаевич?  Бұған  шәк 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
200 
қылмаңыз!» – деп сендіреді [176,523]. Абай осы мәжілістен кейін «ерекше бір 
сәулелі  күн  нұрын  шалып  қалғандай,  кеудесі  ашыла  түсіп»,  енді  қаладағы 
еңбекшілер  ортасына  жақындауды  мақсат  қылады.  Көріп  отырғанымыз  - 
дегенін  жүргізіп  тұрған  кезең  әдісінің  «жаңа  адам  бейнесін  жасап,  социализм 
рухында тәрбиелеу» қағидасының «жүзеге асырылуы».  
Сыңаржақ  сын  мен  дөкір  талаптың  көзін  шығарманың  басқа  да  терең 
жүлгелерінен  тайдырып  әкету  үшін  суреткер  жаңа  мен  ескінің  тартысын  әке 
мен  бала  тартысына  әкеп  тірейді.  Ол  Абайдың  рухани  дүниесінің  байлығын 
ашу  арқылы  ұлттық  өмірдің  қайталанбас  шежіресін  жасаудағы  ең  негізгі 
мақсаты  үшін  керек  еді.  Оны  романның  орталық  кейіпкері  туралы  айтқан  өз 
сөздерінде  де  меңзейді:  «Бұл  бұқаралық  қозғалысты  бастамайды,  халықпен 
бірге  жүреді,  жалпы  күреске  өз  үлесін  қимыл-күшпен  емес,  творчестволық 
іспен  қосады.  Міне,  бұл  тақырыпқа  келгенде,  мен  осы  ерекшеліктерді  қатты 
ескердім.  Геройымның  сыртқы  әрекетін  ғана  емес,  ішкі  творчестволық 
бұралаңдарын,  творчестволық 
психологиясын,  оның 
өмірді 
тікелей 
түсінулерінің, 
сезіну-тоқынуларының 
нәтижесінде 
көрінген 
шындық 
құбылыстардың сырларын, тіпті ақын шығармаларының тамыр тартқан тереңін 
аша  көрсетуге  көп  күш  жұмсадым»,  –  деп  жазған-ды  [173,107].  Бұл  жерде  ең 
бастысы  –  коммунистік  идеал  мен  социалистік  өмір  шындығын  талап  еткен 
әдістің догмалық талаптарына бой алдырмай, құрсаулы тығырықтан жол тауып 
кетушілік,  ұлы  қаламгердің  эстетикалық  концепциясының  сырттан  таңылған 
шарттарға түгелдей тәуелденбеуінде. 
Алайда  социалистік  реализм  арнасында  туып,  өз  дәуірінің  дүбірлі 
оқиғаларын  төңкерісшілдік  рухта  бейнелей  отырып,  жаңа  қоғамның 
қаһармандарын  жасау  талабынан  өрістеген  С.Мұқановтың  «Сырдария», «Өмір 
мектебі»,  Ғ.  Мүсіреповтің  «Оянған  өлке»,  «Қазақ  солдаты»,  Ғ.  Мұстафиннің 
«Миллионер», «Қарағанды» т.б. іргелі дүниелер қазақ прозасының дамуындағы 
ірі белестер болып қала бермекші. Бұл туындыларда қоғамдық өмірдің әр түрлі 
салаларындағы  қайнаған  еңбектің  үстінде  шынығып-жетілген  қаһармандарды 
жасау арқылы адам санасындағы жаңалықтарды таныту көзделді. Социалистік 
өмірді орнатуға белсене араласып жүрген, ерлік үстіндегі адамдарды суреттеу 
арқылы  ұнамды  образдың  бірнеше  типтері  жасалды.  Дәуір  ерекшелігі  оны 
суреттейтін әдебиеттің көркемдік әдісіне тікелей әсер ететіні заңдылық. Ал сөз 
болып  отырған  шығармалардың  туған  дәуірі  қоғамдық  еңбекті  ұйымдастыру 
түрлері түбегейлі өзгеріп, ірі өндіріс орындарының ашылып, алып құрылыстар 
басталған,  оған  ұлт  өкілдерінің  жаппай  тартылып  жатқан  кезеңі  болды. 
Қырдағы  тұрмыстың  ауанымен  жүрген  байырғы  ата  кәсіп  иелерінің  жаңа 
индустриялы 
еңбекке 
бейімделуі, 
өндірістен 
кәсіп 
табуы 
тәрізді 
тақырыптардың мол қаузалғаны да сондықтан.  
Зерттеуші  Ш.  Елеукенов  Кеңес  жазушыларының  Бүкілодақтық  бірінші 
съезінде қабылданған Уставтағы «Суреткерден болмысты революциялық даму 
қалпында,  шыншылдықпен,  тарихи  нақтылықпен  суреттеуін  талап  етеді, 
болмысты  суреттеудің  шыншылдығы  мен  тарихи  нақтылығы  еңбекшілерді 
идеялық  жөнінен  қайта  өзгертіп,  социализм  рухында  тәрбиелеумен  қиысып, 
жарасым  табуы  қажет»  деген  қағидасына  орай  «Социалистік  реализм  әдісінің 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
201 
совет көркем әдебиеті мен әдеби сыны өмірді революциялық даму барысында 
шыншылдықпен, нақтылы даму тұрғысынан бейнелеуі тиіс деген жеріне қанша 
шұқшисаң  да  мін  табу  қиын.  Мұны  қатаң  семген  догмаға  ұрындыратындай 
немесе  көркем  туындының  «аяғын»  қия  бастырмай,  матап  тастайтындай 
пәлендей  кінарат  ұшыраспайды»,  –  дейді  [166,221].  Сол  тәрізді  жаңа  саяси-
әкімшілік жүйеге сай өмір құбылыстарының шұғыл өзгеруін сол тарихи мерзім 
шеңберінде  суреттеген  жазушылардың  көркемдік  жетістіктерін  жоққа 
шығаруға 
мүлдем 
болмайды. 
«Сырдариядағы» 
Сырбай, 
Айбарша, 
«Миллионердегі»  Жомарт,  «Қарағандыдағы»  Мейрам,  «Оянған  өлкедегі» 
Бұланбай,  Байжан,  «Толқында  туғандардағы»  Арман,  Дауыл  т.б.  өмір 
шындығына  сәйкес  бедерленген,  өзіндік  өсу  жолдары  шынайы  бейнеленген 
кейіпкерлер.  Мысалы,  Ғ.  Мұстафиннің  «Қарағанды»  романында  алып  кен 
орнының  қалыптасу-өркендеу  фонында  қазақтардың  жаңа  кәсіпті  игеру 
жолдары,  жұмысшылар  қауымының  қалыптасуы,  олардың  техника  тетіктерін 
меңгеріп,  кәсіби  жаңа  сапаға  көшуін  баяндайды.  Романның  негізгі  кейіпкері 
Мейрамның  кен  жұмысын  ұйымдастырудағы  алғырлығы  мен  табандылығын 
суреттеу  арқылы  жаңашыл  адамның  тұрпатын,  социалистік  реализм 
шеңберіндегі  ұнамды  қаһарманның  образын  жасайды.  Әдістің  негізгі 
үстанымдарының  бірі  –  әдебиеттің  халықтығы  да  мықтап  ескеріледі. 
Мейрамның жаңашыл бастамаларына үнемі қолдау білдіретін халық өкілдері – 
Ермек,  Жұманияз,  Бәйтен,  Жанабіл  сынды  образдардың  моральдық-
адамгершілік  сапалары  да  жазушының  оптимистік  ыңғайына  сәйкес  шынайы 
көрсетілген. Сол шақтағы көркем туындылардың барлығында дерлік үлкен бір 
арна  құрайтын  халықтар  достығы  мәселесіне  Щербаков,  Козлов,  Гительман 
бейнелері  арқылы  шешімін  табады.  «Қарағанды»  романына  бүгінгі  күннің 
талаптарымен  қараған  «40-50  және  60  жылдардағы  қазақ  әдебиеті»  атты 
монографиялық еңбекте «Бұрынғы көшпелі ел адамдарының өндірісті еңбекке 
деген ықыласын терең ашып суреттеу арқылы жазушы Ғ. Мұстафин бүкіл қазақ 
даласының  сипаты  өзгергенін,  оның  адамдарының  жаңарғанын  аңғартады, 
сонымен  бірге,  еңбектің  өзгерткіш  күш-қуатын  көрсетеді.  Ғ.  Мұстафиннің 
«Қарағанды»  романы  соғыстан  кейінгі  қазақ  прозасына  осындай  жаңалық 
әкелген шығарма» деген бағаны әділ берілген деп табамыз [177,87].  
Мұндай  мысалды  Қазақстанда  өндіріс  орнының  туа  бастаған  кезеңіндегі 
қазақ өмірін арқау еткен Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романынан да табамыз. 
Романда  адал,  аңғал,  әрі  батырлық,  күрескерлік  мінездерімен  көзге  түсетін 
Байжан,  Бұланбай,  өздерінің  әрқилы  тағдырымен  бейнеленетін  қарапайым 
еңбек адамдары – Байшегір, Алшағыр, Жабай, Сейіт, Баянды, жұмыскерлердің 
күрескерлік  рухына  дем  берушілер  ретінде  сомдалатын  басқа  ұлт  өкілдері  – 
Елизавета  Сергеевна,  Андрей  Быков,  Михайло  Неволя,  Шило  қария  сынды 
кейіпкерлердің  ұнамды  тұлғалары  қаламгер  идеясын  жүзеге  асыратын 
бейнелер. Атап өтерлігі, жазушының ұнамсыз жоспарда алынатын бейнелердің 
де  күрделі  рухани-психологиялық  болмысына  аса  ыждаһатты  мән  берушілігі. 
Қаламгер  үшін  Рязанов,  Ушаков,  Сикорский,  Жұман,  Игілік  байлар  өнегелі 
істерді  алға  бастырмайтын,  таптық  қанаушылықтың  айғақтары  ғана  емес,  ең 
біріншіден - көркем образдар. Олардың арамза пиғылы мен обыр құлқындарын 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
202 
бейнелеуде жазушы ашық мінездеу үлгілеріне барады. Бұл тұста талан-таражға 
тұскен қазақ даласының байлығы, отарлаушылық сананың көріністеріне деген 
астарлы көзқарастары да байқалмай қалмайды. «Көшпелі ел жаратылыстың өз 
бергенін, бетінде ғана оңай жатқанын ала алмаса, оған Никон Ушаков айыпты 
да емес. Даланың надан байлары жердің түгіне таласып, қырқысып жатса, о да - 
өз  сазайы.  Ушаков жердің  қойнын ақтарып, қоймасын  алмақ.  Бұл  күнге  дейін 
сыртынан  құшақтап,  иемденіп  алған  көп  байлыққа  қанды  шеңгелін  енді  ғана 
салғалы  келеді»  [178,58].  Орыс  капиталистерінің  зымияндығы  мен 
жыртқыштық  характерлерін  жасауға  суреткердің  айрықша  мән  беруі  талай 
уақыт  жүзеге  асырылып  келе  жатқан  отарлық  саясаттың  асқынуын,  шегіне 
жетуін  аңғартушылық  деп  қабылдаған  дұрыс.  Бұл  идеяның  мейлінше  ашық 
ұсынылуы мүмкін болмайтынын түсінген қаламгер, оларға қарама-қарсы орыс 
өкілдерінің Елизавета Сергеевна, Андрей Быков тәрізді антипод-кейіпкерлерді 
бейнеледі. Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» романында жұмысшылар өмірінің ауыр 
тұрмысын,  бейшара  тіршілігін  суреттей  отырып,  қанаушыларға  қарсы 
көтерілуге  бет  алған  езілушілердің  санасындағы  өзгеріс  белгілерін,  өмірді  өз 
қолдарымен  жаңғыртуға  бел  буғандардың  да  бейнелерін  көркем  жинақтап, 
нанымды түрде кестеледі. Шығармадағы Назыкеш, Күңше, Көпейлердің тағдыр 
шырғалаңдарынан туған трагизм де көркем образдардың ішкі өзгерістеріне сай 
әсерлі суреттермен ұсынылды. 
Дегенмен, кезең өзгерістерін шынайы көрсете алған, көркемдік-эстетикалық 
биік  талаптардың  үдесінен  шыға  білген  шығармалармен  қатар,  социалистік 
реализмнің  «еңбекшілерді  социализм  рухында  қайта  тәрбиелеу»  сияқты 
қағидасына  орай  көркемдік  сипаттан  гөрі  саяси  мазмұнды  жоғары  қоюға 
асыққан  туындылар  көбейді.  «Нағыз  шындық  өмір  мен  социалистік  реализм 
нормалары  бір-бірінен  барған  сайын  алшақтай  берді.  Басында  мықтап  сенген 
«жарқын болашақ» уақыт озған сайын алыстамаса, жақындаған жоқ» [166,234-
235].  
Социалистік  шаруашылықты  нығайту,  капиталистік  көріністерге  соққы 
беру,  кеңестік  шаруашылықты  ұйымдастырудың  жетістіктері,  халықтар 
достығы  идеялары,  жаңа  қоғам  адамының  қаһармандық  істері  М.  Әуезовтің 
«Өскен өркен», Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ», 
«Миллионер», «Дауылдан кейін», Ә. Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ. Слановтың 
«Арман  ағысы», «Жанар  тау»,  Ә. Нұрпейісовтің «Курляндия» («Күткен күн»), 
Ә.  Сәрсенбаевтің  «Толқында  туғандар»,  З.  Шашкиннің  «Теміртау»,  «Сенім»,          
С.  Шаймерденовтің  «Болашаққа  жол»,  З.  Қабдоловтың  «Өмір  ұшқыны»,                    
Т.  Ахтановтың  «Қаһарлы  күндер»  т.б.  роман,  повестердің  идеялық  арқауы 
болып  табылады.  Бұл  шығармалар    социалистік  реализм  шеңберінде  жазыла 
отырса  да  өмір  шындығынан  тым  алыстап  кетпей,  ол  шындықтарды  көркем 
шындыққа  айналдыруда  ірі  табыстарға  жете  алды. Аталған  шығармалар дәуір 
талап  еткен  тақырыптар  мен  идеяларды  өзек  қылғанымен,  жазушылардың 
өзіндік дара стиліне сәйкес бейнелеу тәсілдерінің алуандығымен, нені жазса да 
кейіпкердің  ішкі  дүниесінің  терең  қалтарыстарына  бойлау  сипаттарымен 
ерекшеленді.  Бұл  орайда  төңкеріс  дүрбелеңінің  қарсаңындағы,  кеңестік 
өкіметтің алғаш орнай бастаған тарихи кезеңіндегі адамдар тағдырын, олардың 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
203 
санасындағы  өзгерістер  мен  қарама-қайшылықтарды  эпикалық  тыныста 
бейнелей алған З. Шашкиннің «Тоқаш Бокин» романы,  Х. Есенжановтың «Ақ 
Жайық», Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер»  трилогияларында күрескер адамның 
табиғи  характерлері  жасалды.  Бұл  туындылар  ұлттық  прозадағы  тарихи  дәуір 
ерекшелігін кең тыныста алып қараудың жаңа межелерін белгіледі.  
«Қан  мен  тер»  трилогиясында  социалистік  реализм  әдісінің  қабырғалы 
принциптері  негізге  алынса  да  қоғам  мен  адам  мәселесінде  едәуір 
жаңашылдықтар бар еді. Қаламгер романды әлеуметтік-психологиялық арнаға 
лайықтай  отырып  кейіпкердің  рухани  дүниесіндегі,  қоғамдық  санасындағы 
күрделі  қарама-қайшылықтарды  бейнелейді.  «Менің  ойымша,  кешегі  мал 
баққан  жалшының  саналы  жолға  түсіп  қызыл  жалаулатып  революционер 
болғанын  көрсеткеннен  гөрі,  оның  осы  жолға  қалай  келгенін,  себебі  мен 
салдарын  көрсеткім  келді»  деген  жазушы  өз  сөзі  де  негізгі  екпіннің  кейіпкер 
санасындағы  диалектикаға  түсірілгендігін  меңзейді  [179,397].  Еламанның 
әлеуметтік белсенділігі, күрескерлік тұлғасы даяр схемаға салынбай оның ішкі 
тартыстары  негізінде  суреттеледі.  Жазушы  социалистік  реализм  шарттарын 
халық  ортасынан  шыққан  өкіл  –  Қален,  комиссар  Дьяков  сияқты 
кейіпкерлердің  ой-толғамдары  мен  іс-әрекеттері  арқылы  жүзеге  асыруды 
ойлап,  Еламанды  рухани-психологиялық  тұрғыда  мүсіндеп  шығуды  діттейді. 
Еламанның  өмір  өзгерістеріне,  кедейлердің  теңдік  алуына  белсене  араласа 
жүріп,  ол  жүйенің  болашағына  құлай  сенгеннен  гөрі,  екіұдай  күйге  түсуін 
көрсететін  соңғы  ойы  шығарманың  идеялық  бітіміндегі    ең  шешуші 
тұстарының  бірі.  Оны    Ш.  Елеукенов  те  байқап,  «Міне,  Еламанның  жаңа 
заманға бет бұрғандығы, «қайта тәрбиеленгендегі» түрі. «Түсінбеймін, ақылым 
жетпейдімен»  кейіпкер  ғұмыры  бітеді.  «Қан  мен  тердің»  сөйтіп  екіұшты 
аяқталуы  социалистік  реализм  әдебиетіндегі  қобалжу,  дағдарыстың 
бастамасынан хабар береді деп түйсек, меніңше, артық айтқандық болмайды», 
– дейді [165,234]. 
1960  жылдары  қазақ  прозасында  І.  Есеберлиннің  «Қатерлі  өткеліндегі» 
Бүркіт,  А.  Нұрмановтың  «Құланның  ажалындағы»  Құлан  сынды  қоғамнан 
өздерінің  орнын  таппай,  рухани  дағдарысқа  түскен,  тұйыққа  тірелген, 
әлеуметтік  ортаға  деген  басқа  көзқарастағы  кейіпкерлердің  дүниеге  келуі 
«жылымық» кезеңнің жемістері еді. Бүркіттің өзі өмір сүріп отырған коғамдық-
әлеуметтік жағдайдың талаптарын түсіне алмауы, күнбе-күн ұрандатып жатқан 
болашақтың  жарқын  екеніне  сенімсіздік  танытуы,  сөйтіп  шығармашылық 
тұрғыдан да тоқырауға түсуі сияқты психологиялық өгерістері жаңа тұрпаттағы 
бейненің  қалыптаса  бастағанының  айғағы  болды.  Ақан  Нұрмановтың 
романындағы  Құлан  да  –  жаңа  өмірді  құру  жолындағы  басын  бәйгеге  тігіп 
күресетін  жан.  Алайда  оның  «жаңа  адам»  болып  қалыптасуы  аяғына  дейін 
жеткізілмей,  образдың  дағдарысқа  бой  алдырған  трагедиясына  мән  берілуі 
жазушылардың  социалистік  реализм  аясынан  шығып,  жаңа  көркемдік  өрістер 
іздей бастағанымен байланысты. 
«Жылымық»  жылдар  әкелген  жаңашыл  көзқарастар  социалистік  реализм 
әдісінің  теориялық  негіздерін  шайқалта  бастады.  Мұндай  процестің  басталып 
кетуі  «социалистік  реализм»  ұғымын  кеңейту,  сол  арқылы  әдістің  жаңа 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
204 
мүмкіндіктеріне  жол  ашу  талаптарынан  басталып  кетті.  Социалистік 
реализмнің  географиялық  бір  шегі  болып  табылатын  Шығыс  Еуропа 
елдеріндегі  аталмыш  әдіске  шабуылдардың  50  жылдардан  бастап  күрт  артуы, 
басқа  да  шет  елдік  әдебиеттанушылар  мен  сыншыларының  соцреализмді 
«тотолитарлық»  және  «ревизионистік»  тенденциялардың  басын  біріктірген 
авангард  ретінде  үнемі  сынға  алып  отыруы  бұл  үрдісті  тек  жылдамдатып 
жіберді. Мәселен, бұрынғы югославтық сыншы С. Лукич «Дело» журналының 
1970-71  жылдардағы  бірнеше  сандарында  жарияланған  «Социалистік 
реализмнің  теориясы  мен  практикасына  көзқарас»  деп  аталатын  проблемалық 
мақаласында  социалистік  реализм  догматизмді  тудырушы  әдіс,  оның 
социалистік  елдер  әдебиетіндегі  жетекшілік  ролін  жоғалтқаны,  әдебиет  енді 
«социалистік  эстетизм»  сынды  дамудың  одан  гөрі  жаңа  сатысына 
шыққандығын  негіздейді»  [180].  Одан  да  бұрынырақ,  1959  жылы  социалистік 
реализм  мәселесіне  арналған  Бүкілодақтық  жиында  И.И.  Анисисмов  әдістің 
эстетикалық  концепциясында  басқа  да  әдеби  құбылыстарға  деген  «үлкен 
икемділігі»  және  «ауқымдылығы»  болуға  тиіс  екенін  айтса  («Вопросы 
литературы», 1959, №6.), 1969 жылы өткен «Социалистік реализмнің көкейкесті 
мәселері» 
атты 
конференцияда 
Д. 
Марков 
«социалистік 
реализм 
формаларының 
ашық 
жүйесі» 
тұжырымдамасын 
ұсынды. 
Одақ 
әдебиеттанушылары  социалистік реализмнен біржола қол  үзгісі  келмегенімен, 
әдебиеттегі  бас  көтере  бастаған  жаңа  тенденцияларды,  әсіресе  модернизм 
эстетикасының  барған  сайын  күшейіп  бара  жатқанын  мойындамауға  лажы 
қалмады. Сондықтан да олар «социалистік реализмнің басқа әдеби әдістер мен 
ағымдар  арқылы  байытылуы  мүмкін»  деген  қисындарды  ойлап  тапты.                  
Д.  Марков:  «Бөтен  поэтикалық  жүйелер  элементтерінің  социалистік  реализм 
жүйесіне кірігуі теориялық және прақтикалық түрғыдан әбден мүмкін. Бірақ ол 
элементтер  кірігу  барысында  өз  қызметтерін  жаңа  талапқа  сай  толығымен 
өзгертіп,  өз  сәйкессіздіктерін  түбегейлі  жоғалтады»,  –  деп  жазды  [181,318].  
Бұл социалистік реализмнің догмалық постулаттарының тұғыры теңселе бастау 
еді. Ал А. Овчаренко өзінің «Социалистік реализм және қазіргі әдеби процесс» 
(1968)  деген  еңбегінде  «Кеңес  үкіметінің  алғашқы  жылдарындағы  кейбір 
жазушылар  коммунистік  мазмұнды  реалистік,  романтикалық  тәсілмен  ғана 
емес, тіпті, символизм, экспрессионизм, неоклассицизм машығымен суреттеуге 
талпынғандығын»  айтуы  соцреализмді  басқа  да  әдеби  құбылыстармен  қатар, 
аралас қарастыруға мүмкіндік жасады [182,104]. Кеңес тұсындағы социалистік 
реализм  бойынша 
өрістеген  пікірталас  1980 
жылдардың  аяғында 
қорытындыланды.  («Лит.газета»,  1988,  13.ІҮ,  25.Ү,  20.ҮІ,  1.ІХ.).  Бұл  уақытта 
әуелгі  «Уставта»  белгіленген  қағидалар  маңызын  жоғалтып,  абыройынан 
айырылып,  социалистік  реализм  әдебиеттің  «саясилығы»,  «казармалығы», 
«догмалығы», 
«лениншілдігі 
мен 
сталиншілдігі» 
ұғымдарымен 
ассоциацияланатын болды.  
Қазақ  әдебиеті  де  авторитаризм  мен  тоталитаризм  сеңінің  көбесі  сөгіле 
бастаған  тарихи  ахуалды  сезінбей  қалған  жоқ.  Ұлттық  прозаның  социалистік 
реализм қалыбынан шыға бастауы адамдар санасының өзгеріске түскен тарихи-
саяси,  әлеуметтік-психологиялық  жағдайға  тікелей  байланысты  болатұғын. 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
205 
1960-70  жылдардағы  қазақ  жазушылары  көркем  шығармашылықтың  өмір 
ақиқатына деген классикалық қарым-қатынасын қалпына келтіруде өз дәуірінің 
жауыр  бола  бастаған  дәстүрлі  тақырыптарынан  бас  тарта  бастап,  тарихи 
шығарма жазуға ойыса бастады. Тарихқа деген біржақты көзқарастардың тоңы 
жіби  бастауы  қазақ  әдебиетінде  тарихи  тақырыпқа  деген  сұраныстың  күрт 
өсуіне  әкелді.  Бір  жағынан,  тарихи  тақырыпқа  бару  әдебиетке  деген  саяси 
талаптардың, мүлде саясиланып кеткен соцреализм шекарасын бұзып өтуге ең 
ыңғайлы  жол  болды.  І.  Есенберлиннің  «Көшпенділер»,  «Алтын  Орда»,                   
М.  Мағауиннің  «Аласапыран»,  Ә.  Кекілбаевтің  «Үркер»,  «Елең-алаң»,                  
С.  Сматаевтің  «Елім-ай»,  Қ.  Жұмаділовтің  «Соңғы  көш»,  Д.  Досжановтың 
«Жібек  жолы»  т.б.  шығармалары  халық  тарихының  қойнауларына  дендей 
отырып қазақ прозасының классикалық реализм үрдістерімен қайта қауышуына 
әкелді. 
Мұндай 
сипаттағы 
туындылар 
тарихи 
оқиғаларды 
әдеби 
шығармашылық  арқылы  тірілтуімен  қатар,  әдебиеттің  ең  негізгі  нысаны  – 
адамның  күрделі  болмысын  бейнелеуді,  қандай  құбылысты  бейнелесе  де 
адамның  қилы  тағдырымен  қабыстыру  мұраттары  көзделді.  Әрине  1960 
жылдардағы жазушылардың идеялық-эстетикалық ой-пікірінің абсолютті еркін 
болмағаны  І.  Есенберлин,  М.  Мағауин  романдарының  қиын  шығармашылық 
тағдырынан, Ә. Кекілбаев романдарының орыс-қазақ қатынастарынына тарихи 
мүдделестік тұрғысынан келетін идеялық арқауынан да көрінеді. Алайда ендігі 
жердегі  қазақ  әдебиетінің  таза  көркемдік  мұраттарды  көздеген  жаңаша  үрдісі 
қайтымсыздығын байқатты. «Қазақ әдебиетінде алпысыншы жылдардан бастап 
дүниеге  келген  тарихи  шығармаларда  Кеңес  Одағының  құлауын  көздейтін, 
тәуелсіздік алу үшін күреске үндеген ашық идея, көзқарас көрінген жоқ. Бірақ 
мемлекет  құрылымындағы  билік  психологиясын,  империялық  саясат  үлгісін 
арғы  дәуірлер  фонына  байланыстыра  отырып,  халқымыздың  ғасырлар  бойы 
аңсап келе жатқан азаттық идеясын бүгінгі ұрпақ санасына ұялата білді», – деп 
жазады Қ. Алпысбаев [183,57] 
Социалистік  реализмнің  қасаң  қағидаларынан  ұзақ  уақыт  арылмаған 
«өндірістік  проза»  болды.  Жоғарыда  біз  атап  өткен  Қазақстандағы 
индустрияландыру  науқанына  орай  жазылған  шығармаларда  қазақ  ортасында 
жұмысшылар  табының  қалыптасуы  суреттесе,  алпысыншы  жылдары  туған            
З.  Шашкиннің  «Теміртау»,  З.  Қабдоловтың  «Ұшқын»,  І.  Есенберлиннің 
«Аманат»,  «Маңғыстау  майданы»,  «Алтын  құс»,  Ш.  Мұртазаның  «Қара 
маржан»,  Қ.  Исабаевтің  «Өрде»,  «Арна»,  М.Сәрсекеевтің  «Көмбе», 
«Жаңғырық»,  Р.  Сейсенбаевтің  «Өмір  сүргің  келсе»,  Ө.  Ахметовтің 
«Конвертор» т.б. шығармалардың біразында дәуір лебіне сәйкес технологиялық 
табыстар,  шаруашылық-экономикалық  жетістіктер  паш  етілді.  І.  Есенберлин,          
З.  Қабдоловтардың  романдарындағыдай  заманауи  өзгерістердің  символы 
болған  алып  өндіріс  тынысын  адамның  адагершілік-психологиялық 
табиғатымен  ұштастыра  бейнелеу  өрнектері  мол  ұшыраса  бермеді.  Кеңес 
әдебиетінде  барынша  насихатталған  «социалистік  алып  құрылысты» 
бейнелеген  Б.  Горбатовтың  «Донбасс»,  В.  Поповтың  «Сталь  и  шлак»,                        
Г.  Николаеваның  «Битва  в  пути»,  Б.  Кербабаевтың  «Набит-Даг»  тәрізді 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
206 
туындыларының  ықпалы  болмай  қалған  жоқ.  Мұндайлық  мысалдарды  тың 
игеру тақырыбына жазылған прозалық шығармалардан да көптеп кездестіреміз.  
Сонымен,  өмір  шындығын  коммунистік  идеал  мен  маркстік-лениндік 
идеология  талаптарына  сәйкес  бейнелейтін,  мемлекеттік  деңгейде  кеңестік 
әдебиеттің  негізгі  әдісі  болып  жарияланған  социалистік  реализм  қазақ 
прозасының  да  жүріп  өткен  бір  белесі  болып  табылады.  Әдістің  1920 
жылдардың  аяғы  мен  мен  1970  жылдардың    соңына  дейінгі  жарты  ғасырлық 
үстемдігі көркем шығармашылыққа өз зардабын тигізіп, әдебиетті өзінің негізгі 
бағдарынан жаңылыстырмай қалған жоқ. Социалистік реализмнің тұғырнамасы 
болып табылатын Уставта (Кеңес жазушыларының бүкілодақтық бірінші съезі. 
Стенографиялық  есеп.  Москва,  1934)  «Социалистік  реализм  көркем 
шығармашылыққа  шығармашылық  инициатива  беру  жөнінде  және  оны  түрлі 
форма,  стиль  және  жанр  таңдауына  айрықша  мүмкіндіктер  туғызатыны» 
сияқты  қағидалар  айтылғанымен  ол  әдіс  тым  саясаттандырылып,  ақын-
жазушыларды  бір  шеңбердің  аясында  тұсап  ұстаудың  таптырмас  амалына 
айналып кетті.  
Ал  «социалистік  реализм»  деген  терминнің  өзіне  келетін  болсақ,  одан 
мүлде ат тонымызды ала қашып, әлдебір құбыжық сияқты көрудің реті жоқ деп 
білеміз.  «Социалистік  реализм»  көркем  әдебиеттегі  әлеуметтік  талдаудың 
өзінше  принциптерін  ұстанған  жазушылар  шығармашылығындағы  ортақ 
тенденцияларды  теориялық  тұрғыдан  сипаттауға  қолданылатын  эстетика 
саласының термині болып ұғынылуы қажет. 1980 жылдардың аяғында ресейлік 
«Литературная газета» ұйымдастырған «Бізге социалистік реализмнен бас тарту 
керек  пе?»  деген  дөңгелек  үстелде  аталған  термин  жайлы  И.  Волков  «Өзінің 
шынайы  түсінігінде  бұл  термин  идеологиялық  немесе  саяси  емес  нақты 
әдебиеттанушылық мағына беретінін, «социалистік» деген анықтаманың үлкен 
гуманистік  мәні  бар  екенін»  қаперден  шығармауға  шақырады  [184,405].  Ал 
терминді қолданудағы бюрократтық шектеулер, идеологиялық-саяси қысымдар 
мен талаптар ол түсініктен мүлде жырақтатып әкетті.  
Ұлттық  прозамызда  соцреализмнің  әдебиеттің  халықтығы,  партиялылығы, 
таптығы,  тарихи  оптимизм,  социалистік  гуманизм,  интернационализм  сияқты 
қағидалары  жүзеге  асқан  әр  түрлі  деңгейдегі  шығармалар  дүниеге  келді.  Бұл 
әдіс  негізінде  социализмнің  мұраттарын  арқау  қыла  отырып,  дәуір 
жаңалықтарын  адам  санасындағы  өзгерістерге  сай  шынайы  бейнелей  алған, 
көркемдік-эстетикалық биік талаптардың үдесінен шыға алған шығармалар да, 
керісінше ресми идеологияның жалаң үгітшісі деңгейінде қалған туындылар да 
болғанын есте ұстау қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й
 
Ка
рГ
У


 
207 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет