Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013


Ғарыш обьектілерімен ғарыш кеңістігінің өзіне және қоршаған ортаға келтірілген зиян мен жағымсыз салдар үшін халықаралық материалдық жауаптылық



бет14/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
annotation6558
Мақала Аманова С.Т, Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4
3.2 Ғарыш обьектілерімен ғарыш кеңістігінің өзіне және қоршаған ортаға келтірілген зиян мен жағымсыз салдар үшін халықаралық материалдық жауаптылық
Ғарыш кеңістігіндегі қызмет үшін жауаптылық, оның ішінде, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз өзгерістер тудыратын, ұтымсыз салдары бар қызметтің өзіндік ерекшелігі бар.
Бұл арнайы сұрақ, дегенмен, көпшілікпен мойындалған, халықаралық ғарыш құқығының жалпы қағидаларына негізделетін, бірқатар тірегі бар.
Осындай қағидалардың бірі Ғарыш туралы Шарттың I - ші және II - ші баптарына сәйкес «интернационализация» ұғымы.
Осы маңызды қағида, ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық мәртебесін анықтайды және оған «ортақ пайдалану» сияқты тұжырымдама негізделеді.
А.Л. Колодкинмен енгізілген "ортақ пайдалану" ұғымының анықтамасы «ортақ мұра» немесе «ортақ меншік» анытамаларына қарағанда, ұлттық юрисдикциясының шегінен тыс ашық теңіз бен теңіз түбінің құқықтық режимін сипаттауға қолданылатын ережеге сәйкес, ғарышты зерттеу мен пайдалану басқа мемлекеттердің мүддесіне зиян келтірмеуі тиіс [97].
Қарастырылып отырған мәселені зерттеудің басқа құқықтық жолы ол Ғарыш туралы шарттың VI - шы бабы, оған сәйкес мемлекет ғарыш кеңістігіндегі ұлттық қызметі үшін жауаптылықта болады, тіпті ғарышта жұмыс істейтін тұлғалардың құқықтық мәртебесіне қарамастан, сонымен қатар, Ғарыш бойынша шартқа қатысушы мемлекет мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымның жауаптылығын да қатар алғанда.
Осылайша, қытыйлық халықаралық заңгер Хэ Чиджь, өзінің мақаласында әділ қорытынды жасаған, яғни қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз өзгерістер келтіргені үшін жауаптылық мәселесі, тек жария құқықтың нормаларын дұрыс қолдану арқылы шешуге болады, керісінше жеке құқықтың ұқсастығына негізделген, жеке бір мемлекеттің заңымен емес.
Сонымен қатар, келесідей пікірді ақылға саятын деп санаймыз, яғни, егер де халықаралық ұйымға мүше мемлекет, ұйым қабылдаған белгілі бір қызмет түрлеріне қарсылық білдірсе, онда ол сол қызметке байланысты істер үшін жауаптылыққа тартылмауы тиіс [13, 123б.].
Ілгеріде айтылғандарды ескере отырып, Ғарыш бойынша Шарттың IX - ші бабының ережелерін бұзатын іс әрекеттердің құқықтық сараптамасына тоқтап көрсек.
Мемлекеттердің жауаптылығы мәселесін қарастыруда, халықаралық заңгерлер халықаралық құқықбұзушылықтың құрамына байланысты оның сипатын айтарлықтай негізді анықтайды және халықаралық құқықбұзушылықтарды екі негізгі категорияларға бөледі: жеке бір мемлекеттің мүддесі мен құқықтарына қол сұғатын құқықбұзушылықтар, және неғұрлым күрделірек құқықбұзушылықтар түрі, яғни қазіргі халықаралық құқықтық тәртіптің түбегейлі негіздеріне қол сұғатын, және осылайша, барлық мемлекеттердің құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіретін.
Біздің ойымызша, Ғарыш бойынша шарттың IX - шы бабына сәйкес қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін қорғауға байланысты құқық бұзушылықтарды, халықаралық құқықбұзушылықтың неғұрлым қауіпті деген категориясына жатқызу керек, ал осындай зиянды салдарға алып келетін ғарыштағы қызметті құқыққа қайшы деп тану қажет.
Бұндай қызмет үшін жауаптылық толық көлемде болуы тиіс, еш бір шектеулерсіз.
Г.П. Жуков дұрыс анықтағандай, ғарыштық кеңістікте заңсыз қызметті жүзеге асыратын, зиян келтіруші, жауаптылықтан босатылуы тиіс емес, тіпті зиянның басты себебі табиғи апаттың нәтижесі деп айғақтар көрсетсе де [98].
Біздің түсінгеніміз, қоршаған ортан мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз өзгерістер үшін жауаптылық, абсолютті сипатта болуы тиіс, яғни кінәні дәлелдеу қажеттілігі шарт емес.
Бұл жағдай төмендегідей түсіндіріледі, яғни адамның ғарыш кеңістігін пайдалануы мен зерттеуі, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін қорғауда аса қауіпті қызмет түрі деп саналады. Осы қағиданың сипаттамасы, халықаралық (жария және жеке) шарттық теңіз құқығында қолданылады. Нақты жағдайда, ескертіп көрсету қажет, яғни теңіз құқығындағы абсолютті жауаптылық туралы қағиданы қолдайтын барлық теориялық аргументтерді, барлық ұқсас жағдайларды толықтай ғарыш құқығында да қолдануға болады.
Ілгеріде айтылғанға қосатынымыз, ол тәуекелге байланысты қызметті жүзеге асырғаны үшін абсолютті жауаптылық қағидасы, сот тәжірибесінде де қолданылатындығы.
Қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз өзгерістер үшін абсолютті жауаптылықтың мәні, біздің ойымызша, келесідей факторлармен анықталады: жауаптылық обьектілері, келтірілген зиянның сипаты бойынша және осындай жауаптылықтың кеңістіктегі шегі бойынша.
Қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келтірілген ластау мен жағымсыз өзгерісер үшін абсолютті жауаптылықтың ерекшелігі, көбінесе анық түрде, оны Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін, халықаралық жауаптылық туралы Конвенцияға сәйкес мемлекеттердің абсолютті жауаптылығымен салыстыру кезінде білінеді [83, 188б.].
Бұндай салыстырудың қажеттілігі сонымен қатар, оның ең біріншіден, ғарыштық қызмет нәтижесінде келтірілген зиян үшін, мемлекеттер осы Конвенцияға сәйкес жауап беруі мүмкіндігінде.
«Халықаралық жауаптылық» қағидасы жалпымен танылған, келтірілген зиян үшін жауаптылық туралы Конвенцияның негізіне салынған, Ғарыш бойынша шарттың VII - ші бабында көзделген ереже, дәлелдеуді еш қажет етпейді, сонымен қатар ол шығындарды өтеу бойынша талаптың негізгі құрамын анықтайды.
Ғарыш бойынша шарттың VII - ші бабына сәйкес, халықаралық жауаптылық, ғарыш обьектілерімен басқа мемлекетке, оның жеке және заңды тұлғаларына, Жерге, әуе және ғарыш кеңістігіне, айды және басқа да аспан денелерін қоса алғанда, оларға зиян келтірілген жағдайда туындайды.
Келтірген зиян үшін жауаптылық туралы Конвенцияның қатысушылары II-ші бапта нақтыланып кеткен, яғни жердің үстіндегі немесе ұшу барысындағы әуе кемесіне ғарыш обьектісімен келтірілген зиян үшін жауаптылық, абсолютті сипатта болуы тиіс. Ал, кез келген жердегі ғарыш обьектісіне немесе осындай обьектінің ішіндегі тұлғаларға немесе мүлікке келтірілген зиян үшін жауаптылық, жердің үстін қоспағанда, кінәнің дәлелденуі негіздері бойынша жүзеге асырылады (III - ші бап). Конвенцияның II - ші бабы, жауаптылықтың сипаты мен обьектісінің бұндай айырмашылығын, былай деп түсіндіреді, яғни осы келісім толықтай алғанда, мемлекеттердің құқыққа сай қызметі үшін жауаптылық бойынша сұрақтарын реттейді.
Сонымен қатар, ескеретін жағдай, Ғарыш бойынша шарттың IX - ші бабының мәніне сәйкес, абсолютті жауаптылық, құқыққа қайшы қызмет үшін жауаптылық ретінде келесідей негіздерде туындауы мүмкін, яғни саяси, материалдық жауаптылық немесе санкция түрінде. Келтірілген зиян үшін жауаптылық туралы Конвенцияға сәйкес, тек қана материалдық жауаптылық туындауы мүмкін.
Ғарыш бойынша шарттың IX - ші бабының мәні бойынша, сол сияқты келтірілген зиян үшін жауаптылық туралы Конвенцияға сәйкес, абсолютті жауаптылықтың обьектісі, ол материалдық зиян, яғни мемлекеттің меншігіне, оның жеке және заңды тұлғаларының меншігіне, оның ішінде адам денсаулығына зиян келтіру, сонымен қатар, халықаралық ұйымның мүлкіне зиян келтіруді түсінеміз.
Дегенмен, жоғарыда келтірілген, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз салдардың анықтамасынан туындайтындай, Ғарыш бойынша шарттың IX - ші бабында көрсетілген абсолютті жауаптылықтың обьектісі ұғымы, біздің ойымзша, кең мағынада түсіндірілуі тиіс.
Бұл жағдайды төмендегідей түсіндірсек болады, Ғарыш бойынша шарттың IX - ші бабының ережесін бұзатын қызметтің нәтижесінде, жердегі барлық мемлекеттердің мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін, ілгеріде айтқанымыздай олардың барлығының, халықаралық құқықтың қағидаларына және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарлығына сәйкес, ғарыш кеңістігін еш кедергісіз зерттеу мен пайдалануға теңдей құқықтары бар.
Ғарыш бойынша шарттың IX - ші бабының мәнінен туындайтын, зиянның сипатының да ерекшелігі бар.
Осылайша, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз өзгерістерге ұшырату нәтижесінде, тікелей материалдық зиян келтірілуі мүмкін. Бұндай зиян туындауы мүмкін, мысалы, ғарыштық ядролық обьектіні жарумен байланысты туындаған, радиоактивті уланудың нәтижесінде.
Бұдан өзге, Ғарыш бойынша шарттың IX - ші бабының ережесін бұзатын, іс әрекеттің нәтижесінде, ықтимал зиян қаіпі төнуі мүмкін. Осылайша, Жерді айнала ұшып жүрген «өлі» жасанды ғарыш обьектілері, ғарыш кемесімен соғысудың шынайы қаупін тудыруы мүмкін.
Ескертетін жағдай, осындай ұтымсыз қызметтің салдарынан болатын зиянның мөлшері, кейбір жағдайларда санауға келмейтіндей болады. Мемлекетті осындай ықтимал зиян тудырғаны үшін жауаптылыққа тарту күрделі мәселеге айналуда.
Абсолютті жауаптылықтың туындауының кеңістіктік шектері, келтірген зиян үшін жауаптылық туралы Конвенцияның II - ші бабына сәйкес, ұшудағы әуе кемесін қатар алғанда жердің үстімен ғана шектелген,.
Жердің үсті мен ұшу барысындағы әуе кемесіне келтірілген зиян үшін, ұшырушы мемлекеттің жауаптылығы мәселесі, басқа мемлекеттің қоршаған ортасын ластау мен жағымсыз өзгерістер келтіру нәтижесінде, келтірілген зиян үшін жауаптылық туралы Конвенцияның II - ші бабының нормасына сәйкес реттелуі мүмкін. Бұл тұжырымдаманы Конвенцияда қолданылатын «зиян» ұғымын айтарлықтай кең мағынада түсіну нақтылай түседі.
Басқа қырынан қарағанда, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз өзгерістер келтіргені үшін, ұшырушы мемлекеттің абсолютті жауаптылығының туындауы, зиян келтіру орны бойынша анықталуы тиіс, яғни тек қана Жердің үсті немесе ұшу барысындағы әуе кемесі ғана емес.
Жоғарыда көрсетілгендей, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз өзгерістер келтіргені үшін мемлекеттер барлық нысандағы жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Оның үстіне, жауаптылықтың материалдық нысаны айтарлықтай тиімді көрінеді, ал кейбір жағдайлар бойынша – жауаптылықтың жалғыз ғана жолы.
Адамның өміріне және мемлекеттің меншігіне, халықаралық ұйымның, жеке және заңды тұлалардың мүдделеріне тікелей зиян келтірілген реттерде, өтемақы төлеу туралы сұрақ қою әбден негізді болып табылады. Өтеудің нақ осы нысаны келтірген зиян үшін жауаптылық туралы Конвенцияның II-ші бабында көрсетілген.
Дегенмен, Ғарыш бойынша шарттың IX - ші бабының ережесін бұзу нәтижесінде, әсіресе адам өмірі мен мүлкіне қатысты ықтимал қауіптің төнуі жағдайында, осындай зиянды өтеу нысаны туралы сұрақты шешу белгілі бір қиындықтар тудыруы мүмкін.
Осындай жағдайда, келтірілген зиян үшін жауаптылық туралы Конвенцияның XII - ші бабында көрсетілген, «бастапқыда болған күйін қалпына келтіру» деген ережені қолдану лайықты сияқты.
Қоршаған орта үшін жоғарғы қауіпті қызмет түрінен болған ластанудан келтірілген зиянды өтеу көлемі туралы сұрақ, ұлттық заңнамада және халықаралық құқықта тәуекел үшін жауаптылықтың белгілі бір шектері көрсетілген, сәйкесінше олар ұлттық заңдар мен халықаралық келісімдерде бекітіледі.
Ластанудан болған зиян үшін өтемақының белгілі бір соммасын бекіту мүмкіндігі, оның ішінде теңіз құқығында, барлық мүмкіндіктердің шегінде, төмендегідей жағдайға негізделуі мүмкін, яғни «жерде» болған кездерде айтарлықтай дәрежеде, мысалы, мұнай құю немесе ядролық кеменің апатқа ұшырауы нәтижесінде туындаған, ластанудан келтірілген шығынды жобамен белгілі бір деңгейде анықтауға болады.
Ал, неғұрлым күрделі болатыны немесе мүлдем мүмкін емесі, ол ғарыш кеңістігіндегі қызмет нәтижесінде болатын зиянның салдарын есептеу мәселесі. Нақ осы себептен, келтірілген зиян үшін жауаптылық туралы Конвенцияны дайындаушылар, мүлікке келтірілген зиянның толық өтелу қажеттілігін көздей отырып, өтемақыны жүзеге асырудың нақты бекітілген ережесін жасаудан бас тартты және неғұрлым қолайлы анықтаманы құрастырды.
Осылайша, Конвенцияның XII - ші бабында былай деп жазылған, яғни келтірілген зиян үшін ұшырушы мемлекеттің міндетті түрде төлеуі тиіс өтемақысы, келесідей анықталады: «халықаралық құқықтың қағидалары мен әділеттілік қағидасына сәйкес», келтірілген зиян үшін төленетін өтемақы, зиян шеккен мемлекетке немесе халықаралық ұйымға, жеке немесе заңды тұлғаға, зиян шеккенге дейінгі зиян шеккен қатынастардың бастапқы күйін қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін керек.
Қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз салдар келтірген жағдайда, осындай іс әрекеттерге жауапты тұлға, ақылға қонымды шектерде зиян келтірілгенге дейінгі күйін қалпына келтіру бойынша іс шараларды өз қолына алуы тиіс, яғни әділеттілік қағидасы мен халықаралық құқықтың ережелеріне сәйкес.
Бұл ереже, басқа мемлекеттердің қоршаған ортасын ластау мен жағымсыз өзгерістер салдарынан келген тікелей зиян үшін мемлекеттің өтемақы төлеу міндетін жоққа шығармайды, сонымен қатар, басқа мемлекеттердің бастапқыда болған күйін қалпына келтірумен байланысты кеткен шығындарды талап ету құқығын да жоққа шығармайды.
Ескертетін жағдай, халықаралық құқық доктринасының өкілдері қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келтірілген зиян үшін жауаптылық мәселесіне белгілі дәрежеде көңіл бөлген. Осы ретте көптеген авторлар, жоғарыда аталған қызметтер үшін жауаптылық абсолютті болуы тиіс.
Осылайша, 1963 жылы Брюссель қаласында қабылданған, ғарыш кеңістігінің құқықтық режимі бойынша резолюцияда, Халықаралық құқық институты келесіні ескертуді қажет деп санаған, ол 13 - ші тармақта: «оның билігімен, ғарыш обьектісінің ұшуы жүргізілген мемлекет, кінәсінің нысаны не түріне қарамастан, кез келген зиян үшін, оның ішінде адамдар шығыны немесе туындауы мүмкін басқадай зияндар үшін, міндетті түрде жауаптылыққа тартылуы тиіс [3, 453б.].
У. Дженкс былай деп жазған, кеңесулердің нәтижесіне қарамастан, аса үлкен қауіппен байланысты, ғарыштағы қызметі үшін, мемлекеттер абсолютті жауаптылыққа тартылуы тиіс [99].
Жерді қоршаған ортаға келтірілген өзгерістерге қатысты, Ереженің Жобасында, Хэ Чиджь өз еңбегінде келесідей қорытындыға келеді, яғни «жерді қоршаған ортаға өзгеріс алып келуі мүмкін кез келген әрекет, осындай қызметтің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыру мен, оның бастапқы күйін қалпына келтіру мен шығындарды өтеуде абсолютті жауаптылықта болуы тиіс».
Осы жерде, аталған іс әрекеттердің құқыққа қайшылығының құқықтық критерийі болып, мыналар танылады: беделді ғалымдардың халықаралық тобымен кеңес өткізбей іс ірекетті жүзеге асыру; немесе беделді ғалымдардың тобы қоршаған ортаға келтірілетін зиян мен шығын есептеу мүмкіндігі болмаса; немесе бұндай қызмет нәтижесінен адам өмірі мен денсаулығы үшін, адамзаттың өсуіне кез келген зиянның келу ықтималдығы бар деген, БҰҰ - ның еш бір ұсыныстарына мән бермесе.
Іс жүзінде, абсолютті жауаптылық қағидасын, А.С. Пирадов та қарастырған, ол былай деп жазған, яғни «ғарыш кеңістігін құқықтық тұрғыдан алғанда ластау мен улау деп, ерікті не еріксіз, егер де ол ғарыш кеңістігінде, Айда және басқа да аспан денелерін, Жердегі бар обьектілердің өмір сүруінің қалыпты табиғи жағдайын өзгерістерге ұшыратса немесе ұшыратуы мүмкін болатын кез келген әрекет» [76, 39б.].
Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Ғарыш бойынша шарттың II - ші бабына сәйкес, алдын ала кеңесулерді өткізу, Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесінің шеңберінде өткізу неғұрлым дұрыс жолы сияқты (Ғарыш бойынша Комитетте және ерекше жағдайлар бойынша Бас ассамблеяда немесе Қауіпсіздік Кеңесте) немесе жаңа ғарыш жөніндегі үкіметаралық ұйымның қабырғасында, қандай да бір тәжірибенің кез келген дайындалу кезеңінде, тәжірибе басталғанға дейін, егер де Шартқа қатысушы мемлекеттер хабардар болған ақпарат, осындай кеңес өткізуді талап етсе және егер де кеңесуді өткізу туралы Ғарыш бойынша шартқа қатысушы мемлекеттердің үштен кем емес жартысы пікір білдірсе.
Ғарыш бойынша Шартқа қатысушы мемлекет шарттың IX - ші бабына сәйкес құқықбұзушылық үшін абсолютті жауаптылыққа тартылуы тиіс, ол қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз өзгерістер үшін жауаптылыққа қатысты, егер де бұндай құқықбұзушылықтар құқыққа қарсы қызмет нәтижесінде туындаса.
Құқыққа қайшы іс әрекеттер деп, Ғарыш бойынша шарттың IX - шы бабының мазмұнына сәйкес, шартқа қатысушы мемлекеттердің көпшілігімен нақ сондай әрекет деп танылған, не болмаса ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануда тәжірибесі бар, ғарыш бойынша шарттың IX - шы бабының мазмұнына сәйкес алдын ала кеңес өткізу барысында анықталған жайттар бойынша шартқа қатысушы мемлекеттер таныған болса.
Мемлекет осындай іс әрекеттері үшін түрлі нысандарда жауаптылықта болады, соның ішінде материалдық нысанда, яғни ол бұрын болған жағдайды қалпына келтіруге байланысты, бірақ, егер де ол мүмкін болмаса, келтірілген зиян үшін тиісті өтемақыны төлейді.
Егер де, қандай да бір Шартқа қатысушы мемлекет өзінің обьектілері арқылы немесе ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануды жүзеге асыру кезінде қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластау мен жағымсыз өзгерістерге алып келетін болса және ол ондай обьектіні жоюдан немесе ондай қызметін тоқтатудан бас тартатын болса, онда шартқа қатысушы басқа мемлекеттер жеке немесе ұжымдаса отырып, аталған обьектіні немесе туындаған жағдайды жою үшін, белгілі бір шаралар қабылдауға құқылы, себебі аталған әрекеттер басқа да барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануына кедергі келтіруі мүмкін, сонымен қатар барлық мемлекеттердің мүдделеріне зиян келтірсе, сонымен қатар, халықаралық құқық пен БҰҰ - ның Жарғысына сәйкес аталған іс әрекеттерді жүзеге асырған мемлекеттерге басқа да ықпал ету ол алдын ала кеңесу жүргізу кезінде туындаған шараларын қолдану.
Ғарыш бойынша шартқа қатысушы мемлекет, ғарыш кеңістігіндегі осындай қызметі үшін абсолютті жауаптылықта болуы тиіс, тіпті алдын ала кеңес жүргізу нәтижесінде оң қорытынды берілген күнде де, немесе ол қызметтің түріне қатысты алдын ала кеңес жүргізу туралы сұрақ туындамаған болса, осы қызметтің немесе тәжірибенің сипаты туралы айтарлықтай ақпарат болса, бірақ, дегенмен де, Ғарыш бойынша шарттың IX - шы бабында көрсетілген құқықбұзушылықтар туындайтын болса.
Бұндай жағдайда мемлекет бұрын болған жағдайды қалпына келтіру үшін барлық ұлттық құралдарды пайдалануы тиіс, және, егер ол мүмкін болмаса, ол келтірілген зиян үшін өтемақы төлейді.
Шарттың басқа да қатысушы мемлекеттері сол мемлекетке бастапқыда болған жағдайды қалпына келтіру үшін өз ұлттық әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып көмектесуіне болады.
Егер де , халықаралық ұйыммен жүзеге асырылатын, ғарыш кеңістігіндегі қызмет пен тәжірибе, Ғарыш бойынша шарттың IX - шы бабындағы құқықбұзушылыққа жол беретін болса, онда сол ұйымға мүше-мемлекет осы ұйыммен қатар жауаптылыққа тартылады, егер де ол алдын ала ондай қызметке немесе тәжірибеге қарсы шықпаған болса.
Ғарыш бойынша шарттың IX - шы бабын жүзеге асыру барысында туындайтын барлық сұрақтарды, арнайы хаттамада көрсету қажет, яғни ол осы Шартқа қосымша болуы тиіс немесе өз алдына жеке құжат болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет