Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013



бет16/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
annotation6558
Мақала Аманова С.Т, Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4
ҚОРЫТЫНДЫ

Ғарыштық қызмет барысында туындайтын ластану мен жағымсыз өзгерістерден қоршаған ортаны қорғау, мемлекетаралық қатынастардың пәні бола отырып, халықаралық құқық пен халықаралық ғарыш құқығында өзінің белгілі бір реттелуін тапты, дегенмен, бұл реттеу осы мәселенің маңыздылығын қанағаттандырмайды.


Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық ғарыштық қызмет пен қоршаған ортаны қорғаудың ара қатынасына енді ғана көңіл бөлуде, яғни адамзат қоршаған ортаны қорғау үшін ғарыштық тәжірибе ұсынатын, әр түрлі оң шараларды қолданады, яғни ғарыштық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу немесе оны шектеу мақсатында. Қысқаша айтқанда, адамзаттың өмір сүру ортасын қорғау, ғарыштық қызмет барысында туындауы мүмкін ықтимал және маңызды қауіптен қорғайды.
Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық құқықтық қорғау мәселелерін зерттеу, ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық заңнаманы ары қарай дамыту мен жетілдірудің қажеттілігін көрсетті. Зерттеу барысында келесідей нәтижелер алынды:
1. Ғарыштық қызмет салдарынан қоршаған ортаны ластау деп кең мағынада ғарыштық қызмет барысында зат алмасудың және адамның іс әрекетінің нәтижесінде, қоршаған ортаға зиян келтіретін немесе табиғи тепе - теңдікті бұзатын, сонымен қатар адамзаттың әл аухатына зиян келтіретін ғарыш пен қоршаған ортада болатын өзгерістерді айтамыз.
Ластанудың салдарынан қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келтірілетін зиян туындайды деп айтуға болады, егер де ластанудың деңгейі қоршаған ортаның табиғи түрде залалсыздандыру қабілеттілігінің шегінен асып кететін болса.
Қоршаған орта мен ғарыш кеңістігінің ластануы және жағымсыз өзгерістерге ұшырауы деп келесіні түсінеміз, яғни мемлекеттердің ғарыштық қызметінің нәтижесінде болатын және қоршаған орта мен ғарыш кеңістігінде, сонымен қатар аспан денелерінде төмендегідей салдарға алып келетін кез келген іс әрекет (алдын ала ниетпен немесе ниетсіз): адамның өмірі мен денсаулығына тікелей зиян келтіреін немесе ықтимал зиян келтіру қаупін туындататын, оның ғылыми және экономикалық мүдделеріне қауіп төнеді, сонымен қатар аспан денелерінің биологиялық және басқа да байланыстары бұзылады, ал ол өз кезегінде мемлекеттердің ары қарай ғарыштық қызметін жүзеге асыруға теріс әсер етуі мүмкін. Теңіз құқығы саласындағы келісімдерде ластанудың нәтижесінде туындайтын шығындарды өтеудің бекітілген шегі көрсетілген. Бұл қағидаға сәйкес, көріп отырғанымыздай, жауапкер келтірілген зиян үшін белгілі бір өтемақы төлеуге міндеттенеді, ал талапкердің аса көп өтемақы талап етуі шектелген, бірақ аталған ереже ғарыштық қызмет салдарынан болған ластанудан шеккен зиянды өтеу үшін қолданылуы мүмкін емес, себебі, іс жүзінде болатын зиянның көлемін алдын ала қандай да бір сомманы белгілеу арқылы анықтай алмаймыз.
Халықаралық ғарыш құқығына сәйкес жеке және заңды тұлғалар қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластағаны үшін жауапкер болып танылады.
Дегенмен, бұл тұлғалар ластану салдарынан келтірілген зиянды тиісті дәрежеде материалдық түрде өтеуді қамтамасыз етуге қабілетсіз болуы мүмкін. Осы мақсатта ластанудан туындаған зиян үшін азаматтық жауаптылық туралы халықаралық келісімдерге төмендегідей нормаларды қосу керек, яғни нақты бір мемлекетке тиесілі немесе ұлты бар заңды және жеке тұлғалардың қызметінің нәтижесінде келтірілген зияннан болған шығынды, сол мемлекеттің өтеп беруге кепіл беретіндігін міндеттеу нормасы, келісіммен көрсетілген реттерде.
Мемлекеттер, әрекет етуші шарттарды, сонымен қатар осы саладағы құзырлы халықаралық ұйымның шешімдерін және ұсыныстарын ескере отырып, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластанудан қорғау, оның алдын алу сұрақтары бойынша ұлттық заңнаманы, халықаралық құқық пен халықаралық ғарыш құқығының нормаларына сәйкес қабылдауы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда осындай заңнаманы жасау үшін негіз болатын орталықтандырылған құжатты дайындау өте тиімді деп санаймыз.
2. Халықаралық құқықтың қайнар көздерін талдау, төмендегідей қорытынды жасауға негіз болады, яғни ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғаудың келесідей арнайы қағидаларының көрініс таппқандығын көрсетті:
а) ғарыштық қызметтен адамзаттың өмір сүру кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау қағидасы;
б) ғарыштық қызмет барысында ғарыш кеңістігі мен аспан денелеріндегі тәжірибелердің ықтимал зиянды салдарының алдын алу қағидасы;
в) қоршаған ортаны ғарыштық қызметтен қорғау саласындағы халықаралық әріптестік қағидасы;
г) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу қағидасы. Адамзатты қоршаған орта мен ғарыш кеңістігінің ластануынан қорғау сияқты халықаралық құқықтық қағиданың түпкі мазмұны, диссертанттың пікірінше, келесідей болып келеді, яғни қандай да бір мемлекеттің юрисдикциясымен немесе оның бақылауымен жүзеге асырылатын ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану қызметі, басқа мемлекеттердің қоршаған ортасына, оның тұрғындарының өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс және олардың ұлттық юрисдикциясының шегінен тыс жердегі аумақтағы мүдделеріне де зиян келмеуі тиіс.
Қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін қорғау қағидасының маңызды құрамдас бөлігі ол қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластаудың алдын алу туралы норманың болуы.
Мемлекеттің юрисдикциясы мен оның бақылауымен жүзеге асырылатын қызмет, егер де ол қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне зиян келуіне себепкер болатын болса, құқыққақайшы қызмет деп қарастырылуы тиіс.
Бұндай қызметті жүзеге асырушы мемлекет, қандай да бір шектеулерсіз халықаралық жауаптылыққа тартылуы тиіс.
3. Қарастырылып отырған нормақұрушылық процесспен қатар, халықаралық құқықта, ғарыш қызметін жүзеге асыруға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ұлттық құқық жүйелерінің туындау процесі мен дамуы жүріп жатыр. Халықаралық ғарыш құқығының нормаларының ережелері, ұлттық ғарыш заңнамасының дамуына ықпал етеді, оның өзінің жағымды және жағымсыз салдары болады, егер де жеке сұрақтар бойынша халықаралық құқытық актілерде ақтаңдақтар болатын болса.
Жалпы халықаралық құқықта және халықаралық жеке құқықта мемлекеттердің әмбебап техникалық нормалар мен ережелерді дайындап оларды қабылдау процессін жылдамдату қажет, себебі олар техникалық құралдардың құрастырылуының сенімділігін анықтаудың тиімді критерийлерін бекітеді, егер де олардың апатқа ұшырауы салдарынан қоршаған орта мен табиғи ортаға зиян келуі ықтимал болатын болса, әсіресе жерге байланысты.
Өте маңызды мәселелердің бірі ол мемлекеттердің тиімді нормалары мен стандарттарын дайындау және қабылдауы, яғни олар қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне шығарылатын зиянды агенттердің қауіпсіз болатындай көлемін анықтайды, басқаша айтқанда, бұндай шығарулардың ластандыру сипаты болмауы керек.
4. Қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ғарыштық қызмет салдарынан болатын ықтимал зияннан қорғау мәселесін тиімді шешу үшін, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластауға тыйым салатын нормалар мен ережелердің тиісті дәрежеде орындалуына мемлекет тарапынан бақылау жүргізудің маңызы үлкен, сонымен қатар оның ластану деңгейіне бақылау жасау. Бұндай бақылаудың маңызы әсіресе ұлттық юрисдикциядан тыс аумақтарда арта түседі.
Аталған бақылаудың қажеттілігі арнайы халықаралық келісімдер мен халықаралық ұйымдардың тиісті шешімдер қабылдауына алып келді. Көрсетілген бақылау түрін жүзеге асыру халықаралық құқық пен халықаралық ғарыш құқығының жалпы мойындалған қағидалары мен нормаларын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс, ол өз кезегінде мемлекеттердің заңды қызметін жүзеге асыруына кедергі келтірмеуі тиіс.
Қоршаған орта мен ғарыш кеңістігінің ластануын ұтымды жолмен қорғау мемлекеттердің халықаралық әріптестігінсіз мүмкін емес.
Бір жағынан, мемлекеттердің аталып өткендей әріптестігі көпжақты, аумақтық және екіжақты келісімдер негізінде құрылуы тиіс, екінші жағынан, тең құқықтылық қағидасының негіздерін сақтай отырып және де барлық мемлекеттердің мүддесін сәйкесінше ескере отырып, дамыған және дамушы, олардың саяси бағыт бағдарларына қарамастан, үлкен не кіші елдер.
Тек ілгеріде көрсетілген шарттар орындалған жағдайда ғана, ғарыштық қызмет салдарынан болатын ластанудан қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік бар.
Басқа жағынан қарастырсақ, ғарыштық қызмет саласында мемлекеттердің әріптестігі мақсатында, қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық ұйым құру қажет.
Бұл ұйым мемлекеттердің ғарыштық қызметті жүзеге асыруы барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметінде реттеушінің рөлін атқаруы тиіс. Мысалы, ақпараттар орталығы, кеңесу орталығы, бақылау және т.б. Сонымен қатар, бұл ұйым қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық құқытың субьектілерінің арасында ғарыштық қызметті жүзеге асыру саласында туындайтын, халықаралық дауларды реттеу құзырына ие болуы тиіс. Ғарыштық қызметтің даму қарқыны осындай халықаралық ұйымның пайда болуын қажет етеді.
Жұмыста келесідей міндеттер шешімін тапты:
1. Жұмыс барысында ғарыштық қызметтің жағымсыз салдары ұғымының құқықтық табиғаты, оның сипаттамасы анықталды және мазмұны ашып көрсетілді. Осы мақсатта 1967 жылғы Ғарыш бойынша Шарт және осы саладағы басқа да халықаралық құжаттар мен ұлттық заңнама зерттелді.
2. Халықаралық экологиялық құқықтың және халықаралық ғарыш құқығының қоршаған ортаны қорғауға бағытталған құжаттарын зерттеу нәтижесінде ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық реттеудің арнайы қағидалары анықталды және жүйелеу негізінде мазмұны ашып көрсетілді, олардың қалыптасу барысы көрсетілді.
3. Ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалған.
4. Ғарыш дәуіріндегі қоршаған ортаны қорғауға қатысты түрлі халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғаты, құқықтық жағдайы, құрылымы және құзіреті анықталған. Бүгінгі таңда ғарыштық қызмет барысында қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа халықаралық ұйым құру қажеттілігі негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет