3 ҒАРЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ҒАРЫШТЫҚ КЕҢІСТІКТІҢ ӨЗІНЕ КЕЛТІРІЛЕТІН ЛАСТАНУ МЕН ЖАҒЫМСЫЗ САЛДАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
3.1 Қоршаған ортаны ластағаны үшін жауаптылық халықаралық – құқықтық негізгі мәселе
Бүгінгі таңдағы жалпы халықаралық құқықты талдау, ғарыш құқығының қазіргі халықаралық құқықтың қалыптасып келе жатқан саласының бірі екендігін көрсетті, әлемдік құқықтық тәртіптің құрамдас бөлшегі. Дегенмен, бұл жағдай, осы уақытқа дейін өзінің қағидалары мен нормаларын жасап үлгерген, осы құқық саласының белгілі жеке даралығы мен арнайылығын жоққа шығармайды.
Негізінен алғанда, шарттық негізде дамушы ғарыш құқығы, ең алдымен мемлекеттер басшылыққа ала отырып өздерінің ғарыш кеңістігіндегі қызметін жүзеге асыра алатын, басты қағидаларды қалыптастырды. Осылайша, өзіндік бір «ғарыштық кодекс» болып, ол Ғарыш бойынша Шарт танылады. Сондықтан да, 1967 - ші жылдан кейін ғарыш құқығының тәжірибесі, Ғарыш бойынша шарттың негізгі ережелерін нақтылау мен тереңдету жолымен дамығаны, анық заңдылық.
Белгілі болғандай, мемлекеттердің ғарыштағы қызметі үшін жауаптылық қағидасы ең алғаш рет Ғарыш туралы шарттың У1 - шы және УП - ші баптарында пайда болды.
Дегенмен, адамның ғарыш кеңістігіндегі қызметімен байланысты көптеген сұрақтар өзінің толыққанды нақтылануы мен шешілуін қажет етеді, олардың ішінде маңыздыларының бірі ол ластануды болдырмау, не оған жол бермеу мәселесі («ластану» ұғымын біз жалпылама мағынада қарастырдық, яғни ол «жұқтыру не улану», «қоқыстау» ұғымдарын да қамтиды) және қоршаған орта мен ғарыш кеңістігінде зиянды өзгерістерді болдырмау.
Айтып өткендей, ақылға қайшы қызметтің ғарыш кеңістігінде іске асырылуына жол бермеуге құқықтық тыйым салудың қажеттілігі еш күмән тудырмайды. Дегенмен, ғарыш обьектілерінде зымыранның қозғалтқыштары ретінде ядролық құрылғыларды және энергия көздерін пайдалану мүмкіндігімен байланысты, радиоактивті улану мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Қақтығысудың себебі болуы мүмкін, ғарыш кеңістігін «өлі» обьектілермен қоқыстау нақты проблеманы көрсетеді.
Осыған орай, Г.П. Жуков дұрыс ескерткен, 1967 жылғы шартқа сәйкес ғарыш кемесінің және зымыран тасушылардың барлық бөлшектері, ұшырушы мемлекеттің меншігі болып табылады, сондықтан да сол мемлекет ең алдымен ғарыштың тазалығын сақтауы тиіс [88].
Келесі мәселені ескерту қажет, яғни, «өлі» ғарыш обьектілерінен тарайтын радиосәуле ұзақ уақыт бойына радиокедергілердің көзі болып табылады.
1960 - шы жылдың өзінде, Нью - Йорк қаласының аэронавтика бойынша Адвокаттар Ассоциациясы өз пікірі бойынша, ғарыш бойынша халықаралық шартқа енгізілуі тиіс бірқатар сұрақтар дайындап қойды. Осы ережелердің ішінде, нақтырақ айтсақ, ғарыштық қызмет салдарынан Жер мен аспан денелерінің биологиялық, радиологиялық және химиялық улануы сияқты ықтимал зиянның алдын алу, азайту үшін шаралар қабылдау жөнінде мемлекеттердің міндетін көздеу ұсынылған болатын».
Қоршаған орта мен ғарыш ортасын ластау мен жағымсыз өзгерістерге байланысты, бірқатар құқықтық мәселелерді шешу үшін, осы ұғымның анықтамасын беру қажет [89].
Осылайша, Г.П. Жуков ғарыштағы ықтимал қауіпті тәжірибе деп, «ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатта пайдалануға және зерттеуге байланысты істерге зиян келтіруі мүмкін немесе бүкіл адамзаттың мүүдесіне әсері бар» қызмет түрлерін айтқан [13, 15б.].
Сонымен қатар, халықаралық заңгер Э.Г. Василевская былай деп ой қорытындылайды, яғни, «ғарыш кеңістігі мен басқа да аспан денелерін ластау мен улау деп ниетпен немесе ниетсіз жасалған кез келген іс әрекет, егер де ол «Жердің, ғарыш кеңістігінің және аспан денелерінің қалыпты табиғи жағдайын өзгертетін болса және сол арқылы ғарышты зерттеу ме пайдалану ісінде ғылымның мүддесіне зиян келтірсе, сонымен қатар, Жер мен басқа да аспан денелерінде тіршілік етуге қауіп төндіретін болса» [83, 182б.].
Берілген анықтамалармен жалпы алғанда келісуге болады. Осындай, ұтымсыз қызметтің күрделі материалдық зиян келтіруін ескере отырып, сонымен қатар, «жағымсыз салдар» деген сөз тіркесі кең мағынада болып келеді, яғни келесідей анықтамаға саятын сияқтымыз: ғарыштық қызметтің салдары болып табылатын, қоршаған ортаның ластануы мен жағымсыз өзгерістерге ұшырауы деп төмендегі нәтижелерге алып келетін кез келген қызметті танимыз: жерде, ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде ықтимал қауіп төнуі мүмкін немесе адамның өмірі мен денсаулығына тікелей зиян келтірілсе, оның ғылыми және экономикалық мүдделеріне, сонымен қатар, аспан денелерінің биологиялық және басқа да біртұтастығы бұзылатын болса, егер де ол ғарыш кеңістігін ары қарай зерттеуге зиян келтіретін болса.
Мемлекеттердің жауаптылық мәселесі, ортақ пікір бойынша, қазіргі халықаралық құқықтағы ең өзекті және күрделі тақырыптардың бірі және өзінің ғылыми өңделуін, зерттелуін қажет етеді.
Стокгольм декларациясында тікелей айтылған, яғни «мемлекеттер халықаралық құқықтың дамуы ісінде ары қарай әріптестікті жалғастыра береді, қоршаған ортаға келтірілген зиян мен ластағаны үшін жәбірленушілер алдында жауаптылық пен орнын толтыруға қатысты мәселеде» [3, 646б.]. Мемлекеттердің қарапайым шараларды жүзеге асыруы, олардан тысқары жерде қауіптің болмайтындығына кепіл бола алмайды. Бұндай зиян табиғат пен оның бөлек элементтерінде болатын өзара байланыстар туралы, адамзат білімінің жетілмегендігінен, сонымен қатар, айтарлықтай тиімді қарапайым шараларды қандай да бір саяси факторлардың салдарынан мемлекеттердің келісімге келе алмауынан болады [90].
Халықаралық құқықтың доктринасында танылған, мемлекеттердің жауаптылығы халықаралық құқықтың нормасының бұзылуы нәтижесінде туындайды, немесе, толығырақ айтсақ, нақты нормамен бекітілген міндеттемені орындамаса «мемлекеттің халықаралық құқықтық жауаптылығы туындайды, егер де олар халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелерін бұзатын болса» [91].
Ғарыштық қызмет барысында қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне трансұлттық зиян келтіргені үшін мемлекеттердің жауаптылық мәселесі, халықаралық құқықтық жауаптылық сияқты үлкен мәселенің бөлшегі бола отырып, өзінің ерекшелігі бар. Ең күрделісі ол халықаралық құқыққорғаушылық нормалардың айтарлықтай өңделмегендігі.
Халықаралық құқықтық әдебиетте келесі мәселе бойынша бірығай пікір бірлестігі жоқ, яғни зиян, халықаралық құқықбұзушылықтың жеке элементі болып табылады ма әлде жоқ па? Сөзсіз, дегенмен, құқықбұзушы мемлекеттің жауаптылығының туындауының маңызды шарттарының бірі ол басқа мемлекеттің қалыпты табиғи жағдайына зиян келтіру. Осы ретте зиян әрқашан да материалдық сипатта болады, яғни оған экономикалық сипат тән.
А.С. Тимошенко өз пікірін дұрыс айтады, басқа мемлекеттің қоршаған ортасына әсер етуін, оны халықаралық құқықбұзушылық деп тану үшін, ол кем дегенде екі сипатқа ие болуы қажет: «жағымсыз» болуы және «күрделі» немесе «маңызды» болуы қажет [90, 117б.].
Бәрімізге белгілі, зиянның сипаты мен көлеміне, құқықбұзушы мемлекеттің жауаптылығының көлемі, түрі және нысаны тәуелді. Сондықтан да, қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың негізгі түрі ол материалдық жауаптылық, яғни, тәртіпке сәйкес, ол келтірілген зиянды жою, құқықбұзушылық келтірілгенге дейінгі жағдайды қалпына келтіру, немесе ол мүмкін болмаса, зиян шеккен мемлекеттерге келтірілген зиянның орнын толтыру сипатында болады.
Ғарыш пен қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылық мәселесін қарастырған кездегі, ең күрделі сұрақтардың бірі, ол мемлекеттің кінәсі туралы сұрақ, ол халықаралық құқық, оның ішінде халықаралық ғарыш құқығы доктринасындағы қарама қайшылықты сұрақтардың бірі. Мемлекеттің кінәсін тану категориясын пайдалану жағында Г.И. Тункин, СБ. Крылов, Д.В. Левин, П.М. Курис, В.А. Василенко, Н.А. Ушаков сияқты және басқа да ғалымдар тұр.
П.М. Куристің пікірі бойынша, «кінә әлеуметтік саяси құбылыс болып табылады, оның мәні мемлекеттің өзінің құқыққа қарсы істеген әрекетін түсінуінде, осы іс әрекетінің салдарына мемлекеттің ерікті қатынасы, яғни оны қалау мен сол сияқты басқа субьектілердің құқықтарын елемеу немесе оларды бағаламау. Осындай мағынада түсіндірілетін кінә кез келген халықаралық құқықбұзушылықта танылады, бұл, дегенмен, кінәнің құқықбұзушылықтың міндетті құрамдас элементі дегенді білдірмейді, егер де ол дәлелденбесе халықаралық құқықтық жауаптылық туындауы мүмкін емес [92]. Бұдан шығатын қорытынды, мемлекет өзіне алған халықаралық міндеттемені бұзу фактісі анықталғаннан кейін, құқыққа қайшы әрекеті үшін кінәлі деп танылады В.А. Василенконың ойынша, кінә кез келген халықаралық құқықбұзушылықтың шарты болып табылады және сондықтан ол кінәні іс жүзінде дәлелдеудің процессуалдық тәртібінің мерзімін күтпестен, барлық халықаралық құқықбұзушылықтарда қолданылуы міндетті [93].
Көпшілік жағдайда құқықбұзушы мемлекеттің кінәсі қасақана нысанда емес, абайсыздық нысанында болады. Мемлекеттердің неғұрлым өзара тәуелділігі жағдайында, қызметтің жаңа неғұрлым аса қауіпті түрлерінің пайда болуы, мемлекеттердің ақылға қонымды сақтандыру шараларын жүргізуі немесе тиісті аңғарымпаздығы, өзінің маңыздылығы бойынша бірінші орынға қойылуда. Осыған байланысты, «нәтижесінде басқа мемлекеттердің қоршаған ортасына ықтимал зиян болуы мүмкін іс әрекеттерді жүзеге асыру кезінде тиісті аңғарымпаздық таныту талаптарын орындау немесе орындамау мүмкіндіктері, мемлекеттің жауаптылығын туындататын, халықаралық құқықбұзушылық деп саралануы тиіс».
Д.Б. Левин, негізінен алғанда құқықбұзушы мемлекеттің кінәсі тұжырымдамасын мойындағанымен, былай деп жазған, яғни «кінәнің бар не жоқ болуына қарамастан мемлекеттер халықаралық-құқықтық жауаптылықта болатын, халықаралық құқықбұзушылықтар бар, демек жалғыз ғана обьективті зиян келтіру фактісінің негізінде [94].
Бұл, оның ойынша, көпшілік жағдайда келесідей кездерде қолданылады, егер де, материалдық зиян келтіру халықаралық құқықбұзушылықтың жалғыз ғана пәні болып табылса.
В.М. Клименконың пікірінше, «қандай да бір нысандағы кінәнің болуы, халықаралық өзендерді пайдалану кезінде келтірілген зиян үшін жауаптылық туындаудың жалғыз ғана негізі бола алмайды» [95].
Мемлекеттің халықаралық құқықбұзушылық үшін халықаралық құқықтық жауаптылығын, обьективті (абсолютті) жауаптылықтан, яғни зиян құқыққа сай әрекеттің нәтижесінде туындайтын жағдайлардан болса. Г.И. Тункиннің айтуынша, «зиян келтіру, халықаралық құқықты бұззушылық деп саналуы міндетті емес, және, сәйкесінше, мемлекеттің халықаралық құқықтық жауаптылыққа тартылуына міндетті түрде негіз болмайды. Мемлекеттің іс әрекеті толықтай құқыққа сай бола тұра, дегенмен де басқа мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін [91, 432б.].
Ғылыми - техникалық прогресстің дамуы, атом энергиясын пайдалануға байланысты, ғарыш кеңістігін игерумен байланысты және тағы да басқалары сияқты, адамзат қызметінің жаңа салаларының пайда болуы, жерге не ғарыш кеңістігіне немесе оның басқа да құрамдастарына ықтимал зиян келтіру қауіптілігін арттырады. Бұл құқыққа сай әрекет салдарынан мемлекеттердің жауаптылық мәселесі туындайды.
Халықаралық құқық доктринасында қазіргі кезде «тәуекел үшін» жауаптылық тұжырымдамасы неғұрлым кең таралуда, бұл бізге азаматтық құқықтағы жоғарғы қауіп көзімен келтірілген зиян үшін абсолютті жауаптылықты еске түсіреді. У. Дженкс, кінә мемлекет үшін халықаралық құқықта жауаптылық үшін негіз болып табылатындығын, мойындай отырып, аса қауіптілік сипаты бар қызмет түріне тәуекел үшін жауаптылыққа тартуға мүмкін болатындығын жоққа шығармайды. Сонымен қатар, оның ескертетіні, бұл тұжырымдама мемлекеттер жауаптылығының ортақ негізі кінә деген қағиданы жоққа шығаруға үндемейтіндігі және оның осы қағидадан тыс шектеу деп көрсетпейді [96]. Бұл тұжырымдаманың мәні келесідей, яғни, ол құқыққа сай бірақ, аса қауіпті қызмет түрін жүзеге асыратын мемлекет, осындай қызмет нәтижесінде болған қызмет үшін жауаптылықта болады, тіпті оның тарапынан қасақаналық пен абайсыздық жоқ болатын болса.
«Жауаптылық» ұғымын заңға сәйкес қызмет нәтижесінде келтірілген зиянның салдарына қатысты қолдану, оның мемлекеттің халықаралық құқықтық жауаптылықпен бірдей не тең дегенін білдірмейді.
Бұл құқықтық категорияларға бідей не тең деп қарау қателік болар еді. П.М. Курис айтқандай, «жалпы алғандағы жауаптылық пен «тәуекел үшін» жауаптылықтың айтарлықтай айырмашылығы айдан анық және ол табиғаты бойынша әр түрлі құбылыстарға екі түрлі қарауға міндеттейді [93, 24б.].
Алғашқысы халықаралық құқық нормасының бұзылуының салдары болса, екіншісі, тек халықаралық келісімдерде көзделген себептер бойынша туындайды, яғни келтірілген зиянды өтеудің тәртібі мен шартын айқындайтын. Бұндай келісім мәні бойынша келтірілген зиянды өтеудің кепілі болып табылады, яғни заңға сәйкес, бірақ, аса қауіпті қызмет садарынан болған. Сондықтан да, В.А. Василенко осындай келісімдердің негізінде туындайтын, құқықтық қатынастарды негіздеп беріп көрсеткен, яғни оларды кепілдемелік-өтеп беруші құқықтық қатынастар деп айтқан, себебі олардың қабырғасының шегінде тиісті мемлекеттердің арасында туындайтын, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен кездейсоқ зиян шегуі сияқты құқықтық қатынастардың кешені реттеледі [93, 41б.].
Күмәнсіз нәрсе, ол, яғни, ғарыш пен қоршаған ортаның ластануы мен басқа да жағымсыз салдардың туындауы, алдын ала жоспарланған әрекет негізінде болатын болса және оның салдарынан туындайтын нәтиже мақсат етіп қойылса, онда мәселенің барлығы халықаралық құқықбұзушылық төңірегінде болуы тиіс және сәйкесінше мемлекеттің халықаралық құқықтық жауаптылығы туралы. Халықаралық құқық ғылымында бұндай құқықбұзушылықтар ретінде халықаралық қылмыстарды тану жатқызылған, сондықтан, ғарыш пен қоршаған ортаға зиян келтіретін кез келген қызметті құқықбұзушылықтың аталған категориясына жатқызу күмән туғызады. Халықаралық қылмыстар туралы тек мемлекеттердің қасақана әрекеттері болған жағдайда ғана айтуға болады, егер де ол ғарыш пен қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болса, егер де ол көптеген мемлекеттердің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарына немесе бүкіл әлемдік қауымдастыққа зиян келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса. Мұндай іс әрекеттерге ең қатал халықаралық жауаптылықты қолдануды қажет етеді, тіпті құқықбұзушы мемлекетке мәжбүрлеу шарасын қолдануға дейін.
Қалған басқа да жағдайларда, әдеттегі халықаралық құқықбұзушылық жөнінде айту керек, не болмаса, аса қауіптілік сипаты бар қызмет туралы, екі жағдайда да зиян келтіруші зиян шеккен мемлекетке келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылыққа тартылуы міндетті. Дегенмен, жоққа шығарылмайтыны, ол мемлекеттің қандай да бір, алғашында заңды деп танылған қызметі, апатты салдарға алып келетіндігі. Мұндай жағдайда, «тәуекел үшін» абсолютті жауаптылық туралы сұрақ емес, халықаралық құқықтық жауаптылық туралы мәселе туындайды.
Жауаптылықтың түрін анықтаудың критерийі ретінде, зиян келтірген іс әрекеттердің сипаты (құқыққа сай немесе құқыққа қайшы), сонымен қатар келтірілген зиянның көлемі мен мөлшерін тану жөн сияқты. Осы жағдайда, қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірген, халықаралық құқықпен тыйым салынбаған іс әрекеттердің өзін, мемлекеттің халықаралық құқықтық жауаптылығын туындататын құқықбұзушылық деп қарастырған дұрыс сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |