19
казахском языке») – Изв. АН. Каз.ССР, №135, сер. филолог. и искусство-
вед., вып.1-2, Алма-Ата, 1954, с. 6-27) деген мақалаларынан басталған
ғылыми зерттеулер қазақ фразеологиясының
бастапқы теориялық
діңгектері деуге болады.
І.Кеңесбаев мақалаларынан кейін жарық көрген басқа да зерттеулер
– қазақ фразеологиясының теориялық жəне
қолданбалы жақтарына
өзіндік үлес қосқан еңбектер.
Фразеологизмдердің зерттелу тарихын хронологиялық тəртіппен
жүйелесек, онда 70-жылдарға дейін де қазақ тіл білімінде фразеоло-
гизмдер жекелеген ғылыми ізденістердің зерттеу нысаны болды. Мəселен,
көркем əдебиеттегі фразеологимздер (Х.Қожахметованың «Ғ.Мұстафин
шығармаларындағы фразеологиялық оралымдар» деген кандидаттық дис-
сертациясы. Алматы, 1967), аудармадағы фразеологиялық құбылыс тура-
лы (Ө.Айтбаевтың «М.Горький шығармаларындағы фразеологизмдердің
қазақ тілінде берілу жолдары» – кандидаттық диссертациясы. Алматы,
1971). ғылыми ізденістерді атауға болады.
Фразеологиялық мысалдарды жинау – таза шығармашылық еңбек.
Бір есептен бұл тура ауыз əдебиетінің үлгілерін жинаумен бара бар.
Тұрақты тіркес мысалдарын ауызекі сөйлеу тілінен, көркем əдебиеттен
жинауға сандаған жылдар кетеді. Мұның нəтижесі – түркітануда алғаш
рет 1977 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан І.Кеңесбаевтың
Достарыңызбен бөлісу: